рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәріс мәтіні

Дәріс мәтіні - раздел Философия, Экономика   Экономикалық Теория - Бұл Адамда...

 

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым.

Экономикалық ойлау адамзат қоғамының құрдасы болып табылады. Оның алғашқы қайнар көзі ежелгі Египеттен басталады.

Ең алғаш рет б.э.д. III-ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсініктерінің бірнеше нұсқаулары дүниеге келді. Философ, әрі экономист Аристотель айырбас, ақшаның пайда болуы мен атқаратын қызметін зерттейді. Бірақ бұл ғалымдар экономикалық ілімді дербес бір тұтас жүйеге айналдыра алмады. Экономика деген гректің сөзі, сөзбе сөз аударғанда «үй шаруашылығын жүргізудің өнері» деген мағынаны білдіреді.

Қазір оның мазмұны айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Шаруашылық тек отбасы төңірегінде емес, сондай-ақ аймақ, ел, әлемдік шеңберде жүргізіліп, басқарылатын болды және тек теориялық белгілеріне ғана емес, сондай-ақ өндірістік белгілеріне байланысты (фирма, кәсіпорын, сала) ұйымдастырылатын болды.

Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI­-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның даму кезеңдері төмендегідей бөлінеді.

Меркантелизм. Ең алғаш экономикалық ілім XVI­-XVII ғасырларда меркантелизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бұл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материалдық өндіріс емес, тауар-ақша қатынастарында болды.

Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан, халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр, И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі негізі еңбекте деп дәлелдеген. Экономиканың нарықпен реттелуін және қоғамның барлық топтар табыстарының қайнар көзін анықтаған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысының басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді қалыптастырды, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды. К.Маркс қоғамды екі топқа бөлу арқылы барлық экономикалық құбылыстар да талданды. Қосымша құнның теория мағынасы өндірісте пролетариаттың қаналуы арқылы көрініс тапты.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрас). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрас математикалық мектептің негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Неоклассикалық теория - ХІХ ғасырдың 90 жылдары (Д.Кларк, А.Маршалл, А.Пигу). Неоклассиктердің ойы келесіде: егер нарықтық экономиканың субъектілеріне мүмкіндігінше экономикалық еркіндік берілсе өте жақсы қызмет атқарған болар еді деп есептеді.

Кейнсиандық мектеп – ХХ ғасыр (Дж.Кейнс). Бұл ағымның «капитализмді реттеу» теориясы бойынша: экономиканы нарықтық реттеумен қатар мемлекеттің араласуының қажеттілігін айқындады.

Институционализм – ХХ ғасырдың 50 жылдарының аяғы (Т.Веблен, У.Митчел, М.Вебер, В.Зомбарт, Д.Гэлбрейт және т.б.). Экономикалық дамудың сипатын құрайтын тек нарық емес, ол – экономикалық институттардың барлық жүйесі. Бұл бағыт өкілдері қоғамның жоғары мұратының көрінісіне әлеуметтік бағдарламаларды, индикативтік жоспарлау және басқа да экономикадағы мемлекеттің араласу шараларды жатқызуы.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттіліктер. Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Экономикалық игіліктер заттар (тауарлар) мен қызметтерден тұрады. Қызметтердің заттай тауарлардан айырмашылығы:

1. Олардың өндірісі мен тұтынылуы бір мезгілде болады

2. Оларды мұраға қалдыруға болмайды.

3. Оларды сақтауға немесе жинақтауға болмайды.

Басқа ғылымдарға ұқсас экономикалық теория ғылыми танып-білудің әртүрлі әдістерін қолданады. Экономикалық теорияның зерттеу әдістері келесі суретте көрсетілген.

 

Жалпы әдістер Жеке әдістер
1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. 2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады. 3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы. 4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару. 5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу. Эксперимент, гипотеза және т.б. Экономика – математикалық модельдер әдісі, экстраполяция (болжау), баланстық, функционалдық және тағы басқа да әдістер.

 

Сурет 1.1 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

 

Зерттелінетін құбылыстардың маңыздылығы экономикалық заңдылықтар мен категорияларға бағынышты.

Экономикалық заңдылықтар – бұл қоғамдағы көп кездесетін немесе қайталанып жататын тұрақты іс-әрекеттер және олардың арасындағы қатынастардың көрінісі. Экономикалық заңдарды төмендегідей заңдарға айырып қарауға болады:

1. Айрықша экономикалық заңдар. Бұл заңдар олардың іс-әрекет жасауына жағдайдың сақталуындағы тарихи дәуірге тән.

2. Ерекше экономикалық заңдар. Бұл белгілі бір шаруашылық түрлерінің нақты тарихи дамуының заңдары.

3. Жалпы экономикалық заңдар. Бұл заңдар барлық тарихи дәуірге тән, олар барлық дәуірлерді біртұтас тарихи үйлесімді процесс етіп байланыстырады.

Экономикалық категориялар - адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі (тауар, баға, пайда және т.б.).

Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті немесе дискриптивті экономика объективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе, тауар бағасы өседі.

Нормативті экономика субъективті негізделген жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру керек дейді. Бір сөзбен айтқанда, «керек» немесе «істеу керек» деген сөздер кездесетін болса, онда бұл нормативті экономика болады.

Экономикалық теория талдау дәрежесіне қатысты екі бөлімнен құралады:

- микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет-әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптастыру заңдылықтарын зерттейді. Бұнда жеке тауарлардың бағасы, ресурстар, шығындар, пайда, фирманың қызмет атқару механизмі, бағаның құрылуы және т.б. категориялар талданады.

- макроэкономика – мемлекеттің жалпы экономикасы зерттелінеді, ұлттық экономикалық жүйенің қызмет-әрекеттерін зерттейді, талдау объектісіне жататындар: қоғамның жалпы табысы, жұмыссыздық, инфляция және т.б.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі– нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

5. Методологиялық қызметі– экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Экономикалы теория кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәріс мәтіні

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МАЗМҰНЫ
Силлабус .................................................................................. Пән бой

Экономикалық теория. Коды ET1109. 2 кредит
3) Өткізілетін уақыты мен орны:1, 2-семестр, сабақ кестесіне сәйкес 4) Пререквизиттер:Математика; Тарих; Философия.

Негізгі әдебиеттер
1. Садыков Т.У., Тілеухан А.Т. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2013 2. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. экономикалық теория. Оқу &#

Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – политический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр. 2. Баймұратов У.Б Национальная

Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпты «экономика» терминінің пайда болуынан бастап қарастыру керек. Экономиканың мәнін экономикалық теория мәнімен байланыстыру керек. Эконом

Негізгі түсініктер мен терминдер
Айырбас; альтернатива, бөлу, интенсивті өндіріс, материалдық емес өндіріс, материалдық өндіріс, өндіріс, өндіріс факторлары, ресурс, таңдау, т&

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, матер

Дәріс мәтіні.
1. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория реті

Жекешелендірудің тәсілдері
Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) Жалға берілген к

Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдал

Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. І

Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын а

Дәріс мәтіні.
1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық

Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың тү

Дәріс мәтіні
  1. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұ

Дәріс мәтіні
1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Б

Монополистік бәсеке нарығы.
Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшеліг

Шоғырланудың бағыттары
   

Олигополистік нарық.
Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополи

Дәріс мәтіні
1.Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен

Дәріс мәтіні
1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау

Дәріс мәтіні
1.Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай ба

Дістемелік нұсқаулар
Өндіріс факторлар нарығының сипаты, мәнін ашу. Еңбек нарығына тән ерекшеліктер, жалақының формалары мен түрлерін қарастыру. Ең

Дәріс мәтіні
1.Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да

Дәріс мәтіні
1.Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезең

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша-несие саясаты Пайыз мө

Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері

Мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы

Дәріс мәтіні
1.Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық дег

Жұмыс күші
2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байла

Дәріс мәтіні
1.Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады. Ақша жүйесінің

Несиелік белсенділікті басқару
Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты Қолданылады Жұмы

Дәріс мәтіні
1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен

Дістемелік нұсқаулар
Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға

Дәріс мәтіні
1.Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығ

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады: - К

Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықт

Дістемелік нұсқаулар
Дүниежүзілік шаруашылық дамуына әсер ететін факторлар, олардың Қазақстан Республикасында бар-жоқтығын анықтау. Қазақстанны

Негізгі әдебиеттер
1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет 2. Әубәкіров Ж. |

Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр. 2. ҚР Президенті Н. Назарбаев &#

БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР НЕМЕСЕ ТАПСЫРМАЛАР
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері. Тестілік тапсырмалар

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Тестілік тапсырмалар: 1 «Экономикалық ресурс» категориясы деп ненi түсiнемiз: А) қалыпты ресурстар С) адамдармен жасал&#

Ндірістің негізгі факторлары
А) еңбек пен капитал В) жер мен еңбек С) капитал мен жер Д) еңбек, жер және капитал, кәсіпкерлік қабілет Е) айырбасталмайтын факторлар 6. Негiзг

Тесттілік тапсырмалар.
1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады: a) су асты қайығы; c) жел энергиясы; b) демалыс

Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Тест сұрақтарына жауап беріңіз: 1. Ақшаның толық анықтамасын таңдаңыз: А) адамдар ар

Тауардың қандай қасиеттері бар?
А) құны; В) бағасы; С) тұтыну құны мен айырбас құны; Д) бағасы мен тұтыну құны; Е) құны мен бағасы

Төмендегiлердiң қайсысы жетiлген бәсекеге тән емес?
А) фирма өнiмiне сұраныс қисығы горизанталь; Ә) өндiрушiлердiң көп мөлшерi; С) бағаға зор бақылау;

Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді; Е) Шикізаттар мен материалдарды. 3. Ескірген қ

Аталған жауаптардың қайсысы «еңбек» санатын сипаттайды?
а) адамның табиғатпен өзара әрекеттестік процесі б) аралардың немесе аңдардың жұмысы в) еңбек заттары мен еңбек қ

Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Есептер: 1-есеп.Төмендегі мәліметтерді (млрд .долларды) пайдаланып есептеңіз. 1) ЖҰӨ; 2) ТҰӨ; 3) &#

Тестілік тапсырмалар.
1.Жеке табыс бұл: a) бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы. b) үй шаруашылығының бір жылда тапқан табыс

Тесттерге жауап беру керек
1. Экономикалық өсуді төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді: А) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисы

Тест сұрақтары.
1.Инфляция кезiнде, баска факторлар тұрақты болганда не өседi? a) Нақты таза ұлттык өнiм; b) Номиналды таза ұлттык өнiм; c

Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Тестілік тапсырмалар: 1.Ақша нарығында тепе-теңдiк процент ставкасы өседi, егер: a) ақша ұсынысы көбейсе.

Тақырып. мемлекеттің қаржы жүйесі. бюджет-салық саясаты
Тестілік тапсырмалар: 1.Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін жоғарлатса, онда ол ...... а) салықты төмендетеді.

Бақылау сұрақтары
1. Валюталық курстың түсінігі. 2. Валюталық курстың халықаралық жүйесі. 3. Ғаламдық проблемалардың мағынасы

СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері. Сабақтың ма&#

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрү

Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Сабақтың мақсаты : Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. М

Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Семинар жүргізу жоспары: Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-

Айталауға арналған сұрақтар
1.Рынок дегеніміз не? 2. Сұраныс заңын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз. 3. Ұсыныс заңынын аны

Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Сабақтың мақсаты: Семинар сабағы «дөнгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3-5 топқа студенттерді б

Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Сабақтың мақсаты: Фирманың өндіріс шығындарымен мен табысының мән-мағынасын, тү

Талдау сұрақтары
1. Экономикалық циклдың пайда болу себептері оның сипаттамасы. 2. Жұмыссыздықтың циклдық, құрылымдық фрикциондықформаларын

Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Сабақтың мақсаты: - Ақшаның түрлерi мен функцияларымен танысу. - Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi

Тақырып. мемлекеттің қаржы жүйесі. бюджет-салық саясаты
Сабақтың мақсаты: Қаржының қажеттілігін, мәнін, қызметтерін жете түсіну. Фискалды саясаттың

Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Сабақтың мақсаты: Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымын, негізгі теорияларын қажет, алға

A) Ресурстарды тиімді бөлу.
B) өндірістік ресурстардың шектеулілігі. C) Қажеттілікті максималды қанағаттандыру. D) Байлықтың тапшылығы. E) Білімге 

A) Дедукциялық әдістер.
B) Индукциялық әдістер. C) Формалды ойлау. D) Экономиканы матиматикалық моделдеу әдісі. E) Талдау әдісі. 16. Экономикалық 

Орытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық теория дегеніміз не? 2. Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері? 3. Экономикалық заңдылықтар дегеніміз не? 

Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын студенттер жеке зерттеу жұмысы ретінде тақырыптарды өз бетінше ұсынуға мүмкіндіктер беріледі, студентер мұға

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги