рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

ТАҚЫРЫП 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - раздел Образование, Р отбасы құқығы   2.1 Отбасылық құқықтық &#...

 

2.1 Отбасылық құқықтық қатынастар түсінігі, объектілері және субъектілері

 

Отбасы құқықтық қатынастары деп заңды деректің нәтижесінде пайда болған және отбасы құқығының нормаларымен реттелетін қатынастарды айтамыз. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы осы заңмен реттелетін қатынастар қатарын көрсеткен:

- некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

- отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шекетрде басқа туыстар мен өзге де адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;

- ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастыру нысандары мен тәртібін анықтайды;

- азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.

Отбасы құқықтық қатынастар ең алдымен, мүліктік және жеке мүліктік емес болып бөлінеді. Жеке мүліктік емес қатынастарға баланы тәрбиелеу, оған білім берумен байланысты қатынастар жатады. Мүліктік қатынастарға балаларды және отбасының басқа да мүшелерін асыраумен, ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі құқығымен байланысты қатынастар жатады.

Құқықтық реттеу әдісіне байланысты отбасы құқықтық қатынастарын үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топқа тек императивтік нормалармен реттелетін қатынастарды жатқызамыз. Оларға некеге тұру және оны бұзу, баланың тегін және ұлтын анықтау, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу сияқты қатынастарды жатқызуға болады. Екінші топқа диспозитивтік әдіспен реттелетін қатынастар жатқызылады, алайда өздері анықтаған қатынастары бойынша субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің шегі императивті анықталады. Мысал ретінде ерлі-зайыпталырдың мүліктерінің шарттық режимін, бала асырау бойынша алименттік келісімдерді айтуға болады. Құқықтық қатынастардың үшінші тобына таза диспозитивті әдіспен реттелетін қатынастар жатады. Бұған тараптардың еркімен пайда болатын қатынастарды айтуға болады, мысалы, отбасы мүшелерін асырауға алимент өндіріп алу.

Отбасы құқығының нормаларымен некеден, ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік қатынастарынан, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарынан, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баларды орналастыру бойынша қатынастар, алименттік қатынастар, азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша, сондай-ақ шетел элементінің қатысуымен болатын отбасылық қатынастардан туындайтын барлық қатынастар реттеледі.

Отбасы құқықтық қатынасының субъектілеріне некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысандары арқылы бір-бірімен өзара байланысты болатын адамдар тобын жатқызамыз. Отбасы құқықтық қатынасының субъектілері мыналар: ерлі-зайыптылар, балалар, ата-аналар, асырап алушылар және асырап алынғандар, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, ата, әже және немерелер, суррогат аналар, сонымен қатар қамқоршы және қорғаншы органдар, қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер, АХАЖ органдары және оларға теңестірілген органдар.

Ерлі-зайыптылар – АХАЖ органдарында, отбасын құру мақсатында, екеуінің келісмімен өзара некеге тұрған адамдар. Неке құқықтық қатынастарының субъектілері болып әрекетке қабілетті және неке жасына жеткен адамдар бола алады. Заңда некеге тұрушылар үшін жоғарғы шекті жас анықталмаған. Неке ерлі-зайыптылардың арасында жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Ата-аналардың баласы ретінде, некеде туылған, сонымен қатар неке бұзылған немесе жарамсыз деп танылғаннан кейін екі жүз жетпіс күн ішінде туылған балалар танылады. Егер баланың ата-анасы тіркелген некеде тұрмаса, баланың анасы жағынан тегін медициналық құжаттардың негізінде АХАЖ органдары белгілейді, ал әкелікті – баланың әкесі мен анасының бірлескен арызының негізінде анықтайды.

Ата-аналар балаларына қамқорлық көрсетуге, оларға тәрбие және білім берумен айналысуға, еңбекке жарамсыз балаларды асырауға міндетті.

Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың арызы бойынша сот жүргізеді. Асырап алынған балалар асырап алушыларға қатысты туған балалардыкімен бірдей құқықтар мен міндеттерге ие болады. Асырап алынған балалар жеке мүліктік емес құқықтарынан айырылады және өздерінің ата-аналары мен туыстарына деген міндетттемелерінен босатылады. Асырап алушылар асырап алынған балаларға туған балаларына сияқты қамқорлық көрсетуге міндетті.

Ағалы-інілер және апалы сіңілілер толыққанды, толыққансыз және біріккен болуы мүмкін. Толыққанды ағалы-інілер және апалы-сіңлілердің әкелері мен шешелері ортақ болады. Толыққансыз ағалы-інілер және апалы-сіңлілердің тек бір ортақ ата-аналары, яғни әкесі немесе шешесі ғана ортақ болады. Біріккендер бір отбасында тұратын, бірақ ортақ ата-аналары жоқ. Ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің бір-біріне мүліктік құқықтары болады.

Ата және әже деп баланың ата-анасының немесе асырап алушыларының ата-аналарын айтамыз. Әжелер және аталар немерелеріне қатысты мүліктік құқықтарға және міндеттемелерге ие болады, дәл солай немерелері де аталары мен әжелеріне қатысты мүліктік құқықтар мен міндеттемелерге ие.

Суррогат ана – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплатанциясын қолдануға келісім беріп, шартқа отырған әйел.

Қорғаншы және қамқоршы органдар – сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдардың немесе кәмелетке толмағандардың мүдделерін және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органдар.

Қорғаншы (қамқоршы) ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға және әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдарға сотпен тағайындалады. Қорғаншы (қамқоршы) баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына қамқорлық жасауға міндетті.

Патронат тәрбиешілер – қорғаншылық немесе қамқоршылық органымен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиеге беру туралы шарт жасасқан адам.

АХАЖ органы – азаматтық хал актілерін тіркеумен айналысатын мемлекеттік орган.

 

2.2 Отбасылық құқықтағы құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік

 

Отбасылық құқықтық қатынас субъектілері құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілікпен ерекшелінеді. Бұл категориялардың анықтамалары обасы құқығының теориясында айтылмаған, отбасылық заңнамада бұлардың түсінігі берілмеген. Отбасылық құқық қабілеттілік бұл азаматтың қандай да бір отбасылық құқықтар мен міндеттерге (некеге тұру құқығы, баласынан бөлек тұратын ата-ананың онымен араласу құқығы, ата-ананың баланы асырап-бағу құқықтары мен міндеттері т.б.) ие болуының құқықтық мүмкіндігі (қабілеті). Отбасылық құқық қабілеттілік азаматтық құқық қабілеттілік сияқты туғаннан бастап беріледі, бірақ оның мазмұны адам жасына байланысты болады. Қандай да бір жасқа жеткен сайын отбасылық құқық қабілеттілік кеңи түседі. Мысалы, некеге тұру қабілеті неке жасына жеткен кезде ғана пайда болады. Дегенмен, құқық қабілеттілік абстракті нысанда болады, отбасылық құқық қабілеттілік адам туғаннан бастап пайда болады (отбасында тәрбиелену құқығына ие болу, ата-анасынан асырау қаражатын алу құқығы).

Отбасылық әрекет қабілеттілік бұл азаматтың өз бетінше, өзінің әрекеттерімен отбасылық құқықтарға ие болу және жүзеге асыру, отбасылық міндеттерді туындатып оларды орындай алуының құқықтық қабілеттілігі (мүмкіндігі). Отбасылық құқықта толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап пайда болады. Жекелеген жағдайларда отбасылық әрекет қабілеттілік кәмелет жасқа толмағандарда пайда болады, бұл неке жасын белгілі бір себептерге байланысты қаысқартқандарға қатысты.

 

2.3 Отбасылық құқықтағы заңды деректер

 

Отбасы құқықтық қатынастар реттейтін қоғамдық қатынастарға отбасы-құқықтық нормаларының әсер етуі нәтижесінеде отбасы құқықтық қатынастары пайда болады. Басқа құқықтық қатынастар тәрізді отбасы құқықтық қатынастары да заңды дерек нәтижесінде туындайды. Отбасы құқығындағы заңды дерек деп отбасы құқығының нормаларын, қарастырылған заңдық салдарлардың болуымен байланыстыратын, нақты өмірлік жағдайлар түсініледі. Отбасы қатынастарының барлығы құқықтық қатынас бола бермейді және заңды салдарлары болмайды. Мысалы, егер неке қатынастары некені тіркеу тәрізді тиісті құқықтық нысанда әшкереленбесе, ешқандай құқықтық салдар туғызбайды. Некені тіркеу фактісі басқа да заңды деректер сияқты, белгілі бір құқықтық салдарлар тудырады (ерлі-зайыптылардың, балалардың құқықтары мен міндеттері, сотта қорғалу құқығы және т. б.).

Отбасы құқығындағы заңды деректер құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне және тоқталуына негіз болады. Заңды деректер әрқашан құқықтық қатынас бола бермейтін, басқа заңды деректердің пайда болуына және жоғалуына әкелуі мүмкін.

Отбасы құқығында заңды деректер құқықтық салдарға сәйкес құқық тудырушы, құқық өзгертуші, құқықты қалпына келтіруші, құқықты кедергі келтіруші болып жіктеледі.

Заңды деректер еріктілік белгісіне сәйкес оқиға, әрекет және жағдай болып бөлінеді. Әрекет адамның еркіне байланысты жүзеге асырылады. Құқықтық нормалардың нұсқамасына сәйкес келетіндігі немесе оны бұзатындығына байланысты, әрекет құқыққа сай және құқыққа сай емес деп бөлінеді. Адаманың еркінен тыс пайда болатын оқиғалар – абсолюттік оқиғалар, ал олардың еркімен болса – салыстырмалы оқиғалар болады. Жағдай – үздіксіз немесе жүйелі түрде заңды салдарларды тудыратын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін заңды деректер.

 

2.4 Отбасылық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау. Отбасылық міндеттерді орындау.

 

Азаматтар өздеріне тиесілі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын құқықтарды, оның ішінде осы құқықтарды қорғауға арналған құқықты өз қалауы бойынша қолданады. Неке-отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері ен құқықтың өзге субъектілерінің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс. Неке-отбасы құқықтары заңмен қорғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды. Неке-отбасы құқықтарын қорғауды азаматтық сот ісін жүргізу ережелері бойынша сот, және басқа жағдайларда мемлекеттік органдар немесе қорғаншы және қамқоршы органдары отбасылық заңнаманың тиісті баптарында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырады.

Неке-отбасылық қатынастарға талап арыздың ескіру мерзімін қолдану мәселесі жайлы отбасылық заңнамада айтылған. Осы заңнамаға сәйкес, талап арыздың ескіруі неке-отбасы қатынастарынан туындайтын талаптарға қолданылмайды, бұған бұзылған құқықты қорғауға арналған кейбір жағдайлар қосылмайды (мысалы, некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімі қолданылады).

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Р отбасы құқығы

АЗА ГУМАНИТАРЛЫ ЗА УНИВЕРСИТЕТІ А...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Астана 2012 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5В030100-«Құқықтану» бакалавриат мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының негізінде әзір

МАЗМҰНЫ
    1. Оқу бағдарламасы   2. Пәннің оқу бағдар

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
Хамзин Ердос Жантөреұлы - заң магистрі, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы   О&

Дәрістердің тақырыптық жоспары
  Тақырып №, сағаттар саны Тақырып және оның сағаттық көлемі Бақылау сұраu

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары
№ Тақырыптар және олардың сағат көлемдері Ауызша сұрау Есептерді, к}

СӨЖ-ның тапсырмасы және оны орындау кестесі
№ Тақырып атауы Тапсырма мазмұны Ұсынылатын әдебиет Әдістемелік нұсқаулар

Бірінші аралық бақылау сұрақтары
1.Отбасы құқығының түсінігі, пәні. 2.Отбасы құқығның негізгі қағидалары. 3.Отбасылық

Екінші аралық бақылау сұрақтары
    26.Кәмлетке толмаған балалардың құқығы. 27.Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.

Глоссарий
  неке- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсаты

Нормативтік – құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж, өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2007ж ҚР «Неке және отбасы туралы» N 321-I заң

Дебиеттер
  Антокольская М.В. Семейное право. М.,1997г. Антокольская М.В. Курс лекций по семейному праву. М.,1996. Акбергенова М.Н. Обзор судебной практики рассмотрения

ТАҚЫРЫП 1. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
  1.1 Неке және отбасының тарихи нысандары   Қазақтардың отбасы және неке құқықтарын оқып-

ТАҚЫРЫП 5. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1 Баланың туған тегін белгілеу 5.1.1 Әкелікті ерікті түрде белгілеу   Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың м

ТАҚЫРЫП 6. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру нысаны
6.1 Бала асырап алу түсінігі 6.1.1 Бала асырап алу түсінігі, шарттары. Ата-ананың келісімінсіз бала асырап алу   Ата-анасының қамқ

Тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
  7.1 Ата-аналар мен балалардың алиментік құқықтық қатынастары 7.1.1 Алименттік міндеттемелер туралы жалпы ережелер.  

Р отбасы құқығы» пәні бойынша есептер
Павлодар облысының әкімі өзінің өкімімен өз облысы аумағындағы некеге тұрушылардың жас мөлшерін 16 жасқа дейін қысu

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги