Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау

Берілген проблема көп уақытта ауыл шаруашылығы зиянкестерімен күреске қатысты болады. Олармен күрес басым көпшілігінде химиялық әдістермен жүргізіледі. Жалпы нәтижелілігі 90…95% құрайды және шегіне жетті деуге болады. Жалпы бақылау нәтижесі айтарлықтай төмен; жойған соң біршама ұзақ емес мерзімнен кейін зиянкестердің саны қалпына келтіріледі де, үлкен қаржылар жұмсап, бұл шараларды үнемі қайталауға тура келеді.

Зиянкестермен күрестің тиімділігін арттыру үшін препараттарды – еркектердің өсіру қабілетін бәсеңдететін стерилянттарды пайдалану арқылы әдістер әзірленеді.

Экономикалық маңызды түрдегі популяцияларды пайдалану кезінде адам жоғары саны мен өнімділігін тұрақты қолдауда мүдделі. Нормада бұл екі параметр үйлеспейді: сан жоғарғы үстіртке шыққанда өнімділік төмендейді; барлық популяциялық автореттеу жүйесі санның оңтайлы деңгейін ұстап тұруға жұмыс істейді. Сондықтан пайдаланылатын түрлердің санын бақылағанда зерттеулердің басты бағыты – алу нормаларын анықтау, ол кезде ұрпақтану принциптік популяциялық құрылымдардың бұзылуынсыз барынша ынталандырылады.

Экономикалық маңызды түрлер санын бақылау дегеніміз биологиялық ресурстарды белсенді басқару түрі. Бұл саладағы негізгі перспективаларды автореттегіш популяциялық механизмдерді зерделеу және керекті экономика-лық нәтижеге қол жеткізу үшін ашылған заңдылықтарды пайдалану ретінде анықтауға болады.