рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы. - раздел Философия, Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы Мемлекет – Басқару Функциясын Орындайтын Және Соның Кө...

Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.

Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.

Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.

Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады.

Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).

Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.

Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап).

Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі.

Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Кұқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы

Аза стан Республикасы Конституциялы Ке есіні м ртебесі... Конституциялы Ке естi Т ра асы мен... Конституциялы Ке естi Т ра асы мен м шелерi мемлекеттi лауазымды...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Ық және мемлекет ұғымдарының анықтамасы және арақатынасы.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Ықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принципт

Азаматтық қоғам.
Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады. Азаматтық қ

Мемлекеттің мәні және әлеуметтік функциясы.
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттің мәні оның

Мемлекет нысаны (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым, саяси режим).
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады. Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны

Мемлекетті басқарудың нысаны
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғ

Мемлекеттің саяси режимі
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістеренің жиынтығы. Саяси режимдердің түрлері: а) демокр

Мемлекеттің белгілері.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық баскару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу ап

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм

Ық бұзушылықтың ұғымы және құрамы
  Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы ә

Ықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері
Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқық

Субъективті құқық және заңдық міндет.
Егер қо-ғамдық қатынастар құқықтық қатынастардың материалдық мазмұны болып табылса, субъективтік құқы

Ық бұзушылықтың түрлері.
Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (|

Заңдық жауапкершіліктің ұғымы және белгілері.
Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрле

Заңдық жауапкершіліктің түрлері
Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрле

Р Президентiнiң өкiлеттiгi
Қазақстан Республикасының Президентi: 1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының нег

Парламент депутаттарының мәртебесі.
1. Парламент депутатының өкiлеттiгi оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретiнде тiркеген сәттен басталады. Парламенттiң бiрiншi сессия

Сот билігінің ұғымы.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және за

Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекіт

Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар жеке құқық

Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
Азаматтық-құқықтық қатынас – бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. Я

Азаматтық құқықтық қатынастардың мазмұны.
Азаматтық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi құра

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүлiктiк игiлiктер

Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
Меншік, шаруашылқ жүргізу немесе жедел басқарк құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша

Ыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік.
1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игi

Кімшілік құқықтың құқық жүйесіндегі орны.
Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық ж

Кімшілік жазалардың мақсаты, түрлері, мәжбүрлеу шаралары.
мемлекеттік басқару аясында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құ&

Кімшілік құқықтың қайнар көздері.
Әкімшілік құқықтың қайнар көздері – бұл басқару қатынастарының субъектілерінің мінез – құлық ережелер

Кімшілік құқықтық қатынастар.
Әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқықтық нормамен реттелінген басқарушылық қо&#

Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.
мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымд

Алименттік қатынастар.
Алимент төлеу (алименттің мөлшері, оны төлеуді шарттарымен тәртібі) туралы келісім алиментті төлеуге міндетті адам мен оны алушы адам арасында, ал алиментті т

Р прокуратура органдарының конституциялық мәртебесi.
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституциямызда және Президенттің 1995 жылғы «Қазақстан Республикасының про

Р Ұлттық қауіпсіздік органдары.
Ұлттық қауіпсіздік органдары — Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып т

Сот төрелігі және оның қағидалары.
Сот — әділеттілікті жүзеге асырушы орган. Сот әділдігі — қылмыстық және азаматтық істерді қатаң түрде заңға сәйкес

Аржы полициясы және оның атқару қызметі.
Қаржы полициясы - Заңмен белгіленген өкілеітіктері шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы

Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін т

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері.
Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында қалыптасып, қоғ

Еңбек құқының әдістері
Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері төрт негізгі белгілермен сипатталады: Еңбек қатынастарының орталықтанға

Салаларынан ерекшелігі
Еңбек құқына ұқсас құқық салалары болып азаматтық құқық, әкімшілік құқы қо

Жеке еңбек шарты.
Жеке еңбек шартында: 1) тараптардың реквизиттерi: жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс бе

Ылмыстық жазалардың жүйесі мен түрлері.
Қылмыстық жаза соттың үкімі б/а тағайындалатын мем/к мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жазаның мақсаты – құқ/қ &#

Жер құқық қатынастарының түсінігі.
Жер құқық қатынастары(ЖҚҚ). Жер құқығы дегеніміз-жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, қ

Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.
Жер құқығы-жер құқық қатынастарын реттейтін құқықтақ нормалар жиынтығы.жер қатынастарының объек

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги