рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін

Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін - раздел Образование, Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді Аллаһ Тағала Адамдарға өз Кітабын Тура Жолдың Б...

Аллаһ Тағала адамдарға өз Кітабын тура жолдың басшылығы ретінде түсіргенге дейін, адамзат Өздерінің Раббысының разылығына қалай қол жеткізуге болатындығына қатысты надандықта болатын. Адамдар Аллаһ Тағала оларға разы болып, оларға қахарланбауы үшін қандай сөздерді айтып, қандай істерді істеу қажеттігі туралы білмейтін. Олар өздерінің жорамалдарына негізделіп және өздері мен ата-бабаларының тәжірибелеріне сүйеніп, үнемі сүрініп және адасып өмір сүретін. Олар өздерінің пікірлері мен жорамалдарына негізделіп, амалдар жасайтын және осы амалдарымен өздерін Аллаһқа жақындап жатырмыз деп ойлайтын, ал іс жүзінде барған сайын Одан алыстайтын.

Аллаһ Тағала бұл туралы былай деді: «Олар қашан бір арсыздық істесе: «Аталарымызды осы жолда таптық, мұны бізге Аллаһ бұйырды», - деді. (Мухаммед): «Шынында Аллаһ арсыздыққа бұйырмайды. Аллаһқа білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма?» - де».(7:28)

Сондай-ақ Ол: «(Мухаммед): “Сендерге амалдары бойынша ең үлкен зиянға ұшыраушылардың хабарын берейін бе?” - де. Олар - дүниедегі тырысулары зая кеткендер. Өздері болса: “Рас, жақсы іс істедік”, - деп ойлайды»,- деген. (18: 103)

Аллаһ Тағала былай деді: «(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да шайқасу парыз етілді. Бір жек көрген нәрселерің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселерің сендерге жаман болуы да мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер».(2:216)

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерінің үйінің жанына үш кісі келіп, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһқа қалайша ғибадат ететіні туралы сұрай бастады. Оларға ол туралы айтып бергенде, олар мұны жеткіліксіз деп санады да: «Бізге Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жету қайда, оның бұрынғы күнәлары да, болашақ күнәлары да кешірелген!» - деді. Содан соң олардың біреуі: «Маған келер болсақ, мен әрбір түнді (түгелімен) намаз оқумен өткіземін», - деді. Басқасы: «Мен үнемі (үзбей) ораза ұстаймын», - деді. Үшіншісі: «Ал мен әйелдерден аулақ боламын және ешқашан үйленбеймін», - деп айтты. Біраз уақыттан соң олардың жанына Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын) келді де, оларға: «Осындай-осындай нәрселерді айтқан сендер ме? Аллаһтың атымен ант етемін, мен сендерден де көбірек Аллаһтан қорқамын және сендерден көбірек Одан үрейленемін. Алайда мен кейбір күндерде ораза ұстаймын, ал басқаларында мұны істемеймін, түннің бір бөлігін намазбен өткіземін, ал басқа бір бөлігінде ұйықтаймын, және әйелдермен некелесемін. Кім менің Сүннетіме ілескісі келмесе, оның маған қатысы жоқ!»- деді». Хадис сенімді (сахих);Бухари 5063; Муслим 1401; Ахмад 13534 тағы да басқалар.

Біздің осы хадистен түсінетініміз – бұл үш сахабаның осы амалдарды орындауға кіріссе, міндетті түрде Аллаһтың разылығына қол жеткізетіндігі туралы шешім қабылдағандары. Алайда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олар Аллаһтың разылына тек Аллаһтың Елшісіне қатаң түрде ілессе, әрі ол шектелген нәрсемен шектелсе және тіпті олар осы амалдарын игі әрі тым болмағанда оларда ешқандай жамандық жоқ деп ойласа да, Пайғамбардың алып келген дініне, яғни Сүннетіне ешнәрсе қоспаса ғана қол жеткізе алатындығын түсіндірді. Ал егер олар Сүннетке мойынсұнбаса және шариғат орнатқан шекараларды бәрібір аттап өтсе, онда Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұндай жағдайда олардың оған ешқандай қатысы болмайтындығын анық мәлімдеді. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамнан жай ғана теріс қылықтар үшін бас тартпайтын. Сондықтан фиқһ ғалымдары Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бас тартқан амалды үлкен күнә деп атайды.[1]

Енді мен оқырманның назарын маңызы кем емес бір жайтқа бұрғым келеді. Шын ықыласпен Аллаһтың разылын көздеп, бірде-бір күн қалдырмастан, үзбей ораза ұстайтын адамды кездестірдіңіз деп елестетіңіз. Ол жаздың ыстық күндерінде де, жұмыстың ауыр сәттерінде де ораза ұстай береді. Ол «Аллаһтан ең жақсы сый аламын» деп үміттенеді және: «Аллаһ пен Оның Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқалардан артық жақсы көремін», - деп есептейді. Ол өз ойында оразаның артықшылықтары туралы аяттар мен хадистерді үнемі сақтап жүреді, әрі өзінің әрекеттерінде ешбір жамандықты байқамайды. Егер сіз оған ауыр күнә жасап жатқандығын және Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қатысы жоқтығын айтсаңыз, ол сізге не деп жауап беретінін енді бір сәтке болса да елестетіңізші. Ол сізге былай деп жауап береді:

1. Қалайша ораза ұстау үлкен күнә болуы мүмкін?

2. Ал ораза ұстағанға берілетін сауап және оның артықшылықтары туралы хадистермен не істемекпіз?

3. Осыда не жамандық бар?

Оның сұрақтарына жауап былай болмақ:

1. Өз негізінде ораза ұстау - күнә еместігінен бөлек, адам жасай алатын ең жақсы амалдардың бірі болып табылады. Алайда адам оразаны үнемі, күнде, арасын үзбей ұстаса, онда ол Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған амалға айналады.

2. Бұл хадистерге біз иман келтіреміз, алайда олар біз жоғарыда келтірген хадиспен шектеледі.

3. Бұл іс-әрекет сырттай игі және зиянсыз болып көрінгенімен, іс жүзінде көптеген жаман салдарға ие. Бұл амал (яғни арасын үзбей күнде ораза ұстау) адамның ағзасын артықша әлсіретеді, әрі оның салдарынан адам ғибадаттың намаз, қажылық т.с.с. басқа да түрлерін орындау қабілетін жоғалтады. Адам қоғамның, ата-анасының, әйелдерінің, балаларының, көршілерінің т.б. алдындағы борыштарын өтеу қабілетінен айырылады. Оның әрекеттері оны өзі-өзімен тамсануына және ол өзін өзгелерден жақсырақ деп ойлауына әкеп соғады. (Ал барлығынан сорақысы - ол осыншәма қиындықтармен өз басына сауап емес, күнә алатыны, өйткені ол Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шығып, ол істемеуге бұйырған амалды істеді. Ал кім Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қарсы шықса, оның амалдары да зая, көтерер күнәсі мен жазасы да қорқынышты, Аллаһ бізді мұндайдан сақтасын. – Аудармашыдан.)

Ал мәулітке келер болсақ, оның жақтаушылары да осы үш сұрақпен дәйек келтіреді. Оларға жауап, Аллаһтың рұқсатымен, әлі кітабымызда келтіріледі.

Әнас ибн Мәлик былай деп баяндайтын: «Бірде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі баласы қолынан жетектеп келе жатқан бір шалды көрді де: «Оған не болған?» - деп сұрады. Олар: «Бұл шал: «Жаяу жүремін және жануарға мінбейбін», - деп Аллаһқа нәзір (уәде) берген», - деп жауап берді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ оның өзін қинауына мұқтаж емес», - деді де, содан соң оған (жануарға) мінуді бұйырды». Хадис сенімді (сахих);Муслим 1642.

Хадистен көрініп тұрғандай, бұл шал өзін қинау арқылы «Аллаһқа жақындаймын» деп ойлады. Бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамның қиналғаны өздігінше Аллаһтың разылын алуға себеп болмайтынын түсіндірді. Аллаһ Тағала ауырлық пен қиналуларға, олар тек парыз немесе мустахаб амалдарды орындау барысында ғана төзімділікпен бастан өткізілген болса ғана, сауап береді.

Бұл хадис сондай-ақ осы адамның егде жаста, үлкен өмірлік тәжірибеге ие болса да, бірақ, соған қарамастан, бұл тәжірибе оған Аллаһтың разылығын алудың дұрыс тәсілін көрсетпегеніне де нұсқайды. Сондықтан да бұл дінде Аллаһты жақсы көру және игі болып көрінетіннің бәрін істеу ғана жеткіліксіз болып табылады, бірақ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге түсіндіріп берген жолға қатаң түрде ілесу қажет.

Аллаһ Тағала былай деді: «(Мухаммед) оларға: «Егер Аллаһты сүйсендер, онда маған ілесіңдер. Аллаһ сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Аллаһ аса Жарылқаушы, ерекше Мейірімді», - де»(3:31).

Сондай-ақ Ол: «Расында, сендер үшін, Аллаһты да, Ақырет күнін де үміт еткендер және Аллаһты көп еске алған кісілер үшін, Аллаһтың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деді(33:21).

Оқырман осы тарауды оқып болған соң өзі үшін өте маңызды қорытынды жасауы қажет. Оның мәні мынада: ешкім өз амалын жай: «Осы амал жамандыққа алып келмейді және онда ешқандай жамандық жоқ», - деп ойлағандығынан ғана: «Осы амал игі болып табылады», - деп мәлімдей алмайды.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Және не үшін ханафи мазһабын ұстанушылар оны өткізбейді

М уліт дінге енгізілген е ауіпті... Ж не не шін ханафи маз абын станушылар оны ткізбейді...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Тарау. Кітап түсірілгенге дейін адамдар Аллаһтың разылығына қалай қол жеткізуді білмейтін

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Кіріспе
Ақиқатында, барлық мақтауға жалғыз Аллаһ қана лайық. Біз Оны ғана мадақтаймыз, әрі Одан ғана көмек пен кешірім с&

Тарау. Кез келген жүрек ақиқатты қабылдауға дайын бола бермейді
Аллаһ Тағала былай деді: «Міне, осы Кітапта күдік жоқ, (ол) тақуалар үшін тура жол көрсетуші»(2:2). Имам ә

Тарау. Содан соң Аллаһ Тағала тура жолдың басшылығы ретінде Кітапты түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Алиф. Ләм. Ра. (Мухаммед) бұл Құран - адамдарды, Аллаһтың рұқсатымен, қараңғылық

Тарау. Аллаһ Тағала Құранмен бірге сол Құранды түсіндіретін Сүннетті де түсірді
Аллаһ Тағала былай деді: «Саған да адамдар үшін түсірілгенді ашық баян етерсің деп, Құранды түсірдік. Әрине, олар түс

Сондай-ақ әрбір нәрсеге толық түсіндірме бердік»(17:12).
Осы аяттардан біз «Аллаһ Тағала не жеке, не жалпы аяттармен және хадистермен мәнін түсіндірмеген бірде-бір зат жоқ» деген қорытынды шығарамыз. Сонды&

Тарау. Аллаһ Тағала бізге Құран мен Сүннетті сахабалар түсінгендей етіп түсінуді бұйырды
Аллаһ былай деді: «Мухажір, ансарлардан алғашқы иман келтіргендерден және жақсылықта оларға ілескендерден Аллаһ разы болды. Әрі олар да

Тарау. Аллаһ Тағала Өзінің Кітабын және Сүннетті бұрмалаулардан сақтап қалуды уәде етті
Аллаһ былай деді: «Расында Ескертуді Біз түсірдік әрі Біз оны қорғаушымыз». (15:9) Бұл аятта «Ескерту» дегенде тек Құран &#

Негізінен Аллаһ тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді»(4:40).
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас АллаһЕлшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқатында, Аллаһ адамдардан білім

Тарау. Діндегі жаңалық (бидғат) деген не және оның зияны неде?
Діндегі жаңалық (бидғат) – Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалардың кезінде кезінде олардың А

Тарау. Келіспеушіліктер орын алғанда неге оралу (қайту) керек?!
Аллаһ былай деді: «Аллаһқа әрі Елшісіне бой ұсыныңдар да, өзара жанжалдаспаңдар»(8:46). Бұл аят

Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау
Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «Әл-Хужжа» 2/484. Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бид

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.
Жауап: Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін кел

Дәйек.
Пайғамбар дүйсенбі күні ораза ұстаған, демек ол өзінің туған күніне көңіл бөлген.Ибн әл-Хаж «әл-

Дәйек.
Ибн Аббас былай деп баяндайтын: «Аллаһтың Елшісі Мәдинаға келгенде, ол яһудилердің Ашура күні ораза ұстайтындарын көрді.[11] Пайғамбар (о

Ал Раббың ұмытпайды»(19:64).
3. Егер қасиетті мәтіндерге зейін қойып қарасақ, барлық жерде Аллаһ Тағала бізге Өз Пайғамбарын жібергенінің рахметіне нұс

Дәйек.
Сопылар сондай-ақ Ибн әл-Жәзаириден келген мына оқиғаны дәлелге келтіреді: «Бір адамның түсіне Аллаһтың жауы Абу Ләхаб кіріпті. Ол

Мәуліт жақсы (хасана) бидғат болып табылады.
Жауап: 1. Діндегі жаңалықтарды (бидғаттарды) жаман және жақсы деп бөлу қате болып табылады, өйткені дінде жақсы бид&#

Абу Бакр әс-Сыддық Құранды тұтас кітап етіп жинақтады.
Сұрақ:не үшін Абу Бакр Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істемеген істі істеді? Әрі не үшін сендер осы

Жұма намазына Усман ибн Аффанның енгізген алдын ала шақыру азаны.
Ғалымдардың Усман ибн Аффан енгізген бұл азанға қатысты айтқан сөздері «бұл – бидғат және оны істеу рұқсат етілмейді» дегенге

Умар ибн әл-Хаттаб адамдарды бір имамның артынан ұйып тарауих намазын орындау үшін мешітке жинай бастады.
Тарауих намазын мешітте жамағатпен бірге бір имамның артынан ұйып оқу Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сөзіме

Дәйек.
Мәулітті өткізу біздің Аллаһ Елшісін (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүйетінімізге және оны ұлықтауымыз

Дәйек.
Жәбир ибн Абдилләһ әл-Бәжали былай деп баяндайтын: «Бірде, күннің енді басталған шағында, біз Аллаһ Елшісімен (оған Аллаһт

Дәйек.
«Ғалымдардың кейбіреулері мәулітті өткізуге рұқсат берді. Олардың арасында: Хафиз Ибн Хәжар (қз.: «әл-Хауи фил-Фәт

Христиандарға ұқсап-еліктеу.
Христиандар ғана Исамен (Иисуспен) немесе олардың «әулиелерімен» белгілі оқиғалар орын алған күндерді атап көрсетіп, оларға ерекше мәртеб

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) не болғанын да, не болатынын да біледі» деген сенім.
Ғафлауидің «Нәжму р-Рахман» (75-бет) деген кітабында былай деп айтылады: «Ақиқатында, Аллаһ Тағала ардақты Елшісіне алғышқылар мен со&

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) білімі бүкіл болмысты қамтиды» деген сенім
Мұны әл-Мурад Абади өзінің «әл-Калима әл-Улә» (14-56) деген кітабында айтады. Мынау сол кітаптан алынған үзінділердің бірі: «Пайғ

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) барлық нәрсе туралы білімге ие» деген сенім.
Бұл туралы әл-Казыми «Таскин әл-Хәуатыр» (52-53-бет) деген кітапта мәлімдеген. Дәлел ретінде ол Аллаһ Тағаланың «Ол барлық н|

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) болмысты басқарады» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін көптеген жиындарда мынандай нәрселер айтылады: 1. «Пайғамбар адамның кез келген мәселелерін шеше алады, ө

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» деген сенім
Мәулітке байланысты өткізілетін жиындарда «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адам емес, нұр болған» дегенді естуге де болады.

Тарау бойынша қысқаша қорытынды
Мен осы бұзық сенімдер туралы тарауды және Пайғамбарды (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шектен тыс артық ұлықтаудың

Тарау. Мәуліттің қатысушыларына ықыласты кеңес-насихат
Аллаһ Тағала мұндай іс-шараларды өткізуге ғана емес, сондай-ақ оларға қатысуға да тыйым салады. Өйткені бұл адасушылық жолына

Сөгіске лайықты нәрсені сөгу және оған өз келіспеушілігіңді білдіру міндетті болып табылады.
Аллаһ былай деп айтты: «Сендерден жақсылыққа шақыратын сондай-ақ жақсылықты бұйырып, жамандықтан тосатын бір топ болсын. Міне сол

Ашық түрде жасалынып жатқан сөгіске лайықты амалға ашық түрде сөгіс білдіру қажет.
Бұл – әһлю-Сунна уәл жәма’аның жолы. Барлық замандарда ашық түрде жасалатын бидғаттар мен күнәларға ашық жә

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги