рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

I-бөлім. Сәулет конструкциялары.

I-бөлім. Сәулет конструкциялары. - раздел Образование, Дәрістік сабақтардың конспекті 1–Дәріс Тақырыбы.Кіріспе. Сәулеттік Конструкциялар ...

1–дәріс тақырыбы.Кіріспе. Сәулеттік конструкциялар дамуының тарихы.

Сәулеттің пайда болуы адам қоғамының бастапқы дамуында тұрғызылған бірінші тұрғындық құрылыстармен байланысты. Қазіргі түсінік бойынша сәулет дегеніміз – ғимараттарды, құрылымдарды және олардың кешендерін жобалау және тұрғызу өнері.

Сәулет мақсаты қоғамның және адамдардың өмірлік процестері өтетін жасанды ортаны құру болып табылады.

Сәулет материалдық орта ретінде қоғам өмірінің әулеметтік жағдайларын, өнер ретінде – терең эмоциялық әсерлерді беруге қабілеттілігін, материалдық өндірістік саласы ретінде – құрылыстық техникаға сүйенетіндігін көрсетеді.

Адам әрекеті үшін өте қолайлы ортаны құру біріншіден, ғимараттың көлемдік–кеңістік және сәулеттік–жоспарлық құрылымының дұрыс таңдалуына, ғылыми жетістіктердің, жобалау мен пайдалану тәжірибелерінің дұрыс ескерілуіне байланысты.

Ғимараттың, өзінің функциялық тағайындалуына сәйкес болу, ыңғайлылығы және қажеттілігі сәулеттік құрылымдарға қойылатын негізгі талаптар болып табылады.

Ішкі сәулеттік кеңістікті ұйымдастыру функционалдық тиімділігімен, оларға тән әулеметтік және функционалдық процестерге бөлмелердің көлемі мен байланыстарының сәйкестігімен анықталады.

Көрермендік ғимараттарда, мысалы, функционалдық процесс жақсы көру мен естуді, залдың ыңғайлы толуын және көрермендердің кедергісіз шығуын қамтамасыз ететін құрылымды құрудың қажеттілігін тудырады.

Бөлмелердің тиімді жоспарлануымен қатар, ғимараттың ыңғайлылығы сатылардың, лифттердің дұрыс орналасуымен, инженерлік қондырғылардың орнатылуымен қамтамасыз етіледі.

Ғимараттың сыртқы келбеті, оның функционалдық ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар сұлулық заңдары бойынша құрылуы қажет. Гегель классикалық сәулеттің ұлы сұлулығының бірі арқалықтар салмағын көтеру үшін қажеттіден көп ұстындарды қоймау болып табылады және сәулетте тек қана безендіру үшін қойылған ұстындар нақты сұлулықтан жұрдай деп айтқан.

Сәулеттің арқасында эстетикалық көз қарастар пайда болады және құрылады. Сәулеттегі әдемілікті сезіну суреттік жабдықтар мен идеялық ойлардың күші көрсетілгенде, пішіндердің заңдылықтары мен тепе-теңдігі, материалдың фактурасы мен түсі табылғанда, қоршаған ортамен гармонияға жеткенде ғана пайда болады.

Ыңғайлылық, сұлулық және функционалдық тиімділігімен қатар, техникалық тиімділігі мен үнемділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар да маңызды болып табылады.

Сәулеттік-құрылыстық әрекет ғимараттардың тиімді көлемдік-жоспарлық шешімдерімен, материалдарды дұрыс таңдаумен, конструкциялардың салмағын жеңілдетумен, құрылыс әдістерін жетілдірумен қысқарып жүзеге асырылатын, үлкен материалды шығындармен түйіседі. Сәулетте болашақты ескеру, өзінде даму әлуетінің болуы үнемді болып табылады.

Ойлап табылған құрылымның кеңістігі мен көлемінің функционалдық және эстетикалық ұйымдастырылуының материалдық пішінге айналуы құрылыс материалдарын, конструкциялар мен машиналарды қамтитын құрылыстық техника көмегімен жүзеге асырылады.

Құрылыс конструкциялары сәулеттің, негізінде, «ой астарындағы» элементтері болып табылады. Сәулет тарихынан белгілі, жаңа материалдарды қолдану жаңа сәулеттік ойлардың туылуына, жаңа пішіндердің пайда болуына келтірді, өмірге құрылыстың жаңа пішіндерін әкелді.

Сонымен, XIX ғ. металл конструкциялары кеңінен тарады. Бұл металлургиялық өндірістің технологиясының тез дамуының және есептеудің жаңа әдістерін табудың қорытындысы болып табылады.

Ол кезде ғимараттар мен құрылымдардың көтеруші конструкцияларын жұмыстың серпімді кезеңінде, яғни қолданбалы күштер мен пайда болатын деформациялар арасындағы сызықтық тәуелділікте есептейтін. Негізгі көтеруші конструкциялар ретінде ұстындар, арқалықтар, аркалар, фермалар және т.б. қолданылды. Ол кезде керемет ауада қалқып тұрғандай көрінетін көпірлер, өрнекті мұнаралар және басқа құрылымдар тұрғызылды.

Кейін кеңістік көтеруші конструкциялар қолданыла бастады. Бұл бағыттың дамуы өте әмбебапты материалды қолдануды талап етті.

XIX ғ. ортасынан темірбетонды конструкциялар тарай бастады. Темірбетоннан конструкцияларды арттыру күмбездер, қабықшалар және т.б. сәулеттік пішіндерді құруға алып келді.

Бұл сәулетшілердің қиялдарын іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты.

XX ғ. екінші жартысында ғылыми-техникалық озықтық сәулеттің жаңа суреттік жабдықтарының, ғимарттардың конструкциялық жүйелерінің, ғимараттардың көтеруші конструкцияларын есептеуге жаңа әрекеттердің пайда болуына әсерін тигізді.

Соңында архитектор А.К. Буровтың «Сәулет туралы» кітабында айтқан сөзін келтіреміз: «Адам қажеттілігін қанағаттандыратын тұрғын үйден, бірінші кезекте тұрғын үйден бастау керек. Барлығы қазіргі кезгі жабдықтардан, материалдардан басталып, теориямен аяқталатын, тұрғын үйдің тәжірибелік жұмысы үрдісінде табылуы және меңгерілуі керек. Адамның бірінші құрылымы тұрғын үйі болған. Тұрғын үйден сәулет басталады, тұрғын үйден қала басталады».

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Сәулеттің мақсаты ?

2. Материалдық орта ретінде сәулет нені білдіреді?

3. Ішкі сәулеттік кеңістікті ұйымдастыру қалай анықталады?

2–дәріс тақырыбы.Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар, күштер мен әсерлер. Құрылыстық жылутехникасының негіздері. Құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы

Ғимарат - әртүрлі адам қызметі үшін қалыптасқан және арналған, ішкі кеңістігі бар жерүсті құрылымы (мысалы, тұрғын үйлер, зауыттық корпустар, мектептер).

Барлық басқа жерүсті, сондай-ақ жерасты және суасты құрылымдары инженерлік, яғни арнайы техникалық мақсаттарды орындауға арналған құрылымдарға (көпір, теледидарлық мачта, туннель, метро, резервуар, жолдар) жатады.

Ғимараттың ішкі кеңістігі бөлек бөлмелерге бөлінеді.

Бөлме – бөлімшесі жоқ, ғимарат ішіндегі барлық жағынан қоршалған кеңістік (тұрғындық бөлме, аудитория, коридор, цех).

Бір деңгейде орналасқан бөлмелер қабатты құрайды. Қабаттар аралық жабындармен бөлінеді.

Барлық ғимараттар келесі үш үлкен топты құрайтын, бөлек бір-бірімен өзара байланысқан бөліктер мен элементтерден тұрады:

– көлемдік-жоспарлық элементтер, яғни ғимараттың барлық көлемін бөлетін ірі бөліктер (қабат, бөлек бөлмелер, оны бөлшектейтін негізгі қабырғалар арасындағы ғимарат бөлігі);

– конструкциялық элементтер – ғимараттың құрылымын анықтайды (іргетас, қабырғалар, аралық жабындар, шатыр);

– құрылыс бұйымдары – конструкциялық элементтер құрылатын салыстырмалы ұсақ бөлшектер (әрлеу тастары, панельдер, плиталар, баспалдақтар).

Ғимараттар тағайындалуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

– азаматтық – адамның тұрмыстық және қоғамдық қажеттіліктерін қамтамассыз етуге арналған тұрғындық және қоғамдық ғимараттар;

– өндірістік – қорытындысында өндірістік өнім пайда болатын, құрал-жабдықтарды орналастыруға және еңбек процестерін орындауға арналған ғимараттар.

Ғимараттың кез-келген түрі функционалды, техникалық, суреттік және экономикалық талаптарды қанағаттандыруы қажет.

Функционалды (технологиялық) мақсаттылық талабы ғимараттың өзіне арналған процесіне сәйкес болуын талап етеді (тұрғындыққа, демалуға, еңбекке ыңғайлылығы).

Ғимараттың техникалық мақсаттылық талабы толық ғимаратпен және оның бөлек элементерімен қабылданатын барлық сыртқы әсерлерді ескеруі қажет, оның конструкцияларының шешімімен анықталады.

Ғимаратқа үздіксіз әсер ететін күштер тұрақты жүктемелер, ал уақыттың бөлек аралығында (бөлігінде) әсер ететін күштер уақытша жүктемелер деп аталады. Тұрақты жүктемелерге ғимараттың көтеруші негізін құрайтын, конструкциялық элементтердің салмағынан тұратын ғимараттың өз салмағы жатады. Өз салмағы уақыт бойынша тұрақты және жоғарыдан төменгі бағытта әсер етеді. Ғимараттың төменгі бөлігіндегі көтеруші конструкциялар материалындағы кернеулер жоғарғы бөлігіндегілерге қарағанда үлкен болады. Өз самағының барлық әсерлері іргетасқа, ал ол арқылы негіздің топырағына беріледі.

Уақытша жүктемелерге желдік күштер жатады. Жел бағытын өзгертісімен, солай жылдамдығын өзгертеді. Желдің күшті екпіні конструкция жұмысын қиындатып, ғимаратқа соққылық, динамикалық әсер етеді. Қардан берілетін күштер де уақытша жүктемелерге жатады. Желдің әсерінен қар жамылғысы, конструкцияларда қосымша кернеулерді тұдыратын ассиметриялық күштерді тудыртып, төбе жабындыларында біркелкі емес таралады.

Уақытша жүктемелерге пайдалы күштерде (адамдардан, технологиялық жабдықтардан, қоймада жиналатын материалдардан) жатады.

Күштік емес жүктемелер болып табылады:

–температуралық әсерлер (конструкциялардың сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне келтіреді);

– атмосфералық және топырақтық ылғалдың әсері (конструкциялар материалдары қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады);

– ауа қозғалысы (бөлмедегі микроклиматқа әсер етеді);

– күн энергиясының әсері (конструкциялар материалдарының физика-техникалық қасиеттерінің өзгеруіне ұшыратады);

– бөлменің қалыпты акустикалық режимін бұзатын шу әсері.

Тұрақты және үақытша күштерден басқа, ғимараттарға ерекше әсерлер де әсер етеді. Оларға жер сілкінуден сейсмикалық күштер, жарылыс әсерлері, шөгетін топырақтардың сулануындағы негіздердің біркелкі емес деформацияларынан әсерлер және т.б. жатады.

Күштің түсу орны бойынша жүктемелер бір нүктелі (құрал-жабдықтар салмағы), және біркелкі жайылған (таралған) (өз салмағы, қар) болып бөлінеді.

Әсер ету сипаты бойынша жүктемелер статикалық, яғни уақыт аралығында шамасы бойынша тұрақты күштер, мысалы конструкцияның өз салмағы және динамикалық (соққылық күштері), мысалы, жел әсері болуы мүмкін.

Сәулеттік–суреттік мәнерлілігінің талаптары ғимараттардың өзінің сыртқы (экстерьері) және ішкі (интерьері) түрлерінің жағымды болуымен, адамдардың психологиялық жағдайы мен санасына жақсы әсер етуімен негізделеді.

Экономикалық мақсаттылық ғимараттың берілген түрі үшін оны тұрғызуға тиімді еңбек, жабдықтар, уақыт шығындарын қарастырады. Үнемділіктің негізгі критериялары бір уақыттық капиталды салымдар (ғимаратты тұрғызудағы үнемділік), пайдалану шығындары (пайдалану үрдісіндегі үнемділік), ғимараттың кажулық және қайта калпына келтіру құндары болып табылады.

Құрылыстық жылу техникасының негіздері.Бөлмелердің температуралы-ылғалдық режимінің, дыбыс изоляциясының және жарықтандырудың сұрақтарымен құрылыстық физика айналысады.

Оның құрамына кіреді:

– құрылыстық жылу техникасы;

– құрылыстық акустикасы;

– құрылыстық жарық техникасы

Қоршау конструкциялары келесі жылу техникалық талаптарға жауап беруі қажет:

– жылу қорғау қасиеттерінің болуы;

–ішкі беттегі температураның бөлмедегі ішкі ауаның температурасынан айтарлықтай айырмашылығы болмауы керек (қоршау жанында суықтың сезілмеуі, ал бетте конденсаттың пайда болмауы);

– сыртқы температураның өзгерістері бөлме ішіндегі температураға мүмкідігінше әсер етпеуі үшін қажетті жылулық инерциясының (жылуға тұрақтылық) болуы;

– ылғалдануға тұрақты болуы және қалыпты ылғалдылықты сақтауы, яғни ылғалдылықтың шамадан тыс болуы конструкцияның жылу қорғау қасиеттерін нашарлатады және ұзақ мерзімділігін төмендетеді.

Құрылыс акустикасы бөлмелердің дыбыс изоляциясының сұрақтарын зерттейді, яғни бөлмелерді сыртқы шулардан қорғау және шу көзі бар бөлмелерден шуды азайту сұрақтармен айналысады.

Бөлменің дыбыс изоляциясы үшін аралық қабырғалардың қабырғаға және жабындарға түйіскен жерлеріндегі, құрама элементтер арасындағы түйісулердегі, есік және терезе ойықтарындағы барлық саңылауларды серпімді төсеніштерді, әуелік қабатшаларды, кеуекті материалдарды қолдану арқылы жабу қажет.

Құрылыстық жарық техникасының мақсаты бөлмелердегі тиімді жарықтық режимді құруды анықтайтын жағдайларды зерттеу болып табылады. Беттің Е жарықтандыруы дегеніміз құлама жарықтың ағынның жарықтанатын беттің ауданына қатынасы. Жарықтандырудың өлшем бірлігі – люкс (лк).

Табиғи жарық (күндізгі) – күннің және аспанның сәуле түсуінен құрылатын жарық. Жарық ойықтарының орналасуына байланысты бөлмелердің бүйірлік, жоғарғы және аралас жарықтануы болып бөлінеді.

Құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы. Құрылыстың дамуының негізгі бағыты құрылыс өндірісінің толық дайын ірі өлшемді конструкциялардан ғимараттарды, олардың элементтері мен блоктарын жинау және монтаждаудың механизацияланған ағынды процесіне айналуын білдіретін, оның индустриализациясы болып табылады. Мұндай элементтерді (конструкцияларды) құрама деп атайды.

Типизация дегеніміз жаппай құрылыста бірнеше рет қолдануға арналған бөлек конструкциялардың және толық ғимараттардың шешімдерінің техникалық және экономикалық жағынан жақсыларын сұрыптап алу.

Ғимараттар үшін құрама бөлшектер мен конструкциялардың түрлері мен өлшемдерінің мөлшері шектелген болуы керек. Сондықтан типизация типтік бөлшектердің көп түрлерінің пішіні мен өлшемдері бойынша бірдей анықталған түрлерінің шектелген мөлшеріне келтіруді жорамалдайтын унификациясымен (ықшамдауымен) жалғасады. Бөлшектердің унификациясы өзара ауысымдылықты және әмбебаптылықты қамтамасыз етуі қажет.

Өзара ауысымдылық – ғимарат өлшемдерін өзгертпей берілген бұйымды басқасымен ауыстыру мүмкіндігі (мысалы, ені 3000 мм жабу плитасын ені 1500мм екі плитамен ауыстыруға болады).

Әмбебаптылық – ғимараттардың әр түрлері үшін бөлшектердің бір типтік өлшемдерін колдануға мүмкіндік береді.

Өте жетілдірілген типтік бөлшектер мен конструкциялар стандарт, яғни жобалауда да, сондай-ақ зауыттық дайындауда да міндетті пішіндері, өлшемдері және сапалары нақты белгіленген үлгілер түрінде бектіледі. Стандарттар туралы барлық мәліметтерді қамтитын кұжаттар МЕМСТ деп аталады.

Құрылыс конструкциялары мен бөлшектерінің негізгі өлшемдері ғимараттардың көлемдік – жоспарлық шешімдерімен анықталатындықтан, олардың унификациясы, қадам, аралық, қабат биіктігі болып табылатын, ғимараттардың көлемдік – жоспарлық өлшемдерінің унификациясына негізделеді.

Қадам – көлденең қабырғалардың немесе ұстындардың көлденең қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.

Аралық дегеніміз бойлық қабырғалардың немесе ұстындардың бойлық қатарларының координациялық осьтерінің арасындағы арақашықтық.

Қабат биіктігі деп вертикаль бойынша төменде орналасқан қабаттың еден деңгейінен жоғарыда жатқан қабат еденінің деңгейіне дейінгі, ал жоғарғы қабаттар мен бірқабатты ғимараттарда – шатырлы жабын белгісінің жоғарғы бетіне дейінгі арақашықтық.

Ғимараттардың көлемдік – жоспарлық параметрлерінің және конструкциялар мен құрылыс бұйымдарының өлшемдерінің унификациясы құрылыстағы өлшемдердің модульдік координациясы негізінде жүзеге асырылады (ҚӨМК).

ҚӨМК – модуль негізінде ғимараттар мен құрылымдардың көлемдік – жоспарлық және конструкциялық элементтерінің, құрылыс бұйымдары мен құрал – жабдықтарының өлшемдері координацияларының ережелерінің жиынтығы. Модуль – өлшемдер координациясы үшін негізгі өлшем бірлігі. Модуль (М) негізінде 100 мм өлшем қабылданған. Туынды (іріленген немесе бөлшектенген) модуль дегеніміз негізгіге қысқаратын немесе оның құрама бөлігі болып табылатын модуль.

ҚӨМК ғимараттардың көлемдік – жоспарлық және конструкциялық элементтері үшін өлшемдердің үш түрін қарастырады (1 – сурет):

– номиналды (LH) – ғимараттардың координациялық осьтері арасындағы өлшем, сонымен қатар, конструкциялық элементтер мен құрылыстық бұйымдардың шартты кырларының (жіктердің немесе саңылаулардың түйіскен бөліктерімен) арасындағы өлшемі.

– конструкциялық (LК) – конструкциялық саңылау шамасына номаналдыдан ерекшеленетін бұйымның жобалық өлшемі.

1–сурет. Конструкциялық элементтер өлшемдері:

а – номиналды және конструкциялық; б – нақты;

1 – конструкциялық элементтер; 2 – саңылау

 

– нақты (LФ) – норма арқылы анықталатын шамасымен конструкциялықтан ерекшеленетін бұйымның нақты өлшемі.

ҚӨМК координациялық осьтердің орналасу ережелерін және оларға ғимараттардың конструкциялық элементтерін байлауды тағайындайды. Конструкциялық элементтің координациялық осьтерге қатысты орналасуы оның байлауы деп аталады.

1. Негізгі әдебиеттер: 2 нег. [234-243] ;1 қос. [195-199]

2. Бақылау сұрақтары:

1. Ғимараттар тағайындалуына байланысты қандай түрлерге бөлінеді?

2. Құрылыстық жарық техникасының негізгі мақсаты?

3.Ғимараттардың көлемдік-жоспарлық өлшемдерінің және конструкциялар мен құрылыстық бұйымдардың унификациясы неге негізделіп жүзеге асырылады?

3–4-дәрістер тақырыбы.Азаматтық ғимараттарды жобалаудың негіздері. Ғимараттардың көтеруші негізі және конструкциялық жүйелері.

Ғимараттар құрылысы типтік, жеке және тәжірибелік жобалар бойынша жүзеге асырылады.

Жобадегеніміз тұрғызылатын ғимаратты, құрылымды немесе кешенді сипаттайтын техникалық құжаттар жиыны.

Жобалау екі немесе бір кезеңді жүзеге асырылуы мүмкін.

Екі кезеңдік жобалау типтік жобаларды және жеке күрделі ғимараттар мен құрылымдарды құрастыру үшін орындалады.

Біркезеңдік жобалауды күрделі емес техникалық шешімді ғимараттар үшін және құрылыс орнының жағдайында типтік жобаларды байлағанда жүзеге асыралады.

Тұрғындық ғимараттарға пәтерлік үйлер (ұзақ тұру үшін), жатақханалар (уақытша тұру үшін), қонақ үйлер (қысқа мерзімде тұру үшін) жатады.

Көп пәтерлі секциялы тұрғындық үйлер – қалалар мен ірі ауылдар құрылысындағы ғимараттардың негізгі түрі. Бір сатылы тормен біріктірілген пәтерлер тобын тұрғындық секция деп атайды.Тұрғындық үйлер құрылысы бір немесе бірнеше тұрғындық секциялардан тұратын дербестік типтік блоктар – секциялар негізінде жүргізіледі. Ғимаратта орналасу орны бойынша блоктар – секциялар қатарлы, бүйірлік, бұрыштық, бұрылмалы және т.б. болып аталады; мұндай секциялардан әр түрлі ұзындықты және пішінді үйлер құрастырылады.

Көпқабатты үйлер жоспарлану шешімдері бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

көп секциялы: мұндай үйлерде әр қабатта сатылы тордың айналасында, қабат сайын қайталанып, секцияларды құрайтын, 2-8 пәтерлер орналасқан;

дәлізді – сатылы торға алып келетін, пәтерден жалпы коридорға шығуымен ерекшеленеді;

галереялы – пәтерден ашық немесе әйнектелген галереяларға шығуымен жобаланады. Қабаттар арасындағы байланыс ғимараттардың бүйірлеріндегі немесе ортасындағы сатылы торлар арқылы жүзеге асырылады.

Жатақханалар дегеніміз қосымша аудандары бар бөлмелерімен және мәдени-тұрмыстық пен медициналық қызмет көрсетуге арналған бөлмелерімен тұрғындық ғимараттар.

Тұрғындарға әулеметтік қызмет көрсетуге және әкімшілік мекемелерін орналастыруға арналған ғимараттар қоғамдық деп аталады.

Оларды тағайындалуы бойынша келесі топтарға бөледі: оқу орындары (бала бақша, мектеп және т.б.); емдік-сақтандыру (емханалар, ауруханалар, емдеу-сауықтыру орны); мәдени-ағарту (клубтар, театрлар, музейлер); сауда-коммуналдық (дүкендер, асханалар, кір жуатын орындар ); көлік және байланыс (вокзалдар, байланыстар түйіндері, теледидар орталықтары); мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды орналастыру үшін әкімшілік ғимараттар.

Қоғамдық ғимараттарды жоспарлаудың келесі сұлбалары болады:

– анфиладты – музейлерде, галереяларда, әмбебап дүкендерінде қабылданатын бөлмелердің кезекті орналасуы;

– дәлізді – дәліздің бір немесе екі жағы бойынша бөлмелердің орналасуы; мұндай жоспарлау әкімшілік, оқу орындары, емдік-сақтандыру және басқа ғимараттарда тиімді;

– залды (шоғырлас) – айналасына қосымша бөлмелер орналасқан залы бар ғимараттар үшін сипатты; мұндай шешімді кинотеатрлар, цирктер және басқа ұқсас ғимараттарда қолданады;

– аралас – жоғарыда қарастырылған жоспарлау сұлбаларының үйлесуі болып табылады (мысалы, клубтың жоспарлануы – залдың айналасына орналасқан бөлмелердің орналасуы – шоғырлас, фойе, залдың орналасуы – анфиладты, үйірме жұмыстары бөлмелерінің орналасуы – дәлізді).

Қоғамдық ғимараттардың жобаларының негізгі көрсеткіштері:

– жұмыс ауданы – бар бөлмелердің барлық аудандарының қосындысы;

– жалпы аудан – жұмыстық бөлмелердің аудандарының және дәліздердің, тамбурлардың, өтулердің, техникалық мақсатты бөлмелердің аудандарының қосындысы;

– құрылыс ауданы – жергілікті жерде ғимарат алып жатқан аудан;

– жерүсті бөлігінің құрылыстық көлемі – құрылыс ауданының таза еден деңгейінен шатырлы жабынның жоғары бетіне дейінгі биіктікке көбейтіндісі.

Тұрғылықты жерлерді жоспарлау негіздері. Қала территориясы өзінің функционалды тағайындалуы бойынша келесі аймақтарға бөлінеді: селитебті (тұрғындық); өндірістік; ландшафты-рекреациялық (қалалық ормандар, орманды қорғау аймақтары).

Қалаларды жобалауда, өндірістік және селитебті аймақтардың өзара орналасуын анықтағанда маңызды, басыңқы желдердің бағытын ескеру қажет. Ол үшін «желдер бағытын» тұрғызады.

Селитебті аймақ қалалық орталыққа, тұрғындық аудандарға, тұрғындық аудандардың құрамына кіретін, ықшам аудандарға бөлінеді.

ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* «Қала құрылысы. Қалалық және ауылдық қоныстарды жоспарлау және тұрғызу» сәйкес санитарлық және өртке қарсы нормалармен анықталатын, үзінді деп аталатын ғимараттар арасында арақашықтық сақталуы тиіс; мысалы, 2–3 қабатты биіктікті тұрғындық ғимараттардың ұзын жақтарының арасындағы арақашықтық (тұрмыстық үзінділер) 15 м кем емес, ал 4 қабатты биіктікте –20 м кем емес, тұрғындық бөлмелерден терезелері шығатын ғимараттардың ұзын жақтары мен бүйірлері арасындағы –10 м кем емес етіп қабылдануы тиіс. Көрсетілген арақашықтықтарды, егер терезеден терезеге тұрғындық бөлмелердің (бөлмелердің және ас бөлмелердің) көрінбеуі қамтамасыз етілсе, инсоляция мен жарықтандыру нормалары сақталғанда қысқартуға болды.

Ғимараттың негізгі конструкциялық элементтері.Ғимараттың барлық конструкциялық элементтері көтеруші және қоршаушы болып бөлінеді. Мұндай бөліну, құрылыс кезінде және пайдалану үрдісінде пайда болатын күштер мен әсерлерді қабылдағанда, ғимарат құрылымындағы бұл элементтердің тағайындалуына, олардың жұмыс жағдайларына байланысты.

Ғимараттың көтеруші конструкцияларының тағайындалуы – ғимаратта пайда болатын күштік сипатты күштер мен әсерлердің барлық түрлерін қабылдау және іргетастар арқылы топыраққа беру. Мұндай конст­рукцияларға, мысалы, іргетастар, қабырғалар жатады.

Ғимараттың қоршаушы конструкцияларының тағайындалуы – ғимарат кеңістігін сыртқы ортадан оқшаулау, кеңістікті бөлек бөлмелерге бөлу және күштік емес сипатты әсерлердің барлық түрлерінен оларды қорғау. Мұндай конст­рукциялардың мысалы ретінде аралық қабырғалар, төбе жабындысы, терезелер болып табылады.

Кейбір конструкциялық элементтер біруақытта көтеруші және қоршаушы функцияларын атқарады, мысалы сыртқы және ішкі көтеруші қабырғалар біруақытта аражабын плиталары үшін вертикальды тіректер және қоршаушы конструкциялар болып табылады.

Азаматтық ғимараттардың негізгі конструкциялық элементтері төменде көрсетілген (2–сурет).

 

 

 


 

2–сурет. Ғимараттардың конструкциялық элементтері:

1 – іргетастар; 2 – қабырғалар (сыртқы және ішкі); 3 – жертөле үсті жабын; 4 – қабатаралық жабын; 5 – аралық қабырға; 6 – шатырсыз төбе (нұсқа); 7 – шатырлы төбе; 8 – саты; 9 – терезелер; 10 – есік

 

Іргетас – жоғарыда жатқан конструкциялардан күштерді қабылдайтын және оларды топыраққа беретін ғимараттың жерасты бөлігі.

Қабырғалар – қоршаған орта әсерлерінен бөлмелерді қорғайтын және бір бөлмені екіншісінен бөлетін вертикальды қоршаулар.

Бөлек тіректер – жоғарыда орналасқан элементтерден іргетасқа күштерді беретін көтеруші вертикальды элементтер (ұстындар, кірпіштік бағаналар).

Аражабындар – ғимаратты қабаттарға бөлетін және қабырғалар мен бөлек тіректерге күштерді беретін горизонтальды көтеруші конструкциялар.

Ригельдер – аражабыннан күштерді қабылдайтын және оларды ұстынға беретін горизонтальды конструкциялық элементтер.

Аралық қабырғалар – қатарлас бөлмелерді бөлетін, ішкі көтеруші емес қабырғалар.

Сатылар – қабаттар арасын қосуға, сонымен қатар ғимараттан адамдарды шығаруға арналған конструкциялар.

Шатырлар – сыртқы ортаның әсерінен ғимараттың бөлмелері мен конструкцияларын қорғайтын ғимараттың ақырғы бөлігі.

Терезелер – бөлмелерді жарықтандыруға және желдетуге арналған жарық өткізгіш қоршаулар.

Есіктер – бөлмелер арасын қосу үшін жылжымалы қоршаулар.

Ғимараттың конструкциялық элементтеріне кейбір қосымша: эркерлер, лоджиялар, балкондар, верандалар, приямкалар және т.б. конструкциялар жатады.

Қажетті пайдалану және санитарлы –гигиеналық шарттарды қамтамасыз ету үшін азаматтық ғимараттар санитарлы-техникалық және инженерлік қондырғылармен жабдықталады. Оларға жылу, сумен жабдықтау, суды алып кету, желдеткіш, қоқыс өткізгіш, газификация, телефонизация және т.б. жатады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Дәрістік сабақтардың конспекті

Имараттарды к теруші негізі ж не конструкциялы ж йелері имараттарды негізгі конструкциялы... К теруші негізді имаратты конструкциялы... Конструкциялы ж йе имараттарды бірігіп беріктігін ата ды ын ж не...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: I-бөлім. Сәулет конструкциялары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Ндірістік өнеркәсіптердің бас жоспарын жобалау.
Өндірістік өнеркәсіптерді қоныстанған жерлердің өндірістік аймақтарындағы, өндірістік түйіндердің территорияларындағы н

Рылыс конструкцияларының даму тарихы
  Құрылыс конструкцияларының пайда болуы қоғамның материалдық тұрмысымен және өндiргiш күштердiң дамуымен ты

Рылыс конструкцияларының жетiстiктерi мен кемшiлiктерi
Құрылыс конструкцияларына жобалау, дайындау, тасымалдау, монтаждау және тұтыну кезінде олар қанағаттандыратын талаптар қойылады. Жобалау кезiнде конструкци

Рылыс конструкцияларын жобалауда шектiк жағдайлар бойынша есептеу әдiсiн қолдану. Берiктiк қоры коэффициенттерi
Кеңес Одағында 1955 жылға дейiн материалына байланысты конструкцияларды есептеуде әр түрлi әдiстер қолданылды. Металл ж&

Рылыс конструкцияларын шектiк жағдайлар әдiсi бойынша есептеу
  Конструкцияның шектiк жағдайы дегенiмiз-конструкцияның дайындалу және пайдалану талаптарын қанағаттандырмауы. Құрылыс

Күштер мен әсерлер. Мөлшерлiк және есептiк күштер
  Конструкцияның жұмыс iстеу қабiлетi негiзiнен күштер және әсерлерге байланысты, сонымен бiрге материалының берiктiгiне, пайдалану жағ

Темірбетон негізі. Бетон және темiрбетон конструкциялық материалдар
Қатқан, күштi көтере алатын бетон өзiнiң құрылымы бойынша негiзгi бөлiгi-ұсақ шағыл тастан

Бетонның негiзгi физико-механикалық қасиеттерi
  Темiрбетон конструкцияларына арналған бетонның қажеттi берiктiгi болуы, арматурамен жақсы жалғасуы, арматураны коррозиядан сақтау үшiн жетк

Арматура және арматуралық бұйымдар
  Темiрбетон конструкцияларда арматураны көбiнесе созылу күштерiн қабылдауға және бетонның сығылу бөлiгiн күшейтуге қолдана

Темiрбетон. Алдын –ала кернеуленген темірбетон
Арматурамен бетонның біріккен жұмысы.Темiрбетон - созу күштерiнiң әсерiн қабылдау үшiн iшiне арматура - сым салын

Темiрбетон элементтердiң кернеулiк- деформативтiк жағдайлары
  Эксперименттер арқылы бетонның түзу сызық бойынша деформацияланбауы және созылған бөлiгiндегi жарықшалар оның кернеулiк-деформа

Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлар бойынша есебiнiң негiздері
1938 жылға дейiн қималарды мүмкiн болатын кернеулер бойынша есептеу әдiсi қолданылған. Бұл әдiс бойынша бетон серпiмдi материал ретiнде қарасты

Темiрбетон конструкцияларының шектiк жағдайлардың бiрiншi және екiншi топтары бойынша есебi
Берiктiкке есеп негiзiнен кернеулiк-деформативтiк жағдайдың III кезеңінде жүргiзiледi. Шектiк жағдайдың I тобы есебi бойынша,

Иiлгiш элементтер түрлерi және қолданылу салалары
Иiлгiш темiрбетон элементтерге тақталар (панельдер) және арқалықтар жатады. Олар жекелеген түрде немесе күрделi конструкция құрамында да (қырлы

Бойынша берiктiк есебi
Иiлгiш темiрбетон элементтердiң жұмысын және қирау жағдайларын түсiну үшiн симметриялы қадал

Элементтердiң берiктiк есебi
  Қима бойынша кернеудiң таралу заңдылығы күрделi болуына байланысты есеп жүргiзгенде есеп

Нөльдiк (бейтарап) сызықтық орнын анықтайтын шарт
(5.18) теңдігімен өрнектеледi. Бұдан

Осыған байланысты сығылған арматураның толық ауданы
формуласымен анықталады, мұнда, бетонның және ода

Бейтарап сызықтың орналасуының екi жағдайы
  Практикада тавр қимасы жеке темiрбетон элементтер-арқалықтар, сонымен қатар конструкциялардың құрамында бiртұтас қырлы жә

Бұл жағдайда
(5.24) теңсiздiгi орындалады. Мұндай қималар тiк төртбұрышты қималар сияқты есептеледi,

Берiктiк есебi
  Иiлгiш элементтерде көлденең күш пен иiлу моментiнiң бiрiгiп әсер етуiнен өске көлбеу орналасқан қималар кернеулiк-деформативтi

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги