рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәріс тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары.

Дәріс тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары. - раздел Образование, H 1111 Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша Жоспар: -Терроризм, Терроризм Актi...

Жоспар:

-Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция.

-ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

-Терроризммен күресу жолдары.

Тірек сөздер:терроризм, терроризм актiсi, ұйым, ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

 

Соңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу табылады.

Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.

«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

Терроризм –мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.

Терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау.

Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады.

Террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау.

Әсер ету масштабына қарай терроризм ішкі (субъектілер –сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін террористік қимыл) болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Терроризм дегеніміз не?

2. Терроризм актiсi, террористiк ұйым дегеніміз не?

3. Террористiк акциядегеніміз не?

4. ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.

5. Террористік iс-әрекеттерге нелер жатады?

6. Террористiк ұйым дегеніміз не?

 

 

11–дәріс тақырыбы: Өсімдік және хайуанаттар уларымен уланған кездегі алғашқы көмек:

Жоспар:

- Улы саңырауқұлақтармен улану. Алғашқы көмек шаралары.

- Өсімдік уларымен улану. Алғашқы көмек шаралары.

- Тамақтан улану. Алғашқы көмек шаралары.

-Хайуанаттардың уымен улану:жыланның шағуы, сонаның, араның шағуы, шаяндардың шағуы, қарақұрттың шағуы, өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы, кененің кіруі. Алғашқы көмек шаралары.

Тірек сөздер: улану, алғашқы көмек шаралары.

Улы саңырауқұлақтармен улану.Улы саңырауқұлактардың улылық дәрежесі әртүрлі; алайда адам үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ, шыбынжұт, алдама томарқұлақ пен тілікқұлақ.

Алғашқы көмек. Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіңдісімен шаю қажет. Бұны зондтың көмегімен немесе күштеп құсу әдісімен жасауға болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Өсімдік уларымен улану.Өкілдері:цикута, аконит.

Алғашқы көмек.Асқазанды шайған соң активтелген көмірді, танинды және тұздық айдағышты ішу қажет. Емдеу мекемесіне жеткізу қажет.

Тамақтан улану.Сапасыз (инфекцияланған) мал өнімдерінен жасалған тағамдарды қабылдаған кезде (ет, балық, шұжық өнімдері, ет және балық консервілері, сүт пен одан жасалған тағамдары – крем, балмұздақ және т.б.) улану пайда болады. Улануды осы тағамдардағы микробтар мен олардың тіршілік өнімдері токсиндер туғызады. Ет пен балық хайуанаттардың тірі кезінде улы болу мүмкін, алайда бұл көп жағдайда тамақты даярлау барысында және тамақ өнімдерін дұрыс сақтамаудан пайда болады. Әсіресе ұсатылған ет оңай бұзылады (паштет, тартылған ет, қатырылған сіңір). Тамақтан улану кенеттен пайда болуымен жөне өте қысқа инкубациялық үзіліспен сипатталады.

Алғашқы көмек– асқазанды әлсіз сода ерітіндісімен, марганец қышқыл калиймен шаю, айдағыш тазартқыш клизма беру көп ыстық су ішкізу.

Хайуанаттардың уымен улану:Жыланның шағуы.Жыланның шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін жерлерге барардың алдында ең алдымен жабық аяқ киімді, ең жақсысы етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі.

Алғашқы көмек.Шаққан жердің уын ауызбен жедел сорып тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оның серіктерінің бірі жасай алады. Ауыз қуысында жара болмаукерек, өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп, жылдам сауыға бастайды.

Сонаның, араның шағуы.Сонаның, араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезінеді. Шаққан жер күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.

Алғашқы көмек.жедел көмекті шақыру; ол келгенге дейін терідегі ара біздерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек; бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу; адамды аяғы оның басынан биік болатындай етіп жатқызу (жастықты, бүктелген киімді және т.б.

 

қоюға болады); оның дем алуын жеңілдету (белбеуді, жағаны ағыту) және оны бір бүйірмен жатқызу (құсатын болса); зардап шегушіге көрпе жабу; оған су мен тамақ бермеу,

темекі тартқызбау; есінен танған немесе құса бастаған жағдайда оның жақсы дем алу үшін етпетінен жатқызу керек.

Шаяндардың шағуы.Шаяндардын шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.

Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.

Қарақұрттың шағуы.Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады.

Алғашқы көмек. Марганецтік калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.

Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдің шағуы.Өрмекшінің, бүйеннің, сколопендрдін шағуы қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, алайда олар теріден өтіп, улы бездерін енгізе алмайды.

Алғашқы көмек. Шаққан жерге марганец қышкылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа кояды.

Кененің кіруі.Кенеден дұрыс киілген киім қорғай алады, оның барлық ашық жері түймеленіп, қымталуы тиіс.

Кененің шаққаны білінбейді: ол жараға ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан кене бірден байқалмайды. Кене көп жағдайда қолтықтың астын, мойынды, құлақтың ішін, шапты сорады. Басқа жерлерді де шағуы мүмкін.

Алғашқы көмек:Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды.Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.Басқа жағдайда кененің басы терімен түйіскен жерде жіпті ілгекпен байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.Кенені алғаннан кейін шақкан жерінен қолды залалсыздандыру қажет.

Бақылау сұрақтары:

1. Улы саңырауқұлақтармен улану, алғашқы көмек.

2. Өсімдік уларымен улану, алғашқы көмек.

3. Тамақтан улану, алғашқы көмек.

4. Хайуанаттардың уымен улану, алғашқы көмек.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

H 1111 Өмір тіршілік қауіпсіздігі пәні бойынша

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті... орша ан ортаны ор ауды бас ару ж не...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәріс тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus).............................................................3 Оқытушы туралы мәліметтер, п|

Оқу тәртібінің бағыты
«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәні университеттің барлық мамандықтағы студенттері үшін міндетті пән болып табылады және адам өміріне

Оқу пәндерін оқытудың жоспары
Апта- лар Тақырыптар аты Сағат саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары СӨЖ тапсырмалары

ГЛОССАРИЙ
Әдістемелік нұсқау:Студенттер берілген тақырыптар бойынша түсінік алу үшін терминдердің шағын түсініктемесін – глоссарий жазу.

Дәріс тақырыбы: Төтенше жағдайда тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
Жоспар: -«Өмір тіршілік қауіпсіздігі» (ӨТҚ) пәнінің мазмұны, курстың мақсаты. -негізгі т

Сурет - Қауіп-қатерді белгілері бойынша топтау
    Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қау

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия тұрақты жүмыс істейтін орган.
Төтенше жағдайлар туралы халық пен ұйымдарға хабарлау. Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат қауіпі болған кезде) және жау

Дәріс тақырыбы: Бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Жоспар: -Төтенше жағдай, туындау себептері. - табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар; - техногенді сипаттағы т}

Дәріс тақырыбы: Зақымдану ошағы.
Жоспар: - АЭС-дағы авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы; -радиация көздері, табиғи радиоактивтілік,

Дәріс тақырыбы: Төтенше жағдайлар туғызған зардаптарды бағалау.
Жоспар: -Зақымдану ошақтарын барлау; -радиациялық, химиялық барлау және дозиметрлік бақылау приборлары; -зақымд

Дәріс тақырыбы: ТЖ халықты, аумақты қорғау шаралары
Жоспар: -Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері; -халықты қорғаудың ұжы

Дәріс тақырыбы: Зілзала және оның салдарымен күрес.
Жоспар: - жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары;

Дәріс тақырыбы: Бақытсыз оқиғалар кезіндегі алғашқы көмек.
Жоспар: 1. Күйіктер, үсік шалу. Алғашқы көмек. 2. Суға бату, электр жарақаты, күннің өтуі немесе ысты&

Терінің паразитарлы аурулары
Қотыр – қотыр кенесінен жұғатын терінің жұқпалы паразитарлы ауруы. Сақтандыру. Қотыр шыққандарды өз

Дәріс тақырыбы: ТЖ халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.
Жоспар: - Темперамент туралы жалпы ұғым. - Темперамент түрлері: холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик. - ТЖ халықты психолог

Дәріс тақырыбы: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Жоспар: -Өмір салты және денсаулық; -денсаулық және жастардың өмір салты; -денсаулық және экология.

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің теориялық негіздерін қарастыру, қауіпсіздік және қауіп түсінігін аш

Практикалық жұмыс
  Тақырыбы: Шаруашылық обьектісі Азаматтық қорғанысының ұйымдық құрылымы. Азаматтық қорғ

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: ҚӘУЗ, түрлері. Химиялық зақымдау ошағы. ҚР 1996 ж. 5 - шiлдедегі «Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ т

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар: жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқ

Практикалық жұмыс
  Тақырыбы:Транспорттық авариялар: темір жол, теңіз, әуе, автомобильді және т.б. апаттар.   Мақсаты

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Қорғаныс ғимараттары, көшіру шаралары, радиация мен химиядан қорғау шаралары, өрттен қорғау шаралары, медицина

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Адамдарды санитарлық тазалаудан өткізу жолдары. ТЖ суды, азық – түлікті қорғау. Дезинфекция, дезактивация, дегазация.

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Төтенше жағдай кезіндегі көмек шараларын ұйымдастыру, халықты қорғаудың негізгі әдістері. Өрт сөнд

Практикалық жұмыс
  Тақырыбы: Техногенді сипаттағы экстремальды жағдайлар. Мақсаты:Техногенді сипаттағы экстремалды жағдай

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Терроризммен күресу жолдары.   Мақсаты:Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес тур

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Жыныстық қатынастан туындайтын аурулар: мерез, соз, ЖИТС (СПИД). Мақсаты:Жыныстық қатынастан туындайтын ауру

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері. Карантин. Обсервация. Иммунитет. Асфикция. Асептика. Антисептика.

Практикалық жұмыс
  Тақырыбы: Биологиялық қауіпті және әлеуметтік маңызы бар аурулардың сипаттамасын зерттеу: туберкулез және тағы

Практикалық жұмыс
  Тақырыбы: Еңбек пен демалыстың тиімді режимдері, тиімді тамақтану.   Мақсаты:Тиімді режимдері,

Практикалық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан аймақтарының экологиялық ерекшеліктері.   Мақсаты:Экологиялық тепе – те&

СОӨЖ тақырыптары және бақылау түрі
№ Тақырып Тақырып мазмұны, бақылау түрі Қолданылатын әдебиеттер

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги