рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Сурет. Пеш үлгісі.

Сурет. Пеш үлгісі. - раздел Образование, Сурет. Дайын 7. Көмір Графитті Материалдардың өнеркәсіптік Дамуына...

7. Көмір графитті материалдардың өнеркәсіптік дамуына кремний карбиді өндірісі бойынша пештердің жұмыс істеуі мен жасанды графитті электротермиялық алу әдісін зерттеу негізіндегі Г.Агесон (1896 ж., АҚШ) және Жирар мен Стрее (1893 ж., Франция) жаңалығы үлкен үлес қосты. Бұл электрографитті электроторлар өндірісіне ауысуға, олардың электрөткізгіштігін арттыруға, майлағыш қасиеттерін жақсартуға және электрмашиналарын қолдану коэффициенттерінің күрт өсуіне мүмкіндік берді. Электр торларының ұшқынсыз жұмыс істеуіне және кемелік двигательдердің пракатты стандары, еспелі винттері және турбогенераторының жетектерінің ірі электрогенераторлары мен электродвигательдерін жасау үшін, электролиздері мен теміржол локомативтерінің генераторы үшін, авиация мен космос үшін қолданылуы ұзақтығына байланысты қиыншылық болды. Бұл мәселені наноқұрылымдалған заттар, НҰ және УДҰ қолдану арқылы нанотехнологияларды қолдану арқылы шешу мүмкін болды.

8. Сорбенттер. Металлургия, тағам өнеркәсібі, медицина және өнеркәсіптің басқа да салаларына жыл сайын мыңдаған тонна сорбент қажет олардың көп бөлігі шетелден әкелінеді. Бұл онсыз да арзан емес сорбциялаушы заттың қымбаттауына әкеледі және оларды қажет мөлшерде қолдануға мүмкіндіктерін бермейді.

Перспективті бағыттардың бірі селективті және жалпы қолданылатын сорбенттерді жасап шығару болып табылады. Қазіргі кезде әль-фараби атындағы ҚазҰУ-нің «химиялық физика» кафедрасы мен жану мәселелерінің институты зертханаларында ауыл шаруашылығы (астық, бақша және жабайы өсетін өсімдіктер өндірісі) қалдықтарын карбонизациялау және әр түрлі минералды шикізатты (саз, жылуэнергетикалық және тау-кенді комплекстерінің қалдықтары: күйе, хромитті және бокситті шламдар және т.б.) көмірлендіру негізінде көміртекқұрамды наноқұрылымдандырылған сорбциялаушы заттарды алу және оларды түрлі салаларда қолдану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Алынған сорбциялау- каталитикалық жүйелер мысалы, мұнайды кукірт құрамды қосылыстардан, суды органикалық қосылыстар мен ауыр металдар иондарынан, ауаны SO2 –ден, көмірсутектер айналымдары реакцияларының катализаторлар тасымалдағыштары ретінде кеңінен қолданылыс тапты.

Карбонизацияланған сорбенттер ерекше көніл аударылған. Бұл сорбенттер беттерінің классикалық активтелген көмірлерден ерекшеленеді. Көміртекті адсорбент-графиттер, күйелер, көміртекті талшықтар менбраналардың адсорбциялық қасиеттері олардың құбылыс ерекшеліктерімен сорбент қаңқасындағы көміртек кристалдарының мөлшерімен, амофты көміртек құрылысымен, көміртектің басқа атомдарымен негізінен оттекпен және сутекпен, химиялық қосылумен, сонымен қатар бет кедір-бұдырлығы дәрежесімен және кеуектер құрылысымен анықталады. Құрылымында наномөлшерлі көміртекті бөлшектер мен наноқұрылымдалған композиттердің болуы үлкен маңызға ие, бұл синтезделетін сорбенттердің ерекше қасиеттерін түсіндіреді.

Қазақстан үшін өсімдіктер құрамындағы биологиялық активті заттарды алуға арналған жаңа наноқұрылымдалған сорбенттерді жасау маңызды. Бұл активті заттар тірі ағзалар мен өсімдіктер өсуін тездету үшін, жоғары эффективті дәрілік және косметикалық препараттар ретінде кеңінен қолданылуы мүмкін. Өндірісте қолданылатын сорбенттер жасалуда: ауаны және ағынды суларды тазарту үшін, өнеркәсіптік, бағалы және сирек элементтерді бөліп алу үшін, олар экологияд\лық мәселелерді шешуде және қосарланған технологияларды жасауда өте қажет.

Сорбенттер тағам өнеркәсібі мен медицинада (ең қарапайым мысал қанды тазарту үшінгемосорбенттер қолданылады) кеңінен қолданылыс тапты.

Молекулалы –ситалық қасиеттері бар көміртекті сорбенттер де кеңінен қолданылады. Мұндай ситалар кеуектерінің диаметрі молекулаларының мөлшерлерімен ұқсас.

9. Хроматографияда графит кеңінен қолданыс тапты. Ол активтелген көмірлер мен графиттелген термиялық күйлер (ГТК) түрінде қолданылады. ГТК аз меншікті бетке ие (6-12 м2г-1), эффективтілікті арттыру үшін күйе бөлшектеріне күйе қабаты арқылы өтетін газ ағынында көмірсутекті пиролиздеу арқылы пирокөміртекті отырғызады. Бұл жерде механикалық берік адсорбенттер –карбохром А (ГТК-ден) және карбохром В (графиттелмеген термиялық күйден) алынады. ГТК мен карбохромдарда изомерлі циклогександар, қанықпаған және ароматты көмірсутектер, алкандардың галогентуындылары, молекуласы құрамында біріншілік, екіншілік және үшіншілік көміртек атомдары бар әр түрлі құрылымдық изомерлер жақсы бөлінеді.

10. Фуллерендер қасиеттері өте ерекше. Мысалы, кристалды фуллерендер жартылай өткізгіштер болып табылады және фото өткізгіштікке ие, ал сілтілі металдар атомдары мен легирленген С60 кристалдар металдың өткізгіштікке ие және 30К температурадан жоғары аса күшті өткізгіштік күйге ауысады. Кристалды фуллереннің алмазға айналуы 20ГПа қысымда бөлме температурасында да жүзеге асады, ал фуллеренді 1500К температураға дейін қыздырғанда алмазға айналу үшін 7ГПа қысым жеткілікті (ал графитті алмазға айналдыру үшін 900К температура мен 30-50ГПа қысым қажет).

Фуллерендер ерітінділері сызықты емес оптикалық қасиеттерге ие, бұл оптикалық сәулелену интенсивтілігінің кейбір критикалық мәнінен асыру кезінде ерітінді мөлдірлігінің күрт төмендеуі де байқалады.

С60 фуллеренінің кейбір полимерленген формалары бөлме температурасында ферромагнитті қасиеттер көрсетеді. Құрылымы ромбоэдрлі Rh-C60 полимерленген фуллерені 500К Кюри температурасына және ферромагнетиктерге тән гистерезис қисығына ие екенін зерттеу көрсетті. Қыздыру және деполимерлеу кезінде Rh-C60 үлгісі ферромагниттік қасиеттерін жоғалтады.

2001 ж. жаңа фуллерен тәріздес С48N12 формасы анықталды, оның құрамында қарапайым С60 фуллеренімен салыстырғанда көміртек атомдарының бестен бір бөлігі азот атомдарымен орынбасқан. Фуллерен кристалдарында С60 молекулалары әлсіз ван-дер-ваальс күштерімен байланысса, азот атомдарының болуы күшті ковалентті байланыстардың пайда болуына әкеледі. Сондықтан фуллерен тәріздес кристалды С48N12 материалы беріктік пен иілгіштіктің ерекше үйлесіміне ие.

Тұрақтылық дәрежелері әр түрлі көптеген Сn фуллерендері (фуллеренді қатарлар) ашылған. Атомдар саны аз көміртекті фуллерендерді тұрақтандыру жолдарының бірі эндоэдральды М@C28 компоненттерін алу болып табылады. Олардың құрылымында допирлеуші элемент атомы көміртектектегі сфераның ішіне енгізіледі. Осындай синтез әдістемелері бар, мысалы, Ті@C28 үшін.

Нанозат пен нанотехнология ғылымы қазіргі кезде қалыптасу сатысында. Қасиеттері бойынша ерекше жаңа материалдарға деген артып келе жатқан қажеттілік «..молекулалар мен кристалдар құрылысымен, кристалды модификациялар арсындағы фазасыз ауысулармен және қосылыстардың қатты және газ тәрізді күйлеріндегі термодинамикалық қасиеттермен байланысты кейбір физика-химиялық мәселелерді қарастыруға» әкеледі. Соңғы 5-7 жылда зерттеу орталығы нанобөлшектердің сансыз туындыларын алу мен зерттеу ауданына ығысты ( бірінші ретте фуллерендер, нанотүтіктер). Бірақ жүзеге асатын процестерді толық түсіну мен түрлі химиялық және термодинамикалық жағдайларда нанобөлшектер өсуі түзілуінің теориясы жоқ. Қасиеттері берілген наноқұрылымдалған материалдарды селективті алу әдістері мен оларды тазарту тәсілдері әлі өңделмеген. Мұндай ауқымды материалды жүйелік және логикалық мазмұндау берілген білім саласының пәнаралық сипатының себебі бойынша мүмкін еместігін авторлар түсінеді.

Сондықтан бұл курста наноматериалдарды зерттеудің негізгі түсініктері, бағыттары мен әдістері бойынша жалпыланған мәліметтер қысқаша баяндалған.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Сурет. Дайын

ткен асырды то саныншы жылдары наном лшерлі б лшектерге деген сураныс к рт сті Ол ылымда... рылысты наноде гей дисперсті ж йелердегі тек бір... Нано онды т біріні зі гректі с зінен...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Сурет. Пеш үлгісі.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Нанозаттардың қолданылу мысалдары.
Қазір нанозаттың қолданбайтын ауданын айту өте қиын: химиялық және нефтехимиялық өндірістегі кеуекті материалдар (катализаторлар, адсорбенттер,

Лшем деңгейлері.
1995 жылы БДҰ-да зертелетін объектілердің систематикалары мен өлшем классификацияларына байланысты оларды 4 өлшем деңгейлеріне қолдану керектігіне ұсыныс ж

Нанобөлшектердің терминологиялық сөздігі
Наноиндивидтердің құрылымы, құрамы және қасиеттері әлі толық түрде зерттелмеген. Сонымен қатар, олардың алуантүрлігін &

Фуллерен және фуллеренді морфоқұрылымдар.
ИЮПАК келісімдер бойынша фуллерендер толығымен үш рет координирленген көміртегі атомымен құралып, 12 пентагональді және (n - 10) /2 гексагональді бұрыштард

Көмірсутегі түзуші материалдардың терминологиялық сөздігі
Техникалық көміртегі немесе күйе– көміртегі заттарының толығымен жанбаған немесе термиялық ыдыраудан кейінгі өнімдері. Бұ

Нанобөлшектердің морфологиялық әртүрлілігі.
1.       а б

Нанобөлшектердің түрлері
Жану Проблемасы Институтының наноқұрылымды заттар лабораториясының профессоры Р. М. Мансурованың жетелеуімен синтез және наноөлшемді бөлшектерді зерт

Наноөлшемді бөлшектер дегеніміз не?
Бұл бөлшектер өлшемі 100 нм-ден аспайтын немесе бөлінбейтін құрылымды бірлік. Молекулярлы динамика әдісі бойынша бөлшектердің қ&

Нанотүтікшелер
  Көміртекті нанотүтікшелерді 1981 жылы жапон зерттеушісі Сумио Ииджима ашқан. Ииджима оларды көміртекті молекулярлы талшықтар деп атаған. Олар 

С60 және С70 фуллерендердің құрылысы
а б 3.6-сурет. Фуллерендерді бөлшектердің сызбалық көрінісі: С60 – а және С

Талшық тәрізді бөлшектер
«Түтікше» термині ұзартылған бөлшектің ішінде остік жазықтық бар деген мағынаны береді. Болуы мүмкін ұзартылған бөлшектерден

Нанобөлшектердің түзілу және өсу моделдері
Наноразмерлі бөлшектерді синтездеу бойынша алынған көптеген тәжірибелік мәліметтер олардың түзілуін түсіндіретін әртүрлі модельдерді туды

Сирстің дислокационды моделі
Нанобөлшектерді зерттеу К.Херрингтің радиосхемелардың қалайы жамылғыларынан (жалғау жерлерінде) жіңішке кристалды мұртшалар табуынан басталған.

Бу-сұйық-кристалл (БСК) – Вагнер – Элис механизмі
Жіпше тәрізді кристалдарды өсіруге арналған әртүрлі ортадағы және әртүрлі матрицадағы жүргізілген эксперименттердің көп

БСК механизмін қолдану мысалдары
П.А.Теснер мен И.С. Рафалькес жасаған катализатор бетінде көмірсутектердің термиялық ыдырауы барысында көміртектің түзілу кинетикасын зерттеуге арналғ

Кватаронды модель
Қатты нанобөлшектердің түзілуі тек қана бөлшектердің размерлерін наноразмерге дейін кішірейтуге ған (ыдырату), немесе сұйық не газ т|

Нанокристалды ұнтақтарды синтездеу әдісі
6.1.1 Газфазалы синтез – бұл нанокристалды ұнтақтарды синтездеудің ең қарапайым әдісі. Оқшауланған нанобөлшектерді метал


Доғалы буландыру техникасы
Нанотүтікшелерді синтездеу үшін әртүрлі реакторлардың көптеген варианттары қолданылады, алайда вакуумді камера ең жақсысы болып қалып оты

Көміртекті пардың конденсациясы.
Нанотүтікшелерді алудың келесі әдісін 1992 жылы Леонид Чернозатонский жетекшілігімен Ресейдің ғылым академиясының бір топ ғалымдары ашты. Бұл ғ

Адсорбция
Атомдар мен молекулалардың адсорбциясы беттің негізгі қасиеттерімен анықталады. Бұрынырақ қарастырылған таза монокристалды бет жоғары вакуумды&

Адсорбция мысалдары
  1. Металл оксидтерінің бетінде этиленнің адсорбциялануы. Оксидтердің бетінде этиленнің адсорбциясы тез орындалады және қайтымсыз

Су молекуласының адсорбциясы және кеуекті ионалмастырғыштағы темір атомдарының атомдық динамикасы.
Темір ионының иондыалмасу сульфошайырына су молекуласының адсорбциясымен (гидратациясымен) ионды алмастыру арқылы енгізілген атомдық динамикасы зерттелді. Бұл шайырлар

Су адсорбцясы және су кластері мен полимерлі тордың динамикасы.
Мессбауэрлік атомдары жоқ сорбенттердегі су адсорбциясының әсерін зерттеу үшін мессбауэр спектроскопиясы әдісін қолдана отырып мессбауэр сәулесінің р

Со тотығуы
Мысал ретінде MgO бетінде Со2+ атомдары бар COxMg1-xO катализаторындағы Со-тың тотығу реакциясы қарас

Пропиленнің тотығуы
Электронды алмасу мен электрондарды делокализдеу пропиленнің акролеинге парциальды тотығуына әкелетін 48СоМоО4·3 Fe2 (МоО4)3·2 Bi

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги