Кейсті дайындау

Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтің кейсті жоспарлауға, оны қарармен байланыстыруға, логикаға, мотивке, құндылыққа негізделген салмақты дәйектер табуға және осы дәйектер арқылы төрешіні иландырарлық жүйелі сөзге айналдыруға 10-15 минут уақыты бар.

Бірнеше ұсыныстар:

1. Әрқашан екі пікірсайысшы да қолдай алатын кейс құрастырыңыздар. Егер ПМ Үкіметтің айтқан сөзіне сене алмайтын болса, онда бұған төрешінің де сенбейтініне шүбә келтірмеңіз. Тағы бір мәселе, топ өзінің жеңілерін сезетін жағдай. Әзілді кейстерді немесе Үкімет Мүшесі талдауға қиналатын шиыршықталған әрі түсінуге қиын экономикалық кейсті кейінге қалдырған дұрыс.

2. Кейсті жақтау қиыншылықтары. Сөздің бұл бөлігі пікірсайыс мазмұнын анықтайтын болады. Барлық негізгі және даулы болған мәселе мен ұғымдарды барынша нақты етіп түсіндіріңіздер. Бұл осы мәселелерді ұтымды пайдалануға септеседі.

3. Үкіметтің негізгі дәйектерін көрсетіп, анықтап алыңыз, бірақ тым күрделендірмеңіз. Оларды сөзбе-сөз жазып алудың да қажеттілігі шамалы, себебі бұл ПМ-нің парақтан оқуға деген қызығушылығын арттыра түсуі мүмкін. Айқындалып алынған дәйектерге қатысты қысқа ескертулер жасау арқылы ПМ нәтижелі сөзіне қажетті еркіндік алады.

4. Сөзіңізді қалай қорытындылайтыныңызды алдын ала дайындық кезінде ойластырып алыңыз. Сөзіңіздің әсерлі бастамасы туралы ойлап алу да артық болмайды.