Фаунаны қоңсыластыру

Қоңсылас организмдер – негізінде жануарлар және бір жағынан адаммен түрлендірілген ортада адаммен қатар тіршілік етуге бейімделген өсімдіктер.

Қоңсыластыру процесі – біртіндеп жүретін және айтарлықтай ұзақ процесс. Ол антропогенді өзгертілген ландшафттарда қандай да бір түр өкілдерінің басым қоныстануынан басталады. Мысалы, Еуропада табиғи биотоптарға қарағанда, қалалар мен бас елді мекендердің ағаш желектерінде құстардың бірқатар түрлері (қара және сайрауық барылдақ торғайлар, иірілмелі түркептер және т.б.) халықтың көп саны мен тығыздығына жетеді.

Қоңсыластыру келесімен түсіндіріледі:

- жануарлар қалаларға табиғи жағдайларға еліктейтін жағдайлар конгломератына сияқты жауап қайтарады;

- қала сәулетінің ерекшеліктері құстар мен жануарлардың көптеген түрлерінің қоныстануы үшін кең мүмкіндіктерді ашады;

- тығыз құрылыс қалада қолайлы микроклиматты тудырады, бұл кейбір құстардың отырықшы қалалық популяциялары қалыптасуының себебі болады.

Бай қалалық фауна адамның эстетикалық сұраныстарын қанағаттанды-рады, мысалы, жасыл желектердің сақталуын қолдап, тұрақты, өздігінен реттелетін экожүйелердің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бірақ теріс жақтары да бар: кейбір құстар жеміс бақтарын зақымдайды, кейде жануарлар инфекциялар көзі болып табылады, жабайыланған иттер мен мысықтар топтары пайда болады.

Сондықтан қалалар мен өнеркәсіптік аудандар фаунасының стихиялық қалыптасуына оның жеке түрлер экологиясын білу негізінде құрылуына бағытталған қалыптасуын қарсы қою қажет. Бұл күрделі және тұрақты өсімдік қауымдастықтарының қалыптасуына, сәулеттік пішіндердің экологиялық түзетілуіне және т.б. жатады.