рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Оппозиция мүшесінің міндеттері.

Оппозиция мүшесінің міндеттері. - раздел Домостроительство, Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады 1. Ара Салмақты қамтамасыз Ету. Сіздің Ма&...

1. Ара салмақты қамтамасыз ету. Сіздің мақсатыңыз – екі кейс арасындағы айқын арасалмақты көрсету арқылы раундты ұсыну. Әлеуметтенген медицина мысалы бойынша ОМ қазіргі денсаулық сақтау мәселелері әлеуметтену жүргізгеннен кейінгі мәселелердің алдында болмашы ғана.

 

Төрешінің Үкімет кейсін түсінгеніне көз жеткізу ОМ кейстің зияндылығын көрсетер алдында ол кейсті мақұлдау нені білдіретінін нақтылау керек. Төреші кейсті ПМ-дің ұсыну сөзінде жазып алған болар, бірақ әлеуметтенген денсаулық жүйесінің шын мәнінде не екенін түсінбеген шығар. Әрине, Үкімет әлеуметтенген медицинаны әрбір адамға медициналық қызмет көрсетудің жалғыз құралы деп сипаттаса, оппозицияның мақсаты - әлеуметтену денсаулық сақтауға үкіметтік бақылауға, медициналық мамандықтағы адамдарға стимулдың (ынтаның) жойылуына, үкіметтік бюрократизмнің шектен тыс өсуіне, яғни қаржының бекер жұмсалуына әкеліп соғатынын ашық түсіндіріп беру.

 

ОЛ-нен алынған контрмақсатты көрсетіп, оны Үкіметтің мақсатымен салыстыру ОМ Үкімет жоспарының зардаптарын түсіндіргеннен кейін, жаңа белгілі бір топтарға бағытталған жоспарлардың төмен құнды, төмен тәуекелділікте бола тұрып, өте нәтижелі болатынын көрсетеді (контр-кейстің құрылымы туралы толық мәліметті ОЛК-нен қара).

2. Оппозиция философиясын айқындау. Егер ОЛ философияны ұсынса, өз сөзіңізді ОЛ пайымдауларынан өрбітіңіз. ОМ-де дайындалуға және сөйлеуге көбірек уақыт болғандықтан, оны (уақытты) оппозиция идеалдарына арнау керек. Естеріңізде болсын, ОМ – ерекше тұлға, ол басқа ойыншыларға қарағанда пікірсайысқа мүлде басқа жақтан келе алады. Егер ПМ ОЛ мен ҮМ атысты окопта отырып жүргізсе, ОМ майдан алаңы үстінде дүрбімен шалқып жүреді. ОЛ ұсынған базалық құрылым сақталса да, ОМ шулы пікірсайыста байқалмай қалған пунктерге жауап бере алады.

 

Егер ОЛ философияны айтуды ұмытып кетсе (бірақ философия оппозицияда бүкіл уақыт бойы болды) – оны өз сөзіңіздің басыңызда келтіріп, оның Үкімет кейсіне не себепті қайшы екендігін атап өтіңіз. ОЛ-де философия болмаса, оны құрындар!

3. ҮМ сөзін сараптау. Кейсті ауыстыру: ПМК-нің ұсынған бастапқы кейсіне ҮМ-нің енгізген өзгерістерін іздеп отыру. Әрбір болмашы ғана ауыстыруларға назар аударып, пікірсайысты бастапқы кейске әкеліп отырыңыз (кейсті аустыру туралы толығырақ мәліметті ҮМК-нен қараңыз). Есіңізде болсын, Үкімет кейсіндегі кішкентай ғана ауыстырулардың арты үлкен зардаптарға әкелуі мүмкін. ҮМ-н бір сәт те демалдырмаңыз. Сіз де кейстің тұжырымдарына қараңыз және ҮМ мен ПМ-дің сөздерін салыстырыңыз.

Қарама-қайшылықтар: ҮМ-і мен ПМ-дің арасындағы кез-келген қарама- қайшылықтарды іздеңіз. Үкіметке деген сенімнің аз екендігін ерекше атап өтіңіз. Мысалы сексуалды шектеулерді қорғайтын кейсте ПМ былай деп айтты: “Өзін- өзі ұстамды ету – жыныстық жолмен берілетін ауруларға тосқауыл қоя алатын жалғыз ғана шара.” Одан соң ҮМ өз сөзінде: “ Өзін-өзі ұстау біз іске асыратын нақты шара емес екенін ескеріп, абай болу мен сексуалды жауапкершілікті еңгізуіміз керек” – дейді. ОМ осыны іліп алып, оларға былай деп сұрақ қояды: “Сонымен олардың нақты ұстанатын көзқарастары қандай? Алғашқысы өзін-өзі ұстау (ұстанушылық ) – “жалғыз нақты шара” десе, келесісі бұл ойға қарсы келіп, ұстанушылыққа сенім жоқ деп айтады”. Одан соң ОМ Үкіметтің өзі не қорғап жатқанын білмей тұрса, оған қандай сенім болуы мүмкін екенін ерекше атап өте алады.

Ұмытылып кеткен аргументтер (дәйектер): Төрешіге ҮМ жауап бермеген (не сізге қалдырған) пункттер шешім қабылдауға тірек болатынын көрсетіңіз. Есіңізде болсын, Үкімет де факто ПМК уақытында тікелей жауапқа ие болмаған тұстарды (моменттерді) сізге қалдырғанын ұмытпаңыз. Дегенмен, оппозицияның жауапсыз тастап кеткен дәйектері мен дәлелдері жеңісіне кепілдік бере алмайды (бұл Үкіметке де қатысты). Пікірсайыстың ең маңызды тұстарын қорытынды кезінде тек төреші ғана анықтай алады.

 

Ең тиімді (және ең сирек) пункттер – ол ҮМ сізге тастап кеткен пункттер. Мысалы, ҮМ былай деп айтты: “Әлеуметтену кезіндегі денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты маңызды мәселелердің болуына қарамастан, біздің ойымызша бұл жоспар қазіргі денсаулық сақтау назарынан тыс қалғандарға көмектесу керек”.

 

ОМ енді былай деп айтады: “ ҮМ “денсаулық сақтау ісінің сапасының жаппай төмендеуіне қатысты бірнеше маңызды мәселелер бар” екендігін мойындайды және де бұл олардың жоспарының нәтижесінде де болады. Егер бұл шынымен солай болса, олар істі мойындайды, онда бар жүйені құртып оны одан да нашар жүйеге ауыстырудың не қажеті бар, өйткені біз бүгінгі проблемалаларды еркін және арзанырақ шеше аламыз? Төреші, менің ойымша, біз бұл сұраққа жауап бере аламыз”.

4. Оппозиция Лидерінің бастапқы пункттеріне оралу, жаңа дәйектер еңгізу. ОЛ ұсынған дәйектерді қайталап, ҮМ-нің оған берген жауаптарының логикалық қателерге негізделетінін көрсету. Жаңа мысалдар өте маңызды, себебі ескі өлеңді ешкім де естігісі келмейді. Жаңашыл да оригиналды мысалдар жақсырақ болар еді. Маккартизмге сілтеме, Петлермен байланысты бір мысал, не күнделікті метафораларды (бірақ кейде шаблонды мысал жоққа қарағанда жақсы) көп қолдана бермеген дұрыс болар.

 

Әдетте, ең ұтымды мысалдар – өзіңіз ойлап тапқан шынайы гипотетикалық ситуациялар болуы мүмкін жағдайлардың ауызша моделдері т. с. с. Әлеуметтенген медицина ауқымында ҮМ ресурстар дефицитын көрсету үшін мынадай мысалды пайдалана алады: өз сәбиіне жедел түрде трансплантант қажет ететін ана оны 1 ай өз уақытын жіберіп күтуге міндетті емес.

 

Осы арқылы ҮМ төрешіге ауру адамның тарапынан әлеуметтенген медицинаның қалай болатынын, яғни, бар жүйеге еш қатыссыз адамдар қандай зардаптарға ұшырайтынын ашып көрсетеді.

 

ОМК – оппозицияның пікірсайысқа өзгеріс енгізуінің соңғы мүмкіндігі. Осыншама уақытқа ие бола отырып және ОЛ-нің адал көмекшісі болғандықтан, ОМ-де айтатын сөз көп болуы керек. Оң мен теріс жақтары бар тактикалар (“ОМ-н талқандау”) төменде ашылады.

5. Құлдыратушы труизмдерді тоқтату. Тәжірибенің нәтижесінде коллапсталған труизмдерді еңгіздіруді алдын алу жеңілдеу болады, бірақ нені іздеу керек және неге үңілу керектігін түсінуге көмектесетін арнайы кілттер бар.

“Х проблемасы жаман”. Бұл пайымдау көп рет және мынадай формада қолданылады: үйсіздік жаман, нашақорлық жаман, дискриминация жаман, т. с. с. Көптеген жағдайда Үкімет командасы проблема мен проблеманы шешу арасындағы шекті жойып жіберуге тырысады. Ол кезде сараптама сөзінде ПМ былай дейді: Х проблемасы бұл жаман, Х проблемасы жаман болғандықтан, Үкіметке дауыс беріңіздер, себебі біз бұл мәселемен бір нәрсе істегіміз келеді, ал оппозиция жоқ.”

 

Осындай логикадан шығудың ең жақсы жолы – Үкімет ұсынған жоспардан гөрі жақсы Х проблеманы шын мәнінде шешетін контрплан ұсыну (қараңыз “ОЛК контркейс”). Дегенмен бұл әрекет те толық нәтиже бере алмайды алмайды; себебі Үкімет ребатлда өзінің соңғы сөзін сөйлейді. Осылайша ОМ-не осындай аргументтің алдын алу, оны төрешіге түсіндіру, Үкімет міндеттерін қайта қарап, коллапсталған стратегияның әділ еместігін көрсету міндеті жүктеледі. Осының нәтижесінде оппозиция Үкіметтен найзағайды ұрлап алып, жаңбырдың астында қалуға қорықпайды.

Идеалистік тұрғы. Коллапсталған труизмге бұл тұрғыны анықтау қиынырақ. Оның кілті пікір- сайысқа ұсынылған кейстің түрінде жатыр: идеалистік және пассивті, “ Сіз – сенатор Игрек. Сізге Бюджеттің балансталған өзгеруінен өту үшін заң жобасын ұсыну керек”. “ Сіз – колледж студентісіз. Сіз студенттердің азаматтық құқықтары атынан петицияны беруіңіз керек”. “ Сіз Америка үшін Білім беруді қарастыруыңыз керек”.

 

Назар аударатын болсаңыз, бұл кейстердің ешқайсысы нақтылы іс-әрекетке шақырмайды және де Үкімет ребатл кезінде мұны пайдаға асырады: “ Біз тек қана Сіздің заң жобасын ұсыну арқылы өзіңіздің позицияңызға тұруыңызды қорғаймыз”. “ Петицияны ұсына отырып Сіз бұл мәселе туралы толғанатыныңызды көрсетесіз. Сізге азаматтық мойынсұнбау акцияларында қатыспаңыз деп ешкім айтпайды”. “ Америка үшін Білім беру ісін қарастыру біздің кейсіміздің мәнін құрайды. Бұған өзіңіздің өміріңіздің 2 жылын арнағыңыз келмесе, өзіңіз білесіз, бірақ таңдау жасауға міндеттісіз”.

 

Коллапс труизмнің бұл түрімен күресудің ең тиімді тәсілі – ОЛК-де оның алдын алу (қараңыз “Қорғаныс, “Алдын алу соққысы””), Үкіметтің шынайы кейс ұсына алмауы, нақтылықтың жоқтығына өз ренішіңізді білдіру ( Конгресс Бюджеттің балансталған өзгерісін қабылдау керек; студенттер өз азаматтық құқықтары үшін шеруге шығу керек; Сіз өзіңіздің 2 жылыңызды “ Америкадағы Білім беру ісі” бағдарламасына арнауыңыз керек). Сонымен қатар ОМ кейсті коллапсқа әкелетін айқын емес формулировкаларды, нақтылы емес пайымдауларды қарастырып, бұларды пайдалану әділетсіз екендігін түсіндіріп, Үкіметтің атқаратын міндеттерін талқылап ашу керек. Басқа сөзбен айтқанда, ОМ коллапсты ПМ оны қолдануға қорқатындай етіп көрсетуі тиіс.

«Оппозиция Мүшесін талқандау ( құлату)»

ОМ-нің кейбір жағдайда қолданатын тактикасы- ОМК кезінде өте көп жаңа дәйектерді “ үю”. ОМ-нің үміті бойынша ребатл жасауға ( Үкімет кейсін талқылаумен ОМ-нің жаңа дәйектеріне жауап беру үшін) 5 минуты бар ПМ жаңа 8-10 дәйекке қысқа уақытта жауап беру жүгімен талқандалып бітеді. “ОМ-н құлату” тиімді болумен бірге қауіпті де болуы мүмкін.

Раунд кезінде ОМ-нің ойына келген сараптаманың жаңа бірнеше пунктерін еңгізу жақсы да болар, бірақ оппозиция үшін оларды ОМК-де енгізу мен Үкіметке жауап беруге аз уақыт қалдыру мақсаты ұнамсыз (неэтичный) көрінер еді. Бұл айлалы тактикадан этикаға байланысты ғана емес, көптеген төрешілердің жоспарланған “құлатудың” қауіпін сезіп, ОЛК-де ұсынылған дәйектерге сенуден гөрі ОМК-де енген дәйектерге аз сенгендігі үшін мүмкіндігінше қашу керек. Одан басқа, “құлатуға” тап болған ПМ ұтылыс тапқан болып көрінуі және төреші тарапынан “кінәсіздік презумциясынан” ұтылып қалуы мүмкін.

 

“ОМ-н құлатуға” қатысты тағы бір практикалық мәселе. Көптеген жағдайда 8-10 “тәуелсіз” дәйек (немесе кілтті моменттер) іс жүзінде 1-2 идеяның семантикалық түрлендірулері болып табылады. Алғыр ПМ бұл фактті байқап, ұсынылған пункттерді 2-3 базалық тақырыпшылар аясына жинақтап, өзінің ребатлында оларды «көптеп» терістеуге мүмкіндік алады. Бұл жақсы жағынан көрсетіп қана қоймай (оппозиция мұны мүмкіндігінше болдырмауы керек), ОМ-нің төрешіні алдап жатқандай әсер қалдырады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Дебатқа – жеңіске жетсем екен деген оймен емес, мол ақпарат пен тәжірибе жинақтаймын деп келген адам ғана, нағыз жан-жақты тұлға болып қалыптасады

СТУДЕНТ ЖАСТАР ОДА Ы... Жастар а пікір сайыс ойыныны... Діс т сілдерін йрететін...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Оппозиция мүшесінің міндеттері.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Кіріспе
Американдық Парламенттік Формат (АПФ) – бұл қиял парламентіндегі дәйектердің, тапқырлықтың және риторикалық қасиеттердің сайы

Спикерлер және олардың сөздері
Премьер-Министрдің конструктивті сөзі (ПМК) 7 минут Қарармен таныстырады. Өз кейсі туралы нақты және д|

ПРЕМЬЕР – МИНИСТРДІҢ (ПМ) КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ
ПМ міндеті – конструктивті сөзінде Қарар терминдеріне анықтама беру және пікірсайыстың барысын анықтайтын кейс (дәйектер мен дәлелдердің жиынты

Тікелей байланыс
Егер Сіз қарармен тікелей байланысты таңдайтын болсаңыз, онда сіз қарарда айтылған мағына бойынша ғана пікірсайыстыра аласыз. Ал түсініксіз болғ

Тығыз байланыс
Тығыз байланыс кезінде Үкімет тікелей Қарар бойынша пікір сайыстыруға міндетті емес. Қарар жобалайтын тақырып пен қақтығыс көрсетуші кейс

Байланыстың жоқтығы
Егер кейс пен қарар арасында байланыс болмайтын болса, онда үкімет өзі қалаған кез келген кейсті ұсынуға ерікті. Қарар тақырыбын айқындай

Кейсті дайындау
Әдетте қарар раунд басталғанға дейін 15 минут қалғанда жарияланады. Осылайша Үкіметтің кейсті жоспарлауға, оны қарармен байланыстыруu

Талаптандыратын кейс
Талаптандырушы кейс өмірдегі белгілі бір мәселені анықтап, оны шешу үшін жасалған іс-әрекет жоспарын ұсынады және оны қорғайтын топ Парла

Философиялық (құндылықты) кейс
Осы кейс бойынша Үкімет белгілі бір философиялық (құндылықты) позицияны ұсынып, оны қорғайды. Философиялық кейсте нақты іс-әрекетте

Уақыт пен кеңістікте құрылатын (УК) кейс
Уақыт пен Кеңістікте Құрылатын Кейсте спикер шынайы өмірдегі кім екеніне қарамастан өзге бір объект, адамдар тобы, адамның орнына қояды. Ү

Негізгі түйіндер
Сөз басында ПМ дәйектерге олардың атауы бойынша шолу жасайды. Барлық дәйектердің негізгі түйіндері аталғаннан соң, оларға қайта шол

Орытынды
Сөз соңында спикер сөзіне қайта оралып, барлық айтқандарын тағы бір рет шолып өтуі тиіс. Қарарға екінші қайтара сілтеме жасау с

Ақтығыс
Оппозиция Лидерінің міндеті – қақтығысты қамтамасыз ету, яғни Үкімет ұсынған ұстанымға қарама-қарсы көзқара

Болжам мен анықтамалар – бірден сеніп қалмаңыздар
Ең алдымен Үкімет кейсінің базисінен, яғни негізінен бастаңыздар. Үкімет кейсінің (ұстанымының) қандай болжамдарға сүйеніп от

Оппозиция философиясы
Үкіметтің негізгі ойлары мен тұжырымдарын естігеннен кейін, Оппозиция өзінің философиясын анықтап жариялауы керек. Аты айтып тұрғандай Оппозиция фило

Контркейс
Мысалы, Үкімет мынандай бір тұжырым жасаған болсын: «Америка Құрама Штаттарында қару-жарақ сатуға тиым салу керек». Тура шаба жөнелетін жә

Толықтырулар
Егер Оппозиция Премьер-министр аталған критерилерді (тавтология, арнайы білімді қажет ету, труизм) бұзатын кейс ұсынды деп санаса, онда Оппозиция Лидері сөзінің

Арнайы білім
Арнайы білімнен қорғанудың Оппозиция қолдана алатын екі түрі бар. Біріншісі – білімдерінің жетпейтіндіктерінен пікірсайыстыра алмайтындығы туралы ойнай алм

Байланыс
Егер Оппозицияның пікірі бойынша Үкімет Лидері қарарға байланыссыз кейс ұсынды деп санайтын болса, онда ОЛ сөзінің алғашқы минутында оны хабарл

КІМЕТ МҮШЕСІНІҢ КОНСТРУКТИВТІ СӨЗІ
Премьер-министрдің сөзі қаншалықты конструктивті болса, Үкімет Мүшесінің сөзі соншалықты сыни болады. Үкімет Мүшесі конструктивті с

Міндеттер мен стратегиялар
Раундтың қалған бөлігі Үкіметтің артықшылығымен өтуді қамтамасыз ету. Басқа сөзбен айтсақ, пікірсайысты Ү

Оппозиция дәйектерін жою немесе тыс қалдыру.
Мысалы, өлім жазасына байланысты қарастырылған кейсте Оппозиция Лидерінің сөзінде мынандай дәйек келтірілген болсын: «Қылмыскерлерді қамауда ұс

Барлығы да дұрыс болса
Барлығы да белгіленген жоспардан еш ауытқусыз жүріп жатқан болсын. ПМ кейсті анық белгілеп берді. Оппозиция оны қабылдап, Үкімет Мүшесінен келесі 

Барлығы ойдағыдай болмаған жағдайда
Әдетте керемет сайыскерлердің де қателіктерге ұрынып жататындығы болып жататын жайттар. Барлығы сол бір әттеген-айға барып тіреледі. «Шіркін, қ

Сақтануды қажет ететін екі тактикалық әдіс.
Келесі екі әдіс (технология) әділ және опасыз болғандықтан оларды пайдаланбаған дұрыс және сақтанып жүріңіздер. №1

Стратегия
Нағыз зұлымдық дегеніміз не? Үкімет айтқан қайғылы оқиғалардың орнына қалыптасқан жағдайдағы м&#

Мақсаттар
ОЛ-нің мақсаты – Үкімет кейсін нақты жинақтап, оның негізгі кемшілігін көрсетіп беру, оппозиция кейсін нығайтып, ОЛК-де және ОМК-гі мәсел

Жаңа аргументтер
Ребатлда жаңа дәйектерді енгізуге тиым салынады, алайда жаңа мысалдар тек тиімді болады. Шын мәнінде, егер сараптау аймағы конструктивті сөздерде ұсынылмас

Стратегия
«Жаппай соғыс - өліммен пара-пар» Әсіресе егер сіз «Оппозиция Мүшесінің құлату тактикасына тап болған ПМ болсаңыз, он

Ребатл техникасы
Ребатл техникасының түрлері сансыз көп, төмендегілері ең кең таралғандары. Олардың бәрін бір сөзіңізге жинақтауға тырыс

Жинақтау
ОЛ мен ОМ сізге “сараптаудың 14 жеке деңгейін” ұсынуы мүмкін, дегенмен өзіңізді қапыда қалдырмаңыз. Көптеген жағдайда аталған

Кешірімсіз қателіктер
Жоғарыда көрсетілгендей байқалмай кеткен дәйектер раундтың басты пунктіне айналуға бейім. Егер сіз енгізген дәйекті қарсылас топ жіберіп алса, онда б

Сұрақтар (“point of information”).
“Сұрақ” –нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағытталған сұрақ немесе пайымдау (утверждение)

Тәртіп бұзу
Тәртіпті бұзу – басқа топ өкілі сөйлеп жатқан кездегі пікірсайысшымен ұсынылатын пікірсайыс ережелерін бұзуға деген қарсылық. Т

Технология
“Флоушит” – пікірсайыстың маңызды техникаларының бірі, бұл пікірсайыс раунды кезінде әртүрлі түйіндеу, сілтеулер, жауаптар мен дәйектерді бақыл

Тыңдаушылармен байланыс
Сіздің алғашқы парламенттік пікірсайысыңыз үлкен аудитория алдында өтпейтін (өтпеген) шығар. Бөлмеде 6-7 адам отыруы мүмкін. Осы кезде сі

Ым (жест) мен қолдың қимылы
Қолдың қимылын маңызды пункттерді ерекше көрсету үшін қолдану керек, бірақ оларды тым артық қимылдата беру пайда әкелмей, тек сізді

Жалпы қобалжу
Төреші мен басқа топтан қорықпаңыз. Көптеген төрешілер – сіз сияқты студенттер. Егер қателессеңіз, ұялмаңыз. Егер сіз сө

Төрешілік
Пікірсайыстық жарыстың мақсаты – сендіру. Сендіру нысаны – сіздің төрешіңіз. Төреші раундтың жалғыз және өкілетті арбитрі, оныv

Терістеу
Белгілі бір мәселеде өз көзқарасыңызды білдіру жеткіліксіз, қарсыластардың дәйектеріне тікелей қарсы тұрғаныңызға к

Стиль мен риторика
Дәйектерді ұсыну мәнерінің маңыздылығы дәйектердің өздерінен кем емес. Тізбектелген, нақты әрі сенімді сөз төрешілерге

Спикерлік ұпайлар
Раундқа берілген бағамен қатар төреші әрбір спикерге 1 ден 30 ұпайға дейін “спикерлік ұпай “ береді. Өзінің атына қарамастан спикер

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги