рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бақылау сұрақтары.

Бақылау сұрақтары. - раздел Геология, МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар 1. Оңашаланған Жеке Кремний-Оттекті Тетраэдрі Бар Силикаттарu...

1. Оңашаланған жеке кремний-оттекті тетраэдрі бар силикаттарға жататын минералдардың ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады ?

2. Анартастардың тобына жататын минералдардың ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады?

3. Сақиналы силикаттар минералдарының ерекше қасиеттері және олар қайда пайдаланады?

 

Минералдарды жүйелі сипаттау тәртібі: минералдың аты және химиялық формуласы, ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері, генезисі (жаратылысы), парагенетикалық ассоциациясы және қолдану жолдары.

 

Аралдық силикаттар оңашаланған тетраэдрлермен – [SiO4] 4-, қосымша аниондарсыз:оливин (Mg,Fe)2[SiO4], циркон Zr[SiO4]; анартастар тобыальмандиндік қатар – пироп Mg3Al2[SiO4]3, альмандин Fe3Al2[SiO4]3, спессартин Mn3Al2[SiO4]3; андрадиттік қатар гроссуляр Сa3Al2[SiO4]3,андрадит Сa3Fe2[SiO4]3, уваровит Сa3Cr2[SiO4]3.

Оливин (Mg,Fe)2[SiO4].Изоморфты үздіксіз форстерит – оливин – фаялит қатары. Форстерит Mg2[SiO4], аты Лондонның коллекционері және минералдар саудагері Дж. Форстердің құрметіне аталған. Оливин оливаша-жасыл түсі бойынша аталған. Фаялиттің Fe2[SiO4],олбірінші табылғанФаяль (Азор аралдары) аралының атымен аталған.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Қара-жасылдау түсі,түйіршекті агрегаттарында кристалдары изометриялық пішінді (1 – суретке сәйкес), шыныша жылтырлығы және парагенезисі.

1 2 3 4

1 – сурет. Оливин (1-2) мен циркон (3-4) кристалдарының пішіндері

Генезисі (жаратылысы).Магмалық аса негізді және негізді таужыныстарында таужыныс құрайтын минерал болып табылады. Метасоматиттік скарндарда және метаморфтық процестерде пайда болады. Метеориттердің құрамында, ол Айдың грунтында бар.

Парагенетикалық ассоциациясы.Оливин – пироксен, серпентинмен; форстерит – диопсид, шпинель, флогопит, карбонаттармен; фаялит – басқа темірлі минералдарымен және кварцпен гранит-рапакивидің құрамында болады.

Қолдануы.Техникалық шыны шығаруға, отқа төзімді кірпіштер өндіруге, химиялық өнеркәсіптерде де қолданады. Мөлдір түсті, әдемі боялған хризолит – асыл тас болып саналады, зергерлік ісінде пайдаланады.

Циркон Zr[SiO4]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Циркон кристалдарына тетрагондық қысқа бағаналы және дипирамидалық пішін (1 – суретке сәйкес), жоғарғы қаттылық (7,5) және жіктілігі жоқтылығы тән.

Генезисі (жаратылысы).Граниттердің,сиениттердің және сілтілі пегматиттердің акцессорлық (аз мөлшерде кездесетін) минералы болады, карбонатиттерде, метаморфтық тақтатастарда және гнейстерде, шашылымдарда, метеориттердің құрамында кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, плагиоклаздар, калишпаттар, нефелин, альбит, апатит, флюорит, слюда.

Қолдануы.Мөлдір әдемі түсті түрлері зергерлік істе қолданады, цирконий мен гафнийдің негізгі көзі, кейде сирек жерлер өнімделеді. Гиацинт – асыл тас ретінде пайдаланады.

Анартастар тобы: R32+R23+[SiO4]3, мұнда R2+ = Сa, Mg, Mn, Fe; ал R3+ = Al, Fe, Cr, Mn, Ti.

Анартастардың сингониясы кубтық, ең көп тараған пішін ромбододекаэдр, түйірлері изометриялық.

Пироп Mg3Al2[SiO4]3– қараутты қандай-қызыл, жиі мөлдір; альмандин Fe3Al2[SiO4]3.– қараутты немесе қоңырқай-қызыл, әлсіз көкшіл немесе күлгін реңкті, кейде шала мөлдір немесе мөлдір болады; андрадит Сa3Fe2[SiO4]3– қызыл-қоңырқай; гроссуляр Сa3Al2[SiO4]3– балдай-сары, жасыл, сұрша-жасыл, жасылдау-қоңырқай; уваровит Сa3Cr2[SiO4]3– зүбаржатты-жасыл; спессартин Mn3Al2[SiO4]3– түсі қызғылт, қызыл, сарғыш-қоңырқай болады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың изометриялық пішіндері (2-3 – суреттерге сәйкес), жіктілігі жоқтылығы, жоғары қаттылықтары (6,5-7,5) тән.

1 2 3 4 5 6

2 – сурет. Анартастар

1) андрадит эпидотпен; 2) спессартит; 3) гроссуляр; 4) пироп жасыл хризолитпен; 5) уваровит; 6) альмандин мусковитті тақтатаста

123456789

 

3 – сурет. Анартастардың (1-3) және титанит (сфеннің) (4-8) кристалдары мен егіздігі (9)

Генезисі (жаратылысы).Анартастар – гипогендік минералдар.Магмалық аса негізді кимберлиттерде– пироп; альмандин табиғатта жиі кездесетін анартас қышқыл және эффузивтік таужыныстарда, граниттік пегматиттерде, метаморфтық тақтатастарда және гнейстерде; андрадит-гроссуляр қатарлы анартастар метасоматиттік скарндарда кездеседі. Анартастар тағы да шашылымдарда кездеседі, әдетте пироп және альмандин.

Парагенетикалық ассоциациясы.Пироп алмастың серіктесі; альмандин – кварц, дала шпаттар, амфиболдар, пироксендер, биотиттермен кездеседі. Андрадит-гроссуляр қатарлы анартастар – кальцит, магнетит, эпидот, тремолит, актинолит, гематит, диопсид және т.б. бірге кездеседі.

Қолдануы.Абразивтік – тегістегіш материал ретінде қолданады. Мөлдір және шала мөлдір әдемі анартастар зергерлік істе қолданады.

Аралдық силикаттар оңашаланған жеке тетраэдрлермен – [SiO4] 4-, қосымша аниондарымен – O-, F-,OH-:титанит (сфен) СaTi[SiO4]O,кианит (дистен) Al2[SiO4]O, андалузит Al2[SiO4]O, топаз Al2[SiO4](F,OH)2.

Титанит (сфен) СaTi[SiO4]O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың пішіндері сына тәріздес және тақташа (3 – суретке сәйкес), түстері әр түрлі реңкті қоңыр және анартастарға қарағанда қаттылығы жоғары емес (5,5). Кейде титаниттің егіздіктерікездеседі.

Генезисі (жаратылысы).Магмалық граниттерде, сілтілі пегматиттерде, сиениттерде, трахиттерде, андезиттерде және басқа таужыныстарда. Метасоматиттерде; метаморфтық гнейстерде, слюдалы және хлоритті тақтатастарда, амфиболиттерде; шашылымдарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Магмалық таужыныстарда: дала шпаттар, нефелин, эгирин, циркон, апатит. Метасоматиттік скарндарда: диопсид, гранат, эпидот, хлорит, магнетит және т.б. Метаморфтық таужыныстарда: амфиболдар, кальцит, хлорит, слюдалар, эпидот, альбит және т.б.

Қолдануы.Титан мен сирек жерлердің көзі.

Кианит (дистен) Al2[SiO4]O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Көк-көкшіл түсімен, ұзартылған-жалпақ пластинкалы кристалдарымен (4 – суретке сәйкес) және қаттылығының анизотропиясымен жеңіл диагностикаланады.

 

1 2 3 4 5 6

 

4 – сурет. Кианиттің (дистеннің) (1), андалузиттің (2) кристалдары және хиастолиттің көлденең қимасы (3); топаздың кристалдары (4-6)

 

Генезисі (жаратылысы).Кристалдық тақтатастарда, олар бокситтердің және боксит құраушы саздардың метаморфизм процестеріне ұшыраған кезде пайда болады. Шашылымдарда кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Метаморфтық дистен – кварц, слюда, анартас, корунд, плагиоклаз.

Қолдануы.Отқа төзімдіматериалдар өнімдеуде қолданады.

Андалузит Al2[SiO4]O. Кианиттің полиморфтымодификациясы болады, химиялық құрамы бірдей. Көмірлі-сазды тақтатастарда хиастолитдеп аталады,ішкі құрылысы ерекше, кристалдар өскен кезінде көмір және сазды заттардың кірмелерін иеленгеннен соң, олар минералда белгілі кристаллографиялық бағытпен орналасқан, ал көлденең қималарында қара крест болады.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдар пішіні қысқа призмалық, көлденең қимасы шаршыға жақын, ол тағы да бағаналы болады, басты пішіндер ромбылық призма және пинакоид (4 – суретке сәйкес), жіктілігі (110) жағында жетілген, жоғарғы қаттылық (7,0-7,5) тән. Түсі әдетте сұр, сары, қоңыр, қызғылт, қызыл және қара-жасыл.

Генезисі (жаратылысы).Сазды және көмірлі-сазды тақтатастарда кездеседі, өзгерген қышқыл эффузивтерде, гнейстерде, слюдалы тақтатастарда. Шашылымдарда да болады.

Парагенетикалық ассоциациясы.Саздар, слюдалар, анартас, корунд, дистен және т.б.

Қолдануы.Отқа төзімдіматериалдар өнімдеуде қолданады.

Топаз Al2[SiO4](F,OH)2. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне тәнкристалдық призмалық пішінімен (4 – суретке сәйкес),жоғарғы қаттылығымен (8), жетілген жіктілігімен және жақтарында сызықталуы ұзаруы бойынша болғандығымен өзіне ұқсас кварцтан ажыратылады.

Генезисі (жаратылысы).Граниттік пегматиттердің миаролиттік қуыстарында және желілерінде, метасоматиттік грейзендерде және шашылымдарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Граниттық пегматиттерде – кварц, ортоклаз, альбит, слюда. Топаздық грейзендерде және жоғарғы температуралы гидротермалық түзілімдерде – касситерит, вольфрамит, мусковит, кейде флюорит, арсенопирит, берилл. Жер бетінде тұрақты және шашылымдарда кездеседі

Қолдануы.Мөлдір және әдемі боялған кристалдарықұнды асыл тастар ретінде пайдаланады.

Аралдық силикаттар оңаша жеке қосарланған тетраэдрлермен – [SiO4] 4-, [Si2O7 ] 6-және қосымша аниондарымен – O-, (OH)-

Эпидот Сa2(Al,Fe)3[SiO4][Si2O7](OH)O.Радиалды-сәулелі, қадалы, түйірлі агрегаттарыменбелгіленеді, түстері фисташкілі-жасыл мен жасыл-сары, жіктілігі жетілген.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Өзіне тән пішіндері (5 – суретке сәйкес), сары-жасыл түсі және жетілген жіктілігі.

 

1 2 3 4 5

 

5 – сурет. Эпидоттың (1-2), цоизиттің (3) және ортиттің (4-5) кристалдары

 

Генезисі (жаратылысы).Метаморфтық жасыл тақтатастарда, метасоматиттік скарндарда кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Тақтатастарда – хлорит, амфиболдар,скарндарда – анартас, кальцит, диопсид, магнетит.

Қолдануы.Практикалық қолдануы табылмаған.

Цоизит Са2А13[SiO4][Si2O7]O(OH). Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Эпидоттан түсі жоқтығымен, кристалдардың пішінімен (4 – суретке сәйкес) анықталады.

Генезисі (жаратылысы).Негізді плагиоклаздардың өзгеру өнімдері, метаморфтық таужыныстарда, гидротермалық кенорындарында.

Парагенетикалық ассоциациясы.Гидротермалық өзгерген негізді магматиттерде: негізді плагиоклаз; метаморфиттерде: амфибол, гидротермалық кенорындарында: сульфидтер (пирритин, халькопирит және т.б.).

Қолдануы.Практикалық қолдануы табылмаған.

Ортит (Са,Се)2(Al,Fe)3[SiO4][Si2O7]O(OH). Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Шайырдай-қара түсі, кристалдардың тақташа пішіні (4 – суретке сәйкес).

Генезис (жаратылысы).Магмалық таужыныста(граниттерде, сиениттерде, пегматиттерде), кейде метаморфты гнейстерде, сирек кристалдық тақтатастарда, жапсар-метасоматиттік кенорындарында.

Парагенетикалық ассоциациясы.Дала шпаттары, амфиболдар, кварц, слюдалар, карбонаттар.

Қолдануы. Практикалық қолдануы табылмаған.

Аралдық алты тетраэдрлік сақиналы силикаттар– [Si6O18] 12-: берилл Be3Al2 [Si6O18], турмалин Na(Mg,Fe)3(Al,Fe)6[Si6O18][BO3]3(OH,F)4.

Берилл Be3Al2 [Si6O18].Асылтас түрлері: аквамарин, зүбаржат. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың гексагондық призма пішіндері (6 – суретке сәйкес) және жоғары қаттылық (7,5-8), түсі, жіктілігі жоқтылығы.

 

1 2 3 4 5 6 7 8

 

6 – сурет. Берилдың (1-3) кристалдары; турмалиннің кристалындағы сызықталуы және көлденең қимасы (4-5); энстатиттің кристалы (6); диопсидтің (7) кристалы және көлденең қимасының пішіні (8)

 

Генезисі (жаратылысы).Граниттік пегматиттерде, метасоматиттік грейзендерде, гидротермалық желілерде.

Парагенетикалық ассоциациясы.Дала шпаттар, слюдалар және кварц, жиі топаз, турмалин, флюорит, фенакит, хризоберилл, вольфрамит, касситерит, сульфидтер (арсенопирит, молибденит) және т.б.

Қолдануы.Берилийдің ең маңызды көзі, ол жеңіл қорытпалар алуда, магний, алюминий, мыспен бірге қолданады. Зүбаржат және аквамарин – асыл тастар боп келеді.

Турмалин Na(Mg,Fe)3(Al,Fe)6[Si6O18][BO3]3(OH,F)4. Түрлері: қара түсті – шерл, жасыл – верделит, қызғылт – рубеллит.

Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Турмалиннің кристалдары өздерінің пішіні және сфералық қималарымен (6 – суретке сәйкес), тік сызықтылуымен және жоғары қаттылығымен белгіленеді (7-7,5).

Генезисі (жаратылысы).Магмалық граниттерде,пегматиттерде, гидротермалық кенорындарында, метасоматиттік грейзендерде, тақтатастарда, филлиттерде, туынды кварциттерде және шашылымдарда кездеседі.

Парагенетикалық ассоциациясы.Кварц, топаз, касситерит.

Қолдануы.Әдемі боялған рубеллит зергерлік істе қолданады. Пиро- және пъезоэлектрлік қасиеттері бар ірі кристалдар радиотехникада пайдаланады.

Аширит Cu6[Si6O18]66H2O. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.Кристалдардың келбеті, зүбаржатты-жасыл түсі, салыстырмалы жоғары қаттылық.

Генезисі (жаратылысы).Мысты кенорындарының мору кезінде және алтынды шашылымдарда.

Парагенетикалық ассоциациясы.Малахит, кальцит, кейде вульфенит, каламин, алғашқы планшеит, соңғы кварц және строцианит. Шашылымдарда – алтын.

Қолдануы.Практикалық қолдануы белгісіз.

Әдебиеттер: [1, c. 675-745].

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

МИНЕРАЛДАРДЫ СИЛИКАТТАР КЛАСЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ СИПАТТАУ аралдық, тізбек, таспа, қабатты, қаңқалы силикаттар

И С тбаев атында ы аза лтты... Т рысов атында ы Геологиялы барлау институты...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бақылау сұрақтары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Алматы 2011
  ЖОК 548:549 (075) ҚҰРАСТЫРУШЫ: А. Т. Қасенова. Минералдарды силикаттар класы бойынша жүйелі сипаттау (аралды&

КІРІСПЕ
Әдістемелік нұсқау – «Кристаллография және минералогия» пәнінің толық курсына кіретін минералогияға, «5В070600 – Пайдалы қазбалар кенорындарыны

Тақырып. Аралдық силикаттардың минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: аралдық силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұ

Тақырып. Тізбек силикаттарды (пироксендерді және пироксеноидтарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: тізбек силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық мұражайда

Бақылау сұрақтары.
1. Пироксендер тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері, генезисі қандай? 2. Пироксеноидтар тобына қандай минералдар кіред

Кальцийлік моноклиндік пироксендер
Диопсид СаMg[Si2O6].Тұтас түйірлі және радиал

Моноклиндік сілтілі пироксендер
Эгирин NаFe[Si2O6]. Ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері.

Тақырып. Таспа (қос тізбек) силикаттарды (амфиболдарды) сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Таспа (қос тізбек)силикаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиялық

Бақылау сұрақтары.
1. Амфиболдар тобына қандай минералдар кіреді және олардың диагностикалау қасиеттері? 2. Амфиболдар тобындағы минералдардың генезисі қандай?

Тақырып. Қабатты силикаттар және алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қабатты силикаттар және алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық ми

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар саздар және слюдалар топтарына жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қабатты силикаттардың және алюмосиликаттардыv

Тақырып. Қаңқалы алюмосиликаттар минералдарын сипаттау
Оқу әдістері және тақырыптың міндетін шешу: Қаңқалы алюмосиликаттардың минералдар коллекциясы; оқулық минералогиял

Бақылау сұрақтары.
1. Қандай минералдар қаңқалы алюмосиликаттарға жатады, олардың ерекше анықтау белгілері? 2. Қаңқалы алюмосиликаттардың ген

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы
Альбит Na[

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. 2 Ағымдық бақылау жұмысы
Силикаттар және алюмосиликаттар магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстарын құраушы басты минералдары болғандықтан, оларды жақсы тан

Тапсырмалар.
1. Өткен тақырыптардың материалдарын игергендерін анықтау үшін осы аталған кластың 15 минералдар үлгітастары студенттерге беріледі, оларды сипаттауын

ДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Машанов А.Ж. Кристаллография, минералогия, петрография. А.: Мектеп, 1969. – 367 б. 2. Қожахметова М.Қ. Минералогия, петрография. А.: ҚазҰТУ. 1989. – 114 б.

МАЗМҰНЫ
  Кіріспе....................................................................................................... 10 – З

Кристаллография және минералогия» пәнінің зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Редакторы А. И. Бейсебаева   БЕКІТІЛГЕН: Геологиялық барлау институты ғылымиәдістемелік кеңесінің тө

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги