рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Екінші бӨлім

Екінші бӨлім - раздел Образование, Пролог     І     &#...

 

 

І

 

 

Қазақ елінің батыс тұсында дәл қазір алып-жұлып бара жатқан бәлендей қорқыныш болмағанмен, солтүстік жағы тағдырына елеулі әсер етердей уақиғаларға толы еді. Ұшы-қиыры жоқ сұсты Сібір өлкесінде ежелден-ақ мал шаруашылығымен шұғылданатын, балықшылық пен аңшылықты кәсіп ететін түрік және монғол тектес көшпелі халықтар мекен ететін. Бірақ бұларда баяғы Түрік Қағанатынан кейін қалыптасқан мемлекет болмай келген.

Сол себептен о жаққа өзара ру таластарынан таяқ жеген қазақтың ер-азаматтары ғана емес, өз елінде жапа шеккен Қазан, Астрахань хандықтарының, көне Еділ бойы мен башқұрт, татар төрелерінің сан түрлі адамдары қашып барған. Со жақтан пана іздеген құл-төлеңгіттер, ұлтын айырып білуге болмайтын не қилы босқын тұтқындар, боярлар мен князьдардың қыспағына шыдай алмаған орыс жігіттері Сібір жерін атам заманнан әбден бауыр басып алған-ды. Бұлар аздай, патша ағзамның қиянатына шыдамаған кейбір орыс қара шекпендері ауыл-аймағымен Орал тауынан аса, тірі жан басып көрмеген Сібірдің мылқау түкпірлеріне қарай шұбыруды шығарған. Соңғы кезде әсіресе бұ жаққа патшаның әділетсіз заңы қыр соңына түскен, патша жандармдарының таяғы етінен өтіп, сүйегіне жеткен жәбірленген соқа басты адамдар да көп қашқан. Бұлар әр түрлі ұлттан еді, бірақ тез тіл табысып, заматта ұғысып кететін. Бәрі бірігіп, өздеріне казак деген ат қойып, тіршілік етуге кіріскен. Бұлар көне қазақ елінің атын алғанда, өздерінің сол жауынгер көшпелі елдің ешкімге бағынбайтын еркін салтымен өмір сүретіндерін аңғартқан. Олардың жасақтағы бағыну тәртібі де қазақтың көне кездегі өз батырларына ғана бас иетін әдеттеріне ұқсас еді.

Осындай, әрқайсысының жеке атамандары бар ондаған, жүздеген жасақтар көшпелі елдердің аламандары тәрізді көршілерінің малын барымталап, бай саудагерлердің керуендерін тонап, тіпті болмаса бірімен бірі айқасып, ұшы-қиыры жоқ еркін далада ойларына келгенін істеп жатты.

әйткенмен, бұлар ежелгі көшпелі елдермен араласып, біртіндеп отырықшы жұртқа айнала бастаған. Сөйтіп Сібір жері ерте кезден-ақ ұлы Россияның бір бөлегіне айналды. Бертін келе орыс патшасы бұдан түсер пайданы бірден ұқты. Ұшы-қиыры жоқ Сібір жерін тек әскери күшпен билеудің қиындығын түсінген ақ патша, енді осынау бас кесер өжет казак жасақтарын өз саясатына жұмсауды ойлады. Осылар арқылы бүкіл Сібірді өз қолына алмақ болды. Енді оларды шекара күзету ісіне де пайдалануға кірісті.

 

 

Осы кезде, бүкіл Сібір жерінде Строган деген кісінің аты жер жарды. Бұл Сібір жерін ақ патша қанауға берген Строганов саудагердің есімі еді. Ол бүкіл Сібірдің шетіне сауда қалаларын, қоймаларын сала бастады. Сол қоймаларды және жан-жаққа жүргізе бастаған сауда керуендерін қорғауға Строганов тек казак-орыс жасақтарын пайдаланып қойған жоқ, көршілес қазақ ауылдарының көп жігіттерін де жалдады. Бұл қазақ жігіттері Сібір саудагерлеріне қазақ елінің жылқысын, қойын, жүн-терісін бірінші сатушылары болды. Әрине, орыс шекарасындағы саудагерлер қазақ елінің өлі затын тым арзан бағамен алды, бірақ бұл сауда-саттық дала жұртына тек Бұхар, Хиуа, Үргеніштерге ғана емес, өзімен шекаралас орыс еліне де өзінің артық малын, шикізатын сатуға мүмкіндік берді. Осындай сауда жолы арқылы, қазақ халқының орыс елімен алғашқы қарым-қатынас әрекеттері басталған.

Ал Жоңғар әскерінің қазақ жеріне енуі тек қазақ халқына ғана емес, онымен көршілес елдерге де қиын тиді. Сібір қалаларында суық желдің лебі сезілді. Қырғыздар тау арасына қашуға мәжбүр болды. Қарақалпақтар ығысып, қазақтың босқын ауылдарына қоныс берді. Жоңғарларды енді Ташкенттен бері қарай аттанар деп қауіптенген өзбектердің де берекесі күні бұрын кетті...

әсіресе бұл жағдай Еділ бойындағы қалмақтарға қиын тиді. Еділ мен Жайық бойындағы қазақтардың жайылымын басып қалуды арман еткен қалмақтар, Жоңғар шабуылының алғашқы кезінде қазақтардың ойраттардан жеңілуін тілеген-ақ еді. Бірақ бұл үміттері ақталмады. Жоңғардан шегінген қазақтар малына жайылым іздеп, енді Еділ мен Жайық өзенінің бойына қарай беттеуге шықты. Ал Россия саясатшылары күншығыс-оңтүстік жағындағы қазақтың ұлы даласында болып жатқан уақиғаларды сырттай бақылаумен болды. Россияның бұл кездегі әрекеттері өзге кездегісінен тіпті басқаша келді. Оның әр қимылында енді сабырлылық, алыстың артын бағушылық байқалды.

әрине, қазақ елінің басына қара түнек туған қилы кезеңде, күншығысынан Жоңғар әскері, күнбатысынан — Еділ бойындағы қалмақ нояндары, солтүстігінен башқұрт бекзадалары, оңтүстігінен Орта Азия хандары қазақ даласын борша-борша етіп бөліп алса — Россия секілді ұлы мемлекет өзінің қомақты үлесін, арыстан үлесін, өзгелерден әлдеқашан тартып әкеткен болар еді. Сөйтудің қазір де кезі келіп тұр. Сөз жоқ, Бірінші Петрден бұрынғы Россия патшаларының қайсысы болса да дәл осылай істер де еді. Ал, Бірінші Петр патшадан бастап Шығыс істеріндегі Россия саясаты басқаша құрыла бастаған. Бұл терең де және алысқа қол сермеген саясат еді. Оның көп шешімдері сонау төрт мұхиттың жағаларына бірдей қанат жайған өзге ұлы мемлекеттердің саясаттарымен қат-қабат келіп түйісіп жатқан. Сол себептен Россия, Азияның жүрегі — Орта Азия-
дағы әрекеттерін әзірге достық қарым-қатынас пен сауда-саттықты жөндеуге жұмсап, алдағы болашақ уақиғалардың табиғи шешімдерін күтуде еді.

Бірақ бұл саясат қазақ елін басып алуға шыққан жоңғар шабуылын тоқ-
татқан жоқ. Қазақ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жәрдем ала алмады. Тек өз күшіне сенуге тура келді.

 

 

Бөгенбай батыр қатты толқу үстінде еді. Ол ауыл сыртына шығып, көп жүрді. Қазір, міне, төбе басында отыр. Ой-қиялы сан саққа жүгіріп, көз алдынан Жоңғар шабуылы басталғаннан бергі талай шайқастар елестеп өтті, әсіресе Шұно-Дабо ноянмен екеуінің арасындағы айқас есінен кетпеді.

... Құз басына біткен шынардай, мызғымас берік Бөгенбай атының басын кейін бұрып алды. Астындағы омырауы есіктей биік күрең айғыр, орағыта бұрылды да, тұяғының астындағы құмды ошақтай ойып, қайтадан шапты.

Нардай ақ боз текежаумыт мінген Шұно-Дабо ноян да атының басын бұрып үлгірген екен. О да азынатып келе жатыр...

Бөгенбай мен Шұно-Дабо аттары үзеңгілесе тақалып кеп қалғанда, қолдарындағы бұзаубас қара шоқпарларын біріне-бірі тағы сілтеді. Бұ жолы шоқпарлардың шойын бастары біріне бірі дәл тиді, аямай ұрған қос батырдың алып күшіне шыдай алмай қыл мойындарынан шорт сынып, екі жаққа ұшып түсті.

Аттарының басын қайта бұрып, екі батыр бір-біріне қарсы ұмтылғанда, бұлардың қолдарында енді сала құлаш көк құрыш алдаспандары жарқ-жұрқ ойнады. Үзеңгілес келіп екеуі алдаспандарын қатар сермеді. Бірақ қылшылдаған көк құрыш қанша қан сағынғанымен, екі батырдың денелеріне дарымады. Бірінің жүзіне бірі тиіп, шақ етіп өте берді. Батырлар аттарының басын бұрып алып қайта шапты. Бұл жолы олар ақ көбік атып, қара терге малынған жүйріктерін бір орнында шыр көбелек ойнатып, ұзақ уақыт қылыштасты... Ақырында алдаспандарының жүздері майырылып, екеуі де бұл алыс-жұлыстан айнып шықты. Екі батыр ең алғашқы кездескен беттерінде-ақ садақ тартысып, найза салысқан. Садақтарының жебелері шынжыр сауыттарын бұзып өте алмады. Ал найзаларының сүмбіл ұштары болат қалқандарына шақ-шұқ тиіп, тез-ақ майы-
сып, істен шығып қалды.

Осындай бірін-бірі жеңе алмаған теке-тірес, биенің екі сауымындай уақытқа созылды. Өздері де әбден әлсіреп, қара терге малынды, аттары да болдыруға айналды.

Енді бұлар аттарынан созыла түсіп, қылшылдаған ақ семсерлерін жалаңдата бір-біріне қарсы жаяу ұмтылды. Тең күш бұ жолы да бірін-бірі жібермеді. Қарулы қолдардың сығуына шыдаспай, алақандары жазылып, болат қанжарлар жерге сусып түсіп, ақыры бұлар қоян-қолтық алыса кетті. Тобықтан келетін жұмсақ құмды кешіп жүріп, бірін-бірі жамбасқа да алды, іштен де шалды, көтеріп ап жерге де ұрды. Бірақ бұдан да ештеңе шықпады. Пара-пар келген алып күш бірін-біріне жеңдірмеген. Күн шыға алысқан қос арлан сәске ауған уақытта ғана барып, әбден дымдары құрып, екеуі екі төбешік құмның үстіне әлсірей құлады. Біріне-бірі алдырмайтынын сезген қос батыр майданға қайта шықпады. Орындарынан тәлтіректей түрегеліп, анадай жерде тұрған аттарына кетіп бара жатып, уәделескендей екеуі де бірдей кілт тоқтап, арттарына қарады.

— Бөгенбай батыр, — деді Шұно-Дабо, — жекпе-жек алысып көрдік, екеуміздің де арымыз таза. Ендігі жерде кімде-кім жолын табады, сол өлтіреді. Абайсыз жүріп, қапы қалма!

— Жарар. Сен де арманда кеттім деме!

Осыдан кейін екеуі аттарына мініп, бірі күншығысқа, екіншісі солтүстікке қарай желе жортып кете барған.

Бұл екеуінің арасындағы өшпенділік, жас Шұно-Дабоның қазақ жеріне ең алғашқы шабуылға шыққан кезінен басталған. Содан бері бұлар сан айқаста бетпе-бет кездесті. Бірақ бірін-бірі жеңе алмай-ақ қойды. Бойға біткен алып қуат пен ызалы кек ақыры әкеп жекпе-жекке шығарды. Бірақ бұ да ерегес бәсін шешпеді.

әйткенмен қастасқан қос батыр бес жылдан кейін қайта кездесті. Арыс пен Бадам өзенінің арасындағы адырлы, бұйратты ойлы-қырлы кең дала Үш жүздің атты әскеріне лық толған. Бадам өзенінен бес шақырым жердегі «Орда басы» деген биіктің үстінде қазақ жасақтарының қолбасшысы — ақ боз атты Әбілқайыр тұр. Алды да, арты да, көз жеткен жерге дейін, алақандағыдай айқын көрінеді. Күнгей жағында қара бұлттай тұтасқан жоңғар әскері. Бәрінің алдында Шұно-Дабо ноянның өзі. Тау етегінде есік пен төрдей қара көк сәйгүлік мінген Бөгенбай. Екі көзі әскерінің алдында жүрген Шұно-Дабода. Сәске көтеріле дабыл ұрылды. Екі жақ бірдей лап қойды.

Бұ жолы ұрысқа отыз мыңдай жауынгер қатысты. Соғыс бесінге дейін созылды. Адам қаны тағы да судай ақты. Тағы сан ана баласыз, сан бала әкесіз қалды. Бұл Аңырақайдан кейінгі ең үлкен айқас еді. Қазақтар бұ жолы да жоңғар әскерін оңдырмай жеңді. Күн ұясына қона жоңғар әскері Бадам өзенінің арғы бетіне қарай қашты. Міне, осы арада Бөгенбай мен Шұно-Дабо тағы кездесті. Бұлардың бұ жолғы кездесуі ұзаққа созылмады. Әдісін тапқан Бөгенбай, жоңғар ноянының дәл қолтығының астынан көк сүмбілі найзасын мықтап қадады. Қолтық астының сауыты жұқалау еді, ұшы біздей көк құрыш Шұно-Дабоның өңменіне бір-ақ жетті. Ноян ат жалын құшып қалды. Жерге құлап та түсетін еді, иесінің тізгінін босатып жібергенінен бір сұмдықтың болғанын сезген қара айғыр мол сулы, көбік атқан Бадамға күмп берді.

Қолтығынан шапшыған қызыл қаны ат жалын бояған Шұно-Дабо кенет есін жиды. Арғы бетке таяп қалған екен. Бұның келуін күтіп жағада тұрған немере інісі Қалден Церенді көрді. Қолында шойын басты шоқпары. Шұно-Дабо жанталасып атының басын кейін бұрғысы келді. Бірақ сол сәтте есінен қайта танып кетті. Астындағы айғыры қос аяғын жар ернеуіне зорға іліндіріп, арғы бетке шыға берді. Сол сәтте Қалден Церен де шойын шоқпарымен Шұно-Дабоның дәл маңдайынан қос қолдап кеп ұрды. Миы бұрқырап, басы күл-талқан боп ұшып кеткен ноянның денесі ат үстінен сырғып, сұрғылт толқынға күмп етті. Көбік атып бұрқыраған асау ағыс тірісінде қолы жетпеген қазақ жеріне енді оның өлігін алып кетті.

— Бар! Бар! — деді Қалден Церен, сұрғылт суды қызыл қанға бояп ағып бара жатқан өліктің сыртынан шоқпарын білеп, — көр енді алтын тақтан дәметіп!

Сөйтті де күншығысқа қарай шаба жөнелді. Өзен жағасынан ұзай бере, оған басқа бір ноян қарсы кездесті.

— Шұно-Дабо баһадЇрді көрмедіңіз бе? — деді ол. — Аты әскер соңынан шауып барады... Жау қолынан қаза таппаса игі еді.

— Қаза тапса естілер еді ғой, — деді Қалден Церен. — Аты бос кетіп бара жатса, өзі қазақ арасында қалған болар...

Қалден Церен артына бұрылып қарамастан, атын тебініп жүріп кетті.

«Шұно-Дабо қазақ жерінде қалып қойыпты» деген аңыз, міне, осылай туған.

Бөгенбай батыр халқын қан-жоса еткен қасынан, Қалден Церен өзінің Жоңғар тағына бәсекелес туысынан осылай құтылған.

Төбе басында отырған Бөгенбайдың есіне енді Бұқар жырау айтқан бір әңгіме оралды. «Осы біздің Бұқар шынында әулие ғой!» деп ойлады ішінен. Ол сонау «Ақтабан шұбырынды» кезінің өзінде-ақ: «Біз жоңғарларды түбінде жеңеміз» деп еді. Сол айтқаны дәл келді.

Шұно-Дабо өлген ұрыс шынында да, Жоңғар басқыншыларының қазақ қолдарынан мықтап тойтарыс алуының басы еді.

Тәуке ханды өз көзімен көрген Бұқар жырау бірде жорықтан келе жатып, бұған:

— Есіңде болсын, құртамын деп қылышын сүйретіп келген жау, әрқашан да өзіне сол жерден ажал табады. Халқы қоштамаған әділетсіз соғыс, түбі, Жоңғар қонтайшысының күйреуімен бітуге тиіс.

— Сыбан Раптанның бұл шабуылын халқы қолдамай отыр ма?

— Қолдаса, соғыстан олжа табам деп, бала-шағасын шұбыртып, бар жоң-
ғар осы маңға көшпес пе еді?.. Қазақ жеріне қонтайшыларының дүмпуімен тек әскері ғана келді... Бірақ басқыншы әскер, қанша айбарлы болғанменен, жат жерде ұзақ орнығып отыра алмайды. Халқы жақтамаған соғыс қашан да шапқыншылардың күйреуімен біткен. Бұл — тарих қағидасы. Әттең не керек, ел басқарушы күштілер сол тарихи сабақты естерінен шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып алам деп жүріп, сол жат жерде қаза тапқан.

— Сіз кімді айтып отырсыз? Сонау көне заманда болмаса, өзім ес білгелі қазақ әскері бөтен елді шапты дегенді естігем жоқ.

— Естімесең мен айтайын, тыңда.

Бөгенбай қоржынын шынтағының астына сап, ыңғайланып жатты. Бұл әңгіме Жоңғар қолын аңдыған бір үлкен жорықта болған. Жырау Хақназар хан өлгеннен кейінгі хикаяны бастап та кетті.

 

 

— Ер азбай, ел азса — айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса — зор бәйтеректің құлағаны, — деп бастады Бұқар жырау қазақ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. — Бәйтерегің құласа — ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді.

— Тәуекел сұлтан Абдолла ханнан қашқан бетімен, — деді ол сөзін жалғап, — Талас өзенінің бойындағы Дулат еліне келген. Мұнда Есім сұлтанның шешесі, Шағайдың өзіне ермей қалған бәйбішесі Балғайым Бикенің аулы бар еді. Содан кейін Тәуекел қайын жұрты Қараспандағы Қыпшаққа барды. Одан Сарайшыққа сапар шекті. Мұнда әмеңгерлік дәстүрімен, Хақназардан айрылса да, әлі де болса толықсып отырған Ақторғынды тоқалдыққа алды. Ақыры, адуынды Балғайым Бикенің ықпалы жүретін Жетісудың теріскей өңіріндегі Ұлы жүздің рулары мен Ноғайлы, Қыпшақ, Қоңырат билерінің қолдауы арқылы арада үш жыл өткенде Үлкен Орда тағына хан боп көтерілді.

— Қазақ елі Тәуекелдің өткен күнәсін кешіріп, Үлкен Орда төңірегіне шоғырлана бастады, — деді Бұқар жырау. — Өйткені оған басын қосар ер керек еді. Ойпатты тасқын басқанда, не орманды өрт алғанда қасқыр мен қоян, бұғы мен жолбарыс апаттан құтылмақ боп бірге қашады. Қазақ елі ол кезде осындай жағдайда еді. Жан-жағынан қаптаған жаудан құтылудың жолы — тағы да тек бас бірлігі. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бір ердің соңынан еру қажет болатын. Ондай адам Абдолла жағындағы әкесі Шағайдан бөлінген бақ-дәулетке қарамаған ер азамат Тәуекел. Осылай деп бекзадалар халықты ұғындырған. Осылай деп бүкіл туған-туысы, аға-інілері де дәріптейді. Жалғыз қауіп Шағай болса, о да жақында дүние салған.

Бұл кезде, әрине, Бұхар ханы Абдолла да текке қарап жатпады.

Бұхарға қарсы көтерілген еңбекші жұртты қанға бояп, басты. Хандығының оңтүстігіндегі Бадахшанды, батысындағы Қорасан, Гилян, Хорезмді өзіне біржолата бағындырып алды. Шығыс Түркістанға аттанып, Қашқар мен Жаркентті аямай шауып, көп мал-мүліктерін олжаланды. Енді алдында Сырдың орта және аяқ шеніндегі қалаларды бағындыру ғана қалды.

Осы екі арада Абдолла хан мен оның баласы әбді-Мумин арасында бір хандықты екіге бөлген араздық қаулап кетті. Абдолла хан болған күннен бастап, әбді-Мумин бүкіл Балхыны меңгеріп келген. Оған енді бұл билік аз көрінді, бүкіл хандықты билегісі келді.

Сөйтіп Бұхара хандығының күші екіге бөлінді.

Осы жағдай енді қазақ хандығының күшеюіне, Түркістан саясатына тікелей қатынасуына көп көмек берді.

Сөйткенмен де қазақ даласының халі қиындай бастады. Қытай боғдыханы айдап салған Жоңғар әскері қазақ ауылдарын шабуды үдетті. Сан түрлі
жауыздық әдіс қолданып, Қытай саясаткерлері көшпелі халықтардың арасына от жағып, біріне-бірін айдап салып, олардың шұрайлы жерлерін өзіне ала берді. Өзара айқаспен қалжырауға айналған бұл халықтар Қытайдың тәртіпке қойыл-
ған әскерлеріне ұзақ қарсылық білдіре алмады. Қытай айдаһары созыла жылжып, қазақ жеріне түсті.

Ал құбыласы мен теріскей жағынан дәл қазір төніп тұрған қауіпті Тәуекел хан көрмеді. Түбі Қытай боғдыханымен, Жоңғар қонтайшысымен алыса қалар күн туса, бұл жақтағы айбарлы көршісі Россияның керегі болар деп ойлады ол. Тіпті Абдолламен соғысқан кезде де орыс патшасының тыныш жатқаны қажет-ақ. Осы жағдайларды есепке ап, ол Түменге өзінің немере ағасы Оразмұхаммед батырды елшілікке жіберді. Бірақ Оразмұхаммед Түмен қаласына барған соң, осы қаладағы Мәскеуге қарсы әрекет жасап жүрген Ноғайлы билерінің тобына қосылып кетіп, қолға түскен. Орыс патшасы тұтқындарды айдап Мәскеуге алып келіп, Ноғайлы елінің билерін өлім жазасына бұйырып, «Джамши әл-тарихиды» жазған Жалайыр Қадір әлби мен Оразмұхаммедті тірі қалдырады. Оразмұхаммедтің әкесі Борис Годуновтың қарамағында біраз жыл қызмет істеп, патшаға еңбегі сіңген адам еді. Сол себептен оның баласына тимеген. Ал Тәуекел хан немере ағасы Оразмұхаммедті босатып аламын деп көп әрекеттенді. Мәскеу патшалығымен келісім сөз де жүргізді. Елшілік те жіберді. Бірақ патша Оразмұхаммедті босатпады да және өлтірмеді де. Ақырында орыс жеріне қуылып барып, қызметімен ұнаған Тоқтамыс ханның немересі Қасым сұлтанның аты берілген Касимовка (Кармек-Шахар) қаласына Оразмұхаммедті әмірші етті. Енді Тәуекел хан тыныш жатқан жолбарыстың құйрығын басқысы келмей, Мәскеу патшасы Борис Годуновпен тіл табуға тырысты. Бұған Оразмұхаммед те аз жәрдем берген жоқ. Құбыласы тынышталған Тәуекел, әкесі мен баласының арасындағы өшпендікті пайдаланып, Абдоллаға қарсы соғыс ашпақ болды. Әрине, соғыс ашуға хандарға қашан да болса себеп табылады, түбі Сыр бойындағы қазақ шаһарларына туатын қауіп осы хан жағынан туады деп сенген Тәуекел. Содан кейін барып, қазақ жеріне көзін тіккен Қытай, Ойрат хандықтарымен алыспақ болды.

 

 

— Яссы шаһары бұл кезде Түркістан шаһары деп аталған. Тәуекел ханның астанасы да осы Түркістан. Хан сарайы Қожа Ахмет Яссауи мешітінің күншығыс жағында, қалың бау-бақшаның арасына салынған. Күйген кірпішке сан түрлі бояумен әшекейлеп жазылған құран сүрелері, сырлы әдемі өрнектер. Оңтүстіктің аңызақ ыстық желі еш әсер ете алмас, қалың қабырғалы кең бөлмелер. Түркістан хан сарайы Самарқант пен Бұхар патша сарайларындай алтын күмбезді, айбарлы болмағанмен, біркелкі сыпайы, салтанатты.

Ал қазір, жасыл төккен майдың сәулетіне қарамай, соғысқа дайындалған қала әдеттегісінен бір түрлі суық, ызғарлы. Жасақ жалғыз Түркістан ішінде ғана емес, сонау Қарнақ пен Сукенттен бастап, Түркістан маңындағы дих, қышлақтардың бәріне де лықылдап толған. Ақ Жайық, Есіл, Нұрадан келген жуан қоныш батырлар, Жаркент, Ақсудан да келген Қытайы қылыш безенген жауынгерлер.

Кеше хан кеңесі болған. Бұл кеңесте Тәуекелдің қарамағындағы қалың әскер үш сапқа бөлініп, Абдоллаға күш жинауға мүмкіндік бере алдымен Ташкентке, онан кейін Самарқантқа аттанылсын деп шешілген. Бұл қалаларды алғаннан кейін барып Бұхар ханымен келісім сөз жүргізілсін делінген.

Түркістаннан шығатын әскердің басшылары әрине хан тұқымынан болмақ: оң қолын Тәуекелдің інісі батыр Құджек, сол қолын қазір жиырмаға жеткен, жұрт: «Еңселі бойлы ер Есім» деп атай бастаған Есім сұлтан басқармақ. Әскердің ортадағы кіндік қолының туын Тәуекел хан өз шатырына тікпек. Осылай үш тісті өткір айырдай қалың қол Ташкентті қоршамақ. Бұндай жағдайда қандай үлкен шаһар болмасын, тек өз күшімен ғана қарсыласа алады. Оларға сырттан жәрдем келмейді. Ал Абдолла әскерінің дені жалдама әскер. Сан түрлі ұлттың қанқұмар, бұзық, тентектерінен құрылған. Бұндай жалдама әскердің өзінен күшті қолға қарсы жанқиярлық көрсете қоюы екіталай. Оның үстіне қала тұрғындары Бұхар хандығының ауыр алым-салығынан әбден жадап-жүдеген. Бұған шыдай алмаған шаруалар қатын, баласын шұбыртып қазақ даласына қарай қашатын. Абдоллаға бір кезде қызмет істеп, Бұхар жұртшылығының қандай ауыр күйде екенімен жақсы таныс Тәуекел, Ташкент, Самарқант жатақтарына: егер шаһарлары бұған көшетіндей күн туса, алым-салықтан мүлдем босатамын деп уәде берді. Бұ да қала тұрғындарының бірігуіне ірткі салды.

Жеңіс өз жағында болатынына көзі жеткен Тәуекел ғибадат бөлмесіне кіріп, Ақторғынның төсегінде ұйқысы қанып шыққан.

Бірақ таңертеңгі асқа отырар алдында оған тағы бір жаман хабар жетті. Ол өзіне серік адамдардың бірде-бірін шақыртпай, хан сарайына Жиембет жырауды алғызды.

Таңертеңгі намазын оқып, шайын ішіп хан сарайына келсе, Жиембет жырау есік алдындағы бауда күтіп отыр екен.

Тәуекел уәзіріне:

— Жырау кірсін, — деді.

Бұл баяғы ұстай қалсаң шоқтай күйіп тұрған Жиембет емес. Түрі солғын, отыздан жаңа асып бара жатса да қою қара сақалына ақ түсе бастаған. Басындағы бөркі де жас кезіндегідей қып-қызыл қыр түлкісінің терісінен көмкерілмеген, сұрғылт жүнді Қаратау қарсағының пұшпағынан жасалған. Үстіндегі шекпенінің де жағасы мен жеңдері қырқылған. Тек үкілі домбырасы ғана жап-жаңа. Сірә, хан ордасына Қазықұрттан жол шегерінде домбырасын әдейі жаңартқандай...

Жиембет сарай жырауы болғысы келмеген. Ол Індір маңынан Қаратау тұсына көшіп келгенмен, хан ордасына анда-санда ғана қатынап тұратын. Келген сайын Тәуекел оған ат мінгізіп, шапан жаптыратын. «Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей, Тәуекелдің өзі қашқын болып жүрген кезінде жас Жиембет оның соңына ерді. Ноғайлы жерінде Тәуекелді алғашқы мадақтаған да осы Жиембет. Жыраудың одан басқа да Тәуекелге керек жері бар.

Жиембет жырау қызық адам. Ол Тәуекел хан болған күннің ертеңіне жоқ болып кетті. Соңынан хан жіберген қуғыншылар, жырауды әрі-бері іздеп таба алмай қайтқан. Сол Жиембетті екі жыл өткеннен кейін әлдекімдер қол-аяғын қыл шылбырмен матап, Тәуекелдің алдына алып келді. Тексерген уақытта оқиға былай болып шықты. Еліне қайтқан Жиембет Байұлы руының атақты бір шонжарының он жеті жасар Есенбике атты қызымен көңіл қосады. Астындағы жал-
ғыз аты, қолындағы екі шекті домбырасынан бөтен қалың мал төлер қайраты жоқ Жиембет Індір тауына қызды алып қашады.

Қанша от ауызды, орақ тісті болғанменен, жырауды өзіне тең көрмей бай жігіттерін жіберіп, қызы мен Жиембетті ұстап әкелдіреді. Бірақ жыраудың Тәуекел ханға жақындығы барын естіген қыз әкесі ата ғұрпын бұзған ақынын өзі жазаласын деп, қол-аяғын байлап хан алдына алып келген.

— Иә, сөйле жырау! — деген, Тәуекел күрсініп Жиембетті көрісімен.

— Қол-аяғы байлаулы жырау қалай сөйлейді? — деді Жиембет ханға тесіле қарап.

Тәуекел жігіттеріне «босат» деген ишарат білдірді.

Босанған Жиембет керегеге сүйеулі тұрған хан домбырасын алып, шырқай жөнелген:

 

«Үш ай тоқсан кезінде

Қақ көктемнің кезінде

Қошқар менен бура мас,

Айғыр менен бұқа мас.

Жас болжамы жеткенде

Қыздар менен жігіт мас —

Сол мастықтың жөнімен

Алдыңа келген мен бір жас, —

Кессеңіз, ханым, міне бас!»

 

Сонда Тәуекел езу тартып:

— Қыз бен жігіт екеуі де айыпты екен, екеуі де жастыққа мас болған екен, — деген қыз әкесіне қарап, — екі балаңды бірдей дүрелеп, байеке, елге жақсы ат ала алмассыз, болған іс болып қалған екен, бұларды айырғанмен, сынған тобатай қайта бүтінделмес. Бір жолға күнәсін кешіріңіз.

Жазадан құтылғанмен байдың ашуынан сескенген Жиембет сүйген жары Есенбикемен Індір жағына бармай, Қазықұрт маңындағы ел арасында қалып қойған. Ол той-думанда тек жарлының жоғын жоқтап, халықтың сүйікті жырауына айналған. Кеше хан кеңесі кезінде Үстірт жағынан Тәуекелге көмекке келген Кіші жүздің шағын қолының ішінде Жиембет жырау да бар дегенді Тәуекел естіп қалған. Ел аралаған ақын, жыраудан қарамағындағы жұрттың өзіне деген ойын, алғысын, қарғысын біліп тұру хандардың қашаннан бергі әдеті. Осы дәстүр бойынша «халық құлағы, көзі» деп саналатын жырауды өзіне шақырып, жорық алдында жұрт аңысын білгісі келді.

Амандасып болғаннан кейін Тәуекел:

— Сөйле, жырау! Біздің жорығымыз жайында ел-жұртың не деп жатыр? — деді.

— Қуанышты ел-жұртты көрмедім...

— Айта бер, жырау.

— Бізге бөтен елдің жері керек емес деп жатыр жұртың. Бұхар, Самар-
қантты аламыз деп — халықтың қанын төгу қиянат, хан мен сұлтандардың бұл әділетсіз жорығын қостамауымыз керек. Алда-жалда Ташкент, Самарқанттағы хан сарайлары керек болса, сұлтандардың өзі барып соғыссын дейді хал-
қың. Расында да, Тәуекел хан, сен жақсылыққа бастап отырған жоқсың. Соңыңнан жұрт ерсе, өз елін, өз жерін қорғаймын деп ерді. Ал сен... Бұл бүліншіліктің аяғы неге барып соғатынын білесің бе? Енді өзбек қалалары ғана өртеніп қоймайды, қазақ даласын да өрт алады!

Хан сұп-сұр боп кетті, бірақ сыр берген жоқ.

— Айтарың болса тағы айт!

— Қыс ұзаққа созылса мал қырылады, хан ием. Далада иін-тірескен шөпті шабудың орнына, ер азаматтарың соғысқа аттанғалы жатыр. Бұдан жұртыңа қандай пайда бар?

— Айт, айта түс, жырау!

Жиембет кілт тоқтады.

— Жоқ, мен болдым, — деді. — Сен бұйырсаң да хан ием, бұл сөзді айтып жүрген адамдардың атын мен саған естіртпеймін.

— Естіртіп қажеті жоқ, — деді Тәуекел езу тартып, қазір оларды өз көзіңмен көресің... Сөздерін өз құлағыңмен естисің...

— Сосын!?

— Олардың күмәндануы дұрыс па, төрелігін өзің айтасың...

Тәуекел есік алдындағы күзетшілерге ишарат етті. Сол сәтте есіктің ар жағынан шынжырдың шылдырлаған үні естілді.

Аздан кейін он шақты күзетші қоршаған екі батыр үйге кірді. Аяқ, қолдары кісендеулі. Жиембет жыраудың жүрегі ойнай жөнелді. Бұл атақты егіз жігіт Қияқ пен Тұяқ еді. Жақында ғана хан екеуін мың басы еткен. Тәуекел Ақ Орданың қалдығын жинап, қазақ хандығын қайта құрғанға дейін, екеуі де оған аянбай қызмет етіп келген. Тәуекел Қияқ батырға өмір бойы борышты да еді. Сөйткен қос батыр, міне, енді хан алдында айыпты боп, кісендеулі тұр.

— Жорық алдында халық арасында сенімсіздік туғызып, әлгі сөзді айтып жүрген ерлерің, міне, мыналар, — деді Тәуекел, — «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген де, міне осы! Қан майданда қан төгілсе тек құлдардың ғана қаны төгіле ме? Айқаста ажал қарасың ба, төресің бе, таңдап жатпайды. Қан төгілмей хандық құруға болады дегенді кім айтқан?!

Жиембет бар сырды бірден ұқты. Еңгезердей күзетшілердің ортасында шоқтығы анағұрлым биік қос батыр тапжылмай тұр. Қол-аяқтары кісендеулі. Сонда да тәкаппар бастарын төмен иер емес. Осындай ұлы жорықтың алдында Қияқ пен Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырларын біржолата құртып жіберуге Тәуекелдің де көңілі дауаламаған.

Хан ишарат етті. Күзетшілер үйден шығып кетті. Сонда ғана Тәуекел:

— Егер сендерді бұрыннан білмесем, сөздеріңнен Абдолланың алтын ақшасының сылдыры естіледі дер едім... — деді қос батырға ренжи қарап.

— Біздің мына ақылсыз бастарымызды бірден алдырып тастамағаныңызға рақмет, тақсыр хан, — деді Қияқ батыр. Оның даусынан мысқыл білінді.

— Басымыз алынбай қалады деп қорықпаңдар! — деді Тәуекел кекесін сөзге кекесін жауап қайтарып. — әйтсе де, Абдоллаға неге сонша жандарың аши қалды. Қияқ? Соны айтшы?

— Біз қазақпыз, хан ием.

— Иә?

— Қазақ болғанда жай қазақпыз. Бізге басқаның жерінің мүлде керегі жоқ.

— Ал Абдоллаға ше?

— Келіп көрсін. Біздің шаһарларымызды аламын деп екі рет келді емес пе, одан не шықты? Оны өзің де білесің. Ал бізге басқа елдің қаласының керегі жоқ. Мұны жалғыз біз емес, қарамағыңдағы барлық жұрт айтады.

— Дәшті Қыпшақ елінің жорықтарын ұмыттың ба, Қияқ батыр? Еліміздің ерлігі көне жырлардың бәрінде де айтылған. Ата-бабамыздың атын естігенде, сонау Стамбул, Рум дірілдеген!

— Ол хандардың жыры, хан ием.

— Ал атағы ше?

— Ол хандардың атағы, хан ием!

— Бәрін бізге бергенде, өзіңе не қалды?

— Ата мекен жерім қалады! Оған қоса сонау менің қараша үйімнің жанында жайылып жүрген елу қой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім қалады! Со да жетеді маған. Ал егер жұт келіп, сол күн көрісімнен айрылсам, менің үй ішімді еш ханның атағы аштықтан алып қала алмайды. Тіпті қос мүйізді Ескендір Зұлхарнайынның атағы да!

— Ал Тұяқ батыр, сен не дейсің?

— Біздің бәріміздің тілегіміз бір. Өзбектің де, қазақтың да, қырғыздың да. Ташкентте жақыны жоқ Түркістан тұрғындарын кездестіре алмайсың. Өз күнін өзі әзер көріп жүрген Бұхар ұстасын жалғыз атты Тұяқ барып шапқанда не табады?

— Тек Бұхар ұстасын ғана шабамысың? Қолыңды қышытып жүрген хан сарайын да тонайсың ғой.

— Одан маған не тиеді? Хан сарайының мүлкі — хандардың үлесі...

Ханның жарылып кете жаздап ашуланғанын Жиембет жырау көріп тұр. Тәуекелдің бетінен қаны қашып, отты көзі ұшқын атады.

— Соғыс бола ма, болмай ма, оны сендер емес, хан шешеді, — деді. — Тек мынаған ғана жауап беріңдерші. Ташкентте де туысымыз бар дедіңдер ғой жаңа. Ал сол Ташкенттен қазақ жеріне жүздеген адам неге қашады?

— Ол жақта бір кедейдің терісін екі рет сыпырады, ал мұнда...

— Тоқтама, аяғына дейін айт!

— Ал мұнда бір жарым рет қана! — деді Қияқ батыр, ханның бетіне тіке қарап.

— Ұмытпаспын бұл сөзіңді, батыр, — деді Тәуекел ызадан тұншыға, — жарайды, бұл жайында тағы да сөйлесерміз. Тек сендер маған мынаны айтыңдаршы... Ташкент жорығына бармай-ақ қойыңдар. Сонда Бұхар әміршісінің құлдығынан құтыламыз деп бізді күтіп отырған ағайын-туыстарыңның үмітін сатқандарың ба, қалай болғаны?..

Мұндай сұрақты күтпеген қос батыр бірден жауап таба алмай қысылып қалды.

— әрине, біз оларға жәрдем беруге тиістіміз... — деді Қияқ күмілжи.

— Бәсе, солай шығар! Ташкентті алсақ, Абдолла ханның шаһарларымызға шабуыл салатын қаласы қалмайды. Көрдіңдер ме, бұл жорықтың не үшін керек екенін? Жә, болды енді, батырлар... Барыңдар... Тезірек Ташкент жорығына дайындалыңдар.

Тәуекел күзетшілерді шақырып алып, екі батырдың аяқ-қолдарындағы кісендерді алуды бұйырды. Қияқ пен Тұяқ ханға ләм-мим деп тіл қатпай, құр бастарын иіп тәжім етті де, үйден шығып кетті.

— «Қилы-қилы заман болар» деген міне, осы — деді Тәуекел Жиембет жырауға бұрылып. — Бұрынғыдай емес, хан қарамағындағы адамдарына: «Жорыққа бірге жүріңдер» деп өтінетін күйге жетті...

— әйтсе де, әлгі екеуін дұрыс босаттың, хан ием.

— Ташкент жорығына олар аттанады, — кенет, оның жүзі тағы сұрланып кетті, — содан кейін жолыма бөгет болып көрсін! Абдолланың маған ойлаған қастығын өмір-бақи ұмытпаспын. Самарқантын да, Бұхарын да аламын! Балқы мен Хиуаға да барамын! Абдолланы үрім-бұтағымен бірге, табанымның астына саламын. Мойнына арқан байлап Бұхардың о шеті мен бұ шетіне сүйретіп өтем. Ақсақ Темірдің туы желбіреген Самарқант пен Бұхарда Ақ Орданың ақ туын желбіретем! Бар әлемге атағымды шығарам!

Екі иығын кере, орнынан қалай тұрып кеткенін Тәуекел өзі де сезбей қалды. Көзі сәл жұмылып кеткен. Не айтып, не қойғанын білер емес. Аузы ақ көбіктеніп, бір қолын жоғары көтеріп, тұншыға сөйлеп тұр! әлден уақытта өзіне тіксіне қараған жыраудың көзіне көзі түсіп кетіп кілт тоқтады.

Ақ Орда ханы созыла барып орнына отырды.

— Көкейкесті армандарымның аузымнан шыққаны шошытқан жоқ па сені, жырау?

Жиембет басын шайқады.

— Жоқ. Тек бұл кеселді саған дәл осылай тым ерте келеді деп ойлаған жоқ едім.

— Қандай кесел?

— Хан кеселі... Тым ерте келді. Соңыра-ақ келсе төгілетін қан да аз болар еді, хан ием...

Екі жақ Ташкент шаһарының күнбатыс тұсында кездесті. Абдолла хан алпыстан асқанына қарамай ақ боз атын ойнақтатып, қан майданға өзі шықты. Бұл айқаста әбді-Мумин қатысқан жоқ. Ол өзінің әскерін Балқы шетінде ұстап қалды. Қазақ қолынан екі есе кем Абдолла лашкарлары барынша ерлік көрсетті. Бұл кездегі олардың ең сенімді қарулары Ташкент шаһарларының ең биік қамалының үстіне орнатқан «Қара бура» зеңбірегі, бықыған қазақ қолына ажал тасын жаудыра бастады. Қазақ әскері шыдай алмай кейін шегінді. Дәл осы мезгілде Ташкент шаһарындағы бұрынғы Бабасұлтан жағындағы көп тұрғындар қаланың түкпіріндегі темір қақпаны ашты. Осы қақпадан кірген Қияқ пен Тұяқтың екі мың әскері шаһар ішіндегі Абдолла қолын күл-талқан етіп, ескі қамал үстіндегі қатар тұрған төрт «Қара бура» зеңбірегін қиратты. Кейін шегінуге айналған Тәуекел хан әскері қайтадан шабуылға шықты. Есім мен Құджек сұлтанның екі бүйірін ала, қиялап шапқан жауынгерлерінен қоршауға түсіп қалады екенбіз деп сескенген Абдолла әскеріне кейін шегінуге бұйырды. Сол-ақ екен, «жау қашты» деп сойыл, шоқпар ұстаған қалың қазақ лап қойды. Бұдан бұрын бетіне жан қаратпаған, қорасан құрышына бөленген Бұхардың атақты лашкарлары, бүкіл Орта Азияға әйгілі Ұбайдолла, Асфандияр, әбді-Латиф, Ходжа-Кули-құшбегі, Құдайберді жасауыл, Құлбаба-кЇкілташ секілді әскер қолбасшыларынан айрылып, тым-тырақай шегіне бастады.

әлі де болса лашкарларын тоқтатам деп әуре болып, жасақтарының орта шенінде жүрген Абдолла ханға кенет әлдекім сауыт бұзар жебесін жіберді, Аралары садақ оғы жетердей жерде емес, алыс еді. Сөйтсе де ысқыра ұшқан жебе «жеттім бе саған да» дегендей, екі қабат тор сауыттан өтіп Абдолла ханның қақ бүйірінен кеп қадалды. Ат үстінен құлап бара жатқан ханды күзетші жігіттері қағып алып, жау қолына түсірмей әкетті. Енді Абдолла әскерінің әлі де болса жауына төтеп беріп жүрген топтары қарсыласуын қойып, аттарының басын Бұхарға қарай бұрды.

— Маған оқ атқан сол жігіт. Тек соның ғана оғы менің сауытымды бұзып өте алады, — деді қансырап жатқан Абдолла.

Иә, дәл Абдоллаға арнап көк құрыш сауыт бұзар оғын Сайрам айқасынан бері сақтап келген Қияқ батыр еді. Бұ да ұзақ күткен арманына жетті.

Қазақ әскерлері осы қарқынымен, тасыған өзендей, жолдарында кездескен бөгеттердің быт-шытын шығарып, Ақсақ Темірдің ордасы Самарқантты алды. Бұдан екі жүз жыл бұрын бүкіл әлемді тітіреткен Ақсақ Темір көреген Алтын Орда астанасы Сарайға қандай айбармен кірген болса, енді сол Алтын Орда хандарының ұрпағы Тәуекел хан, сары алтынмен қақтаған ер-тұрманды сүліктей қара арғымағын ойнатып, сондай айбармен Самарқантқа кірді. Қожа Ахмет Яссауи, Қожа Нахшбанди мешіттерін салдырған әлем әміршісі Ақсақ Темір гүлдей жайнаған Сарай шаһарын, бір кезде Батый мен Берке тұрған Гүлстан сарайларын жермен-жексен етіп қиратса, көшпелі елдердің әскерін басқарған Тәуекел хан Самарқант шаһарының бірде-бір кірпіші бүлінбесін деп жарлық берді. Бұнысы Тәуекелдің болашақ ұрпақтың қарғысынан қорыққаны емес-ті. Бұхар хандығына қарсы шықса да, қазақ елі Самарқант, Бұхара, Хиуа, Хорезм шаһарларын пір тұтатын. Оның салтанатты сарайларын көргенде, көріктеріне таң қалып, жас баладай қуанатын. Тәуекел хан соңынан ерген осы халықтың рухани сезіміне қарсы шығып, оны өзіне өшіктіргісі келмеді. Сол себептен Самарқанттың алтын күмбезді сарайлары аман қалды.

 

 

әлемді тітіренткен Ақсақ Темір әмірші зираты «Гөр әмірдің» қасында, өзімен бірге алып жүрген сырлы хан тағында қазақ даласының әміршісі Тәуекел отыр. Күншығыс жағындағы Ұлықбек мұнарасының үстінде жылқы құйрығының қос уыс қылы байланған Ақ Орданың ақ туы желбірейді. Хан жанына Есім, Құджек, тағы солар секілді сұлтан, би, батыр, ақсақалдар бірінен соң бірі келіп, тәжім етіп жатты. Хан көзі әлдекімдерді іздеп, ақыры қалың топ мырзалардан шеттеу тұрған Қияқ пен Тұяқты тауып алды.

— Жауды жеңуге тетік болған, міне мынау қос бөрі, — деп Тәуекел Қияқ пен Тұяқты көрсетті. — Жауға бұлар аш бүркіттей шүйілді, көкжал қасқырдай шапты! Бұхар маралының төсін қанжардай тырнағымен жыртқан қанды көз барыстай, жау шебін күл-талқан етті!

Хан ишаратымен бұл екеуіне уәзірлері олжаға түскен қазынадан Бұхардың екі асыл қанжарын әкеп берді. Саптары сом алтыннан, бетіне ең қымбат гауһар тастар орнатқан. Үстеріне жағасы бұлғын, алтын зерлі Бұхар шапандарын жапты. Алдарына бақтри тұқымдас екі ақ боз арғымақ тартты.

— Ақ Орда — сендерден бұдан да зор ерлік күтеді! — деді Тәуекел. — Қандай тілектерің бар, айтыңдар? Бәрін де беремін!

Сөзге жақындау Қияқ батыр сәл алға шығып тізесін бүкті.

— Біздің қарамағымыздағы екі мың жігіттің көпшілігі малшы-егінші... Іштерінде темір ұстасы, ағаш шеберлері де бар. Соларға елге қайтып, өз шаруаларына кірісуге рұқсат етіңіз, тақсыр хан.

Қарадан туса да Қияқ батырдың даусы тегеурінді шықты, құлаққа ұрған танадай тына қалған тыныштықта, жұрт ызалана қалған хан тісінің шықыр ете түскенін ап-анық естіді.

Бұхар ханы Абдолла бұл күндері оқ тиіп жараланған жолбарысқа ұқсайтын еді. Хан Бұхар, Хиуа, Балқы, Қорасан түгіл, өзіне бағынышты жердің бәрінен әскер жинауды бұйырған. Бір ай өтпей сан жетпес қалың әскер Самарқант пен Бұхардың ортасындағы Зеравшан жағасына шатырларын тікті. Бір күні, жарасы әлі жазылмаған Абдоллаға бүлік шығарып жүрген баласы әбді-Мумин келді. Шатырға кіре тізе бүгіп отыра қалды.

— Сенің жүрегіңе жара салған менің бір білместігімді кешір, әке, — деді. — Бүгіннен бастап ең адал ұлың боламын. Міне нан, міне құран, бұдан былай қарай сенің айтқаныңды екі етпеймін!

Абдолла хан шын қартайған болуы керек, көзіне жас алды.

— Қартайғанымда жалғызымды көрсетіп, қатесін кешіруге мүмкіндік бердің, алла тағала, мұныңа да шүкіршілік, — деді ол шын жүректен. — Мұрагер жалғызым қасымда, бар тілегім орындалды, қазір өліп кетсем де арманым жоқ!

Бұхар секілді қасиетті хандықты басқаруда қандай жолдар, қандай сырлар барын кәрі хан ұлына ұзақ жыр етті. Құпия сырлар да аз емес екен. Содан кейін барып шаршап кеткен хан ұлынан анандай жерде тұрған құмырадағы жүзім шырынын құйып беруді сұрады. Ұлы әкесінің өтінішін орындады. Сәл бұрыла тұрып, жүзім шырынын кесеге құйып әкеп берді. Алла тағала оның жаңа ғана «қазір өліп кетсем арманым жоқ» деген тілегін орындағысы келген болуы керек, баласы берген шырынды ішісімен, Абдолла хан қырылдай беріп жастыққа шалқасынан түсті. Әбді-Мумин әкесінің бетіне тесіле қарап, ұзын, жіңішке саусақтарымен көзін жапты. Содан кейін кесенің түбінде қалған шырынды шатырдың бір бұрышына құйып, орнына апарып қойды. Далаға шыққан соң «ұйықтап кеткен ханды оятпаңдар» деп бұйрық берді де, әскеріне қарай аяңдады.

Тек кеш таянғанда ғана күзет бастығы хан шатырына кірді. Жастық үстінде шалқасынан жатқан Абдолланың бетіне көзі түсіп кетісімен өн-бойы дір ете қалды. Бүкіл әлемге аян сәл езу тартып күлімсірейтін ишараты езуінде. Тағы да біреуге өлім жазасын айтып жатқандай.

О дүниеге сапар шеккен әкесінің жанына әбді-Мумин бірінші боп келді. Сақалынан жасы сорғалап отырып, ұзын саусақтарымен әкесінің езуіндегі күлкісін уқалап кетірді. Әмірдің неден өлгенін білуге шақырған Бұхардың ғалым дәрігерлері «Патшаның патшасы Абдолла жүрегінің кенет тоқтауынан қайтыс болған» деген қорытынды шығарды. Сөйткенмен, қалың бұқара арасында «баласының ауру әкесіне берген жүзім шырыны» жайындағы қауесет сөздер де тарап жатты.

Пәуескеге жегілген сегіз қара ат Абдолланың пырағын Бұхарға алып келді. Қасиетті діни Бұхардың мыңдаған мешітінің қасындағы минареттерден мыңдаған ишан, молдалар алла тағаладан Абдолланың күнәларын кешіруін сұрап, шаһарды азан-қазан етіп басына көтеріп азан шақырды. Екі күннен кейін Абдолланың табыты Қожа Нахшбандидың атақты мазарының тас еденіне қойылды. Бұл христиан есебі бойынша 1598 жылы, ал хаджири есебі бойынша 1006 жылы болды. Ертеңіне Бұхар тағына Мұхаммед дінінің жаңа қорғаншысы, мәртебелі әбді-Мумин әмір келіп отырды...

Самарқантты алған Тәуекел қаралы Бұхарды шабудан құдайдан қорқып бас тартқан жоқ. Мұндай сылтауды сол кездегі тарихшылар ойлап тапқан-ды. Ханның Бұхарға аттанбауына себеп болған Қияқ пен Тұяқ батырлардың және солардың соңынан ерген жұрттың қылығы еді. Самарқант шаһарын алу тойы бітісімен, қос батыр өздерінің жігіттерін ертіп кейін қайтқан. Өзге қазақ батырлары басқарған әскердің көбі бұлардың соңынан ерді. Жауынгерлер жат елге барып қала тонағаннан гөрі, елдеріне қайтып, қатын-балаларын асырағанын жөн тапқан. Ырқына көнбеген жандарды жазалауға Тәуекелдің батылы бармады. Өйткені шегінушілер тым көп еді. Көпке топырақ шаша ала ма, ақыры Самар-
қанттан кетуге бұйрық берді.

Ташкентте де қазақ атты әскері көп кідірген жоқ. Бұлардың көпшілігі көшпелі рулардан болғандықтан қыс қыстауға, жаз жайлауға шығу керек екенін жадыларына ұстап, ауылдарына жеткенше асықты. Тәуекел ханға шаһардың қақпасын ашқан Ташкент тұрғындарының арасында да күңкіл көбейе бастады. Хан уәдесін бұзып, жеңілген қалаға салған салығы бұқараға ауыр тиген.

Ал салықсыз соғысты жүргізе алмайтынын білген Тәуекел осылай істеуге мәжбүр болған. Тәуекелдің бұл әрекетіне қарсы топты басқаруға Абдолланың жақын туысы Хазретсұлтан мүфти кіріскен. Әбді-Мумин де тыңшылары арқылы Ташкент тұрғындарына алым-салықтан мүлде босатамын деп өтірік уәде беріп, жаңа бықсып жана бастаған халық наразылығын үрлей түскен. Тәуекел әрі ойлап, бері ойлап Түркістанға қайтуды жөн көрді. Өз ордасына келгеннен кейін Ташкент уәлиетінде не болып жатқанын тек алыстан бақылап қана отырды. Кей жағдайларда болмаса, Ташкент ісіне көп кіріспеді.

Алты ай өтпей, төсегінде ұйықтап жатқан әбді-Муминді бұхарлықтар балтамен шапқылап өлтірді. Әбді-Мумин Шайбани ұрпағынан шыққан ең ақырғы Бұхар ханы еді. Осымен Бұхардағы Шайбани үрім-бұтағының хандық жолы аяқталды. Енді Бұхар ханының алтын тағына Астраханнан қашқан хандардың бірінің тұқымы Жармұхаммед отырды...

Иә, әкесін өлтірген хандарды жазмыш оңдырған емес. Жәнібекті өлтірген Бердібекпен Батый ұрпағының Алтын Ордадағы хандық дәуірі біткен. Ұлықбекті өлтірген Латиф пен Ақсақ Темір ұрпағының Самарқанттағы хандығы аяқталды. Міне, енді сондай жағдай Бұхардағы Шайбани ұрпағына да туды...

Тәуекел ханның да күткені осы кезең еді. Оған Жиембет жырау «хан кеселіне» ұшыраған екенсің деп дұрыс айтқан. Бірақ Тәуекел мұндай соғыста халыққа сенудің қиын екенін түсінген-ді. Халық өз жерін қорғағанда табанды да, күшті де. Ал басқа елдің жерін тартып алу үшін соғысып көрші, ең ер жүрек деген батырдың өзі тірегінен айрылғандай, босаңси қалады. Оның орнына жауың он есе күшейе түседі. Осындай жағдай Самарқанттан табылған бір көне кітапта да айтылған. Өз жері — әскер күшінің мөлдір бұлағы.

Осыны біле тұрса да Тәуекел хан тағы жорыққа дайындалды. Оның қолындағы әскеріне қырғыздан шыққан бай-

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Пролог

ЖАНТАЛАС... К ШПЕНДІЛЕР... Пролог...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Екінші бӨлім

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Бірінші бӨлім
    І     Қазақ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді еді. Жан-жа

Шінші бӨлім
    І     Қалампыр, миялы жұпар аңқыған көкорай шалғын белуардан келеді. Сырымбет тауыны&#

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги