Денсаулықтың және аурушаңдықтың экологиялық аспектілері

Патологияның экологиялық аспектілері алуан түрлі. Олар аутогенді, яғни адамдардың өздерінің дұрыс емес тәртібі салдарынан және экзо(эко)генді – техногенді және табиғи болып бөлінуі мүмкін.

«Өмір салты» патологияларына қозғалу белсенділігінің оңтайлы нормаларынан, физикалық және психика-эмоциялық жүктемелерден, тамақтану режимінен, жұмыстан, демалыстан және әлеуметтік қатынастардан әр түрлі ауытқулармен тікелей немесе жанама тудырылған аурулардың көп саны жатады. Осыған зиянды әдеттермен себептелген барлық аурулар және кәсіптік аурулар сферасының бір бөлігі жатады. Қазір осы аурулардың таралу сферасында адамзаттың кемінде үштен бір бөлігі бар.

Патологияның табиғи экологиялық аспектілері негізінде популяция-лар орналасуының және аурулар таралуының географиялық факторларымен байланысты. Нақты себептерге байланысты олар үш категорияға ыдырайды.

Қалыпты тіршілік әрекеті бұзылуының тікелей себебі қандай да бір табиғи аймаққа тиесілі ортаның абиотикалық факторлары болуы мүмкін. мысалы, үсітіп алу, жылулық соққылар, биіктік ауруы жиілігінің аймақтық климатпен, жергілікті жердің биіктігімен және ультракүлгін сәуле шығару қарқындылығымен байланысы анық. Жергілікті геопатогенді аймақтар туралы деректер бар, онда радиациялық қордың, геомагниттік өрістің ерекше жергілікті үйлесуі, тектоникалық толқындардың және басқа факторлардың таралуы адам денсаулығы үшін қолайсыз жағдай тудырады.

Географиялық факторлардың ролі сондай-ақ тамақтанумен байланыс-ты әр түрлі бұзылудан байқалады, онда тамақта немесе ауыз суда ұзақ уақыт бойы таптырмайтын элементтер болмайды немесе тапшы болады. Тамақтану-дың бұл кемшіліктері топырақтың химиялық құрамының, өсірілетін дақылдар түрлерінің жергілікті ерекшеліктерімен, егіншіліктің, астықты қайта өңдеудің және тағам дайындаудың дәстүрлерімен себептелуі мүмкін. Жалпы тамақты тойып жемеу кезінде дамитын патологиялардан басқа, тағамдық жетіспеу-шіліктің ерекше айқындалуы да болады. Оның классикалық мысалдары авитаминоздар, йод тапшылығынан туындаған эндемиялық зоб болады. Табиғи факторлармен ғана емес, сонымен бірге табиғи факторлармен себептелген тамақтану ерекшеліктері диабеттің, атеросклероздың, гипертонияның таралуы-на маңызды әсер етеді. Дамыған елдерде дені сау еместіктің өте маңызды факторы тамақты артық жеу, артық салмақ және семірудің әр түрлері болды.

Көптеген аурулардың пайда болуы және таралуы қоршаған ортаның биотикалық компоненттерімен – вирустармен, бактериялармен, қарапайым-дылармен, әр түрлі паразиттермен және оларды тасымалдаушылармен және аралық қожайындары – әр түрлі жануарлармен байланысты. Бұл агенттердің таралуына микробиальды және паразитарлы инфекциялардың географиясы да байланысты болады. Көптеген жағдайларда патогенді организмдердің және тасымалдаушылардың экологиясы, орта және олардың көбею циклдері аурудың экологиясын анықтайды. Сонымен, тұмау эпидемияларының циклділігі азиялық үйректердің көшіп-қону экологиясымен байланысты. Алайда мұнда да табиғи агенттің бар болуы ғана емес, сонымен бірге антропогенді факторлар: адамдар тобының жиналғандығы, физикалық қатынастардың, көшіп-қонудың жиілігі, қоздырғыштарды тауарлармен бірге әкелу, гигиеналық жағдайлар, сондай-ақ берілген инфекцияға иммунитеттің бар немесе жоқ болуы болып табылады.