Табиғатты қорғау

Табиғатты қорғаудың екі принциптік аспектісін ажыратады: табиғи ресурстарды қорғау және қоршаған ортаны қорғау.

Табиғи ресурстарлы қорғау өсімдіктер мен жануарлардың жеке түрлерін пайдалануды шектеуге бағытталған. Мұндай шаралардың ғылыми базасы – аутэкологиялық зерттеулер.

Қоршаған ортаны қорғау ауаның, судың және топырақтың ластануының әр түрлерін ескертуге бағытталған.

Табиғатты қорғау проблемасына арналған қазіргі амал сондай-ақ әр түрлі масштабты маңызды экологиялық зерттеулер жүргізуді және оларға жаңа жағдайларда бейімделген ерекшелік беру, олардың орнықтылығы мен өнімділігін жоғарылату мақсатында бұзылған экожүйелерге белсенді араласу үшін олардың нәтижелерін пайдалануды көздейді. Мұндай амал болғанда экологияда антропоцентрлік және биоцентрлік амалдар жаһандық экологиялық жүйелер функцияларының тұтастығын қолдаудың жалпы проблемасында үйлеседі.