Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс.

Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс және сақтанып жүріңіздер.

№1 тактика. Үкіметтің дәйектері сараптама бөлімінде аман-есен пайда болуын қамтамасыз ету үшін оларды «тас қалдыру».

Премьер-министр сөзінің соңында салмақты уәж айтқан болсын, ал Оппозиция Лидері белгілі-бір себептерге байланысты оны байқамай қалды. Осы жағдайда Үкімет Мүшесі сөзінде ПМ айтып кеткен дәйектерді қайталап, оның қараусыз қалғандығын айтып кетуі міндет. Бұл қателігі үшін Оппозиция тобы жазаланатын болса да, ол Оппозиция Мүшесінің сөзінде жауап беруге мүмкіндік алады. Ал егер Үкімет Мүшесі мұны айтпай кетсе, онда Оппозиция тобының жауап беруге әділ мүмкіндігі болмайды. Бұл әдісті әбден әділетсіз ететін тағы бір жері бар. Ол – егер бұл дәйек Премьер-министрдің сөзінде болар-болмас етіп айтылған жағдай.

 

Сайыс басында айтылып артынан әдейі ұмыт қалдырылып, сараптама бөлімде қайта қарастыруға арнайы тиым салынбаған. Дегенмен, бұл әдіс ар тұрғысынан әділетсіз деп қарастырылғандықтан көптеген төрешілер мұны дұрыс көрмейді.

№2 тактика. Үкімет кейсінің анықтамасын өзгертуі.

Премьер-министр ұсынған кейс Оппозиция Лидерінің тарапынан үлкен сынға ұшыраған болсын және Үкімет Мүшесі қатты сасқалақтады. Бұл жағдайдан аман шығу үшін Үкімет Мүшесі Премьер-министрдің айтқанын қайталай отырып, Оппозиция тобының біраз сынын пайдасыз ететін көзге көрінер-көрінбес өзгертулер енгізеді. Бұл әдіс әділетсіз және заңсыз деп саналады, себебі Үкіметтің келтірген кейсіне байланысты Оппозиция Лидері өз көзқарасын айтып қойған болатын. Кейсті қайтадан енгізу әдісі арқылы Үкімет Оппозиция тобын қайта бастауға мәжбүрлейді.