Адамның биосфераға әсер етуінің экологиялық түрлері

Тікелей әсер етуімен қатар адамзат өз қызметінің барлық түрлерімен табиғи қауымдастықтардың құрамына және тіршілік ету жағдайларына жанама өзгерістер енгізеді. Қалалардың салынуына және ауыл шаруашылығының индустриялық әдістерінің енгізілуіне байланысты көліктің дамуы, гидро-құрылыстың және мелиорацияның орасан зор масштабтары, ландшафттардың өзгеруі – осының барлығы адамды қоршаған экожүйелердің және жеке түрлердің тіршілік ету жағдайларын өзгертеді.