Бейімдендіру

Осыған ұқсас заңдылықтар адам үшін құндылық білдіретін түрлерді бағытталған бейімдендіру кезінде жиі айқындалады. Бұл жағдайда жаңа жағдайларға түрді стихиялық, экологиялық ойластырылмаған жерсіндіру не қандай да бір экологиялық факторлардың жағымсыз білінуі, не алғашқы отарлаушы топ санының жеткіліксіз болуы сәтсіздігімен аяқталуы мүмкін. «Старттық» жағдайлардың қолайсыз үйлесуі жағдайында жасанды бейімден-діру көбінесе біраз уақыттан кейін жерсіндірме түр санының артуына әкеледі, бұл бастапқы жоспарларға ылғи да сәйкес келмейді. Мысалы, Австралияға үй қояндарын, Америкаға үй торғайларын әкелу және т.б.

Бейімдендіру жобаларын дайындағанда жерсіндіру жерлерінің алғашқы сипаттамаларын есепке алудан басқа, жерсіндірме түрді пайдалану түрінде жорамалданатын пайданы ғана емес, сонымен бірге оның бүкіл биоценоз үшін мүмкін мәнін болжау өте маңызды. Түр – жерсіндірме түр, мысалы, жергіліктіге қарағанда аса күшті бәсекелес болып шығуы және олардың ығыстырып шығарылуына мүмкіндік туғызуы мүмкін (мысалы, Балқаш көлінде жерсіндірілген көксерке алабұғаны ығыстырып шығарды).

Жаңа түрлерді жерсіндірудің жаһандық масштабтары бейімдендіру жобаларын экологиялық негіздеу проблемасын экологияның аса маңызды қолданбалы аспектілері қатарына қояды.