Дәріс мәтіні - раздел Философия, Экономика 1.Нарық Экономикасы Екі Дәрежеде қызмет Ат...
1.Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:
- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;
- инфляция мен инфляция қарсы саясат;
- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
- экономикалық дамудың циклдары;
- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.
Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).
Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ
баға индексі
Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ
1. Шығындар бойыншаЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:
- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.
- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.
- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.
ЖҰӨ = С+G+І+Х;
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар, Х – таза экспорт.
2. Табыстар бойыншаесептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.
ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо
Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.
Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А– амортизациялық жарнаның сомасы.ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.
ҰТ = ТҰӨ - ж.с.
Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.
Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.
ЖТ = ҰТ – С+Т
мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;
Т - трансферттік төлемдер.
Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.
2.Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.
Р
АD
Е
Ре
АS
Qе Q
Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:
- өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;
- өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.
Егер АД<АS, бұл жағдайда:
- өндірісті қысқарту қажет болады;
- өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.
Сурет 9.1 Макроэкономикалық тепе-теңдік
Мұндағы, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.
Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.
Жиынтық сұраныстың қисығы.
Р
Р1
АD2
Р2
АD1
АD
Q1 Q2 ЖҰӨ
Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.
Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі
Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Экономикалы теория кафедрасы...
Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ:
Дәріс мәтіні
Что будем делать с полученным материалом:
Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:
Негізгі әдебиеттер
1. Садыков Т.У., Тілеухан А.Т. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2013
2. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. экономикалық теория. Оқу
Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – политический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр.
2. Баймұратов У.Б Национальная
Дәріс мәтіні
Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе с
Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпты «экономика» терминінің пайда болуынан бастап қарастыру керек. Экономиканың мәнін экономикалық теория мәнімен байланыстыру керек. Эконом
Негізгі түсініктер мен терминдер
Айырбас; альтернатива, бөлу, интенсивті өндіріс, материалдық емес өндіріс, материалдық өндіріс, өндіріс, өндіріс факторлары, ресурс, таңдау, т&
Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. І
Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын а
Дәріс мәтіні.
1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық
Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың тү
Дәріс мәтіні
1. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұ
Дәріс мәтіні
1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Б
Монополистік бәсеке нарығы.
Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшеліг
Олигополистік нарық.
Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополи
Дәріс мәтіні
1.Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен
Дәріс мәтіні
1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау
Дәріс мәтіні
1.Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай ба
Дістемелік нұсқаулар
Өндіріс факторлар нарығының сипаты, мәнін ашу. Еңбек нарығына тән ерекшеліктер, жалақының формалары мен түрлерін қарастыру. Ең
Дәріс мәтіні
1.Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезең
Дәріс мәтіні
1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен
Дістемелік нұсқаулар
Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға
Дәріс мәтіні
1.Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығ
Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықт
Дістемелік нұсқаулар
Дүниежүзілік шаруашылық дамуына әсер ететін факторлар, олардың Қазақстан Республикасында бар-жоқтығын анықтау. Қазақстанны
Негізгі әдебиеттер
1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет
2. Әубәкіров Ж. |
Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр.
2. ҚР Президенті Н. Назарбаев
Ндірістің негізгі факторлары
А) еңбек пен капитал В) жер мен еңбек С) капитал мен жер Д) еңбек, жер және капитал, кәсіпкерлік қабілет Е) айырбасталмайтын факторлар
6. Негiзг
Тесттілік тапсырмалар.
1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады:
a) су асты қайығы; c) жел энергиясы;
b) демалыс
Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді;
Е) Шикізаттар мен материалдарды.
3. Ескірген қ
A) Ресурстарды тиімді бөлу.
B) өндірістік ресурстардың шектеулілігі.
C) Қажеттілікті максималды қанағаттандыру.
D) Байлықтың тапшылығы.
E) Білімге
A) Дедукциялық әдістер.
B) Индукциялық әдістер.
C) Формалды ойлау.
D) Экономиканы матиматикалық моделдеу әдісі.
E) Талдау әдісі.
16. Экономикалық
Орытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық теория дегеніміз не?
2. Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері?
3. Экономикалық заңдылықтар дегеніміз не?
Новости и инфо для студентов