рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

ТАҚЫРЫП 5. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

ТАҚЫРЫП 5. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ - раздел Образование, Р отбасы құқығы 5.1 Баланың Туған Тегін Белгілеу 5.1.1 Әкелікті Ер...

5.1 Баланың туған тегін белгілеу

5.1.1 Әкелікті ерікті түрде белгілеу

 

Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.
Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.
Егер баланың анасы баланың әкесі өзінің жұбайы (бұрынғы жұбайы) емес деп мәлімдесе, баланың әкесі заңда көзделген ережелер бойынша белгіленеді.

Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.
Әкелікті ерікті түрде анықтау баланың шешесімен некеде тұрмаған жағдайдағы бала мен оның арасындағы ата-аналық құқық қатынастың пайда болуына бағытталған баланың әкесінің құқықтық актісі болып табылады. Мұндай акт біржақты мәміле болып табылады, сондықтан ол заңға қайшы келген жағдайда жарамсыз болып табылуы мүмкін. Мысалы, әрекет қабілетсіз еркек өзін ерікті түрде баланың әкелігін ерікті түрде мойындай алмайды. Мұндай шектеулер әрекет қабілетсіз тұлғаларға таратылмайды. Яғни, 18 жасқа толмаған адам әкелігін ерікті түрде мойындауға құқығы бар.

Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.

Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.
Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.

 

5.1.2 Әкелікті сот тәртібімен белгілеу

 

Некеден тыс туылған балалардың әкелері өз еріктерімен әкелікті тіркеу туралы арыз беруден бас тартатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда балалардың мүдделерін қорғау мақсатымен әкелікті сот тәртібімен белгілеуге болады. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңның 47-бабына сәйкес әкелікті белгілеу туралы талап арызбен ата-ананың біреуі жолдана алады. Мұны көп жағдайда баланың анасы береді, бірақ қандай да бір жағдайларда талапты баланың әкесі де бере алады, мысалы әкелікті белгілеу туралы бірігіп арыз беруге анасы бөгет болған жағдайда. Әкелікті сот тәртібінде белгілеуге арызды баланың қамқоршысы немесе қорғаншысы, баланы асырап отырған адам, сондай-ақ кәмелетке толғаннан кейін баланың өзі де бере алады.

Әкелікті белгілеу туралы талап арыз берген сәтте бала мен ықтимал әкенің арасында ешқандай құқықтық қатынас жоқ, сондықтан талап арыз беру үшін баланың субъективтік құқықтары емес, оның заңмен қорғалатын мүддесі негіз болып табылады. Әкелікті ерікті түрде немесе сот тәртібінде белгілеуде кәмелетке толмаған баланың келісімі қажет емес екендігіне назар аударған жөн.

Бұл іс бойынша жауапкер болып баланың мүмкін әкесі табылады. Әкелікті белгілеу туралы талап арыз кәмелет жасқа толмағандарға да, әрекет қабілетсіздерге де қойыла береді. Әрекет қабілетсіз жауапкердің мүддесін оның қорғаншысы қорғайды. Ал кәмелет жасқа толмаған әке өзінің әкелігін ерікті түрде мойындаған жағдайда бұл әрекеттерді өз бетінше жасай алатынын ескере отырып, кәмелетке толмаған әке сот тәртібімен әкелікті белгілеу кезінде талапқа өз бетінше жауап бере алатындығын да айтуға болады, дегенмен бұл оны өзінің қорғаншысының көмегін алу құқығынан айырмайды. Әкелікті сот тәртібімен анықтау кезінде сот баланың нақты адамнан туу тегін анық растайтын айғақтарды ескереді.

 

5.1.3 Әкелікті даулау

 

Бір-бірімен некеде тұратын әке мен ана туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің арызы бойынша баланың ата-анасы болып жазылған жағдайда және де ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша жүргізілсе немесе әкесі соттың шешіміне сәйкес жазылса, баланың әкесі немесе анасы ретінде жазылған адамның, іс жүзінде баланың әкесі немесе анасы болып табылатын адамның, бала кәмелетке толғаннан кейін оның өзінің, бала қорғаншысының (қамқоршысының), сот әрекетке қабілетсіз деп таныған ата-ана қорғаншысының талап етуі бойынша тек сот тәртібімен ғана даулануы мүмкін. Егер ата-ана бір-бірімен некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба анасының арыз бойынша, ал баланың әкесі туралы жазба баланың әкесі мен анасының бірлескен арызы бойынша немесе бала әкесінің арызы бойынша жүргізілсе баланың әкесі болып жазылған адамның әке болуына дау туғызу туралы талабы, егер жазу кезінде бұл адамға оның іс жүзінде баланың әкесі емес екендігі айқын болса, қанағаттандырылмайды. Заңда белгіленген тәртіппен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға жазбаша түрде келісім берген жұбайдың әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ. Басқа әйелге эмбрион имплантациясына келісім берген ерлі-зайыптылардың, сондай-ақ суррогат ананың туу туралы жазбалар кітабына ата-аналар жазылғаннан кейін ана және әке болуды даулау кезінде осы мән-жайларға сілтеме жасауға құқығы жоқ.

 

5.2 Баланың құқықтары

5.2.1 Баланың жеке құқықтары

 

Баланың құқықтары БҰҰ-ның «Баланың құқықтары туралы» Конвенциясында және отбасылық заңнамада көрініс тапқан. Әр бала осы Конвенцияға сәйкес өзінің даралығын сақтауға құқығы бар. Оның даралығының негізі болып баланың аты, тегі, әкесінің атын алу, отбасылық қатынас жасауы табылады. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Балаға ат ата-анасының (немесе олардың орнындағы адамдардың) келісімі бойынша қойылады, аты-жөні әкесінің аты бойынша не ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып беріледі. Әкесі атын өзгерткен жағдайда оның кәмелетке толмаған балаларының әкесінің аты-жөні өзгереді, ал кәмелетке толған балалардың әкесінің аты- жөні бұл туралы өздері арыз берген жағдайда өзгертіледі. Баланың тегі ата-анасының тегімен айқындалады. Ата-анасының тегі әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімі бойынша әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының тілегі бойынша балалардың тегі ұлттық дәстүрлер ескеріле отырып, әкесінің немесе атасының атынан шығарылуы мүмкін. Баланың атына және (немесе) тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған келіспеушілік сот тәртібімен шешіледі. Егер әкесі белгіленбесе, баланың аты анасының көрсетуі бойынша қойылады, әкесінің аты-жөні баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі - анасының тегі бойынша беріледі. Егер ата-анасының екеуі де белгісіз болса, баланың тегін, атын, аты-жөнін қорғаншы және қамқоршы орган қояды. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда кәмелетке толмаған балалардың тегі өзгереді.

Бала он алты жасқа толғанға дейін ата-анасының бірлескен өтініші бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы баланың мүдделерін негізге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған берілген текті басқа ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беруге құқылы. Неке тоқтатылған немесе неке жарамсыз деп танылған жағдайда балалар өздеріне туған кезде берілген тектерін сақтап қалады. Егер ата-анасы бөлек тұрса және бала бірге тұратын ата-анасының біреуі оған өзінің тегін бергісі келсе, азаматтық хал актілерін жазу органы бұл мәселені баланың мүдделеріне қарай және ата-ананың екіншісінің пікірін ескере отырып шешеді. Ата-ананың тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған, ол ата-ана құқығынан айырылған, әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда, сондай-ақ ата-ана баланы асырап-бағу мен тәрбиелеуден дәлелді себептерсіз жалтарған ретте оның пікірін ескеру міндетті емес. Егер бала бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардан туған болса және әкесі заңды тәртіппен белгіленбесе, азаматтық хал актілерін жазу органы, баланың мүдделерін негізге ала отырып, оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне өзгертуге рұқсат етуге құқылы. Он жасқа толған баланың атын және (немесе) тегін оның келісімімен ғана өзгертуге болады.

Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Он жасқа толған бала пікірі, егер бұл пікір оның мүдделеріне қайшы келмейтін болса, ескерілуге міндетті. Қорғаншы және қамқоршы органдар немесе сот он жасқа толған баланың келісімімен ғана шешім қабылдай алады.

Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.

Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.

Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етеді.

Баланың ата-анасының екеуімен де, аталарымен, әжелерімен, аға-інілерімен, апа-сіңлілерімен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы, оның жарамсыз деп танылуы немесе ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым- қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Қысыл-таяң жағдайға (ұсталу, тұтқындалу, қамауға алыну, емдеу мекемесінде болу және т.с.с) ұшыраған баланың заңда белгіленген тәртіппен өзінің ата-анасымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.

 

5.2.2 Баланың мүліктік құқықтары

 

Бала өзінің ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерінен асырау қаражатын алуға құқығы бар. Балаға алименттер, зейнетақылар, жәрдемақылар ретінде тиесілі сомалар ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) билік етуіне келіп түседі және оны олар баланы асырап-бағуға, оған білім беруге және оны тәрбиелеуге жұмсайды. Баланың өзі сыйға немесе мұрагерлік тәртібімен алған кірістерді, мүлікті, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген мүлікті меншіктенуге құқығы бар.

Өз еңбегінен кіріс алған бала, егер ол ата-анасымен бірге тұрса, отбасын асырау жөніндегі шығыстарға қатысуға құқылы. Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 22 және 23- баптарымен белгіленеді. Баланың ата-ана мүлкіне меншік құқығы болмайды, ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы болмайды. Бірге тұратын балалар мен ата-аналар бір- бірінің мүлкін өзара келісім бойынша иеленіп, пайдалана алады. Ата-аналар мен балалардың ортақ меншік құқығы пайда болған жағдайда олардың ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы азаматтық заңдарда белгіленеді.

 

5.2.3 Баланың құқықтарын қорғау

 

Баланың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқығы бар.Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды ата-анасы (олардың орнындағы адамдар), ал осы заңда көзделген жағдайларда қорғаншы және қамқоршы орган, прокурор және сот жүзеге асырады.
Кәмелетке толғанға дейін заңға сәйкес әрекетке толық қабілетті деп танылған кәмелетке толмаған адамның өз құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғалу құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқығы бар. Баланың ата-анасының (олардың орнындағы адамдардың) тарапынан жасалған қиянаттан қорғалуға құқығы бар.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде, оның ішінде ата- анасының (олардың біреуінің немесе олардың орнындағы адамдардың) баланы асырап-бағу, тәрбиелеу, оған білім беру жөніндегі міндеттерін орындамауы кезінде немесе тиісті дәрежеде орындамауы кезінде не ата-ана (қорғаншы, қамқоршы) құқығын теріс пайдалану кезінде бала қорғаншы және қамқоршы органға, ал он төрт жасқа толғанда - сотқа өзінің құқықтарын қорғау үшін өз бетінше өтініш жасауға құқылы.

Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгендігі туралы, оның құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы белгілі болған ұйымдардың лауазымды адамдары мен өзге де азаматтар ол жөнінде баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті. Мұндай мәліметтерді алған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде қажетті шаралар қолдануға міндетті.

 

5.3 Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

5.3.1 Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің жалпы түсініктері

 

«Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері» түсінігі ата-аналық құқықтық қатынастардың субъектісі ретіндегі ата-аналарға тиісті мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттердің бүтіндей тобын құрайды. Осы құқықтар мен міндеттердің көбісі ата-аналар мен балаларды байланыстырады. Бұл байланыс екі жақты сипатта болады. Құқықтық қатынастар бала мен әр ата-ана арасында туындайды.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар.Біріншіден, олар мерзімді сипатта болады, өйткені олардың құқықтары мен міндеттері балалары кәмелеттік жасқа толғанда немесе кәмелеттік жасқа толмаған баласы толық әрекет қабілеттілік алған кезде тоқтайды. Егер кәмелет жасқа толған баласы әрекет қабілетсіз болса және оның ата-анасы оның қорғаншысының қызметін атқарса, бұл оның ата-аналық құқықтық қатынастардың жалғасқанын білдірмейді, өйткені ата-аналық құқықтық қатынастар мен қорғаншылық құқықтық қатынастардың ара қатынастарында айырмашылықтар бар. Екіншіден, бұл құқықтық қатынастарда ата-аналар мен балалардың мүдделері сәйкес келеді. Ата-аналық құқықтық қатынастардың тағы бір ерекшелігі, бұл қатынастарға мемлекет кірісе алмайды, баланы қалай тәрбиелеу керек екендігін үйрете алмайды, бірақ, бұл құқықтарды теріс пайдалану мен оны орындамаған жағдайда жауапкершілік тағайындай алады. Ата-аналық құқықтың тағы бір белгісі болып ол құқықтардың екі ата-анаға да тиесілілігі табылады. Отбасылық заңға сәйкес, баланы тәрбиелеуде ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына қатысты бірдей құқықтар пайдаланады, міндеттерді бірдей жүзеге асырады делінген. Бұл құқықтардың көлемі ата-аналар некеде тұра ма, жоқ па, әкелікті ерікті түрде мойындады ма жоқ сот тәртібінде тағайындады ма, оған байланысты емес. Бала тәрбиелеуде, ата-аналық құқықтарды жүзеге асыру кезінде ата-аналар өзара келісіп отырып мәселелерді шешеді делінген, егер олар белгілі бір келісімге келе алмаса, онда қамқоршы және қорғаншы органдарына немесе сот органдарына жүгінуге құқылы. Бұл органдар кәмелетке толмаған баланың пікірін ескере отырып қандай да бір шешім шығарады. Енді «Неке және отбасы туралы» заңда көрсетілген ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне тоқталсақ. Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады. Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар. Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі бойынша ата-аналар шешеді. Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы және қамқоршы органға немесе сотқа жүгінуге құқылы (62-бап).

Ата-аналар өз балаларының заңды өкілі болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның ішінде соттарда арнаулы өкілеттіксіз олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Егер қорғаншы және қамқоршы орган ата-аналар мен балалар мүдделерінің арасында қайшылық барын анықтаса, ата-аналардың өз балаларының мүдделерін білдіруге құқығы жоқ. Ата-аналар мен балалардың арасында келіспеушілік болған жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін өкіл тағайындауға міндетті. (63-бап) Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды. Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.

Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау немесе қанау болмауға тиіс.

Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Аталған заңда кәмелеттік жасқа толмаған ата-аналардың ата-аналық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру мәселелері қарастырылған. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баласымен бірге тұруға және оны тәрбиелеуге қатысуға құқығы бар. Некеге тұрмаған, кәмелетке толмаған ата-аналар олар бала туған жағдайда және олардың ана және (немесе) әке болуы анықталған жағдайда өздері он алты жасқа толғанда ата-ана құқығын өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейін қорғаншы және қамқоршы орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бірге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-ананың арасында туындаған келіспеушілікті қорғаншы және қамқоршы орган шешеді. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке және ана болуын мойындауға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ олардың он төрт жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.

 

5.3.2 Баласынан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыруы

 

Егер ата-аналар бөлек тұратын болса, онда бала кіммен тұратынын олар келісіп алады, ондай келісім болмаған жағдайда ата-аналардың қайсысы балаға жақсы жағдай жасай алатынын және егер ол он жасқа толған болса, баланың пікірін ескере отырып сот анықтайды. Бұл мәселені шешу кезінде көптеген қиындықтар туындайды, өйткені бұл жерде ата-аналардың тек материалдық жағдайы ғана емес, ата-аналар мен балалардың сезімдері де есепке алынады. Бұл орайда сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-інілері мен апа- сіңлілеріне (қарындастарына) үйірлігін, баланың жасын, ата-аналардың адамгершілік және өзге де жеке қасиеттерін, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасында орын алған қатынастарды, олардың дамыту және тәрбиелеу үшін балаға жағдай жасау мүмкіндігін (ата-аналар қызметінің түрі, жұмыс режимі, материалдық және отбасылық жағдайы және т.с.с) ескереді.

Ата-аналардың жеке және адамгершілік қасиеттеріне де көңіл бөлінеді. Жеке қасиеттері ретінде ата-ананың тәрбиеші ретіндегі: білімі, денсаулығы, психикалық жағдайы танылады. Ал адамгершілік қасиеттері сот шешім шығарарда көп әсерін тигізеді, оларға: алкогольдік ішімдіктермен немесе нашақорлықпен айналысу, тыйым салынған іс-әрекеттермен айналысу (жезөкшелік т.б.), ата-ананың соттық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тағы басқа қасиеттерді жатқызуға болады.

Баланың жасы маңызды рөл атқарады десе де болады. Ана қамқорын қажет ететін сәби балаларды анасымен қалдырса, жасөспірімдерге қатысты олардың пікіріне көңіл бөлінеді. Тек кей жағдайларда ғана, сот нақты негіздер болған жағдайда, жасөспірімнің еркіне қарамастан бұл баланы ата-ананың біреуіне беруі мүмкін.

Әр ата-ананың баланың өсуі мен тәрбиеленуіне жасай алатынын қандай жағдайлар да есепке алынады. Ата-аналардың табысының көлемі негізгі болып табылмайды, өйткені баланың екінші ата-анадан асырау қаражатын алу құқығы бар. Ата-ананың мамандығымен, жұмыс орнымен режимімен байланысты балаға бөлетін уақыт мөлшері маңыздырақ десе де болады. Сондықтан сот қандай шешім шығарса да, баласынан бөлек тұратын ата-ананың құқықтары мен міндеттері сол қалпында қалады. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен қарым-қатынас жасауға, оны тәрбиелеуге және баланың білім алуы мәселелерін шешуге қатысуға құқығы бар. Бала бірге тұратын ата-ана, егер мұндай қарым-қатынас жасау баланың дене және психикалық денсаулығына, оның адамгершілік дамуына зиян келтірмесе, баланың екінші ата-анасымен қарым-қатынас жасауына кедергі болмауға тиіс. Ата-аналары бөлек тұрып жатқан жағдайда балалардың тұратын жері ата-аналарының келісімімен белгіленеді. Келісім болмаған жағдайда ата-аналардың арасындағы дауды балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып сот шешеді.

Ата-аналар баладан бөлек тұратын ата-ананың ата-ана құқығын жүзеге асыру тәртібі туралы жазбаша түрде келісім жасасуға құқылы. Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, ата-аналардың (олардың біреуінің) талап етуі бойынша дауды қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен сот шешеді. Соттың шешімі орындалмаған жағдайда кінәлі ата-анаға заңдарда көзделген шаралар қолданылады. Сот шешімі қасақана орындалмаған жағдайда баладан бөлек тұратын ата- ананың талап етуі бойынша сот баланың мүдделерін негізге алып және баланың пікірін ескере отырып, баланы соған беру туралы шешім шығара алады. Баласынан бөлек тұратын ата-ананың өз баласы туралы тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелерден ақпарат алуға құқығы бар. Ақпарат беруден ата-ана тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына қатер болған жағдайларда ғана бас тартылуы мүмкін. Ақпарат беруден бас тартуға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

 

5.3.3 Ата-ана құқықтарынан айыру

 

Ата-аналарға қолданатын ең тиімді шаралардың бір түрі болып ата-ана құқығынан айыру есептеледі. Ата-ана құқығынан айырудың негіздері болып «Неке және отбасы туралы» заңның 67-бабында көрсетілген құқық бұзушылықтардың құрамы табылады. Бұл құқық бұзушылықтың объективтік жағы ата-аналардың құқыққа қарсы әрекеті немесе әрекетсіздігі.

Ата-ана құқығынан айырудың негіздері:

1) ата-ана міндеттерін орындаудан, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтару;

2) өз баласын перзентханадан (бөлімшесінен) не өзге де балаларды тәрбиелеу, емдеу немесе басқа да мекемелерден алудан дәлелді себептерсіз бас тарту;

3) өздерінің ата-ана құқықтарын пайдаланып қиянат жасау;

4) балаларға қатыгездік көрсету, оның ішінде олардың денесіне немесе психикасына зорлық-зомбылық жасау, олардың жыныстық пәктігіне қастандық жасау;

5) маскүнемдікпен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыру.

Өз балаларының не жұбайының өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған жағдайда ата-аналар (олардың біреуі) ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін.

Ата-ана құқығынан айыру тек балалардың мүддесін қорғау үшін ғана емес, ата-аналарға қатысты жазалау функциясын орындайтын жауапкершілік шарасы. Сондықтан бұл шара тек қана ата-ана кінәлі болған жағдайда ғана қолданылады. Ата-ана құқығынан айыруға негіз болатын отбасылық құқық бұзушылықтың екінші негізі болып кінә табылады. Ата-аналар өздерінің ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарғаны үшін ата-ана құқығынан айырылады. Мұндай жалтару әрекетсіздік нысанында жүзеге асады. Бұл жағдайда ата-ана заң бойынша атқару керек міндеттерін жүзеге асырмайды. Мұндай әрекетсіздікке мысал ретінде ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі, оларға қамқорлық көрсетпейді. Қараусыз қалған балалар қауіп-қатерлерге жолығып, бақытсыз оқиғалардың құрбаны болып жатады. Мұндай жалтаруға мысал ретінде ата-аналардың өз балаларын асыраудан жалтаруынан, әсіресе, алимент төлеуден қасақана жалтаруын айтуға болады. Мысалы, ата-ана баламен бірге тұрып оған қаражат бөлмейді, сонымен бірге оған тиесілі алимент немесе жәрдемақыны жұмсайды. Мұндай жағдайда жалтару ата-аналық құқықтарды асыра пайдаланумен қосылып кетеді. Ата-аналық құқықтан айыру үшін алиментті жүйелі түрде еш себепсіз төлемеудің өзі жеткілікті болып табылады.

Ата-аналық міндеттерді орындаудан жалтару болып ата-ананың дәлелді себептерсіз баламен бірге тұрудан бас тарту да табылады. Кей жағдайларда мұндай бас тартуата-ананың өз баласын туу үйінен, емдеу немесе тәрбиелеу мекемелерінен алудан бас тартумен сипатталады.

Ата-ана құқығынан айыру тәртібіне келетін болсақ, ол сот тәртібімен жүргізіледі. Ата-ана құқығынан айыру туралы талап арызды ата-аналардың біреуі (олардың орнындағы адамдар), кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттер жүктелген органдар немесе ұйымдар (қорғаншы және қамқоршы органдардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер және басқалары), сондай-ақ прокурор қоя алады. Ата-ана құқығынан айыру туралы істерді прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның міндетті қатысуымен қарайды. Ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде сот ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардан (олардың біреуінен) алимент өндіріп алу туралы мәселені шешеді.Сот ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарау кезінде ата- аналардың (олардың біреуінің) іс-әрекетінен қылмыстық жазаланатын әрекетті байқаса, мұны жеке қаулымен прокурор назарына жеткізуге міндетті. Сот ата-ана құқығынан айыру туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күннің ішінде бұл шешімнің көшірмесін баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органы мен қорғаншы және қамқоршы органға жолдауға міндетті.

Ата-ана құқықтарынан айыру балалармен туыстық фактісіне негізделген барлық құқықтардан, оның ішінде одан асырауға қаражат алу, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқықтарынан айырылуға әкеп соғады. Ата-ана құқығынан айыру ата-аналарды өз баласын асырау міндетінен босатпайды, ол баланы асырап алу арқылы тоқтатылады. Бала мен ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың одан әрі бірге тұруы туралы мәселе сот тәртібімен шешіледі. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған бала ата- анасымен және басқа да туыстарымен туыстық фактісіне, оның ішінде мұра алу құқығына негізделген тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын, сондай-ақ мүліктік құқықтарын сақтап қалады. Баланы басқа ата-анаға беру мүмкін болмаған кезде немесе ата- анасының екеуі де ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқорлығына беріледі. Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарының (олардың біреуінің) өтініші бойынша қорғаншы және қамқоршы орган, егер бұл балаға зиянды ықпал етпесе, баламен жолығуға рұқсат ете алады. Ата-анасы (олардың біреуі) ата-ана құқықтарынан айырылған жағдайда баланы асырап алуға ата-ананы (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешім шығарған күннен бастап кемінде алты ай өткенде жол беріледі.

Егер ата-аналар (олардың біреуі), мінез-құлқын, тұрмыс салтын және баланы тәрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру ата-ана құқықтарынан айырылған ата-ананың арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы істер қорғаншы және қамқоршы органдардың, сондай-ақ прокурордың қатысуымен қаралады. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың мүдделеріне қайшы келсе, сот баланың пікірін ескере отырып, ата-ана құқықтарын қалпына келтіру туралы ата-ананың (олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы. Он жасқа толған бала жөніндегі ата-ана құқықтарын қалпына келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін.
Егер бала асырап алынған болса және баланы асырап алудың күші жойылмаса, ата-ана құқықтарын қалпына келтіруге жол берілмейді.

 

5.3.4 Ата-ана құқықтарын шектеу

 

Ата-аналық құқықтан айырудан басқа баланың мүддесін қорғау үшін ата-ана құқығын шекетеу шарасы да қолданылады. Ата-ана құқығын шектеу дегеніміз ата-ана құқығынан айырмай олардан баланы алып қою. Ата-ана құқығын шекету негіздері:

1) Ата-аналарға (олардың біреуіне) байланысты емес мән-жайлар: психикасының бұзылуы немесе өзге де созылмалы ауру, ауыр мән-жайлардың салдары бойынша бала үшін қауіпті болса;
2) ата-аналардың мінез-құлқының салдары бала үшін қауіпті болса, алайда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру үшін жеткілікті негіздер анықталмаған болса, ата-ана құқықтарын шектеуге жол беріледі. Ата-аналар өз мінез-құлқын өзгертпесе, қорғаншы және қамқоршы орган ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешімі шыққаннан кейін алты ай өткен соң оларды ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға міндетті. Баланың мүдделеріне сәйкес қорғаншы және қамқоршы орган осы мерзім аяқталғанға дейін ата-аналарды (олардың біреуін) ата-ана құқықтарынан айыру туралы талап қоюға құқылы.

Ата-ана құқықтарын шектеу туралы талапты баланың жақын туысқандары, кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын қорғау міндеті заңмен жүктелген органдар мен мекемелер, мектепке дейінгі ұйымдар, орта білім беретін ұйымдар және басқа да мекемелер, сондай-ақ прокурор қоя алады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер прокурор мен қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен қаралады. Ата-ана құқықтарын шектеу туралы істер қаралған кезде сот ата- аналардан (олардың біреуінен) балаға алимент өндіріп алу туралы мәселені шешуге құқылы.

Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аталар баланы жеке өзі тәрбиелеу құқығынан айырылады, сондай-ақ балалары бар азаматтар үшін белгіленген жеңілдіктер мен мемлекеттік жәрдемақылар алу құқығынан да айрылады. Ата-ана құқықтарын шектеу ата-аналарды баланы асырау жөніндегі міндеттерден босатпайды. Өзіне қатысты ата-аналарының (олардың біреуінің) ата-ана құқықтары шектелген бала тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтап қалады, сондай-ақ ата-аналары және басқа да туысқандарымен туыстық фактісіне негізделген мүліктік құқығын, соның ішінде мұра алу құқығын сақтап қалады. Ата-анасының екеуінің де ата-ана құқықтары шектелген жағдайда бала қорғаншы және қамқоршы органның қамқоршылығына беріледі. Ата-ана құқықтарын сот шектеген ата-аналарға, егер олар балаға зиянды әсерін тигізбесе, баламен қатысуға рұқсат етілуі мүмкін. Ата- аналардың баламен қатысуына қорғаншы немесе қамқоршы органның не қорғаншысының (қамқоршысының), баланың патронат тәрбиелеушілерінің немесе бала тұратын мекеме әкімшілігінің келісімімен жол беріледі.

Егер ата-аналардың ата-ана құқықтары шектелген негіздер жойылса, сот ата-аналардың (олардың біреуінің) талап-арызы бойынша баланы ата-анасына (олардың біреуіне) қайтарып беру туралы және шектеулердің күшін жою туралы шешім шығара алады. Егер ата-анасына (олардың біреуіне) баланы қайтарып беру оның мүдделеріне қайшы келетін болса, сот баланың пікірін ескере отырып, талапты қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

Баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда қорғаншы және қамқоршы орган баланы ата-аналардан (олардың біреуінен) немесе оны қамқоршылыққа алған басқа да адамдардан дереу айырып алуға құқылы. Баланы дереу айырып алуды республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының тиісті актісі негізінде қорғаншы және қамқоршы орган жүргізеді. Баланы айырып алу кезінде қорғаншы және қамқоршы орган прокурорға дереу хабарлауға, баланы уақытша орналастыруды қамтамасыз етуге және баланы айырып алу туралы республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының актісі шыққаннан кейін жеті күн ішінде сотқа ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе олардың ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап қоюға міндетті.

Баланы ата-анасынан айырып алуға және оны басқа адамға (адамдарға) беруге байланысты шешімді мәжбүрлеп орындау қорғаншы және қамқоршы органның және баланы алатын адамның (адамдардың) міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен, ал қажет болған жағдайларда ішкі істер органдары өкілінің қатысуымен жүргізілуге тиіс. Баланы беру туралы сот шешімін оның мүдделеріне нұқсан келтірмей орындау мүмкін болмаған жағдайда бала соттың ұйғарымымен тәрбие, емдеу мекемесіне немесе басқа мекемеге уақытша орналастырылуы мүмкін.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Р отбасы құқығы

АЗА ГУМАНИТАРЛЫ ЗА УНИВЕРСИТЕТІ А...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: ТАҚЫРЫП 5. АТА-АНАЛАРДЫҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Астана 2012 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 5В030100-«Құқықтану» бакалавриат мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру стандартының негізінде әзір

МАЗМҰНЫ
    1. Оқу бағдарламасы   2. Пәннің оқу бағдар

Курсты жүргізетін оқытушы туралы мәліметтер
Хамзин Ердос Жантөреұлы - заң магистрі, ҚазГЗУ азаматтық құқық кафедрасының аға оқытушысы   О&

Дәрістердің тақырыптық жоспары
  Тақырып №, сағаттар саны Тақырып және оның сағаттық көлемі Бақылау сұраu

Тәжірибелік (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары
№ Тақырыптар және олардың сағат көлемдері Ауызша сұрау Есептерді, к}

СӨЖ-ның тапсырмасы және оны орындау кестесі
№ Тақырып атауы Тапсырма мазмұны Ұсынылатын әдебиет Әдістемелік нұсқаулар

Бірінші аралық бақылау сұрақтары
1.Отбасы құқығының түсінігі, пәні. 2.Отбасы құқығның негізгі қағидалары. 3.Отбасылық

Екінші аралық бақылау сұрақтары
    26.Кәмлетке толмаған балалардың құқығы. 27.Ата-ананың құқықтары мен міндеттері.

Глоссарий
  неке- ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсаты

Нормативтік – құқықтық актілер
Қазақстан Республикасының Конституциясы, 30.08.1995ж, өзгертулер мен толықтырулар 21.05.2007ж ҚР «Неке және отбасы туралы» N 321-I заң

Дебиеттер
  Антокольская М.В. Семейное право. М.,1997г. Антокольская М.В. Курс лекций по семейному праву. М.,1996. Акбергенова М.Н. Обзор судебной практики рассмотрения

ТАҚЫРЫП 1. ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ
  1.1 Неке және отбасының тарихи нысандары   Қазақтардың отбасы және неке құқықтарын оқып-

ТАҚЫРЫП 2. ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
  2.1 Отбасылық құқықтық қатынастар түсінігі, объектілері және субъектілері   Отбасы құқ

ТАҚЫРЫП 6. Ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды орналастыру нысаны
6.1 Бала асырап алу түсінігі 6.1.1 Бала асырап алу түсінігі, шарттары. Ата-ананың келісімінсіз бала асырап алу   Ата-анасының қамқ

Тақырып. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.
  7.1 Ата-аналар мен балалардың алиментік құқықтық қатынастары 7.1.1 Алименттік міндеттемелер туралы жалпы ережелер.  

Р отбасы құқығы» пәні бойынша есептер
Павлодар облысының әкімі өзінің өкімімен өз облысы аумағындағы некеге тұрушылардың жас мөлшерін 16 жасқа дейін қысu

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги