Мәдени жоба: Қазақ баласына-қазақ геройы

Мәдени жоба: Қазақ баласына-қазақ геройы!

Балаларға арналған қазақ геройларын насихаттау Ұлттық ойыншық нарығын дамыту  

Ең алдымен бүгінгі таңдағы барша қазақ баласына танымал ұлттық кейіпкерлерімізді анықтау. БАҚ-тың үгіт-насихат үдерісіндегі ең үздік құрал екендігін ескерсек, соңғы уақытта ғаламтор мен теледидардан жиі берілетін "Алдар көсе" мен "Ер Төстік және Айдаһар" мультфильміндегі Алдар, Ер Төстіктің және Кенжекейдің бейнелері барлығына таныс. Ендеше, біз дәл осы кейіпкерлер арқылы қазақ баласына қазақ геройларын насихаттауды қолға алу керек.

 

v Бірінші, кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне көңіл аудару. Алдар Көсе мен Ер Төстіктің бейнесі әлі де жетілдіруді, жарқ-жұрқ еткен шетелдік "Шректердің" жанында көп дамытулы қажет етеді. "Ер Төстік" бейнесін Қазақфильм студиясының аниматорлары әлемге танымал болған «Ава­­­тар», «Тинтинның бастан кеш­­кен­дері» мультфильмдеріндегі технологияны қолдана отырып жасаған. Туындыда барлық анимация­лық қозғалыстар «Motion capture» әдісі арқылы бейнеленген. Мультфильмде түстер қанық, ашық түстер мен суық түстердің араласуы және замануи образды қолдануы өте ұтыды қолданған. Ер Төстік пен Кенжекейдің арасындағы сезімін жеткізу үшін алынған музыкалық бірізділік те әдемі үйлесіммен берілген. Бірақ аталған артықшылықтардың өзі Ер Төстіктің бейнесін жоғары деңгейге жеткізбейді.

Алдар Көсе туралы мультфильмдердің бірі 2004 жылы Жебе студиясы арқылы пайда болды. Қазақи болмыстағы, көрерменін күлкімен көмкеретін анимациялық фильм баршаның көңілінен шықты. Соңғы туынды Қазақфильм студиясы арқылы жарық көрді. Көпсериялы "Алдар Көсе" мультфильмін Артур Краус жасап шығарған. Мұндағы Алдардың бейнесі бөлек. Алғашқы жас Алдар мен егде жастағы Алдардың көп айырмашылықтары бар. Көпсериядағы Алдарда ширақтық болғанымен құбылту, ойнақылық жетіспейді. Алдардың бейнесі Робин Гудтан кем емес. Осы кейіпкердің бейнесін жақсылық жаршысына айналдыру қажет.

 

Психологтар сәбилер мен жасөспірімдердің ең бірінші ашық түстерге ұмтылатыны мәлімдейді. Сондықтан көздің жауын алатындай ашық түстер мен әшекейлердің көп болу өте маңызды. Әсіресе қазақ қыздарына үлгі боларлық Кенжекейде осы жағы кемшін. Қазақ қызының сән-салтанаты келіскен, жасауы бір көшке жүк боларлықтай. Осы орайда Кенжекей бейнесі жұтаңдау берілген.

 

 

Сонымен ұлттық кейіпкерлерімізді насихаттау процесіндегі алғашқы қадам- толыққанды бейнені қалыптастыру. Ол үшін:

 

Ø Мектеп оқушыларының арасында конкурс жариялайды. Олар сүйікті кейіпкерлерінің бойынан қандай артықшылықтар көргісі келеді. Қандай болғанын қалайды? Олардың қиялындағы Ер Төстік пен Кенжекей қандай? Алдар Көсе қандай болған? Осының барлығын қорыта келе балалардың қиялындағы нағыз бейнені қалыптастырып шығуға болады.

Ø Аниматорлардың арасында конкурс ұйымдастыру. Әрине, мультфильмдегі Алдар Көсе мен Ер Төстік бейнелері бекітілген. Конкурс арқылы оларды дамытуға мүмкіндік туады.

Ø Мультфильмді жасаған аниматорлармен тығыз қарым-қатынас орнату. Олармен келісе отырып, бейнені толықтыру. Біздегі анимацияның қаншалықты деңгейде екендігі түсінікті. Технология жағынан алға бір емес бірнеше қадам жасауға тура келеді. Осы орайда, қазақ аниматорларын шетелге тәжірибені жинақтауға оқытуға жіберу. Ол үшін Білім және Ғылым министрлігі арнайы жолдамалар бөлуі қажет. Біліктілікті арттырған жағдайда ғана биіктерге жетеміз. Мысалы "Көліктер-2" анимациялық фильмін қазақ тілінде дубляждау үшін біздің дубляжистеріміз шетел асып, АҚШ-та тәжірибе жинақтап қайтты.

 

Бізге қажетті бейне дайын болды. Келесі қадам-насихаттау.

«Балапан» телеарнасы сәбилеріміздің сұранысын қанағаттандыратын басты телеарна. Білім министрлігі мен Алматы…   v Қарындаштан кітапқа дейін. Алдар мен Ер Төстіктің бейнелері бар оқушы дәптерлер,…

Шығындар ҚР мемлекеттік орындармен, демеушімен, компания басшылығымен келісе отырып шығарылады.

Конкурстар мен дөңгелек үстел мен тұсау кесерге жұмсалады. Жалпы шығын – 2 000 000 тг I кезең: