Байланыс

Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын болса, онда ОЛ сөзінің алғашқы минутында оны хабарлап айтып оны дәлелдеп беруі тиіс. Кейс әлсіз байланысқа негізделген деген қарапайым әрі әлсіз тұжырымыңыз ешкімді де сендіре алмаса керек. Төрешіге байланыстың үзілгендігін көрсетіп бермейінше ол оны өзі анықтап қарастыра алмайды. Ескерту жасағаннан кейін Төреші байланыстың бар екендігіне келіссе, онда Оппозиция осы кейспен пікірсайыстыра беруге мәжбүр болады.

 

Оппозиция байланыстың жоқтығын көрсетуге әрекет жасай бастағаннан кейін Үкіметтің екі міндеті болады. Ол байланыстың бар екендігін және оны ұсынған дәлелдердің есебінен көрсете білуі керек. Осы қателігі үшін көп жеңіліс таба бермесе де, Үкімет жазалануы мүмкін. Екіншіден, байланыстың жоқтығына сілтеме жасау кезінде байланысқа негізделген дәйектерді пайдаланбауға тырысыңыздар. Олар орынсыз деп бағаланып, Төреші тарапынан Оппозицияны жазалауға апаруы да мүмкін.

 

Қайткенде де Оппозиция Үкімет ұсынған кейс бойынша ондағы критерийлердің бұзылғандығы анықталғанға дейін пікірсайыстыра беруі қажет. Оппозиция ұсынған кейс Үкіметтің кейсіне қарағанда парасатты екен деп, ПМ ұсынған кейсті түбегейлі өзгерте алмайды. Пікірсайыс анықтамалар мен өзектілігін анықатау дәрежесіне дейін түспеу керек. Бұл жағдайда екі топқа да шаралар қолданылады.

Дәйектеме (Аргументация)

Өзгертулер енгізілгеннен кейін егер қажет болса, Оппозиция бірнеше тәуелсіз дәйек ұсынуы керек. Оппозиця Лидері 8 минут бойы қызыл сөзді сапырып Үкіметтің адасып кеткендігін талдауы абырой әпермейді, және ұзын сонар әңгімені тыңдап отырған да оңай шаруа емес. Тағы бір мәселе: әр дәйекке бірінен соң біріне жауап беру.

 

Оппозицияның тиімді стратегиясы ретінде Үкімет ұсынған құрылымға балама бола алатын құрылым жасау. Егер өз философияңыз бар болатын болса, онда тәуелсіз бірнеше түйінге негізделіңіздер және олар сіздің философияңызды қолдауы тиіс. Өз құрылымыңыз дайын болысымен Үкіметтің ұсынған тұжырымдарына жауап беруіңізге болады.

Тиімді әдістің тағы біреуі «Көлденең қосымша» жасау. Яғни Үкіметтің ұсынған түйіндеріне (дәйек пен дәлелдеріне) Оппозиция философиясының дәйектерін қарастыру арқылы жауап беру.

 

«Көлденең қосымшаны» пайдалануда ұйымдастыру мәселесі әсіресе маңызды болмақ. ОЛ өте мұқият болуы керек және өзінің тәуелсіз дәйектерін көрсете отырып, олардың қай жерде Үкіметтің позициясына жауап беретіндігін де анықтап кетуі керек. Алайда, аталмыш әдіспен таныс болмаған Үкімет пен Төреші ұсынылған дәйектерге тікелей жауап берілмеді деп қарастыруы мүмкін. Мұндайда Оппозиция Лидері 8 минут бойы қай жерде жауап беріп тұрғандығын көрсетумен болады.

Бұдан оңай түрі Оппозиция философиясынан кейін тікелей терістеу жасауды қарастыруға болады.