Тығыз байланыс

Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар жобалайтын тақырып пен қақтығыс көрсетуші кейсті ұсынуға болады. Кейбір еркіндікке жол беріледі, бірақ өзгеше жағдай болмаса қарардың жалпы тақырыбын сақтау қажет.

Мысалы:

«Қарарда «сізді жеңе алмайтын істерге араласпасаңыз ешкім жеңе алмайды» делінген. Саддам Хусейн бұл сабақты қабылдамады. Бірақ бұл мәлімдемеде АҚШ-қа сабақ боларлықтай мәселелер бар еді. «Шөлдегі дауыл» операциясы барысында АҚШ-тың Ирак әскерін талқандап, басып алатындығы белгілі болатын. Жер үсті операциясы небәрі 3 күнге созылды, ал Ирактың бүкіл оңтүстік бөлігі АҚШ бақылауына өтті. Біз Үкімет ретінде қарардың жобасында АҚШ-тың осы артықшылығын пайдалана отырып, жеңіс іс жүзінді қамтамасыз етілген іске араласу керектігіне сенеміз. Сондықтан біздің бүгінгі кейсіміз АҚШ-тың «Шөлдегі дауыл» операциясын – Иракты алғанға дейін жалғастыру керектігінде болып тұр.

 

«Бүгінгі біздің қарастыратын қарарымыз: «Ойламай айтылған сөз жүздеген өмірді қиюы мүмкін». Үкіметтің ойынша, бұл қарар жауапкершіліксіз сөздің қауіптілігін ескертіп, осы сөздер әкелетін зардаптарды жоя алатындар соны істеуге міндетті екенімен келіседі. Үкімет бүгінгі пікірсайыста «жауапкершіліксіз сөздің» нақты түрін қарастырғысы келеді – бұл «жек көру сөзі». Біздің ойымызша, белгілі бір топтардың намысына тиетін, қорлау пікірлері болашақ жауапты реакция және қоғамдағы поляризацияны тудырумен «өркениет кемесінің» өліміне әкеледі. Сонымен, біз ұсынып отырған кейс университеттерде қайсыбір азшылыққа қатысты агрессивті сөздерге тиым салатын шаралар қолдану керектігін айтады.

 

Тығыз байланысты қолданғанда қарардың сөзбе сөз тұжырымдамасы бойынша пікірсайыстыру міндетті емес. Ол Үкіметтің қарар тезисін іске асыратын және оған қарама-қайшылық туғызбайтын ұсыныс үшін (саяси жоспар немесе философиялық принцип болуы мүмкін) трамплин ретінде қолданылуы қажет. Қарар мен кейс арасындағы байланыс нақты белгіленіп, қабылданғаннан кейін алғашқы қарар екінші планға өтеді.