рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ток трансформаторының белгіленуі

Ток трансформаторының белгіленуі - раздел Философия, Электромагниттік релені сына Ток Трансформаторын Белгілеудегі әріптер: Т-Ток Трансформаторы, П-}...

Ток трансформаторын белгілеудегі әріптер: Т-ток трансформаторы, П-өтпелі, О-бір орамды, М-көп орамды, Л-құйылған изоляциялы, Ф-фарфорлы изоляция. Сонымен қатар номиналды кернеуді анықтайтын сандармен де белгілейді. П әрпінің жоқ болуы, ток трансформаторының өтпелі емес, тіректі екенін білдіреді. Және де дәлдік классының шамасы көрсетіледі, ал екі өзекше болғанда, сызықтың астында оның номинал бірінші ретті тогы көрсетіледі. Сонымен қоса, ток трансформаторының жұмысын сипаттайтын әріптер де жазылады, олар: қалыпты (қосымша белгілерсіз); термиялық және динамикалық тұрақтылықтардың күшейтілуі (У); дифференциял сақтандыруда (Д); қысқа тұйықталудан сақтаудағы жерге қондыру (З).

400 А номиналды токқа арналған ТПЛ-10 (құйылған изоляциялы өтпелі) типті ток трансформаторы Комплексті тарату құрылғысының (КРУ) ішкі қондыуларында қолданылады.ол бір немесе екі тікбұрышты шихталынған өзекшеден 3 (5-сурет), екінші ретті ораманың катушасы орнатылған үстіңгі өзекшесінде 5 (бір немесе екі). Бірінші ретті ораманы 7 оқшаулағыш өткізгіштен (кіші токқа арналған) және қалқанды мыс металлдан (жоғары шама тогына арналған) даярлайды. Орама арасында және жерлестіру бөлшектерінде эпоксидті шайырмен құйылған изоляцияны қолданады.

Эпоксидті шайырлар – сироптәріздес сұйықтар немесе сары, ашық қоңыр түстес қатты заттар; электротехникада электр оқшаулағыш құйылатын компаундтар және желімдегіш лактар мен желімдер ретінде көп қолданылады.

 

 

 

5-сурет. ТПЛ-10 типті ток трансформаторының құрылысы: 1-корпус; 2- жермен қосатын болт; 3- өзекше (магнитті өткізгіш); 4- винт; 5,7-екінші және бірінші ретті орама; 6- контактілі табақша (пластинка); 8- бұрыштық

 

Олардың басты жетістігі кепкен кезінде аз көлемде отырғызылады (0,6...1,0%). Сонымен қоса, кепкен қатты эпоксидті шайырлар жоғары механикалық беріктілік пен суға төзімді келеді.

Монолитті эпоксидті корпус 1 орамаларды механикалық зақымдардан сақтайды. Магнитті өткізгіштің білікшесінің төменгі жағына 2 болат бұрыштық 8 орнатылған. Олар трансформатордың табаны ретінде қызмет атқарады.

ТШЛ-0,5 типті бір орамды ток трансформаторы шиналы деп аталады, себебі бірінші ретті орама негізінде мұнда ток өткізгіш шиналар қолданылады (6-сурет). Оны 0,66 кВ дейінгі кернеуде жабық қондырғыларда қолданады. Оның құрамында білікшелерінде екінші ретті орама орнатылған О тәріздес магнит өткізгіштігі бар. Бірінші ораманың шығысы (желілік) – ток трансформаторына байланысты корпуста орналасқан болттық байланыстар үшін тесілген мыс пластиналары. Екінші ретті (өлшеуіш) ораманың басы мен соңын монолитті корпустың бір жағына орналасқан ішкі тізбектегі арнайы контактілі пластина және винттармен қосады.

ТПЛМ-10 типті ішкі қондырғысы бар (модернделінген өтпелі құйылған изоляциялы) ток трансформаторы, 400 А бірінші ретті номинал токқа есептелген. Оны Комлектілі тарату құрылғысының шкафтарында қолданады. Ол бір немесе екі орамасы бар тікбұрышты шихталанған өзекшеден тұрады.

Эпоксидті компаундпен құйылған катушкалар тобы монолитті изоляцияланған бак ретінде көрініс тапқан. Трансформатордың табаны ретінде өзекшеге бекітілген екі болат бұрыштық қолданылады. Бұрыштықтардың көлденең сөрелерінде трансформаторды бекіту үшін төрт тесік тесілген. Вертикаль сөрелердің бір бұрыштығында З әрпімен белгіленген жерлестіру болты орналасқан. Өзекшеде трансформатордың техникалық сипаттамалары бар тақтайша орнатылған.

10-100 А есептелген ТПЛУ-10 типті ток трансформаторында қысқа тұйықталу тогынан қорғауда күшейткіштер орнатылған. Өзекшенің дәлдік классы - 0,5. Егер трансформатордың белгіленуінде Р әрпі болса, онда оның өзекшесі екінші тізбекке қосылған сақтандырғыш реле көзінің бар екенін көрсетеді. ТПЛ-10 типті ток трансформаторы тәрізді ол да жоғары білікшесіне оқшауланған өткізгіш оранған екінші орама кигізілген трансформатор болатынан жасалған бір не екі тікбұрышты өзекшеге ие. Екінші ораманың үстіне кіші токтарда оқшауланған өткізгіштен жасалған, ал жоғары мәнді токтарда жалаңаш мыс сымнан жасалған бірінші орама кигізіледі. Соңғы жағдайда орам арасындағы изоляция ретінде электр картоны қолданылады.

Кез-келген бағытта (көлденең, тік, көлбеу) орналасқан ТПОЛ сериялы ток трансформаторы (7-сурет). ТПЛ сериялы трансформаторының принципінде жұмыс істейді, бірақ оның бірінші орамасы екі жағынан бірінші тізбектің шинасы бекітілген бір орамды стерженьнен тұрады. Бірінші және екінші орамалар мен бірінші орама және жерлестіру бөлшектерінің арасындағы оқшаулағыш ретінде құйылған эпоксидті шайыр алынады. Эпоксидті корпус ішкі бөліктерді механикалық зақымданулардан сенімді қорғайтын тұтас изоляциялық бетті құрайды. ТПОЛ-10 ток трансформаторын қосалқы станциялар мен өндіріс кешендеріндегі тарату құрылғысында (РУ) қолданады.

ТПФ-10 (10 кВ кернеуге арналған өтпелі фарфор изоляциялы) трансформатор бір не екі фарфор оқшаулағышпен 2 қамтылған өзекшеден 1 тұрады (8-сурет). Екінші ретті орама 3 өзекшенің білікшесіне кигізілген бір не екі катушкадан тұрады, ал бірінші орама 4, изолятор саңылауынан өткізілген дөңгелек оқшауланған өткізгіштен немесе ленталы мыстан жасалған бірнеше орамнан тұрады. Бірінші ораманың басы мен соңы Л1 және Л2 тік бұрышты саңылау арқылы трансформатордың торц қақпағына 6 қарай шығарылған мыс контактілі пластиналарға 5 дәнекерленген.

Фланецқа 8 изоляциялы втулка арқылы екінші ораманың И1 мен И2 басы мен соңына орналасқан және жерлестіру болты 11 бар оқшаулағыш колодка 9 бекітілген. Фланцтың бұрыштарына ток трансформаторын бекітуге арналған саңылау 10 орналасқан. Ораманы механикалық ақаулардан сақтау үшін тік бұрышты кожух 7 қолданылады. ТПФ-10 типті ток трансформаторының габаритті өлшемдері мен массасы ТПЛ типті трансформаторға қарағанда әлдеқайда жоғары.

 

 

8-сурет. ТПФ-10 типті ток трансформаторының құрылысы:

1-өзекше; 2-изолятор;3,4-екінші және бірінші ретті орамалар; 5-контактілі пластина; 6-қақпақ; 7-кожух; 8-фланец; 9-оқшауланған колодка; 10-бекіту саңылауы; 11-жерлестіру болты

 

500 В дейінгі кернеудегі тізбекте ток пен қуатты өлшеу үшін және энергия шығының анықтау үшін екі орама (біріншісі –өлшеу мақсатында және екіншісі – аспаптарды қосу үшін) салынған, қарапайым конструкциялы катушкалы тіректі ток трансформаторы қолданылады.

ТКФ-3 фарфор изоляциялы тіректі катушкалы ток трансформаторын (9-сурет) 3кВ дейінгі кернеудегі жабық қондыруларда қолданады. Бұл трансформатордың фарфор изоляцияның 2 ішінде орналасқан, сұйыққа малынған картон каркас оралған екінші орама катушкасына магнитөткізгіш 6

кигізілген. Трансформатордың бірінші орама катушкасына оқшаулағыш салынып, металл кожухпен 3 жабылған.

 

 

 

9-сурет. ТКФ-3 ток трансформаторы: 1-қондырылатын бұрыштық; 2-фарфорлы оқшаулағыш; 3-қорғағыш кожух; 4-бірінші орама қысқышы; 5-екінші орама қысқышы; 6-магнитті өткізгіш

35кВ және одан жоғары кернеудегі сыртқы қондыруларда май құйылған фарфор корпуст ТФН, ТФНУ, ТФНД, ТФНДК типті(мұндағы Н-сыртқы, У-кушейтілген, К-каскадты, Д-дифференциял қорғағыш үшін) тіректі трансформаторлар қолданылады.

ТФН, ТФНУ және ТФНД сериялы ток трансформаторларын (10,а-сурет) 35 кВ, ПО және 220кВ номинал кернеуде, сонымен қатар бірінші ретті 2000А дейінгі номинал токта шығарады.

Мұндай трансформаторлардың орамалары трансорматор майымен құйылған және металл табанға 4 бекітілген фарфор корпусқа 3 орналастырады. Фарфор корпустың жоғарғы торцына бірінші ретті орама қысқыштары 2 мен шойын май көрсеткіші бар май кеңейткіші 1бекітілген. Табанына бекітілген екінші ораманың өзекшесі (8 түрінде) бірінші орамамен оралады. Екінші ораманың шеттері трансформатор табанындағы герметикалық шойын қорапқа орнатылған қысқыштармен қосылған.

ТФНКД сериялы ток трансформаторын (10,б-сурет) 500кВ дейінгі номинал кернеуде шығарады.

Желіні кабельдің жеке жилаларын жерге тұйықталудан сақтау үшін ажыратылған магнит өткізгіштігі бар, үшфазалы сауытталған диаметрі 65 мм-ден аспайтын кабельге кигізілетін ТЗР сериялы (жерге тұйықталудан сақтау үшін, ажыратылған) ток трансформаторын шығарады.

Мұндай трансформатор электротехникалық болаттың жеке жолақтарынан жасалған өзекше мен ярмадан тұрады. Өзекшеге шеттері оқшауланған колодкаға шығарылатын екінші орама орантылады.

Бірінші ораманың қызметін кабель атқарады. Трансформатор табаншасы жерлестіру шинасына жалғанған диаметрі 8 мм болтқа ие болуы қажет.

Қалыпты жағдайда кабель жиласы арқылы өтетін токтардың геометриялық қосындысы нөлге тең немесе соған жақын, яғни трансформатор өзекшесі магниттелінбегенмен бірдей, және екінші орамада оған жалғанған релені іске қоса алмайтын ЭҚК қалыптастырмайды.

 

10-сурет. Сыртқы қондыруларға арналған тіректі ток трансформаторы:

А-ТФНД-220; б-ТФНКД-500; 1-шойын май кеңейткіші (қалпақ); 2-бірінші орама қысқышы; 3-фарфорлы корпус; 4-табаны (арба); 5- екінші орама қысқышы.

 

Егер қорғалатын қондырғының бір фазасында жермен тұйықталу болса немесе торап бөлігіндегі фазадағы жүктеменің бірқалыптылығы бұзылса, яғни магнит ағынының қосындысы нөлге тең болмайды да, екінші орамада ток тудырып, тізбекте сигнализация контактілері тұйықталады және ол қорғаудан ажыратылады.

Және аналитикалық міндеттерге басқа да трансформаторлар шығарылады, мысалға оқшаулағышы құйылған ТЗЛ сериялы және мақта-қағазды оқшаулағышы бар ТЗ сериялы трансформаторлар.

Тарату құрылғылары (РУ) мен қосалқы станция сұлбаларында жетектің ажырату орамаларын қоректендіруге білікшесінің бүйірінде бірінші және екінші орамалар бекітілген шихталынған өзекшелі ТКБ сериялы ток трансформаторын қолданады.

Ораманың басы мен соңы магнит өткізгіштің жоғары жағына бекітілген щитокқа жалғанған.

ТКБ сериялы ток трансформаторының ерекшелігі ретінде темірдің өте жылдам қанығуы мен екінші ораманың тұрақтылығы болып табылады.

Ток күші мен 1кВ дейінгі кернеудегі желіде қорғағыш сұлбаның қорегін өлшеу үшін мақталы-қағазды, катушкалы ТК сериялы ток трансформаторы қолданылады.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Электромагниттік релені сына

I Электр станциялары б лімі бойынша лабороториялы ж мыстарды та ырыптары... Электр энергияны абылдау ж не тарату рыл ылары...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ток трансформаторының белгіленуі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Жалпы түсініктемесі
Станцияларда өңдірілген электр энергиясы тұтыну аймағына өзара байланысқан беріліс, тарату және түрлендіруші электр қондырғылар жүй

КВ кернеудегі комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар
  Комплектілі трансформаторлы қосалқы станциялар (КТП) жиналған немесе құруға толық даярланған күйде жеткізілетін трансформаторла

Көлемді қосалқы станциялар
  Монтажды индустриаландырудың деңгейін жоғарылатуды, объектілерді салудың мерзімін қысқартуды, құрылыстардың сапасын жақса

Көлемді электротехникалық ғимараттар
Индустриялды панельді электротехникалық ғимараттар (ИПЭҒ) олардың ішіне щиттарды (тарату, релелік, басқару станциялары), комплектілі трансформаторлы қосалқ

Комплектілі трансформаторлы қосалқы станцияны монтаждау
  КТП-ны монтаждау құрама блоктарды немесе барлық қосалқы станцияны қондырылатын орнына жеткізу мен фундаментке орнатудан тұрады. КТ

Бақылау сұрақтары.
1. Электр энергияны тарату қалай жүзеге асырылады? 2. Тарату құрылғылары деген не? 3. Қоректендіру орталығы, тарату пункті, тарату желісі

Рылысы және техникалық сипаттамасы
Күштік трансформаторлар бір кернеудегі айнымалы токты басқа кернеудегі айнымалы токқа, төменгі немесе жоғары шамаға түрлендіру үшін арналады.

Трансформаторлардың белгіленуі
  Трансформатордың белгіленуінде әріптермен олардың конструкциялары және негізгі электрлік параметрлері көрсетіледі. Әріптер: біріншісі –

Трансформатордың габариттер бойынша таратылуы
  Трансформаторлар қуаты мен орамаларының оқшаулағыш классына байланысты габариттердің жеті тобына жіктеледі (1-кесте). Трансформаторды сипаттай

Кесте Күштік майлы трансформаторлар сипаттамасы
        22-сурет. үш фазалы екі орамалы трансформатор орамаларының жалғану тобы мен сұлбасы: Y-жұлдызш

Бақылау сұрақтары
1. Күштік трансформаторлар не үшін арналған? 2. Трансформатордың қандай кернеу орамаларын білесіз? 3. Трансформатордағы кернеудің тү

Ток трансформаторының құрылысы
Ток трансформаторларының құрылысы келесідей топқа бөлінеді: тіректі, өтпелі, қалқанды, орантылған, біріктіруші немесе ажыратушы және салб

Ток трансформаторын монтаждау
Ток трансформаторын монтаждау тексерістер мен оларды қондыру кезіндегі тексеріс және қондырудың өзінен тұрады. Ток трансформаторын монтаждау шеберханала

Кернеу трансформаторлары
Кернеу трансформаторлары электр өлшеуіш аспаптардың, реле, сигнализация тізбектердің, басқару мен автоматтандыру катушкасын кернеумен қоректендіруге қолданылады.

Кернеу трансформаторын монтаждау
Кернеу трансформаторын монтаждау алдында келесі ережелерді орындау қажет: Трансформаторды екі бұрыштыққа орнатарда түсірілетін кранға қол жетімді

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги