Толықтырулар

Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) бұзатын кейс ұсынды деп санаса, онда Оппозиция Лидері сөзінің алғашқы минутында оларды атап көрсетіп дәлелдеп беруі тиіс.

 

Егер Оппозиция осы жерде айтып кетпеген болса, онда Оппозиция раунд бойы үкімет ұсынған кейс бойынша пікірсайыстыруы тиіс болады.

 

Ал егер кейс өзгертілген болса, онда ОЛ Үкіметтің кейсін толықтырып оған қосқан ұсыныстары арқылы пікірсайыстыруға болатындай жасауы қажет. Бірақ барлық өзгертулер алдыңғы кейстің ізімен жүргені дұрыс. Толықтыруларды енгізудің мақсаты пікірсайысты қамтамасыз ету. Себебі басқа жағдайда: «Бұл труизм»/ «Жоқ, бұл трузм емес» деп дауласқаннан ешкімге де пайда әкелмесе керек.

 

Толықтырудың алғашқы қадамында қарастырылып отырған кесте Оппозиция үшін терістеуді күрделендіретін немесе мүмкін етпейтін жақтарын түсіндіру талап етіледі. (Барынша салмақты болып, құрғақ айқайдан аулақ болу керек). Осыдан кейін Оппозиция өз ұсыныстарының қажеттілігін түсіндіріп, екі міндетті атқаратындығын дәлелдеп беруі керек. Біріншіден, Үкімет ұсынған кейстің ізімен өзгертілгендігін, яғни Үкіметтің негізгі ойын дамытатын, ал екіншіден, Оппозицияға терістеуге мүмкіндік беретіндігін көрсетуі керек.

Мысалы,

Толықтырулардан кейін: «Ата-аналары балаларын сабамауы керек».

Толықтырулардан кейін: «Полиция қызметін реттеуші Заң қаталдануы тиіс».

 

Егер кейске Оппозиция Лидермен толықтырулар енгізілген болса, онда Үкімет Мүшесінің екі амалы бар. Біріншісі, кейстерінің тавтология немесе труизм еместігін дәлелдеу. Бұл үшін ол саналы адамның қақтығыста жасауға мүмкіндік беретін кем дегенде бір (мүмкіндігінше екі немесе үш) дәйек ұсынуы керек. Екіншіден, кейстің труизм екендігімен келісе отырып, толықтырулар енгізілген кейс бойынша пікірсайыстыру. Бұл жағдайда Үкімет мұндай кейсті ұсынғаны үшін жазалануы мүмкін, дегенмен Оппозиция да жаңартылған кейспен пікірсайыстырып та жеңілуі мүмкін нәрселер.