Мақсаттар

ОЛ-нің мақсаты – Үкімет кейсін нақты жинақтап, оның негізгі кемшілігін көрсетіп беру, оппозиция кейсін нығайтып, ОЛК-де және ОМК-гі мәселелерді біріктіру. ОЛ-нің ребатлы ПМ-дің ребатлында Үкімет кейсін қалпына келтіруге тосқауыл қоятындай мықты болу керек. Оппозиция үшін Үкіметпен тең не сәл алда болу аздық етеді; ПМ-де оппозицияны жабу мүмкіндігі болады, өйткені пікірсайыстың түйінді сөзі алда.

ПМ-дің мақсаты – ОМ ұсынған маңызды пункттерді талқандау үшін раундты ПМК-де көрсетілген іргелі құндылықтарға қайтару және де ОЛ-нің ребатлында ұсынылғандай қарсыластардың қорытынды позициясына тосқауыл қою. Көп жағдайда ребатлдағы ПМ міндеті – пікірсайыстағы ең қиын міндет, бірақ мұның өзінде ПМ-де қарсыластың талқанын шығаратын мықты сөзін дайындауы үшін 12 минуты бар. Сонымен қатар пікірсайыстың соңғы сөзі ПМ-дің еншісінде.