рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

С құжаттарының орындалу мерзімдері және орындалуын бақылау

С құжаттарының орындалу мерзімдері және орындалуын бақылау - раздел Энергетика, Асқаров Нұрлан Әуезханұлы   Орындалу Мерзімі Арнайы Нормативтік Актілерде Анықталма...

 

Орындалу мерзімі арнайы нормативтік актілерде анықталмаған құжаттардың көпшілігі 10 күн ішінде орындалуы керек. Бұл – орындаудың үлгілік мерзімі. Кәсіпорын басшысы бұрыштамада құжаттың орындалу мерзімін өзгертуі және құжат үшін жеке орындау мерзімін белгілеуі мүмкін.

Келіп түскен құжаттарды орындау мерзімі оның мекемеге түскен күнінен басталады, ал жіберілетін құжаттардың орындалу мерзімі – оларға қол қойылған күннен басталады.

Құжатты орындау мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ оны осы мерзімді белгілеген тұлға немесе мекеме ғана ұзартады. Егер белгіленген орындау мерзімін сақтаудың мүмкін болмайтындығы анықталса, құжатты орындау мерзімі өткенге дейін кемінде 2-3 күн бұрын жазбаша немесе ауызша нысанда құжатты орындалу мерзімін ұзарту керек. Орындалу мерзімі ұзартылған кезде тіркеу журналында тиісті жазба жасалады.

Іс қағаздарын жүргізу тәжірибесінде құжатты орындау мерзімі қойылмайтын жағдайлар да ұшырасады. Онда орындаушымен келісе отырып, шартты орындалу мерзімі белгіленеді, ол құжаттың орындалу барысына қарай кейіннен түзетіледі.

Құжаттардың орындалуын бақылау – құжаттармен жұмыс жүргізудің маңызды бөлігі. Ол құжаттардың белгіленген мерзімде орындалуы үшін қажет, бұл өз кезегінде кәсіпорынның жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Бақылауға ең маңызды және кезек күттірмес құжаттар алынады. Орындалуын міндеті түрде бақылауға алу қажет құжаттарды көрсетейік:

- үкімет органдарынан түскен барлық құжат;

- жергілікті басқару органдарының қаулылары;

- кәсіпорын басшылығының бұйрықтары;

- орындалуы кәсіпорынның құзыретіне жататын мәселелер бойынша өтініш немесе шағым білдірілген қызметтік хаттар;

- кәсіпорын басшысының ерекше нұсқауы бойынша кез келген басқа құжат.

Құжаттардың орындалуын бақылауды тіркеу журналы арқылы жүргізуге болады, бұл үшін бақылауға алынған құжаттың жанына «Б» деген белгі немесе «бақылау» деген мөртабан қойылады және құжат орындалуы тиіс күн қойылады. Осындай белгі бақылауға алынған құжатқа да қойылады. Кеңсе қызметкері журналды күн сайын қарап, орындаушыға мерзім туралы ескертіп отыруы керек. Бақылау орнату үшін құжаттың орындалу барысы туралы орындаушыдан телефон арқылы ақпарат алуға болады. Соған байланысты мәселелердің барлығы шешілгеннен және сұрақ бойынша жауап берілгеннен кейін құжат бақылаудан алынады.

Құжаттар белгіленген тұрпатты немесе дербес мерзімдерге сай жүзеге асырылады.

Орындаудың тұрпатты мерзімдері Қазақстан Республикасы заңнамалары арқылы белгіленеді. Орындаудың дербес мерзімдері құжат мәтінінде, ілеспе хаттарда немесе оларға салынған бұрыштамаларда көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілмеген жағдайда, орындау мерзімін ұйымның өзі белгілей алады. Бекітіліп, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ведомстволық (салалық) нұсқаулыққа немесе іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ұйым нұсқаулығына ендірілгеннен кейін ол мерзім ұйымның (ведомствоға қарасты ұйымның) барлық қызметкерлері үшін тұрпатты мерзім болып табылады.

Құжаттың орындалу мерзімін оны бекіткен лауазымдық тұлға ғана ұзарта алады. Мерзімді ұзартудың себептері маңызды да негізді аргументтер арқылы дәлелденуі тиіс.

Құрылымдық бөлімшелердің басшылары құжаттардың жедел түрде қаралуын қамтамасыз етіп, оларды орындаушыларға жеткізуге, дер кезінде және сапалы жүзеге асырылуын бақылауға алуға міндетті.

Құрылымдық бөлімше басшысы шұғыл орындауды қажет ететін құжаттарды бөліп алады. Келісу үшін жіберілген құжаттар бірінші кезекте қаралады.

Құжаттарды орындау мынадай операцияларды жүргізуді талап етеді:

1) қажетті ақпараттарды жинау және өңдеу;

2) құжат жобасын әзірлеу;

3) құжат жобасын ресімдеу;

4) құжат жобасына келісу;

5) құжат жобасын ұйым басшысына қол қоюға (бекітуге) ұсыну;

6) құжатты адресатқа жөнелту үшін әзірлеу;

7) құжатты бақылаудан алу жөнінде ұсыныс ендіру;

8) құжаттың түпнұсқасын немесе екінші данасын іске жөнелту.

Орындаушы құжаттың, қосымшалардың қанша дана болуы керек екендігін белгілейді, оларды көбейтуге береді, құжатты ұйымда тарату үшін тізім дайындайды.

Егер бас орындаушы тағайындалған болса, онда өзге орындаушылардың бәрі ақпараттардың дер кезінде, сапалы талдануына және қажетті мәліметтердің, анықтамалардың, құжаттар жобаларының және т.б.-дың бас орындаушыға белгіленген уақыттарында жеткізіліп отыруына жауапты болады.

Жауапты орындаушы құжатты жүзеге асыру кезінде пайдаланылған ақпараттардың толықтығы мен сенімділігіне жауап береді.

Барлық тіркелген құжаттар, соның ішінде ішкі өкімдік құжаттар да бақылануы тиіс.

Құжаттардың орындалуы мәселенің мәніне қарай ұйым құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына немесе лауазымдық тұлғаларға жүктеледі.

Құжаттардың орындалу мерзіміне бақылауды құжаттама қызметі жүзеге асырады.

Орындау мерзімі құжатқа қол қойылған (бекітілген) кезден бастап күнтізбелік күн бойынша есептеледі, ал келіп түскен құжаттар үшін – бұл келген күнінен басталады. Есептеу белгіленген тұрпатты және дербес мерзімдер негізінде жүргізіледі.

Орындауды бақылау ісін ұйымдастыруда құжаттарды тіркеу кезінде толтырылған тіркеу-бақылау карточкаларының нұсқалары пайдаланылады.

Орындауды бақылау ісін ұйымдастыру кезінде құжаттама қызметі мынадай оперцияларды жүзеге асырады:

1) құжаттарды бақылауға қою (құжаттарға бақылау белгілерін қою, орындаушыларын, орындалу мерзімдерін көрсету, тіркеу-бақылау карточкаларын толтыру);

2) құжаттарды орындаушыларына жеткізу (келіп түскендерін – келген, тіркелен күні немесе ұйым басшысы қарап шыққаннан кейін, ішкі құжаттарды – қол қойғаннан кейін немесе бекіткен соң);

3) орындаушыларға құжаттың орындалу мерзімдері туралы дер кезінде жазбаша түрде еске салып отыру (әдетте, орындалу мерзімінің аяқталуына 5 күн қалғанға дейін);

4) бақылау-тіркеу карточкасының «Бақылау туралы белгі» бағанына құжаттың орындалу жағдайы туралы жазба түсіру; сол карточкаға орындалу мерзімінің өзгерістері жөнінде қысқаша мәліметтер келтіру;

5) ұйым басшылығын құжаттардың орындалу барысы мен жұмыс нәтижелері туралы тұрақты түрде хабардар етіп отыру, қажет болған жағдайда – есеп берудің үлгі формаларын толтыру;

6) шұғыл мәжілістерде құжаттардың орындалу барысы туралы хабарламалар жасау.

Құжаттарды орындау кезінде мыналар бақыланады:

1) орындау міндетінің дер кезінде жүзеге асырылуы;

2) құжат түрі мен бланкісінің белгіленген талаптарға сай болуы;

3) жасалған құжат түрінің мазмұнына сай болуы;

4) құжаттардың заңдық негіздері және олардың дәрежелері мен формалары;

5) қолдарының толық аты-жөндерімен және ресми лауазым атауларымен сәйкес келуі;

6) құжаттың барлық даналарындағы деректемелер сәйкестігі;

7) құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасымен орыс және басқа тілдердегі нұсқаларының сәйкес болуы;

Мына құжаттар міндетті түрде бақылауды қажет етеді:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен, Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты аппаратынан, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі аппаратынан, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен, орталық атқару органдарынан, жоғарғы орган ведомстволарынан, мәслихаттар мен әкімдер аппараттарынан келген құжаттар;

2) ұйымның өз өкімдік құжаттары;

3) азаматтар өтініштері.

Құжаттардың орындалу барысы кезең-кезеңімен тексеріліп отырады. Тексеру құжат мерзімі біткенше мынадай ретпен жүргізіледі:

1) келесі жылдарға белгіленген тапсырмалар – кем дегенде жылына бір рет;

2) ағымдағы жылдың келесі айларына белгіленген тапсырмалар – кем дегенде айына бір рет;

3) ағымдағы айға белгіленген тапсырмалар – әдетте, белгіленген мерзімнің аяқталуына бес күн қалғанға дейін.

Құжаттарды бақылаудан алу ісі мынадай операциялардан тұрады:

1) орындаушы тарапынан құжаттың орындалғаны туралы ақпарат әзірленіп, оны бақылаудан алу жөнінде ұсыныс жасалады;

2) ұйым басшылығы құжатты бақылаудан алу туралы шешім қабылдап, бұл жөнінде құжаттама қызметіне өкім жібереді.

3) тіркеу-бақылау карточкасына құжаттың орындалғандығы жөнінде белгі салынады;

4) тіркеу-бақылау карточкасы бақылау картотекасынан анықтамалық картотекаға ауыстырылады;

5) орындалғандығы туралы белгісі бар құжатты тиісті іске тігу;

Құжатты бақылаудан оны бақылауға қойған лауазымды тұлға ғана ала алады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйенің мәліметтер базасына «Бақылау» тармағы қосылған жағдайда оған «Орындалу мерзімі» көрсеткіші енгізіледі. Бұл ретте құжат бақылауға автоматты түрде қойылады.

Құжаттардың орындалуын электрондық бақылау үш кезеңге бөлінеді:

1) ағымдағы бақылау (орындалу мерзімі өтіп бара жатқан құжаттар туралы күнделікті мәліметтер жинау);

2) алдын-ала бақылау (құжатты орындау қажеттігі жөнінде бақылау мерзімінен бес күн бұрын ескерту);

3) қорытынды бақылау (құжаттардың орындалуы бойынша іс нәтижелерінің ұйымдағы жекелеген қызметкерлер, құрылымдық бөлімшелер тарапынан қорытындылануы).

Құжаттардың орындалуын тиімді бақылау үшін автоматты режимде жасалатын мынадай бірқатар тұрпатты анықтамалық-есептер әзірленеді:

1) жөнелтілген құжаттар туралы анықтамалық-есептер;

2) келіп түскен құжаттар туралы анықтамалық-есептер;

3) ұйымда түзілген ішкі құжаттар туралы анықтамалық-есептер;

4) орындаушыларға тапсырылып, жұмысы жүргізіліп жатқан құжаттар туралы анықтамалық-есептер;

5) орындалмаған құжаттар туралы анықтамалық-есептер.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Асқаров Нұрлан Әуезханұлы

Н лібаев Ж нібек Б кір лы... Бел ара Біржан Бай ара лы... С А АЗДАРЫН Ж РГІЗУ НЕГІЗДЕРІ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: С құжаттарының орындалу мерзімдері және орындалуын бақылау

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Белғара Біржан Байғараұлы.
Іс қағаздарын жүргізу негіздері: [оқу-қолданбалы құрал]/ – Алматы, 2007 ж. – ____ бет.   ISBN  

Мазмұны
  АЛҒЫ СӨЗ. 7 КІРІСПЕ.. 9 1-ТАРАУ. ІС ҚАҒАЗДАРЫН Ж

Алғы сөз
      Жалпы іс u

Кіріспе
  Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Қ&

Жат ұғымы және функциясы
  Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақ

С қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері
  Құжаттардың пайда болуына байланысты олармен жұмыс істеуді реттеу қажеттігі туындады, оны қазіргі кезде іс қағаздарын жүргіз

Сілтемелер
  1. Конституция Республики Казахстан. – Алматы: «Credo», 1999. – С. 9. 2. Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. СТ РК 1037-2001 – Астана. 2001. – С. 3.

С құжаттарының жіктемесі
  Басқару құжаттарын жіктеудің көптеген тәсілі бар. Олардың бірқатары мынадай: 1) мазмұны бойынша (жікт

Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер
  Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – кез-келген мекеме мен кәсіпорынның қызметіндегі маңызды міндет. Ақпараттарды тасы

Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
  Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлек

Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және құжаттау
  Бүгінгі күні еліміздегі құжаттамалық қамтамасыз ету ісін бақылауға өкілетті орган Қазақстан Республикасының М

Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері
  Мекемелер мен кәсіпорындарда құжаттар мынадай функцияларды орындауы тиіс. 1. Процестер мен оқиғаларды құжаттау (негізгі функция

С қағаздарын жүргізудің үлгілік жұмыс жоспары
  «Арқау» ЖШС «Арқау» ЖШС-де іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық   БЕКІТЕМІН &nb

Жаттардың деректемелерін ресімдеу
  Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік нормативтік актілерде-стандарттарда белгіленген іс құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талап

БЕКІТЕМІН
- құжатты бекітуші тұлғаның лауазымының атауы - аты-жөні көрсетілген жеке қолы - бекіту күні   Е

Жаттың күні
  Күн (дата) – құжатқа заңды күш беретін бірден-бір негізгі деректеме. Құжат түрінің атауы деректемесінің астына сол

Мәтіннің тақырыбы
  Мәтіннің тақырыбы деректемесі жасалатын құжаттың қысқаша мазмұнын жазудан тұрады. Қазақстан Республикасыны

Осымшасының бар екендігі туралы белгі
  Қосымшасының бар екендігі туралы белгі былайша жазылады: Қосымша: 2 данада 5 бет.   Егер қосымша болып табылатын қx

Ол қою
  Қол қою деректемесі екі элементтен тұрады – лауазымның атауы және қойылған қол. Лауазым атауы қосымшасы бар екендігі туралы бел

Орындаушы туралы белгі
Орындаушы туралы белгіге құжатты орындаушының фамилиясы (аты –жөні) және телефон нөмірі кіреді. Орындаушы туралы белгі құжаттың соңғ

Жаттар бланкілері, форматтар
  Құжат бланкісі деп тұрақты деректемелер басылған және ауыспалы деректемелерге орын қалдырылған стандартты парақты айтады.

Мемлекеттік елтаңбаны пайдалану реті
Республика Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасының нышандары туралы» Жарлы

Мекеме хатының бланкісі
    Жоғары тұрған органның ресми атауы Ұйымның ресми атауы (мемлекеттік тілде) Ұйым туралы анықтама м

Мекеменің нақты құжат түрі бланкісі
Жоғары тұрған органның ресми атауы Ұйымның ресми атауы (мемлекеттік тілде) Ұйым туралы анықтама мәліметтер (мемлекетті

Формуляр
Белгілі бір құжат түрін ресімдеу үшін (бұйрықты, қызметтік хатты және т.б.) кестеде тізілген барлық деректеме қажет болмайды, соның

Йымдық-құқықтық құжаттар
  Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құ

Жарғы
  Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебес

ОҒАМНЫҢ АТАУЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
1.1. Қоғамның толық атауы: - қазақ тілінде «АРНА» акционерлiк қоғамы; - орыс тілінде – Акционерное общество «АРНА»; - а

ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2.1. «АРНА» акционерлік қоғамын құру (бұдан әрі Жарғы мәтіні бойынша – Қоғам) «АРНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта &#

ОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
3.1. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады.

ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары бар. 4.2. Қоғам өз акционер

ОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Қоғамның акционерлері Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары бола алады. Шетелдік заңды жә

ОҒАМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
6.1. Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000000 (бір жүз миллион) дана, олардың ішінде: - жай акциялар - 100 000000 (бір жүз ми

ОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ
7.1. Қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. 7.2. Акциялар

БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕРІ
8.1. Қоғамның таза кірісі (салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) Қоғамның басқаруында u

ОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
9.1. Қоғамның органдары мыналар болып табылады: жоғарғы органы – акционерлердің Жалпы жиналысы; басқару органы – Директорлар кеңесі

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
10.1. Қоғамның жоғарғы органы – акционердердің Жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс деп б}

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
11.1. Директорлар кеңесі – Қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасайтын Қоғамның органы, бұған акционерлердің жалпы жиналысыны&

АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР
12.1. Қоғамның атқарушы органының функциясын Атқарушы директор атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызм

ОҒАМНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
13.1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. 13.2.

ОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТ
14.1. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есебін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржыл

ОҒАМДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
16.1. Қоғамды қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта ұйымдасу) Қазақстан Республикасының Азаматт

ОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18.1. Егер осы жарғының ережелерінің бірі жарамсыз болса, онда оның қалған ережелерге қатысы болмайды. Осы Жарғының жекелеген ережелерінің

Штаттық кесте
  Кез келген заңды тұлғаны (компанияны, кәсіпорынды, ұйымды, фирманы) құрарда әуелі оның ұйымдық құрылымы

Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші).
Әрине, бұл ұсынылып отырған ұйымдық құрылымды бірден-бір жақсы құрылым деп айтуға болмайды, ол өзге де қызмет оры

Штаттық кесте нысанының үлгісі
    Ұйымның ресми ататуы (мемлекеттік тілде) Ұйым эмблемасы   Ұйымның ресми ататуы (орыс тіл

Ызметкерлер туралы» ереже
  Ұйымның «Қызметкерлер туралы» ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, дема

Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi. 1.2. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң келiciм-шартта, жарғыда, ұжымды

Жұмысқа қабылдау
2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабыл­да­натын азаматтармен шарт жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) жылға де

Ықтары мен мiндеттерi
3.1. Кәсiпорын қызметкерлерi ҚР заң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген демалыс, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк &#

Жұмыс уақыты және демалыс
4.1. Кәсiпорын қызметкерлерi үшiн жұмыс аптасының, жұмыс күнiнiң және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бiр

Демалыстар
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады. 5.2. Кәс

Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру
6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi м

Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар
  7.1. Кәсiпорындағы қызметкерге кәсiпорын­ның өзi қызметкермен келiсе отырып белгiлеген мерзiмдi ақы, кесiмдi ақы немесе ең

Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар
  8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары: - алғыс айту; - бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлық­ақылар

Жұмыстан босату
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша жұмыс

Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
  ____________________ (ұйымның атауы)   Лауазымдық нұсқаулық 2007 жылғы «____»__________ № _____ Ұйымн

Негізгі лауазымдық міндеттері
  Мемлекеттік тілді оқыту бөлімі бастығының негізгі атқаратын лауазымдық міндеттері: 2.1. Бекітілген жұмыс регламенті мен жұмы

Ықтары
  Мемлекеттік тілді оқыту бөлімінің бастығы: 3.1. Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға;

Жауапкершілігі
  Бөлім бастығы өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін және өзінің

Ызметкерге қойылатын талаптар
Бөлім бастығы болып жоғары филологиялық білімі немесе осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салада кемінде екі жыл жұмыс істеген

Кімдік құжаттар
  Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атқарушылық-басқарушылық қызметінің бір нысаны - өкімдік құжа

Жүргізу туралы
  Өрт дабылының апатты жағдайына байланысты МІНДЕТТЕЙМІН: 1. Өрт дабылын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Жауапты – ж

Нұсқау
  Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды және с.с. орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша

Кестесі туралы
  2007 жылға арналған еңбек демалысының кестесін жасау үшін ҰСЫНАМЫН: 1. Құрылымдық бөлімшелердің б

Жылдық түгендеу жүргізу туралы
  БҰЙЫРАМЫН: 1. Кәсіпорынның барлық нысандарында 2007 жылғы 01 наурызға дейін негізгі, арзанқол және тез тозатын материалдар&#

Жеке құрам бойынша құжаттарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар
  Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруд

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Жұмысқа қабылдануды ресімдеп жатқан қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қандай құжаттар қажет ек

МІРБАЯН
  02.09.2007 ж.   Мен, Ермекова Гүлнәр Арманқызы 1972 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келдім. 1990 жылы

Еңбек шарты
  Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына

Алматы қаласы 2007 жылғы 27 қазан
  «Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрi – Жалдаушы деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________ар

ШАРТТЫҢ МӘНІ
  1.1. Тараптар Жалдаушының Әкімшілік бөлімінің бас маманықызметінеҚызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады. 1.2. Жалдау

ЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  2.1. Қызметкердің: 1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік қx

ЖАЛДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  3.1. Жалдаушының: 1) Қызметкерден Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативті

АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ
  4.1. Қызметкердің еңбегіне Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақы төленеді. Жалдаушы

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ
  5.1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі) демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық) сағаттан астам қара жұмыста және

ОНЫҢ БҰЗЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ
  6.1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі шектеусіз. 6.2. Жалдаушы Қызметкерге 2 (екі) ай сынақ мерзімін белгілейді. 6.3. Осы Шартты: 1)

ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
  7.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған және осы Шарт бойынша талаптар мен міндеттемелерді орындау барысында бір-біріне нұқсан (

БАСҚА ТАЛАПТАР
  9.1. Осы Шарттың талаптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа қосымша келісіммен ресімд

ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
  Жалдаушы:   «Арқау» ЖШС 480092, Алматы қаласы, Абай д-лы, 21-үй   Бас директор _________________    

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі
    БҰЙРЫҚ   Оспанов Алмат Асхатұлы 2007 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Құжаттамалық қа

Ызметкердің жеке карточкасы
  Белгіленген нысан бойынша жасалатын қызметкердің жеке карточкасы негізгі есепке алу құжаты болып табылады және жұмысқа қабылданғ

Еңбек демалысының кестесі
  Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес әрбір азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы

Еңбек демалысы кестесінің үлгісі
  ____________________________ (кәсіпорын атауы)   КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕСІ «БЕКІТЕМІ

Ссапар куәлігі және іссапарда болған қызметкерді тіркеу журналы
  Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. Іссапар куәлігінің

Ссапарда болған қызметкерлерді тіркеу журналының үлгісі
  Іссапар куәлігінің берілген күні және нөмірі Аты-жөні Лауазымы Іссапар орны Ма

Еңбек кітапшасы
  Қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы

Жеке құрам бойынша құжаттарды мұрағатқа әзірлеу
  Жұмыстан босатылған әрбір қызметкердің жеке ісі үшін дербес іс ресімделуі мүмкін. Бұл ретте құжаттарды көлемі 250 б

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
  Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл

Скерлік хат
  Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келісс&#

Ызметтік хаттарды ресімдеу ережесі
  1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банкт

Жолдама хат
  Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолда

Баян хат
  Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның ба

Түсініктеме
Түсініктеме – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін қ

Анықтама
  Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипатта

АНЫҚТАМА
Осы анықтама ________________________________________________________ (аты-жөні) ________________________________ болып жұмыс істейтіндігі туралы б

Телеграмма
  Телеграмма – байланыс арнасы берілетін құжат. Ақпаратты беру және қабылдау уақытына дер кезінде шешім қабылдау мен оның дұрысты

Телефонограмма
  Телефонограмма – телефон байланыс арнасы арқылы ауызша берілетін және алушы жазып алатын құжат. Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы

Факсограмма
  Қазіргі кезде факс арқылы хат-хабар алмасу кең қолданысқа енді. Сондықтан оны ресімдеу мәселесі өзекті болып отыр. Факс – те

Электрондық хабарлама
  Электронды хабарлама – компьютерлер арасындағы желілік байланыс бойынша «электрондық почта» арқылы жіберілетін электрондағы нұсқадағы u

СЕНІМХАТ
  ___________ қ., _____________ ж.   Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды ______

Толық сенімхат
СЕНІМХАТ ___________________________________________________________________ (сенімхаттың берілген жері және күні жазумен) Мен, ______________________________

Жат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер
  Құжаттаманы басқару құжаттарды есепке алу, қозғалысқа келтіру, жедел сақтау, іздестірілуін қамтамасыз ету және

Хатшының міндеттері
  Шағын және орташа кәсіпорындарда іс қағаздарын ұйымдастыру салмағы негізінен кәсіпорын басшысы хатшысының немесе бөлімше

Жаттарды тіркеу және есепке алу
  Мекемеге келіп түсетін хат-хабарларды қабылдауды кеңсенің хат-хабарларды тіркеу бөлімшесі немесе хатшы орталықтандырған түрде жү

Тіркеу нысандары
  Тұрпатты ережелер мынадай тіркеу-есепке алу формаларын бекіткен: 1) журналдық; 2) карточкалық; 3) автоматтандырылған ақпарат

Тіркеуге жатпайтын құжаттардың болжамды үлгісі
  1. Мәлімет үшін жіберілген хат (көшірмесі). 2. Телеграмма және кезекті еңбек демалысына және іссапарға рұқсат берген х

Келіп түскен құжаттарды тіркеу
  Келіп түскен құжатты тіркеу құжаттың бірінші бетінің беткі жағының төменгі оң жақ бұрышына қол шт

Жіберілетін құжаттарды өңдеу кезеңдері
  1. Жіберілетін құжатты Бөлімшедегі (құжат жобасы жасалатын немесе келісілетін) Орындаушы дайындайды. Негізінен Орындаушы құжатты өзсі

Шкі құжаттарды өңдеу кезеңдері
  Ішкі құжаттарды өңдеу кезеңдері олардың түріне байланысты. Ішкі құжаттың көп кездесетін бір түрі негізгі

Электронды құжатты жасау тәртібі
  Қазіргі кезде құжаттарды жасау үшін қолданылатын компьютер бағдарламалары жеткілікті (мысалы, Word 2006 Word 2004). Бұндай бағдарлама

Электрондық қолтаңба
  Электрондық құжат үшін құжаттың түпнұсқа екендігін растауға мүмкіндік беретін құрал қажет.

Дербес компьютерді пайдаланып құжат айналымын ұйымдастыру
  Іс қағаздарын жүргізуде компьютерді қолданудың арқасында құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың тиімділіг

Жат айналымының көлемін есепке алу
  Құжат айналымының көлемі – кәсіпорынға келіп түскен және белгілі бір мерзім ішінде, әдетте бір жылда жасалған қ

С қағаздарының номенклатурасы
  Кез келген ұйымның күнделікті қызмет барысында түрлі құжаттар түзіледі. Олар: бұйрықтар, келісім-шарттар, бағдарлам

С қағаздарын қалыптастыру
  Іс қағаздарын қалыптастыру – бұл құжаттарды іс номенклатурасына сәйкес белгілі бір іске жатқызу және оның ішіндегі қ

Жаттарды сақтауға және пайдалануға дайындау
  Іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытындылану кезеңі орындалған құжаттарды сақтауға және пайдалануға д

Жаттар қашан мұрағатқа тапсыруға дайындалады?
  Орындалған құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытынды кезең

Жатқа қандай сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін?
  Комиссия құжаттарға мынадай сақтау мерзімдерін белгілеуі мүмкін: - қысқа мерзімді сақтау мерзімдері – 10 жылдан аз (мысалы 1

Сақтауға жатпайтын құжаттарға не істейді?
  Комиссия іріктеп алған және жойылған құжаттар бойынша акті жасалады, онда жойылған құжаттардың атауы, индекстері және м&#

Зақ мерзімді сақталатын істерді ресімдеу
  Ұзақ мерзімге сақталатын істерді ресімдеуге (10 жылдан астам және тұрақты сақталатын) мынадай жұмыстар кіреді: - мұ

Ысқа мерзімде сақталатын істерді ресімдеу
  Қысқа мерзімді сақталатын істер үшін (10 жылға дейін) істерді ресімдеу рәсімдері оңтайландырылған: құжаттар істе

Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру
  Ведомстволық мұрағаттар қызметін ұйымдастырғанда Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры ж

Мекемелер мен ұйымдардағы электрондық мұрағат және оның құжат айналымындағы орыны
Қағаз негіздегі істердің, сондай-ақ ақпарат көздері болып табылатын әртүрлі автоматтандырылған жүйелердің мұрағаттары &

С қағаздары мен құжат айналымы жүйесін автоматтандыру
  Елбасының Қазақстан Республикасын әлемдегі ең дамыған 50 ел қатарына қосу туралы Жолдауы мемлекеттік органдар алдына қызметті&#

Дебиеттер тізімі
  1. Authenticity of Electronic Records: a Report Prepared for UNESCO. ICA, Study 13-1, November

Орытынды
  Бұл кітапта мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды құру кезінде

ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
  Егер Сіз:   - іс қағаздарын жүргізу қыр-сырымен жете танысқыңыз келсе; - іс құжаттар

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги