Және нарықтық қатынастардың ролі

экология-экономикалық саясатты іске асырудың екі айқын көрінген механизмі бар: мемлекетті тікелей реттеу және экономикалық ынталандыру (нарықтық механизм).

Тікелей реттеу мемлекеттің пайда болуымен байланысты: нормативтік-құқықтық, әкімшілік-бақылау шаралары, тікелей регламенттеу және т.с.с. Мемлекеттік араласудың кемшіліктеріне қарамастан, қазір мемлекеттің табиғатты қорғаудағы ролі үлкен және әрі қарай артатын болады. Мемлекет жанама және тікелей реттеу негізінде өндірісті нарықтық оңтайлы басқарудың өнімді шығарудың әлеуметтік-экологиялық оңтайлы деңгейіне ығысуына қол жеткізуі тиіс. Мемлекет табиғи ортаны қорғау саласындағы әр түрлі нормативтерді, стандарттарды анықтайды, экология проблемаларын шешудің балама нұсқаларын, нарық жағдайларында экономиканы құрылымдық қайта құруды жүзеге асырады. Мемлекеттік макрореттеу мәнін толық бағаламау жағымсыз экологиялық салдарларға әкелуі мүмкін.

Экономикалық жағдай жасау нарықтық механизмдердің дамуымен байланысты. Рыноктың маңызды сапасы олардың тапшылығы туралы бағалық сигналдардың арқасында әр түрлі ресурстардың аса жақсы пайдаланылуын қамтамасыз ету мүмкіндігінен тұрады. Нарықтық механизмдер табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында пайда болатын өзгерістер мен тенденцияларға аса икемді жауап қайтаруға қабілетті.