Ноосфера туралы ілім

Ноосфера – «парасат сферасы» планетарийі ұғымы – өткен ғасырдың 20-шы жж. аяғында француз философы А. Бергсонның идеялық ортасында пайда болды. Берілген терминді Э. Леруа және П. Тейяр-де-Шарден ойлап тапты. В.И. Вернадский ноосфера идеясын табиғи-ғылыми платформаға ауыстырды. Вернадский бойынша ноосфера (1944 ж.) – бұл жер табиғаты дамуының жоғарғы кезеңі, адам бағыттайтын табиғат пен қоғамның бірлескен эволюциясының нәтижесі; биосфера болашағы, адамның қызметі мен қуатының арқасында жаңа функцияны – планетадағы өмір жағдайларының үйлесімді тұрақтануы функциясын иеленеді. Ноосфера дәуірінің алдында қоғамды терең әлеуметтік-экономикалық қайта құру, оның құнды бағдарлануының өзгеруі болуы тиіс.

Қазіргі уақытта біз техносферада өмір сүреміз деп айтуға болады (А.Е.Ферсман). Ноосфера экологиялық идеал, тұрақты дамудың соңғы мақсаты болып саналады. Ақырында адамзаттың тұрақты дамуға қозғалуы ұлттық және жеке байлықтың өлшемі рухани құндылықтар және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүретін Адамның білімі болғанда ноосфераның қалыптасуына әкеледі.

Ноосфера идеясын дамыту бойынша академик Н.Н. Моисеев аса көп күштер салған. Ол өркениеттің пайда болуын және дамуын табиғат эволюциясының ажыратылмас бөлігі ретінде қарастырады. Н.Н. Моисеевтің пікірі бойынша, жаңа өркениетке ұмтылу адамзат қоғамы мен биосфераның коэволюциясы арқылы іске асырылуы тиіс. Коэволюция «табиғат стратегиясын» және «парасат стратегиясын» келістіру ретінде қарастырылады; бұл жерде қоғамның табиғатқа қатысты тәртібінің терең өзгертілуі, адамзаттың экологиялық императивке бағынуы туралы сөз болады.

Тұрақты даму тұжырымдамасы 1970-ші жылдары қарқынды басталған ғылыми білімді экологияландырудан және әлеуметтік-экономикалық дамудан логикалық өту болып табылды. 1970-ші жылдары табиғи ресурстардың шектелгендігі, сондай-ақ адамның өмірінің, экономикалық және кез келген қызметінің негізі болып табылатын, табиғи ортаның ластануы мәселелеріне бірқатар ғылыми жұмыстар арналған болатын.

1987 жылы Халықаралық қоршаған орта және даму жөніндегі комиссия (ХҚОДК) «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасында негізгі назардыол кезде «осы уақыт қажеттіліктерін қанағаттандыру болашақ ұрпақтың өзінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетін бұзбайтын», «тұрақты даму»қажеттілігіне аударды.