Неркәсіптік жерлерді қайта құнарландыру

Экожүйелерді бағытталған түрде құру міндеттері өнеркәсіптік пайдаланудан шыққан жерлерді (карьерлер, шұңқырлар, топырақ қабатын жоғалтқан учаскелер, бос тау жынысы үйінділері және т.с.с.) екінші реттік игерген кезде айқындалады. Мұндай жерлерді қалпына келтіру үшін техникалық және биологиялық қайта құнарландыру қолданылады. Көптеген жағдайларда жұмыстарды мынадан бастайды: бұзылған жерлерді өсімдіктердің тамырлық жүйелері аймағын алғашқы тау жынысымен байланыстан бөлетін балшықты құрам қабатымен жабады. Бұл қабаттың үстінде топырақ горизонты – көбінесе «дайын түрінде» көршілес аумақтардан топырақты тасымалдау жолымен құрылады. Кейінгі міндет – фитоценозды құру – берілген қайта құнарландырылатын аумақтың мақсаттық тағайындалуынан және оларды өсіру технологиясын әзірлеуден шешіледі және өсімдіктердің түрлік құрамын іріктеуге арналған экологиялық амалға негізделеді.

Бұл бағыттағы бүкіл қызмет берілген қасиеттері бар өсімдік қауымдастықтарын құруға шоғырланған; жануарлар кешендерін бағытталған түрде құру ешқашан көзделмейді.