Реферат Курсовая Конспект
БСК механизмін қолдану мысалдары - раздел Образование, Сурет. Дайын П.а.теснер Мен И.с. Рафалькес Жасаған Катализатор Бетінде Көмірсу...
|
П.А.Теснер мен И.С. Рафалькес жасаған катализатор бетінде көмірсутектердің термиялық ыдырауы барысында көміртектің түзілу кинетикасын зерттеуге арналған алғашқы жұмыстардың бірінде айтылған пікір бойынша «көмірсутектердің термиялық ыдырауы қатты көміртек түзілу арқылы жүреді, яғни жаңа қатты фазаның пайда болу процесі арқылы жүреді және бұл процесті көміртектің түзілу процесін зерттемей білу мүмкін емес». Осы жұмыстың жалғасы нәтижесінде Буянов және оның қызметтестері көміртекті тұнбаның түзілуінің карбидті механизмін ұсынды.
Бұл механизм бойынша көмірсутектер мен тотықтар әрекеттескенде металдар тотықсызданады, ал келесі кезекте олар көміртегімен әрекеттесіп карбидтер түзеді.
Соңғылардың ыдырауы қайтадан металл мен бос көміртектің түзілуін әкеледі, осының нәтижесінде әртүрлі құрылымды көміртекті заттар түзіледі (4.5б сурет).
Темір және басқа да металдар үшін карбидті циклдің реакциялары белгілі:
4.2.2Антверрен университетіндегі Северин Амелинкс пен оның қызметтестерінің оралған және спиралды нанотүтікше туралы жұмыстары өте жақсы жасалған. Спирал тәрізді оралған кейбір түтікшелердің кейбірінің суреттері 4.6 және 4.7 суретте көрсетілген. Амелинкс және басқалар мұндай түтікшелердің өсуін каталитикалық бөлшек перифериясы және өсу жылдамдығының векторы айналасында активті орындардың геометриялық орналасу нүктесіне байланысты талдайды. Қарапайым жағдайда активті орындардың геометриялық орналасу нүктесі – бұл шеңбер, ал экструзия жылдамдығы тұрақты, сондықтан тұрақты жылдамдық кезінде түзу түтікше өседі. Егер каталитикалық активтілік шеңбер бойынша өзгерсе және де бұл кезде векторлар активті орындардың геометриялық орналасу нүктелеріне параллель емес жазықтықта орналасса, онда нәтижесінде қисық түтікше түзіледі (4.7- сурет).
4.7- сурет. Спиральді нанотүтікшенің жоғары мүмкіндігі бар микросурет.
Әрине, активті орындардың геометриялық орналасу нүктесі тәжірибеде шеңбер емес және бұл құрылымның күрделенуіне алып келеді. Амелинкс және басқалар Эллипс болған жағдайды қарастырады, бұл кезде каталитикалық активтілік эллипс бойынша өзгергенде спиралды түтікше өседі. (4.8- сурет)
4.8- сурет. Кобальтты катализаторда ацетиленді ыдыратқанда гелткоидальді нанотүтікшелердің түзілу мысалдары.
– Конец работы –
Эта тема принадлежит разделу:
ткен асырды то саныншы жылдары наном лшерлі б лшектерге деген сураныс к рт сті Ол ылымда... рылысты наноде гей дисперсті ж йелердегі тек бір... Нано онды т біріні зі гректі с зінен...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: БСК механизмін қолдану мысалдары
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Твитнуть |
Новости и инфо для студентов