Сабақты өткізу әдістемесі

Бірінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «ҒТП экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызады» көзқарасын қолдап баяндау.

Екінші топ студенттерінің міндеті – өз дәлелдерін «ҒТП экологиялық проблемаларды күшейтеді» көзқарасын қолдап баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:

1. Адам қызметінің алдыңғы түрлерімен салыстырғанда ҒТП ерекшелігі неде?

2. Биосфераға антропогенді жүктеменің артуының негізгі себептері қандай?

3. Экологиялық дағдарыс қауіптілігіне байланысты адамдар өздері үшін қандай тұжырымдар жасауы тиіс?

4. Адамзат пен табиғат дауын жеңу жолдары қандай?