Жаңа аргументтер

Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмаса, ол сараптау сөзінде ұсыныла алмайды. Дегенмен, алдында ұсынылған сараптау аймағын кеңейту заңды болып есептеледі. Одан басқа, спикерлер қарсыластардың жауапсыз қалған пункттеріне ребатл кезінде негізінен жауап бере алмайды (бұл қағидадан бір-ақ ауытқушылық төменде). Яғни, ПМ мен ОЛ ескі дәйектерді нығайту үшін жаңа мысалдарды енгізе алады, бірақ жаңа дәйектер үшін ескі мысалдарды пайдалана алмайды. Мысалы:

Дәйек: “ Авторитаризм басшылық – жанышталуға әкеліп соғады”.

Алғашқы мысал: “ Ұлтшыл Германия”

Ребатлда қолданыла алатын жаңа мысал: “ Сталиндік Ресей”

Ребатлдағы енгізе алмайтын жаңа мысал: “Ұлтшыл Германияда болғандай басып-жаныштау экономиканың тұрақсыздығына әкеледі”.

Егер ребатлдағы дәйек жаңа деп шешілсе, ол дәйек қаншалықты күшті әрі жарқын болса да алдында тұжырымдалмаған деген сөз. Жаңа дәйектерді табу – қарсылас топтың міндеті ( қараңыз төменде “Тәртіпті бұзу”). Бұл пункт қаншалықты жаңа және айқын болуына қарамастан төреші ребатлда жаңа пунктты бір дегеннен қабылдай алмайды.

Ребатлда жаңа дәйек енгізуге болмайды деген қағидадан бір ауытқу (исключение) бар. ПМ ребатлы Үкіметтің ОМК-де айтылғанды терістеудің жалғыз мүмкіндігі болғандықтан, ПМ-ге бұл дәйектерге жауап қайтаруға рұқсат етіледі. ОЛК-де енгізген кейбір дәйектерді Үкімет байқамай қалса, бұл дәйектер тағы бір рет ОМК-де айтылса да, ребатлда оларға жауап қайтаруға рұқсат етілмейді.