рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Парникті эффект және оның пайда болу себептері

Парникті эффект және оның пайда болу себептері - раздел Экология, Экология ғылымының даму тарихы Жанғыш қазбаларды өртеу Және Басқа Да өне...

Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмір қышқыл газ (СО2), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары парникті эффектінің пайда болуына алып келеді.Парникті эффектінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жабынымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (СО2 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді.Атмосфералық газдар (азот, оттегі, су парлары) жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. СО2-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3-50С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді.

 

9 Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.

Ғаламдық негізгі экологиялық проблемалардың бірі атмосферадағы ластаушы заттардың ұзақ қашықтықтарға тасымалдануы. Алғашында бұл проблема радиоактивті заттардың үлкен қашықтықтарға таралуына байланысты пайда болды. Негізінен күкірт диоксиді және оның қосылыстары, азот оксиді және оның қосылыстары, ауыр металдар (әсіресе сынап), пестицидтер, радиоактивті заттар сияқты улылығы жоғары заттардың таралуына баса назар аударған жөн. Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт және азот қышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылдар және олардың қосылыстары жауған жауын-шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақты ормандарға қарағанда қылқан жапырақта ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады. Нәтижесінде минералдық тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Әсіресе бұл шымды күлгін топырақтарда қатты байқалады. Адам организміндегі алғашқы жағымсыз реакциялар ауа құрамындағы сульфаттардың концентрациясы 6-10 мкг/м3, күкіртті газ - 50 мкг/м3 –ге жеткенде пайда болады. Бұл қосылыстарды әсіресе өсімдіктер өте сезгіш. Тұщы сулардың қышқылдығы рН < 5,5 (табиғи суларда 5,6-ға жақын) көрсеткіште балықтардың көбеюі төмендеп, рН = 4,5 жағдайда көбею жүрмейді. Қазіргі таңда антропогендік әсерден бөлінетін күкірт диоксидінің мөлшері жылына 150 млн тоннаны құрайды. Көмірді пайдалану күкірттің көп бөлінуіне алып келеді. Жер бетіне түскен қышқылдар мен сульфаттар топырақ құрамына (топырақтың қышқылдануы), өсімдіктер жабынына, су айдындарының қышқылдануына алып келуде. Атмосфераны күкірт диоксидінен қорғау, оларды ауа бассейнінің жоғары қабаттарында шашырату арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жылу электр орталықтары мұржаларының биіктігі 180, 250, тіпті 370 м биіктікте болуы керек. Одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет. Улы және фотохимиялық тұман. Үлкен қалаларға тән, жиі байқалатын құбылыс – улы тұман (тұман мен түтіннің қосылысы). Улы тұмандар үш түрлі – ылғалды, құрғақ және мұзды болып келеді. Ылғалды улы тұман – газ тәрізді ластаушы заттар, шаң және тұман тамшыларының қосылыстары. Бұл қосылыстағы заттар бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп бастапқы түрлерінен әлдеқайда қауіпті қосылыстар түзеді. Атмосфералық ауаның 100-200 метр биіктігінде улы, сарғыш түсті лас, ылғалды улы тұман осылай пайда болады. Мұндай тұман теңізге жақын, тұманды, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғары елдерде түзіледі.

Құрғақ улы тұман (Лос-Анджелестік тип) – озонның пайда болуы кезінде химиялық реакциялардың әсерінен атмосфералық ауаның екінші рет ластануы. Құрғақ улы тұман Лос-Анджелесте (АҚШ) қалың тұман емес, көкшіл түтін түзеді.

Улы тұманның үшінші түрі – мұзды улы тұман (Аляскалық тип). Ол Арктика мен Субарктикада антициклон кезінде төменгі температурада пайда болады. Мұндай ауа райында ластағыш заттардың аз мөлшерде бөлінуінің өзі мұздың майда кристалдарынан тұратын қалың тұманның пайда болуына алып келеді. Сондай-ақ улы тұман шұңқырлы жерлерде орналасқан қалаларға, мысалы, Алматы, Ереван, Кемерово, Новокузнецк, Братск, Мехико және т.б. тән.

Улы тұман кезінде, жарықтың әсерінен зиянды заттардың ауа, ылғал компоненттерімен фотохимиялық реакциялары нәтижесінде қосымша улы өнімдер (альдегидтер, кетондар) түзіледі.

Атмосфералық ауаның тұмандануы қала микроклиматының нашарлауына – тұманды күндердің көбеюіне, атмосфераның тұнықтығына, мөлдірлігіне әсер етеді. Мысалы, 1948 жылы 26 қазанда Донора (АҚШ, Пенсильвания) қаласында қалың тұман мен түтіннің қосылуынан (улы тұман) жолдың көрінуі өте нашарлап қаланы қара күйе басып қалған. Адамдардың тыныс алуы қиындап, тамақтары ауырып, көздері ашып, құсқылары келген. Сөйтіп жаңбыр жауғанға дейін 3-4 күннің ішінде 14000 қала тұрғындарының 6000 тұрғын ауырып, 20 адам қайтыс болған. Сонымен қатар көптеген құстар, иттер мен мысықтар да өлген.

1952 жылы желтоқсанда Лондон қаласында улы тұманның әсерінен 3-4 күн ішінде 4000 адам қайтыс болды. Себебі ауасы лас қалада жел болмай, атмосфералық ауа құрамындағы күкіртті ангидридтің мөлшері қатты көбейіп кеткен.

XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап Лос-Анджелес қаласында да жылдың жылы маусымында, әдетте жазда және ерте күзде ылғалдылығы 70% құрайтын тұман пайда бола бастады. Бұл тұманды фотохимиялық тұман деп атайды.

Улы тұман кезінде көріну қабілеттілігі нашарлап, үй жануарлары (ит, құс) өле бастайды. Адамдардың тыныс алуы қиындап, көздері жасаурап, тамақ пен мұрынның шырышты қабаттарының тітіркенуіне, өкпе және басқа да созылмалы аурулардың қозуына алып келеді. Улы тұман өсімдіктерге, әсіресе бұршақ, қызылша, астық тұқымдастар, жүзім және сәнді өсімдіктерге де зияны көп. Алдымен жапырақтары ісініп, біраз уақыттан кейін жапырақтың төменгі жағы ақшылданады және сарғаяды да, өсімдік қурай бастайды.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экология ғылымының даму тарихы

БЛОК Экология ылымыны даму тарихы айта рлеу д уіріндегі... Организмдерді оректенуі бойынша экологиялы... оректену т рі бойынша барлы организмдер екі топ а б лінеді...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Парникті эффект және оның пайда болу себептері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Экология ғылымының даму тарихы
Экология(грекше oikos - үй, баспана, logos - ілім, ғылым)– тірі организмдер мен қоршаған ортаның қарым-қатынасын

Экология бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэкология
Қазіргітаңда экология ғылымы зерттелетін обьектілердің ерекшеліктеріне, әдістеріне байланысты бірнеше бөлімдерден тұрады:Аутэкология

Экология пәнінің мазмұны, мақсаты және міндеті
Экология пәнінің мазмұны - организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қатынастарын популяциялық, биоценоздық,

Экологиялық факторлар және олардың түрлері
Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын немесе орта компоненттерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмде

Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеул

Организмдердің толеранттылыққа байланысты организмдер топтары
Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді. Эврибионттар(грекше eurus - кең) – факторлардың ке

Тіршілік ортасы, түрлері және анабиоз
Тіршілік ортасы – организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Жер шарын

Организмдердің жарыққа байланысты экологиялық топтары. Фотопериодизм.
Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер – жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер – көле

Жарық сүйгіш және көлеңке сүйгіш өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
№ Мүшелері мен ұлпалары Жарық сүйгіш өсімдіктерде Көлеңке сүйгіш өсімдіктерде

Организмдердің температурағы байланысты экологиялық топтары.
Температура – күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетін және организмдер үшін аса қажетті, тіршілік иелері

Организмдердің ылғалға байланысты экологиялық топтары
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі: Гидатофиттер(грекше hygor - су) – көп

Топырақ қабаттары және топырақ организмдері
Топырақ – көптеген тірі организмдер мекені. Негізінен топырақ ішінде төменгі сатыдағы организмдер – бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар, &#

Организмдердің биологиялық ырғақтары. Биологиялық сағат.
Тірі табиғаттың бір қасиеті – мұнда болып жатқан көптеген процестердің циклді түрде жүруі. Жер бетіндегі бар өмір - клеткадан бастап биос

Популяция туралы түсінік және популяция құрылымдары
Популяция – тіршілік циклдары, морфологиялық белгілері ұқсас, генефондары ортақ особьтар жиынтығы. «Популяция» ұғымы латынша populus – халы&#

Популяцияның кеңістіктегі құрылымы.
Популяциялар құрылымы – бір жағынан түрдің биологиялық қасиеттеріне негізделіп, екінші жағынан – ортаның абиотикалық факторлары мен бас&#

Популяцияның этологиялық құрылымы. Топ эффекті.
Популяцияның этологиялық (мінез-құлық) құрылымы.Жануарлар мінез-құлқы ерекшеліктерін этология ғылымы зертте

Популяцияның динамикалық көрсеткіштері.
Популяция динамикасы – популяциядағы особьтардың сандық мөлшерін және оларды реттеудің механизмдерін зерттейтін популяциялық экологияның бөлімі

Биотикалық потенциал және популяция гомеостазы
Әрбір популяцияға биотикалық потенциал тән, яғни белгілі бір уақыт аралығындағы популяциядағы особьтардың сандық мөлше

Биоценоздар экологиясы және оның құрамдары. Доминант және эдификатор түрлер
Табиғатта әр түрге жататын популяциялар бірігіп – қауымдастық немесе биоценоз түзеді. Биоценоз (грекше bios – өмір, koinos – жалпы, ортақ) – б

Биотикалық қарым-қатынастар типтері
Биотикалық факторлар – бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым-қатынастардың негізгі типтері: бә

Биоценоздағы бір-біріне пайдалы қатынастар түрлері
Бір-біріне пайдалы қарым-қатынастар Симбиоз (+ +) (грекше симбиос - бірге тіршілік ету) . Симбионттар үшін бір-біріне пайда әкелетін, бірақ, кейбір паразиттік элементт

Биоценоздағы пайдалы-зиянды қатынастар түрлері
Байланыс типтері Байланыс түрлері Анықтама Мысалдар   Пайдалы-зиянды қ

Биоценоздағы пайдалы-нейтралды қатынастар түрлері
Байланыс типтері Байланыс түрлері Анықтама Мысалдар Пайдалы-нейтралды қарым-қатынастар

Экологиялық қуыс. Гаузе принципі
«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялы

Экологиялық сукцессия, түрлері
Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әртүрлі топтағы орга

Экологиялық сукцессия, түрлері
Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ неме

Биогеоценоз және биотоп (экотоп) ұғымдары. Биогеоценоздың құрамдас бөліктері.
Биогеоценоз – тіршілік ететін жер бетімен қоса (биотип) тірі организмдер (биоценоз) мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз» ұ

Экожүйе, биогеоценоз және экожүйе типтері
Биогеоценоз–тіршілік ететін жер бетімен қоса тірі организмдер мен абиотикалық ортаның тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз»

В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, биосфера компоненттері
«Биосфера» ұғымын алғаш рет ғылымда XIX ғасырда француз ғалымы Ж.Б.Ламарк, ал кейін термин ретінде австриялық ғалым Э.Зюсс (1875 ж.) қолданды.

Биосфера эволюциясының этаптары
Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұ

Тұрақты (орнықты) даму концепциясының модельдері
Биосфера Жер бетінде адамның пайда болғанына дейін болған. Бірақ адам биосферасыз тіршілік ете алмайды. Адамзат тіршілігіне қауіп төндірген Жаhандық эколог

Ноосфера және В.И.Вернадский бойынша ноосфераны құру шарттары
Жер бетіндегі органикалық дүниенің эволюциясы бірнеше этаптарданөтті. Алғашқысы биосферада заттардың биологиялық айналымының пайда болуы

Табиғи ресурстар және олардың түрлері
Табиғи ресурстар – адамның өз мұқтажын қамтамасыз ету және көздеген мақсатына жету үшін пайдаланатын қорша

Табиғи ресурстарды үнемді пайдаланудың ерекшеліктері
Табиғатты тиімді пайдаланудың мынадай ерекшеліктері бар:табиғи байлықтарды пайдалану оларды орнына келтірумен қатар жүруі керек (орнына қайта келетін таби&

Ластану және ластаушылар түрлері
Ластаушы – қоршаған ортаға әсер ету мөлшері табиғи деңгейден жоғары субьектілер (физикалық агент, химиялық зат, биологиялық

Ксенобиотиктер,поллютанттар.Пестицидтер және олардың түрлері
Пестицидтер (лат. pestis-жұқпалы ауру, cіdo-өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, т

Оршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы
Механикалық ластаушылар – шаң, қоқыс. Олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестер

Атмосфераның автокөліктермен ластану
Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг азот оксидін же 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді атмосфера

Неркәсіптік ластану
Өнеркәсіптік ластану. Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға л

Аламдық экологиялық проблемалар және олардың түрлері
Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстарды

Озон қабаты (озоносфера) проблемасы
Атмосферадағы озонның мөлшері бар болғаны 0,004%-ды құрайды. Стратосферада (10-50 км биіктіктегі) қалыңдығы 2-4 мм-ді құрайтын

Ормандардың азаюы және шөлдену
Ормандардың азаюы. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атu

Лемдік Мұхит проблемалары
Жер бетінің 2/3 бөлігін алып жатқан Әлемдік мұхит – суының салмағы 1,4·1021 кг-ды құрайтын үлкен резервуар. Мұхит суы пл

Жер бетіндегі биоалуантүрліліктің азаюы проблемасы
Жер бетінде жекелей немесе қауымдастық түрінде тіршілік ететін организмдер қоршаған ортаға әсер ететіні белгілі. Осы арқылы табиғат өзін-

Азақстандағы (Ұлттық) экологиялық проблемалар
Қазақстан халқының қауіпсіздігі үшін негізгі экологиялық проблемалар су ресурсын пайдалануға, радиация әсеріне және қалдықтар

Каспий, Арал, Балқаш проблемалары
Арал теңізі, Балқаш көлі сияқты үлкен тұйық су айдындары антропогендік әсерге ұшырап жатыр. Нәтижесінде олар ластанып, деңгейлері т

Азақстандағы сынақ полигондары, олардың қоршаған ортаға әсері
Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, ба&

Азақстаннның ерекше қорғауға алынған аумақтары
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи ке

Ызыл кітап және оның биоалуантүрлілікті сақтаудағы маңызы
Қызыл Кітап Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі

Экологиялық құқық нормалары және жауапкершілік
Қоршаған ортаны қорғау келесі екі ережеден тұрады: ғылыми экологиялық принциптерді тұжырымдайтын орындалуға міндетті заңдар түрінде

Мониторинг және оның түрлері
Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг

Экологиялық білім беру және тәрбие
Экологиялық ағарту. БҰҰ Қазақстанды экологиялық жағдайы өте нашар елдердің қатарына жатқызады. Қаз

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги