рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Зат есімге, көмекші есімге арналған жаттығулар

Зат есімге, көмекші есімге арналған жаттығулар - раздел Лингвистика, Фонетика Зат Есімдерді Теріп Алып Жасалу Жолына, Тұлғасына &...

  1. Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыз.
Негізгі түбірлі зат есім Туынды түбірлі зат есім Біріккен түбірлі зат есім Қос сөзді зат есім Сөз тіркесінен жасалған зат есім

Бір күні бес-алты аңшы тау ішіндегі ауылдан атқа мінді. Кәрі аңшы Ақшегірдің томағасын тартып, үндемей тасқа шүйіліп отыр еді. Ақөзекке егін салған азғана елдің ортасындағы бас көтерген тәуірі-Жақсылық. Кашан болса да бай-бәйбіше, келің-кепшек, бала-шағадан Жақсылық қаққы-соққы көретін. Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылып, гүлдерден шашақ тақты. Жас талдар бүршік жарады. Жер гүлденіп, дала түрленді. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. –Мынау жас қонаққа,- деді Жаңбырбай, Асқар тыстан келгеннен кейін, әйеліне:- төсекті Сарыбастың бөлмесіне салып бер, жастар ойнап-күліп бірге жатсын. Таң қараңғасында пішеншілерді оятатын, ол барлық шалғыны да түн бойы шыңдап, қылпылдатын қояды.

 

  1. Төмендегі жұрнақтар арқылы бес негізгі түбірден туынды зат есім жасаңыз да, олардың қатыстырып сөйлем құраңыз.

 

-ма, -лық, -ыс, -гі, -ші, -пат, -ін, -ық, -шық, -ім.

 

  1. Көптік жалғауының қолданылуындағы мағыналық ерекшеліктерін табыңыздар.

 

Жандос, Ермекбайлар бір жақ, Ералин, Аман, Күлпаштар бір жақ болып, армансыз сайысқан көрінеді. Екеуі аттарына мініп, ауылға беттеді. Жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді. Мінеки, достар! Зұлымдылық-қиянат қылып әдеттенгендердің қоя алмайтыны да, адамшылық арды бұзбауға құмарланғандардың адал еңбек, ақниеттің жолында құрбан болатындары да әдет алып, шын құмар болып кеткендіктен болады.

 

  1. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы зат есімдерді тіркескен сөзімен теріп жазыңыз.

 

Байжекен де балаларынан босана алмай, мұз қатқан сақал-мұртын әр баласының алқымына бір жапсырды. Таныс түтін иісі, бала иісі. Әр баланың өз иісі, сағынған иістері... Әр баланың өз үндері, сағынған үндері....

- Аман келдіңдер ме, дендерін сау ма? – деп, Жұбай Апақтың бетінен сүйді де, үйге қарай беттеді. Әрі қуанып, әрі жүрегінде бір олқылық сезініп бара жатыр. Бірақ, балаларының қуанып қалғанына лық толғандай, Байжанға өкпелеген жоқ.

- Менің жалғыз шешем мен жалғыз балам қатты суықтардың тұсында бір айлақ көріктері үшін мені екі жылға жалдап қойыпты бір бай ағайындарымызға ... шешем мен балам қаңғыра-қаңғыра өзі осында жұмыста жүрген бір жолдасымның үйіне келіпті.

 

  1. Омоним қосымшалардың ішінен тәуелдік жалғауын тауып, басқа омоним қосымшаларды түрлеріне қарай ажыратыңыз, айырмашылығын табыңыз.

 

-Шырағым, атты ерте суар, күн көтеріле жүреміз, суішкесін де аздап оттап алсын,- деп тапсырған. – Тұрған жерімнен кемдік көргем жоқ,- деді Сағаттың ол ойын сезген Ботакөз,- туғанымнан кем күтіп отырған жоқ. Жақындаған сайын Базарбайдың бет ажарына қараймыз. Хатында ашық жауап бермесе де, баланың айтуынан мен Шұғаның ыңғайын байқадым. – Қолымыз босап, арқамыз кеңіп, адам санатына қосылып қалдық қой. Байғұс не өзінің атын, не әке-шешесінің атын білмейді. Олар құлдарды сап-сау күйінде ақыл-есінен таза адастыру амалын тауып, сол арқылы адам баласының болмысына дүниедегі зұлымдық біткеннің ең бір сорақы-зорақысын қолданған ғой.

 

  1. Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп жазып, оның қай септік екенін ажыратып, сұрағын қойыңыз.

Олар болса, қыстан бері Бөжейдің асына әзірленеміз деп, күшқарайтың, сөз бен қамның бәрін соған салып жүр екен. Сонымен, дәл сыртқа шығар кезде, Құнанбай он бес қыстауды қайта жоқ тапты.

Байдалы, Байсалға күз бен қыста өзі уәде ғып, ағайынына қолдап берген жерлерінің бәрін қайтадан қайтарып алатын.

Өткен қыс сол жерді қыстап шығып, меншіктеніп қалған ауылдардың бәріне де сәлем айтыпты да, «күздігүні бұл қыстаудан дәме қылмасын!...Қыстау өзімізге қайтадыә деп, әр ауылға оқшау-оқшау хабар айтқан екен.

 

  1. Мәтіндегі көп нүктенің тиісті қосымшаларды қойыңыз, олардың түрліше болуынтүсіндіріңіз. Әңгімедегі ой-түйінін шешіңіз.

 

Құмырсқаның суға кетіп, жан таласып жүзіп бара жатқанын көрген көгершін оны өлімнен құтқармақ болыпты. Мойылдың жалпақ жапырағын жұлып әкеліп, құмырсқаның алдына тастапты. Құмырсқа жан дәрмен жапырақтың үстіне шығып жайғасыпты. Жел тұрып жапырақты жағаға қарай айдапты. Жапыраққа жабысып, қиындықпен алысып, қырға аман шығыпты.

Бір қарт көкжөтелмен ауырған немересіне көгершіннің қанын ішкізейін деп, арнайы ау құрып, киелі құсты ұстап алыпты.

«Ажалдан арашалап алған мейірбан достың жақсылығын қайтаруға борыштымын»,- деп жүрген құмырсқа, қарттың аш санын қатты қыршып алғанда, санына біз кіргендей болған шал көгершін оралған ауды тастап жібергенін өзі де байқамай, санын сипапты. Сол мезетте көгершін аудан сатылып шығып, спанға бір-ақ самғапты.

 

  1. Мәтіннен жіктік жалғаулы сөздерді тауып, зат есім екенін дәлелдеңіз.

 

1. Сөйлейміз газет бетімен,

Қаламнан қаһар төгеміз.

Соғамыз жауды шетінен,

Қабырғасын сөгеміз,

Гарнизонда өзіміз,

Офицерміз, солдатпыз.

Алда, шепте-кәзіміз

Бақылаймыз барлап біз.

 

(С.Сейт.)

2. Алтайға қарап асқақтыққа құмарттым,

Сауырға қарап сұлулыққа құмарттым.

Ертыске қарап тереңдікке құмарттым,

Мен жасымнан арманға көп жүк арттым.

 

(Ә.Ніл.)

 

  1. Көмекші есімдерді тауып, олардың қандай септік жалғаулары тұрғанын айтыңыз.

Атамандар құрметті қонақтардың жанына барға еді, көп ұзамай кенеп дастархан жайылып, шайға отырдық. Көрдіңіз бе, мінекей, мектеп қабырғасы көз аддымызға көтеріліп барады. Көзім кемеге мініп жатқан жұрттың ішінен әлдекімді іздегендей айнала қарайды. Сейтжан төртеуі қара тақтайдың үстінен түспейді. Қоға арасында тұрған қайықты өзеннің ортасына қарай сүйреп шығарды да, жүзіп итермелеп, Хакімге қарай жылжыта берді.

 

  1. Көмекші есімнің қандай мағына беретінін анықтаңыз.

Сөйтіп, сормаңдай Аққұртқа мен Тасшайнар тағы да басқа жаққа ауып кетті. Енді олардың жолы тау жаққа қарай тартты. Ендігі жерде олар жан сақтайтын жалғыз мекен, тек тау екенін түйсікпен сезді.

Жердің үсті, аспан асты түтінмен шымылдықтанып, адамдар тұтатқан өртті дала артта қалып бара жатыр.

Ай батқан көкжиек үстінде мұнартқан бұлыңғыр сәуле тез қарауытып, ертеңгі күннің екі талай тағдыры бар екенін Қаражанға аңдататын тәрізді. Мұны енді байқағандай, ол үнсіз тұрып қалды. Осы сәтте Мекаиіл бала үңілген жаққа бұрылған болатын.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Фонетика

Дауысты дыбыстар ж не оларды емлесіне арнал ан жатты улар.. т мендегі с здерді алфавит т ртібіне келтіріп.. юрмала ін эпиграф щетка ямб цикл чабыргах ыр а шайыр ресей хамса т л фольклор..

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Зат есімге, көмекші есімге арналған жаттығулар

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Ц, ч, щ әріптерінің қолданылуын түсіндіріңіз.
  Сарсен физматқа түсем деп жазылыпты, ал Жабай химфакты қалайды екен,- деді ол әңгімесін жалғастыра түсіп. Мен тарихшымын, сондықтан б

Мәтіндегі сөздерді буын үндестігі тұрғысынан талдаңыз.
Сонсоң көзін сығырайтып, жүзінен әлдебір мысқыл күлкі нышаны жүгіріп өтті де, ағайынды екі жігітің үсті-басын шолып шық

Екпін, буын түрлеріне арналған жаттығулар
Сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлеріне ажыратыңыз.   Жігіт көңіліндегі сөздерді

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги