рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру

Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру - раздел Энергетика, Асқаров Нұрлан Әуезханұлы   Ведомстволық Мұрағаттар қызметін ...

 

Ведомстволық мұрағаттар қызметін ұйымдастырғанда Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының “Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы” Заңын, “Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың 2001-2003 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры туралы Ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 қазандағы № 1538 қаулысын, “Қазақстан Республикасы Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру бойынша iс-шаралар Жоспарын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы № 674 қаулысын, “Қазақстан Республикасында мұрағат ісін дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 797 қаулысын және “Құжаттар көшiрмелерiнiң мемлекеттiк сақтандыру қоры туралы ереженi бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы № 578 қаулысын басшылыққа алған орынды.

Ұйымның ведомстволық мұрағаты қағаз және электрондық негіздегі құжаттарды жинау, уақытша сақтау мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Ведомстволық мұрағат құрамында электрондық құжаттар мұрағаты пайда болады.

Ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру барысында негізінен Тұрпатты ережелердің заңды бір жалғасы «Ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелерін» қаперге алу керек. Бұл ережелер Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеті төрағасының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 93 бұйрығымен бекітілген (мемлекеттік тіркеу № 2679, 2004 жылғы 24 қаңтар). Аталмыш негізгі ережелер ұйымдардың ведомстволық мұрағаттарындағы мына жұмыстар бойынша бірыңғай іс тәртібін белгілейді (яғни регламентін нақтылайды):

1) құжаттарды қабылдау, құндылығын сараптау және ғылыми-техникалық өңдеуден өткізу;

2) тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақталатын істер мен жеке құрам бойынша істердің, сондай-ақ сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілердің тізімдемелерін жасап, оларды ресімдеу;

3) сақталынатын құжаттардың есебін алу, тиісті қорларға бөлу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) құжаттарды іздестіруді жеделдетуге арналған ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін жасау, оны жүргізу және жетілдіру;

5) айрықша құнды құжаттарды анықтау және олардың сақтық көшірмелерін жасау;

6) ұйым қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау, мұрағаттық анықтамалар жазу, құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін әзірлеу және оларды ресімдеу;

7) Ұлттық мұрағат қоры құрамына енетін құжаттарды тұрақты сақтау үшін мемлекеттік мұрағаттарға тапсыру.

Мұрағат қоймаларына, құжат сақтау құралдарына (стеллаждарға, шкафтарға, сейфтерге) және оларды орналастыру ісіне қойылатын талаптар егжей-тегжейлі түсіндіріледі. Ережеде осымен қатар құжаттарды, соның ішінде электронды құжаттарды да сақтау тәртібі көрсетілген. Атап айтқанда жарық, температуралық-ылғалдылық және санитарлық-гигиеналық режимдердің нормативтік параметрлері нақтыланып, ведомстволық мұрағаттың есеп жүргізу құжаттары қандай құрамнан тұратыны белгіленген. Ереже бойынша бұл құрамға құжаттардың келіп түсуі мен шығуын есепке алып отыруға арналған есеп кітапшасы, мұрағат қоры парағы, істер тізімдемесі, мұрағат қоры ісі, құжаттар есебін жүргізуге арналған дерек базасы енеді. Негізгі ережелер электронды құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақталуын қамтамасыз ету, пайдалану және мемлекеттік сақтауға тапсыру ісіне қойылатын талаптарды да нақтылайды. Ереженің 1-қосымшасында мемлекеттік органның орталық сараптау комиссиясы мен мемлекеттік ұйымның сараптау комиссиялары туралы Үлгі ереже келтірілген. Бұл комиссиялардың мақұлдауынсыз мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі мемлекеттік органдар ұсынылған істер номенклатурасын, тұрақты және уақытша (10 жылдан астам) сақтауға алынған істер мен жеке құрам бойынша істердің тізімдемесін, сақталу мерзімі өткен құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарды т.б. әзірлемелерді қарамайды. Мұнан аталмыш комиссияның мұрағат ісіндегі орны мен рөлін айқын аңғаруға болады. Үлгі ереже бойынша орталық сараптау комиссиясы мен сараптау комиссиясы өздеріне жүктелген міндеттеріне сәйкес Ұлттық мұрағат қоры құрамына енетін құжаттарды іріктеп алатын бірінші инстанция, алғашқы «сүзгі» болып табылады.

Мұрағат ісін басқару жөніндегі мемлекеттік органдар барлық мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттар деңгейінде ҚР СТ 1237-2004 «Қағаз негіздегі құжаттар. Мұрағаттық сақтауға қойылатын жалпы техникалық талаптар» мемлекеттік стандартын сақтауға қол жеткізуі керек. Сондай-ақ халықаралық стандарттарды, шетелдік мұрағаттардың тәжірибелерін, халықаралық мұрағаттар кеңесінің ұсынымдарын зерттеп, ретіне қарай пайдалану да тиімді болмақ.

Мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың кәсіби құрамын нығайтуға бағытталған кадр саясаты, мұрағат қызметкерлері біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ісі де көңіл бөлуді талап етеді.

Іс қағаздарын жүргізу саласында құжаттаманы басқару қызметі ИСО 15489 «Ақпарат және құжаттама – Құжаттаманы басқару» халықаралық стандартын қолданысқа ендіру арқылы одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс қағаздарын жүргізу қызметі барысында аяқталған істер мен құжаттар ұйымның ведомстволық (жеке) мұрағаты болмаған жағдайда құрылымдық бөлімшелерге тапсырылады да, үш жылдан кейін олардың жұмыста практикалық қажеттілігі азаюына байланысты біртіндеп жоғала бастайды. Осылайша жобалық-сметалық, ұйымдық-өкімдік құжаттамалар, ұйымның құрылтайшылық және тіркеу құжаттары, жеке құрам бойынша құжаттар жоғалуы мүмкін. Ешбір құрылымдық бөлімше Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құрамына жататын, тұрақты сақталуға тиісті құжаттардың, сондай-ақ жеке құрам бойынша құжаттар мен ұзақ мерзімге (10 жылдан жоғары) сақталатын құжаттардың толық көлемде сақталуын қамтамасыз ете алмайды. Оған шамасы жетпейді. Мысалы, жеке құрам бойынша құжаттар (ұйым басшысының жұмысқа қабылдау, қызметтік орындарға қою және жұмыстан босату туралы бұйрықтары, қызметкерлердің тізімдері, жеке құрам бойынша есеп карточкалары, жеке істер, қызметкерлердің бет есептері, жеке тұлғалар мен жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнеткерлік жарнасын аударуға төлем тапсырыстары, жеке еңбек шарттары, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер т.б.) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру мәселелеріне қатысты, олар 75 жыл сақталады. Бұл категориядағы құжаттардың әлеуметтік ерекше мәніне байланысты Қазақстан Республикасындағы еңбек кодексі оларды тиісті мемлекеттік мұрағатқа тапсыруды жұмыс беруші міндетіне енгізген (ҚР Еңбек кодексі, 23-бап, 2-тармақ, 16-тармақша). Бұдан шығатын жол біреу ғана – ол ұйым құжаттарын қабылдауды, реттеуді, сақтауды, есебін алу мен жедел іздестіруді және пайдалануды ұйымдастырып отыратын жеке мұрағат құру.

Компанияның жеке мұрағатын құру кезінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселесін шешу мен жұмыс тәртібін айқындау үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитет төрағасының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы «Ведомстволық мұрағаттар жұмысы негізгі ережелерін бекіту туралы» № 93 бұйрығында (мемлекеттік тіркеу № 2679, 2004 жыл 24 қаңтар) белгіленген нормаларды қолдану ұсынылады.

Мемлекеттік емес ұйым Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын тиісті мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсырғысы келсе, онда олардың арасында міндетті түрде құжаттау, құжаттаманы басқару және құжаттарды мұрағаттық сақтау саласында ынтымақтастық туралы өзара шарт жасалуы тиіс. Бұл шартта Қазақстан республикасы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңының 7-бабы, 8-тармағына сәйкес мемлекеттік емес ұйым тапсырылатын құжаттарға иелік тұрғысынан мемлекетке жол береді, осымен қатар екі жақтың міндеттері, құжаттарды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру мерзімі мен кезеңдері, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде қарастырылған өзге де тармақтар келісіледі.

Құжаттарды ведомстволық мұрағаттарда сақтау мерзімінің шегін анықтау үшін «Мемлекеттік заңды тұлғалардың ведомстволық мұрағаттарында Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын уақытша сақтау тәртібі мен сақтау мерзімі туралы нұсқаулық» әзірленіп, ол 2000 жылы 26 желтоқсанда комитет төрағасының № 83 бұйрығымен бекітілді (мемлекеттік тіркеу № 1355, 2001 жылғы 10 қаңтар). Бұл нұсқаулық Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік мұрағаттарға тапсыру уақыттарын айқындап берді. Атап айтқанда:

1) жоғарғы және орталық мемлекеттік органдар қызметі барысында түзілген құжаттар – 15 жылдан кейін;

2) министрліктерге, басқа да орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволарға қарасты территориялық органдарда және мемлекеттік заңды тұлғалар қызметі барысында түзілген құжаттар – 10 жылдан соң;

3) жарғылық капиталында мемлекеттік меншік үлесі басым ұлттық компаниялар мен мемлекеттік республикалық заңды тұлғалар қызметі барысында түзілген құжаттар – 10 жылдан кейін;

4) жергілікті өкілетті және атқарушы органдар қызметі барысында түзілген құжаттар – 10 жылдан соң;

5) облыстық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар (Астана және Алматы қалалары) қызметі барысында түзілген құжаттар – 10 жылдан кейін;

6) қалалық және аудандық бағыныстағы мемлекеттік заңды тұлғалар қызметі барысында түзілген құжаттар – 5 жылдан соң.

Көрсетілген уақыттар ұйымның дәрежесімен бірге құжат түрлеріне қарай (басқару ісінде түзілген, ғылыми-техникалық жұмыстар барысында түзілген және т.б. салалар бойынша туындаған) 5 жылдан 20 жылға дейін, сондай-ақ олардың материалдық негіздеріне қарай (дыбысбейнелік, электрондық құжаттар) 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімдер аралығында дифференцияланады.

Іс қағаздарын жүргізумен шұғылданатын мамандар жұмысындағы маңызды жәйттердің бірі құжаттарды тиісті дәрежеде сақтау мәселесін шешу болып табылады. Ведомстволық мұрағаттар жұмысының негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдарға құжаттарды уақытша сақтауға байланысты едәуір күрделі талаптар қойылады. Олардың ең маңыздыларына тоқталсақ, мыналар:

· мұрағат қоймасы бөлек ғимаратта болуы, оның қазіргі заманғы өртке қарсы қолданылатын құралдармен, күзет және өрт сигнализацияларымен қамтамасыз етілуі тиіс;

· мұрағат қоймасын жертөледен (подвал), ғимаратқа қосымша жайлардан (цокольдық бөліктерінен) жасауға рұқсат етілмейді;

· мұрағат қоймаларына коммуникациялық су жүйелерін жүргізуге рұқсат етілмейді;

· сөрелерде сақтау металл стеллаждар арқылы ғана жүзеге асырылады;

· температуралық-ылғалдылық режимі мен жарықтандыру режиміне байланысты бірқатар талаптар белгіленген.

Әрине, құжат сақтауға байланысты бұл көрсетілген талаптарды орындауға ұйымдар мен жеке компаниялардың көп жағдайда шамалары келе бермейді. Оның негізгі себептері мыналар:

· көрсетілген талапқа сәйкес жайлардың тапшылығы немесе тіпті болмауы;

· орын жайларды барлық қажетті жүйелермен (өрт және күзет сигнализациялары, өрт сөндіру жүйесі, металл стеллаждар т.б.) жабдықтауға жұмсалатын шығынның көптігі;

· қаржының жетіспеуі;

· бұл міндеттерді атқаруға қабілетті білікті қызметкерлердің болмауы.

Бұл проблемалар коммерциялық негіздегі жылжымайтын мүліктер бағасының қымбаттау тенденциясына байланысты (сатып алу да, жалға алу да) одан әрі күрделене түсуде. Бұл компаниялардың мұрағат қоймасы ретінде пайдаланатын қосымша қымбат орын жайлар әзірлеуден бас тартуына мәжбүр етеді. Ұйымдардың өз мұрағаттарын бұл мақсатқа бүтіндей сай келмейтін орындарда: гараждарда, жертөлелерде, шатырларда, жалға алынған пәтерлерде т.б. жерлерде сақтайтын жәйттері де аз ұшыраспайды. Мұндай жағдайда ұйым өз құжаттарын толығымен жоғалтып алу қаупіне жақын тұрады. Ал егер ұйым бақылаушы органдарға талап еткен құжаттарды көрсете алмайтын болса, бұл экономикалық шығынмен қоса әкімшілік санкцияларға да жол ашады.

Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік мұрағат функцияларына ең алдымен Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын жинау, тұрақты сақтау және олардың пайдаланылуын ұйымдастыру міндеті енеді. Осылайша мемлекеттік мұрағаттар ұйымдарға олардың Ұлттық мұрағат қорына енбейтін құжаттарын (бухгалтерлік құжаттар, корреспонденциялар, ішкі саясат пен процедуралар т.б.) сақтауға байланысты көмек көрсете алмайды. Бұл әсіресе коммерциялық ұйымдар үшін көкейкесті мәселеге айналып отыр. Өйткені оларда түзілетін құжаттардың басым көпшілігі Ұлттық мұрағат қорына енбейді.

Нарықтық экономика мен қызмет көрсету саласының дамуына байланысты соңғы кездері Қазақстанда да қызмет көрсетудің мүлдем жаңа – Құжаттарды офистен тыс сақтау деп аталатын түрі пайда болды. Бұл түр Құжаттарды сыртта сақтаунемесеҚұжаттарды алыста сақтау деп театалады.

Офистен тыс сақтау индустриясы Америка Құрама Штаттарында өткен ғасырдың орта шенінде дүниеге келген. Қазіргі кезде бұл индустрияда мыңдаған компаниялар жұмыс істейді. Олар құжаттарды кәсіби деңгейде сақтау қызметін бүкіл дүние жүзіне ұсынады. Құжаттарды офистен тыс сақтаудың негізгі идеясы не?

Құжат сақтайтын кез-келген кәсіби компаниялардың жұмыс принципі қазіргі заманғы мұрағат қоймаларын жасау болып табылады. Ол қоймалар кез келген ұйым өз құжаттарын ақылы негізде уақытша сақтауға қоя алатындай әзірленіп, тиісті дәрежеде жабдықталған болуы қажет. Мұндай компаниялар тікелей құжат сақтау қызметімен бірге, әдетте, мынадай қосымша қызметтер де ұсынады:

· мұрағат орындары үшін кеңсе тауарлары мен іске жұмсалатын материалдар сату (мұрағат корапшалары, файлдар, папкілер);

· құжаттарды мұрағаттық өңдеу;

· құжаттарды индекстеу (неғұрлым тиімді тәсіл – құжаттар мен мұрағат қорапшаларын индекстеуде штрих-код технологиясын пайдалану);

· құжаттарды клиенттің талап етуі бойынша оның офисіне жедел жеткізу;

· ақпараттардың магниттік негіздерін (дискілер, дискеттер, стриммерлік ленталар, компьютерлік қатқыл дискілер) сақтау;

· құжаттарды сақтау мерзімі өтуіне байланысты жабық түрде жою;

Міне, осылайша коммерциялық мұрағат арқылы оның клиенттері іс жүзінде құжаттарды сақтау мен өңдеуге байланысты көрсетілетін қызметтің барлық түрін пайдалана алады. Құжаттарды офистен тыс сақтау индустриясының кең қанат жая бастауына негізгі себептер айқын: мұндай компаниялардың клиенттері өз құжаттарын коммерциялық мұрағатқа орналастыру арқылы бірқатар артықшылықтарға ие болады, атап айтқанда:

- құжаттарды сақтауға кететін шығын мөлшері азаяды.Көп жағдайда құжаттарды компания офисінде сақтау оларды коммерциялық мұрағатта сақтағаннан әлдеқайда қымбатқа түседі;

- штат пен жабдықтар алуға кететін шығын қысқарады;

- құжаттарға бақылау күшейеді.Бұл өте маңызды фактор. Өйткені статистикаға қарағанда коммерциялық ақпараттардың сыртқа өтіп кетуі мен корпоративтік шпионаждың 95 пайыздан астамы компанияның өз ішінен шығатын жәйттер екен. Өзінің құпия, жабық құжаттарын осылайша офистен тыс жерде сақтап, оларға қол жеткізілуін шектеу арқылы компания ақпараттардың сыртқа өтіп кету қаупін елеулі дәрежеде азайтады. Мұнымен қоса кәсіби мұрағат компаниялары көп жағдайда сақтаулы құжаттар есебін жүргізудің айтарлықтай тиімді жүйелерін қолданады. Бұл құжаттар қозғалысы жөнінде клиентке әртүрлі есепті мәліметтер беріп отыруға мүмкіндік жасайды;

- құжаттардың сақталу жағдайы жақсарады.Құжаттарды арнаулы жабдықтары бар мұрағат қоймаларында сақтаудың жөні бөлек екені белгілі. Мұнда олардың сақталу жағдайы да жақсы болмақ;

- офистегі пайдалы алаң көлемі кеңейіп, персоналдардың еңбек жағдайы жақсарады.Құжаттарының бір бөлігін офистен тыс сақтауға беру арқылы ұйымдар негізгі қызметке арналған қымбат офистік кеңістіктерін босатуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар ерекше атап өтетін бір жәйт, құжаттарды офистен тыс сақтауға беру арқылы ұйымдағы құжат айналымы мен құжат сақтауға қатысты проблемалардың бәрін шешуге болады екен деген ой тумауы керек. Ұйым жоғарыда аталған артықшылықтардың бәріне тек мынадай шарттарды орындағанда ғана ие бола алады:

- компанияның өз ішінде құжаттарға бақылау жасау мен оларды игерудің тиімді жүйесі жұмыс істейтін болуы керек.Құжаттарды кәсіби компанияға жай ғана сақтауға беру құжат айналымының бүкіл проблемасын шеше алмайды. Бұл процестер нәтижелілігі ұйымның өз ішінде іс қағаздарын жүргізу саласы бойынша процедуралар мен саясаттарды қатаң сақтауға байланысты. Бұл қызметкерлердің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі жеке жауапкершіліктерін де бекіте түседі. Соңғы кездері қазақстандық ұйымдар өз бизнестерін халықаралық стандарттарға сәйкес сертификаттай бастады. Бұл компания қызметін барлық салада, соның ішінде іс қағаздарын жүргізу жұмыстарында да жүйелеуді талап етеді;

- офистен тыс сақтауға берілетін құжаттар категорияларын айқындап алу қажет.Құжаттардымұрағат қоймасынан алу қосымша шығын шығару деген сөз. Сондықтан ұйымның мұрағаттық қорына енетін құжаттар активтілігіне мұқият талдау жасап, офистен тыс сақтауға неғұрлым активті емес құжаттарды ғана тапсыру керек. Сақтау мерзімі таяу араларда біткелі тұрған құжаттарды да офистен тыс сақтауға берудің қажеті аз;

Сыртта сақтау үшін тапсырылған құжаттарды қатаң бақылауға алып, есебін біліп отыру керек.Құжаттарды офистен тыс сақтауға тапсыра отырып, қажет болған жағдайда тиістілерін жедел тауып алу үшін олардың есебін қатаң түрде жүргізіп отыру қажет.

Ішкі мұрағаттың болуы шарт. Кәсіби коммерциялық мұрағатпен байланыс құжаттарды офистің өз ішінде сақтау үшін тиісті жағдай жасау жауапкершілігінен босата алмайды. Актив құжаттарды сақтау үшін оперативтік мұрағат жасау кез келген ұйымның міндеті. Мұнымен қоса бұл мұрағат мүмкіндігінше жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келетін, ыңғайластырылған орындарда жайғасуы керек.

Осы шарттар орындалатын болса кез келген ұйым құжаттарын офистен тыс мұрағат қоймаларына тапсырудан ұтары мол. Кәсіби мұрағат компаниясымен байланыспас бұрын ол компанияның мынадай бірнеше талапқа сай екеніне көз жеткізіп алу керек:

- жұмыс тәжірибелерінің жеткілікті болуы. Мұндай қызмет Қазақстанда лицензияланбайды. Соған қарамастан ол компанияның нарықтағы жұмыс тәжірибесі қандай дәрежеде екенін айқындап алу керек. Өзге елдерде офистерінің болуы ол компанияның қосымша «плюсі» болып табылады (әсіресе, бұрынғы ТМД аумағында жұмыс жүргізу тәжірибесі болса. Өйткені мұндағылардың құжат сақтау стандарты әлі де өте ұқсас). Мұнымен қоса, әлемнің 38 елінде жұмыс істейтін және құжат сақтау жөніндегі аса ірі кәсіби компанияларды біріктіріп отырған халықаралықPRISM (Professional Records and Information Services Management)ассоциациясы бар. Таңдаған компанияңыз осы ұйымға мүше ме, жоқ па, оны да біліп қою артық болмайды;

- мұрағат қоймасының оған қойылатын талаптарға сәйкес келуі. Құжаттарды офистен тыс сақтауға бермес бұрын таңдаған компанияңыздың мұрағат қоймасына барып, күзет және өрт сигнализациялары мен өрт сөндіру жүйелерінің, стеллаждар жүйесінің бар екендігіне көз жеткізіңіз. Бұл орынды өрттен қорғау органдары тексерген-тексермегенін біліңіз (тексерілген жағдайда ол туралы тиісті актісі болады). Мұрағат қоймасы жәндіктер мен кеміргіштерге қарсы арнайы құралдар арқылы жүйелі түрде өңдеуден өткізіліп отыруы қажет.

Сақтаудағы құжаттардың есебін алуға арналған тиімді компьютерлік жүйе болуы тиіс.Қазіргі кезде штрихтық код қоюға негізделген жүйе неғұрлым оңды нәтижелерімен көрініп келеді;

- келісім-шарт жасасу.Таңдаған компанияңыздың сақтауға төлемақы алу жөнінен сізге оңтайлы жағдай жасауға әзір екендігіне көз жеткізіңіз (әдетте, сақтау қызметі үшін 6 айдан 2 жылға дейінгі мерзімге аванс төленеді). Осымен қатар келісім-шартта құжат сақтаудағы құпиялылықты қамтамасыз ету шарттарының болуын тексеру қажет. Өйткені бұл мәселе коммерциялық құжаттар үшін аса маңызды фактор болып табылады.

Әдетте, кәсіби мұрағат компаниялары құпиялылық талаптарына сәйкес өз клиенттері туралы мәліметтерді жария етпейді. Сонда да болса өзіңіз таңдаған компания қызметін пайдалану туралы ұсыныс жасайтын клиенттер бары-жоғына назар аудара жүрген артық болмайды.

Қорыта айтқанда, құжаттарды офистен тыс сақтау секілді қызмет көрсетудің айтарлықтай жаңа саласына мән бере отырып, оны тым ұшқары бағалаудан да аулақ болу керек. Офистен тыс сақтауды ұйым құжаттарын сақтау жөніндегі бірден-бір ең дұрыс шешім деп қарауға болмайды. Сонда да болса, одан үзілді-кесілді бас тарту да жөн емес. Өйткені бұл құжаттарды офистен тыс сақтаудың көптеген артықшылықтарынан да бас тарту болып табылады. Бұл индустрияның бүкіл дүниежүзі бойынша үдемелі дамуы компаниялардың құжат сақтауға жұмсайтын шығындарын азайтуда тиімділігі жоғары болып отырғанын көрсетеді.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Асқаров Нұрлан Әуезханұлы

Н лібаев Ж нібек Б кір лы... Бел ара Біржан Бай ара лы... С А АЗДАРЫН Ж РГІЗУ НЕГІЗДЕРІ...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Мекемелер мен кәсіпорындар жанындағы ведомостволық мұрағаттың жұмысын ұйымдастыру

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Белғара Біржан Байғараұлы.
Іс қағаздарын жүргізу негіздері: [оқу-қолданбалы құрал]/ – Алматы, 2007 ж. – ____ бет.   ISBN  

Мазмұны
  АЛҒЫ СӨЗ. 7 КІРІСПЕ.. 9 1-ТАРАУ. ІС ҚАҒАЗДАРЫН Ж

Алғы сөз
      Жалпы іс u

Кіріспе
  Кез-келген мекеме мен кәсіпорында құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы аса зор. Қ&

Жат ұғымы және функциясы
  Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақ

С қағаздарын жүргізу тарихы және міндеттері
  Құжаттардың пайда болуына байланысты олармен жұмыс істеуді реттеу қажеттігі туындады, оны қазіргі кезде іс қағаздарын жүргіз

Сілтемелер
  1. Конституция Республики Казахстан. – Алматы: «Credo», 1999. – С. 9. 2. Делопроизводство и архивное дело. Термины и определения. СТ РК 1037-2001 – Астана. 2001. – С. 3.

С құжаттарының жіктемесі
  Басқару құжаттарын жіктеудің көптеген тәсілі бар. Олардың бірқатары мынадай: 1) мазмұны бойынша (жікт

Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер
  Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету – кез-келген мекеме мен кәсіпорынның қызметіндегі маңызды міндет. Ақпараттарды тасы

Мемлекеттік стандарттар мен құжаттар
  Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлек

Басқаруды құжатпен қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі және құжаттау
  Бүгінгі күні еліміздегі құжаттамалық қамтамасыз ету ісін бақылауға өкілетті орган Қазақстан Республикасының М

Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу ерекшеліктері
  Мекемелер мен кәсіпорындарда құжаттар мынадай функцияларды орындауы тиіс. 1. Процестер мен оқиғаларды құжаттау (негізгі функция

С қағаздарын жүргізудің үлгілік жұмыс жоспары
  «Арқау» ЖШС «Арқау» ЖШС-де іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулық   БЕКІТЕМІН &nb

Жаттардың деректемелерін ресімдеу
  Іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік нормативтік актілерде-стандарттарда белгіленген іс құжаттарын ресімдеуге қойылатын бірыңғай талап

БЕКІТЕМІН
- құжатты бекітуші тұлғаның лауазымының атауы - аты-жөні көрсетілген жеке қолы - бекіту күні   Е

Жаттың күні
  Күн (дата) – құжатқа заңды күш беретін бірден-бір негізгі деректеме. Құжат түрінің атауы деректемесінің астына сол

Мәтіннің тақырыбы
  Мәтіннің тақырыбы деректемесі жасалатын құжаттың қысқаша мазмұнын жазудан тұрады. Қазақстан Республикасыны

Осымшасының бар екендігі туралы белгі
  Қосымшасының бар екендігі туралы белгі былайша жазылады: Қосымша: 2 данада 5 бет.   Егер қосымша болып табылатын қx

Ол қою
  Қол қою деректемесі екі элементтен тұрады – лауазымның атауы және қойылған қол. Лауазым атауы қосымшасы бар екендігі туралы бел

Орындаушы туралы белгі
Орындаушы туралы белгіге құжатты орындаушының фамилиясы (аты –жөні) және телефон нөмірі кіреді. Орындаушы туралы белгі құжаттың соңғ

Жаттар бланкілері, форматтар
  Құжат бланкісі деп тұрақты деректемелер басылған және ауыспалы деректемелерге орын қалдырылған стандартты парақты айтады.

Мемлекеттік елтаңбаны пайдалану реті
Республика Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы Конституциялық заң күші бар «Қазақстан Республикасының нышандары туралы» Жарлы

Мекеме хатының бланкісі
    Жоғары тұрған органның ресми атауы Ұйымның ресми атауы (мемлекеттік тілде) Ұйым туралы анықтама м

Мекеменің нақты құжат түрі бланкісі
Жоғары тұрған органның ресми атауы Ұйымның ресми атауы (мемлекеттік тілде) Ұйым туралы анықтама мәліметтер (мемлекетті

Формуляр
Белгілі бір құжат түрін ресімдеу үшін (бұйрықты, қызметтік хатты және т.б.) кестеде тізілген барлық деректеме қажет болмайды, соның

Йымдық-құқықтық құжаттар
  Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан басталады. Ұйымдық-құ

Жарғы
  Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның құқықтық мәртебес

ОҒАМНЫҢ АТАУЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
1.1. Қоғамның толық атауы: - қазақ тілінде «АРНА» акционерлiк қоғамы; - орыс тілінде – Акционерное общество «АРНА»; - а

ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2.1. «АРНА» акционерлік қоғамын құру (бұдан әрі Жарғы мәтіні бойынша – Қоғам) «АРНА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта &#

ОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
3.1. Қоғам қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған қызметтен таза кіріс алу болып табылады.

ОҒАМНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
4.1. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құқықтары бар. 4.2. Қоғам өз акционер

ОҒАМ АКЦИОНЕРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Қоғамның акционерлері Қазақстан Республикасының заңды және (немесе) жеке тұлғалары бола алады. Шетелдік заңды жә

ОҒАМНЫҢ ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛЫ ЖӘНЕ МҮЛКІ
6.1. Қоғамның жарияланған акцияларының жалпы саны 100 000000 (бір жүз миллион) дана, олардың ішінде: - жай акциялар - 100 000000 (бір жүз ми

ОҒАМНЫҢ АКЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРЫ
7.1. Қоғам жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады. 7.2. Акциялар

БОЙЫНША ДИВИДЕНДТЕРІ
8.1. Қоғамның таза кірісі (салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін) Қоғамның басқаруында u

ОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ
9.1. Қоғамның органдары мыналар болып табылады: жоғарғы органы – акционерлердің Жалпы жиналысы; басқару органы – Директорлар кеңесі

АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
10.1. Қоғамның жоғарғы органы – акционердердің Жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылдық және кезектен тыс деп б}

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
11.1. Директорлар кеңесі – Қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасайтын Қоғамның органы, бұған акционерлердің жалпы жиналысыны&

АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР
12.1. Қоғамның атқарушы органының функциясын Атқарушы директор атқарады. Атқарушы директор Қоғамның ағымдағы қызм

ОҒАМНЫҢ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
13.1. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі аудит қызметі құрылуы мүмкін. 13.2.

ОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТ
14.1. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есебін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржыл

ОҒАМДЫ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
16.1. Қоғамды қайта құру (бірігу, қосылу, бөліну, бөлініп шығу, қайта ұйымдасу) Қазақстан Республикасының Азаматт

ОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
18.1. Егер осы жарғының ережелерінің бірі жарамсыз болса, онда оның қалған ережелерге қатысы болмайды. Осы Жарғының жекелеген ережелерінің

Штаттық кесте
  Кез келген заңды тұлғаны (компанияны, кәсіпорынды, ұйымды, фирманы) құрарда әуелі оның ұйымдық құрылымы

Шаруашылық қызметі (жүргізуші, үй сыпырушы, күзетші).
Әрине, бұл ұсынылып отырған ұйымдық құрылымды бірден-бір жақсы құрылым деп айтуға болмайды, ол өзге де қызмет оры

Штаттық кесте нысанының үлгісі
    Ұйымның ресми ататуы (мемлекеттік тілде) Ұйым эмблемасы   Ұйымның ресми ататуы (орыс тіл

Ызметкерлер туралы» ереже
  Ұйымның «Қызметкерлер туралы» ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, дема

Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi. 1.2. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң келiciм-шартта, жарғыда, ұжымды

Жұмысқа қабылдау
2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабыл­да­натын азаматтармен шарт жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) жылға де

Ықтары мен мiндеттерi
3.1. Кәсiпорын қызметкерлерi ҚР заң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген демалыс, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк &#

Жұмыс уақыты және демалыс
4.1. Кәсiпорын қызметкерлерi үшiн жұмыс аптасының, жұмыс күнiнiң және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бiр

Демалыстар
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады. 5.2. Кәс

Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру
6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi м

Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар
  7.1. Кәсiпорындағы қызметкерге кәсiпорын­ның өзi қызметкермен келiсе отырып белгiлеген мерзiмдi ақы, кесiмдi ақы немесе ең

Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар
  8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары: - алғыс айту; - бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлық­ақылар

Жұмыстан босату
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша жұмыс

Лауазымдық нұсқаулықтың үлгісі
  ____________________ (ұйымның атауы)   Лауазымдық нұсқаулық 2007 жылғы «____»__________ № _____ Ұйымн

Негізгі лауазымдық міндеттері
  Мемлекеттік тілді оқыту бөлімі бастығының негізгі атқаратын лауазымдық міндеттері: 2.1. Бекітілген жұмыс регламенті мен жұмы

Ықтары
  Мемлекеттік тілді оқыту бөлімінің бастығы: 3.1. Бөлім қызметкерлеріне тапсырмалар беріп, олардың орындалуын бақылауға;

Жауапкершілігі
  Бөлім бастығы өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін және өзінің

Ызметкерге қойылатын талаптар
Бөлім бастығы болып жоғары филологиялық білімі немесе осы лауазымның функционалдық бағытына сәйкес келетін салада кемінде екі жыл жұмыс істеген

Кімдік құжаттар
  Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атқарушылық-басқарушылық қызметінің бір нысаны - өкімдік құжа

Жүргізу туралы
  Өрт дабылының апатты жағдайына байланысты МІНДЕТТЕЙМІН: 1. Өрт дабылын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін. Жауапты – ж

Нұсқау
  Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды және с.с. орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша

Кестесі туралы
  2007 жылға арналған еңбек демалысының кестесін жасау үшін ҰСЫНАМЫН: 1. Құрылымдық бөлімшелердің б

Жылдық түгендеу жүргізу туралы
  БҰЙЫРАМЫН: 1. Кәсіпорынның барлық нысандарында 2007 жылғы 01 наурызға дейін негізгі, арзанқол және тез тозатын материалдар&#

Жеке құрам бойынша құжаттарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар
  Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды, азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруд

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
Жұмысқа қабылдануды ресімдеп жатқан қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қандай құжаттар қажет ек

МІРБАЯН
  02.09.2007 ж.   Мен, Ермекова Гүлнәр Арманқызы 1972 жылы 15 тамызда Талдықорған қаласында дүниеге келдім. 1990 жылы

Еңбек шарты
  Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына

Алматы қаласы 2007 жылғы 27 қазан
  «Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрi – Жалдаушы деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________ар

ШАРТТЫҢ МӘНІ
  1.1. Тараптар Жалдаушының Әкімшілік бөлімінің бас маманықызметінеҚызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады. 1.2. Жалдау

ЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  2.1. Қызметкердің: 1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік қx

ЖАЛДАУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
  3.1. Жалдаушының: 1) Қызметкерден Конституцияға, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң және нормативті

АҚЫ ТӨЛЕУ ТАЛАПТАРЫ
  4.1. Қызметкердің еңбегіне Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақы төленеді. Жалдаушы

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ РЕЖИМІ. ДЕМАЛУ УАҚЫТЫ
  5.1. Жұмыс аптасының ұзақтығы 2 (екі) демалыс күні бар, аптасына 40 (қырық) сағаттан астам қара жұмыста және

ОНЫҢ БҰЗЫЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАРЫ
  6.1. Осы Шарттың қолданылу мерзімі шектеусіз. 6.2. Жалдаушы Қызметкерге 2 (екі) ай сынақ мерзімін белгілейді. 6.3. Осы Шартты: 1)

ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
  7.1. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзған және осы Шарт бойынша талаптар мен міндеттемелерді орындау барысында бір-біріне нұқсан (

БАСҚА ТАЛАПТАР
  9.1. Осы Шарттың талаптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа қосымша келісіммен ресімд

ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
  Жалдаушы:   «Арқау» ЖШС 480092, Алматы қаласы, Абай д-лы, 21-үй   Бас директор _________________    

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі
    БҰЙРЫҚ   Оспанов Алмат Асхатұлы 2007 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Құжаттамалық қа

Ызметкердің жеке карточкасы
  Белгіленген нысан бойынша жасалатын қызметкердің жеке карточкасы негізгі есепке алу құжаты болып табылады және жұмысқа қабылданғ

Еңбек демалысының кестесі
  Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сәйкес әрбір азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы

Еңбек демалысы кестесінің үлгісі
  ____________________________ (кәсіпорын атауы)   КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ 2008 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕСІ «БЕКІТЕМІ

Ссапар куәлігі және іссапарда болған қызметкерді тіркеу журналы
  Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. Іссапар куәлігінің

Ссапарда болған қызметкерлерді тіркеу журналының үлгісі
  Іссапар куәлігінің берілген күні және нөмірі Аты-жөні Лауазымы Іссапар орны Ма

Еңбек кітапшасы
  Қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы

Жеке құрам бойынша құжаттарды мұрағатқа әзірлеу
  Жұмыстан босатылған әрбір қызметкердің жеке ісі үшін дербес іс ресімделуі мүмкін. Бұл ретте құжаттарды көлемі 250 б

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
  Мекемелер дайындайтын құжаттардың көп бөлігі ақпараттық- анықтамалық құжаттар болып табылады. Бұл

Скерлік хат
  Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келісс&#

Ызметтік хаттарды ресімдеу ережесі
  1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банкт

Жолдама хат
  Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолда

Баян хат
  Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның ба

Түсініктеме
Түсініктеме – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін қ

Анықтама
  Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) биологиялық немесе қызметтік сипатта

АНЫҚТАМА
Осы анықтама ________________________________________________________ (аты-жөні) ________________________________ болып жұмыс істейтіндігі туралы б

Телеграмма
  Телеграмма – байланыс арнасы берілетін құжат. Ақпаратты беру және қабылдау уақытына дер кезінде шешім қабылдау мен оның дұрысты

Телефонограмма
  Телефонограмма – телефон байланыс арнасы арқылы ауызша берілетін және алушы жазып алатын құжат. Телефонограмма бір данада жасалып, оған басшы

Факсограмма
  Қазіргі кезде факс арқылы хат-хабар алмасу кең қолданысқа енді. Сондықтан оны ресімдеу мәселесі өзекті болып отыр. Факс – те

Электрондық хабарлама
  Электронды хабарлама – компьютерлер арасындағы желілік байланыс бойынша «электрондық почта» арқылы жіберілетін электрондағы нұсқадағы u

СЕНІМХАТ
  ___________ қ., _____________ ж.   Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды ______

Толық сенімхат
СЕНІМХАТ ___________________________________________________________________ (сенімхаттың берілген жері және күні жазумен) Мен, ______________________________

Жат айналымын ұйымдастыру: жалпы ережелер
  Құжаттаманы басқару құжаттарды есепке алу, қозғалысқа келтіру, жедел сақтау, іздестірілуін қамтамасыз ету және

Хатшының міндеттері
  Шағын және орташа кәсіпорындарда іс қағаздарын ұйымдастыру салмағы негізінен кәсіпорын басшысы хатшысының немесе бөлімше

Жаттарды тіркеу және есепке алу
  Мекемеге келіп түсетін хат-хабарларды қабылдауды кеңсенің хат-хабарларды тіркеу бөлімшесі немесе хатшы орталықтандырған түрде жү

Тіркеу нысандары
  Тұрпатты ережелер мынадай тіркеу-есепке алу формаларын бекіткен: 1) журналдық; 2) карточкалық; 3) автоматтандырылған ақпарат

Тіркеуге жатпайтын құжаттардың болжамды үлгісі
  1. Мәлімет үшін жіберілген хат (көшірмесі). 2. Телеграмма және кезекті еңбек демалысына және іссапарға рұқсат берген х

Келіп түскен құжаттарды тіркеу
  Келіп түскен құжатты тіркеу құжаттың бірінші бетінің беткі жағының төменгі оң жақ бұрышына қол шт

Жіберілетін құжаттарды өңдеу кезеңдері
  1. Жіберілетін құжатты Бөлімшедегі (құжат жобасы жасалатын немесе келісілетін) Орындаушы дайындайды. Негізінен Орындаушы құжатты өзсі

Шкі құжаттарды өңдеу кезеңдері
  Ішкі құжаттарды өңдеу кезеңдері олардың түріне байланысты. Ішкі құжаттың көп кездесетін бір түрі негізгі

С құжаттарының орындалу мерзімдері және орындалуын бақылау
  Орындалу мерзімі арнайы нормативтік актілерде анықталмаған құжаттардың көпшілігі 10 күн ішінде орындалуы керек. Бұл – орындаудың

Электронды құжатты жасау тәртібі
  Қазіргі кезде құжаттарды жасау үшін қолданылатын компьютер бағдарламалары жеткілікті (мысалы, Word 2006 Word 2004). Бұндай бағдарлама

Электрондық қолтаңба
  Электрондық құжат үшін құжаттың түпнұсқа екендігін растауға мүмкіндік беретін құрал қажет.

Дербес компьютерді пайдаланып құжат айналымын ұйымдастыру
  Іс қағаздарын жүргізуде компьютерді қолданудың арқасында құжаттармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың тиімділіг

Жат айналымының көлемін есепке алу
  Құжат айналымының көлемі – кәсіпорынға келіп түскен және белгілі бір мерзім ішінде, әдетте бір жылда жасалған қ

С қағаздарының номенклатурасы
  Кез келген ұйымның күнделікті қызмет барысында түрлі құжаттар түзіледі. Олар: бұйрықтар, келісім-шарттар, бағдарлам

С қағаздарын қалыптастыру
  Іс қағаздарын қалыптастыру – бұл құжаттарды іс номенклатурасына сәйкес белгілі бір іске жатқызу және оның ішіндегі қ

Жаттарды сақтауға және пайдалануға дайындау
  Іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытындылану кезеңі орындалған құжаттарды сақтауға және пайдалануға д

Жаттар қашан мұрағатқа тапсыруға дайындалады?
  Орындалған құжаттарды мұрағатқа сақтауға дайындау іс қағаздарын жүргізу процесінің қорытынды кезең

Жатқа қандай сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін?
  Комиссия құжаттарға мынадай сақтау мерзімдерін белгілеуі мүмкін: - қысқа мерзімді сақтау мерзімдері – 10 жылдан аз (мысалы 1

Сақтауға жатпайтын құжаттарға не істейді?
  Комиссия іріктеп алған және жойылған құжаттар бойынша акті жасалады, онда жойылған құжаттардың атауы, индекстері және м&#

Зақ мерзімді сақталатын істерді ресімдеу
  Ұзақ мерзімге сақталатын істерді ресімдеуге (10 жылдан астам және тұрақты сақталатын) мынадай жұмыстар кіреді: - мұ

Ысқа мерзімде сақталатын істерді ресімдеу
  Қысқа мерзімді сақталатын істер үшін (10 жылға дейін) істерді ресімдеу рәсімдері оңтайландырылған: құжаттар істе

Мекемелер мен ұйымдардағы электрондық мұрағат және оның құжат айналымындағы орыны
Қағаз негіздегі істердің, сондай-ақ ақпарат көздері болып табылатын әртүрлі автоматтандырылған жүйелердің мұрағаттары &

С қағаздары мен құжат айналымы жүйесін автоматтандыру
  Елбасының Қазақстан Республикасын әлемдегі ең дамыған 50 ел қатарына қосу туралы Жолдауы мемлекеттік органдар алдына қызметті&#

Дебиеттер тізімі
  1. Authenticity of Electronic Records: a Report Prepared for UNESCO. ICA, Study 13-1, November

Орытынды
  Бұл кітапта мекемелерді, кәсіпорындар мен ұйымдарды құру кезінде

ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ
  Егер Сіз:   - іс қағаздарын жүргізу қыр-сырымен жете танысқыңыз келсе; - іс құжаттар

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги