Стратегия

«Жаппай соғыс - өліммен пара-пар»

Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құлату тактикасына тап болған ПМ болсаңыз, онда сізге қарсыластардың ұсынған әрбір пунктіне жауап беру үшін 4-5 минут жеткіліксіз болады. Жаппай соғыс» әдісі Сіздің белгілі бір маңызды нәрсені байқамағандығыңыздан ұтылатыныңыздың кепілі болып табылады. Сіз бәріне жауап қайтаратыныңызға сенсеңіз де, мұны кеш жасағандықтан, (сіздің сөзіңіз сонғы сөз) сіз пікірсайысқа шатасулар енгізіп, негізгі мәселелерден тыс қаласыз. Ребатлды 3-4 негізгі мәселеге (мәселелер тобына) шоғырландыру керек. Осы 4 минутта айтылған нәрсе раундты қорытындылап, әр топтың позициялардың тұғырлық принциптерінің ара-қатынасын көрсету керек.

Ребатлға дайындала отырып, ОЛ мен ПМ сөздеріне сауал қоюы тиіс:

1. Осы раундтың басты пункты қандай мәселе? Көп жағдайда осы пункт топтардың базалық құндылықтарының қақтығысы болып есептеледі – теңдік еркіндікке қарсы, шындық “жоғарғы игілікке” қарсы, отандағы міндеттер шетелдегі міндеттерге қарсы. Раундтардың көпшілігінде шын мәнінде мықты 2-3 дәйек ОМК-де пайда болады, бұл ОЛ ребатлында дамытылып, ПМ-дің ребатлында соққыға ұшырауы тиіс.

2. Қарсы топ нені жіберіп алды? Пікірсайыс талқыланған дәйектермен қарсыластар жіберіп алған мәселелерді түсіну үшін өзіңіздің флоушитіңізді тексеріп өтіңіз. Алғашқысын тағы да талқылау керек, ал екіншісіне қысқа және нұсқа төрешінің назарын аударту қажет.

3. Төрешінің сізді ұтылған топ деп шешуіне қандай себептер әсер етуі мүмкін? Бұл мәселе «басты пунктен» (1) өзгерек, себебі кейбір кездері жақсы пікірсайыс онша маңызды емес және еркін тоқтатылатын қателер мен жіберулердің кесірінен жеңіліс тауып жатады. Егер сіз ОЛ болсаңыз, ПМ өз ребатлында шабуыл жасау үшін қандай пункттерді қолданатынын алдын ала болжап, бұл дәйектерді қарсылас қолданар алдында талқандаңыз. Егер сіз ПМ болсаңыз, оппозиция тұрғысына тиімді қарсылық көрсету үшін ОМК мен ОЛС (сараптама) сөзінің шама-шарқының бағыттылығын мұқият байқап отырыңыз.