Гидротехникалық құрылыс

Гидротехникалық құрылыстар су қауымдастықтарына елеулі әсер етеді:

- гидробионттар түрлерін арналар бойынша қоныстандыру (мысалы, Суэцк каналының ашылуы Жерорта теңізінде Қызыл теңізден бірқатар гидробионттар түрлерінің пайда болуына әкелді);

- гидроэлектрстанциялар бөгеттерінің уылдырық шашу жолдарын жауып, балық қорларының өсуіне теріс әсер етуі. Бөгеттермен жасалатын су қоймалары да бұрынғы уылдырықтамаларды су басып кетіп, балық қорларын жиі бүлдіреді. Су қоймаларының су режимінің тұрақсыздығы су күрт ығысқанда уылдырықтамалардың кеуіп қалуының себебі болады;

- ГРЭС су қоймаларының су деңгейінің тұрақсыздығы су маңындағы сүт қоректілерге және жағалаулар мен су қоймаларының таяз аймақтарында қоныстанған құстарға теріс әсер етеді;

- балық суландыру жүйелеріне түскенде оның жойылуы. Сонымен бірге олардың 90%-ы онда түнде түседі, себебі балықтарда ағу бағытына және жылдамдығына реакция болмайды. Сондықтан су жинау уақытын ұтымды реттеу немесе суландыру жүйесіне кіре берісте «жарықтан қорғауды» ұйымдастыру керек.