Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда

Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Барлығы сол бір әттеген-айға барып тіреледі. «Шіркін, қайтадан сол бір жерін жақсылап түсіндіріп бере алсам ғой...» Егер Оппозиция Лидері сөзіңізге басқа бір рең беріп, сайысты хаосқа апарған болса, онда Үкімет Мүшесі пікірсайысты бастапқы сарынға қайта түсіруі тиіс. Ол үшін Үкімет Мүшесі келесі шараларды жасауы қажет:

 

1) ПМ-нің көздеген мақсаттарын түсіндіріп беру. Айтқандарыңыздың барлығы дерлік көрермен мен төрешілерге түсінікті болуына мұқият болыңыз. Егер Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің сөзіндегі белгілі бір ой түйінге тоқталуды жөн деп санаса, онда өз сөзі мен Премьер-министрдің сөзі арасындағы арақатынасты анықтап беруі қажет. Себебі басқа жағдайда Оппозиция сөзіңізді қате түсінуінің, ал басқа адамдардың ештеңе түсінбеуінің қаупі туындайды.

Премьер-министрдің сөзіне қарама-қайшылықтарды болдырмауға тырысу керек. Егер араларыңызда қайшылық пайда болған болса, онда Оппозиция Мүшесінің бұған міндетті түрде тоқталып өтетіндігін естен шығармаңыз. Олар сіздерді ұйымдаспаған, жалған пікірлерді ұстанушы адамадар ретінде сипаттайды.

 

Төрешіге өз кейсіңіздің артықшылықтарын тағы бір рет қайталап көрсетіңіздер және оның сізді қолдауға міндетті екендігін көрсетіп беру керек. Төреші мұны Премьер-министрдің сөзінен-ақ түсінбеген жағдайда Үкімет тобы үлкен қиындықтармен кездеседі. Ал егер оны Үкімет Мүшесінің сөзінен де түсінбесе, онда сіздің бұл сайыста жеңілгеніңіз.

 

2) Үкімет тобының құрылымын негіздеу. Сөзіңізді қайта ұйымдастыру ешқашан кеш болмайды. Көптеген кейстер Үкімет Мүшесінің сөзінде қайта жанданып, үкімет тобының позициясын дамыта түскен жағдайлар да кездеседі.

 

Айтқан дәйектеріңіз түсініксіз, яки анық болмаған жағдайда Үкімет Мүшесі дәйектерге сілтеме жасауы қажет. Әсіресе, өзіңізбен Премьер-министрдің бір тарап екендеріңізді көрсету аса маңызды.

 

3) Сұрақтар қоюға көшу. Үкімет Мүшесінің міндеті – Оппозиция Лидерінің сөзіне мүмкіндігінше көп әрі мазмұнды жауап беру. Қатты қиналған жағдайда дайындаған кейстеріңізді қайта қарастырып, оның құрылымын өзгерту оңай шаруа емес. Сонымен бірге Үкімет Мүшесінің сөзінен кейін Оппозицияның сізге жауап беруі үшін 12 минутының болатындығын да жадыңызда сақтаңыздар.

4) Жаңа дәйектерді енгізуді ешқашан ұмытпаңыздар.