Сабақ өткізу әдістемесі

Студенттердің бірінші тобының міндеті – «Қала – бұл адам мен қоғамның оңтайлы мекендеу және даму ортасы» көзқарасын қолдап өз дәлелдерін баяндау.

Студенттердің екінші тобының міндеті – Қала – бұл адам мен қоғамның қолайсыз мекендеу және даму ортасы» көзқарасын қолдап өз дәлелдерін баяндау.

Талқылауға дайындалған кезде келесі мәселелерді назарға алу керек:

1. Қалалардың пайда болуы және олардың өркениеттің дамуына және табиғи ортаның күйіне әсер етуі.

2. Қалалардың дамуындағы қазіргі тенденциялар және олардың табиғи ортаға әсері.

3. Қалаларда тұрудың қазіргі кемшіліктері және артықшылықтары.

4. Болашақта қалалар қандай болуы тиіс?