рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәріс мәтіні

Дәріс мәтіні - раздел Философия, Экономика 1.Жалпы Мемлекеттік Заңдармен Реттелген Елдегі Ақ...

1.Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне жататындар:

1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.

2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.

3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.

4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.

5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.

6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді.

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

· металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.

· несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны.

Ақша жалпы сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.

2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.

3. М2= М1+мерзімді салымдар.

4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

2.Ақша нарығындағы маңызды элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.

2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.

3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.

4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.

5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

Несие функциялары:

1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.

2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.

3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.

4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.

5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

 


 

 

Коммерциялық несие тауарлар мен қызметтердің өтуін тездету мақсатымен, төлем мерзімі кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге және басқа қарыз алушыларға ақшалай қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде қарыз алушы мемлекет, ал несие беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

3.Несие жүйесінде негізгі рөл атқаратын банк. Банк – (итальян сөзі - орындық) – уақытша басы бос ақшаларды жинақтап, оларды пайыз алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Банктердің функциялары:

1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.

2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.

3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер бөлінеді:

· орталық эмиссиялық,

· коммерциялық депозиттік, инвестициялық,

· жинақ,

· арнайы бағытағы банктер.

Қазақстан республикасы Президентінің «Банктер және банктер іс-әрекеттері туралы» Жарлығы бойынша Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежеден құралады:

· І дәрежеде – Қазақстан республикасының Ұлттық банкі.

· ІІ дәрежеде – мемлекеттік, коммерциялық, бірлескен және шетелдік банктер.

Несие саясатының негізгі субъектісі Ұлттық банк. Ұлттық банктің міндеттерін екі бағытта арқарылады:

1. Валюта жүйесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

2. Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен міндеттері:

· мемлекеттер және коммерциялық банктермен белгілі бір келісім әрекет атқаратын заңды тұлға;

· Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесін басқару;

· Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының сыртқы және ішкі тұрақтылығын сақтау;

· Банктік есеп-шот және валюталық қарым-қатынастар жасау;

· Ақша, несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

· Ақша мен мемлекеттік құнды қағаздардың эмиссиясын жүргізу;

· ҚР Үкімет кепілдігі бойынша ішкі және сыртқы қарыздарды өтеу;

· Коммерциялық банктермен несиелік жүйенің басқа мекемелерінің іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

· Ұлттық банктік Қазақстан мүддесін әлемдік нарықта көрсету.

Екінші дәрежедегі банктердің қызметтері:

- Салымдар жинап, несие беру;

- Есеп айырысу операциялары және есеп шот жүргізу;

- Валюта және бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу;

- Несие беруде делдалдық қызмет атқару;

- Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.

4.Ақша-несие саясаты елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және экономикалық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасуға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды құрамдас бөлімдерінің бірі болып табылады. Ақша-несие саясаты бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің ақша-несие саласында қолданатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

Мемлекет өндірістік салаға тікелей әсер ете алмайды, ол кәсіпкерлік шешімдерге тек жанама реттеу арқылы әсер етеді. Сондықтан ақша-несие саясаты мемлекеттің өндіріске әсер етуінің тиімді әрі икемді әдісі болып табылады. Ақша-несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатының негізгі субъектісі – Орталық банк (Ұлттық Банк). Ол үкіметтік институт болмағанымен оның нұсқауларын орындайды. Алайда Ұлттық Банктің мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы рөлі мен маңызына көңіл аударатын болсақ, ол өз алдына дербес ұйым болып табылады. Сондықтан оның өздігінен шешім қабылдауға толық құқы бар.

Ұлттық банктің міндеттері екі бағытта атқарылады.

v Валюта жүиесінің бірқалыпты тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

v Мемлекеттің мүддесін қамтамасыз ету үшін жеке коммерциялық банктердің несие қызметіне әсер ету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының мақсаттары:

- өндіріс көлемін өсіру;

- толық жұмысбастылық;

- инфляцияны төмендету.

Мемлекеттің ақша-несие саясатының құралдары:

1. Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.

2. Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.

3. Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.

4. Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.

5. Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика

Л Н Гумилев атында ы Еуразия лтты университеті ШЖ РМК... Экономикалы теория кафедрасы...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәріс мәтіні

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

МАЗМҰНЫ
Силлабус .................................................................................. Пән бой

Экономикалық теория. Коды ET1109. 2 кредит
3) Өткізілетін уақыты мен орны:1, 2-семестр, сабақ кестесіне сәйкес 4) Пререквизиттер:Математика; Тарих; Философия.

Негізгі әдебиеттер
1. Садыков Т.У., Тілеухан А.Т. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, 2013 2. Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. экономикалық теория. Оқу &#

Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – политический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр. 2. Баймұратов У.Б Национальная

Дәріс мәтіні
  Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе с

Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпты «экономика» терминінің пайда болуынан бастап қарастыру керек. Экономиканың мәнін экономикалық теория мәнімен байланыстыру керек. Эконом

Негізгі түсініктер мен терминдер
Айырбас; альтернатива, бөлу, интенсивті өндіріс, материалдық емес өндіріс, материалдық өндіріс, өндіріс, өндіріс факторлары, ресурс, таңдау, т&

Оғамдық өндірістің құрылымы
Материалдық өндіріс Материалдық емес өндіріс Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, матер

Дәріс мәтіні.
1. Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Меншік экономикалық категория реті

Жекешелендірудің тәсілдері
Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. Кәсіпорын капиталының үлесін сату (акцияларды) Жалға берілген к

Экономиканың негізгі проблемалары және оларды әртүрлі экономикалық жүйелердегі шешу тәртібі
Экономикалық теорияның басты проблемасы – адамзаттың шексіз қажеттілігін қанағаттандыру үшін шектеулі экономикалық ресурстарды мейлінше тиімді пайдал

Аралас экономиканың бірнеше үлгілері бар.
1. Американдық үлгі – нарықтық капиталистік үлгі. Мұнда жеке меншік басым, нарықтық бәсеке механизімі толық жұмыс істейді. І

Дістемелік нұсқаулар
Бұл тақырыпта меншік пен иемдену терминдерінің айырмашылығын ажырата білу керек, ол үшін ең алдымен қай термин бірінші пайда болғанын а

Дәріс мәтіні.
1. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық

Ақшаның атқаратын қызметтері.
1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың тү

Дәріс мәтіні
  1. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұ

Дәріс мәтіні
1. Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Б

Монополистік бәсеке нарығы.
Монополистік бәсеке нарығында өндірушілердің салыстырмалы көп саны ерекшеленген тауар өндіреді. Монополистік бәсеке нарығының негізгі ерекшеліг

Шоғырланудың бағыттары
   

Олигополистік нарық.
Олигополистік нарықта фирмалардың аз көлемі үстемдік жасайды. Олигополистік нарық стандартты және дифференциалды болады. Стандартты олигополи

Дәріс мәтіні
1.Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен

Дәріс мәтіні
1. Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау

Дәріс мәтіні
1.Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай ба

Дістемелік нұсқаулар
Өндіріс факторлар нарығының сипаты, мәнін ашу. Еңбек нарығына тән ерекшеліктер, жалақының формалары мен түрлерін қарастыру. Ең

Дәріс мәтіні
1.Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да

Дәріс мәтіні
1.Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезең

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар Тоқырау фазасында Өрлеу фазасында 1. Ақша-несие саясаты Пайыз мө

Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері

Мұндағы: ЖҰӨ1 - есепті жылғы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 - базистік жылғы жалпы ұлттық өнім Экономикалық өсу көптеген факторлармен анықталады, соның ішінде маңыздысы

Дәріс мәтіні
1.Экономикалық жағдай қолайлы саналады, егер ол толық жұмысбастылықпен сипатталатын болса. Бірақ толық жұмысбастылық дег

Жұмыс күші
2.Жұмыссыздық деңгейі қандай факторларға тәуелді? Эконом белсенділік пен жұмыссыздық арасындағы сандық өзара байла

Несиелік белсенділікті басқару
Арзан ақша саясаты Қымбат ақша саясаты Қолданылады Жұмы

Дәріс мәтіні
1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен

Дістемелік нұсқаулар
Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға

Дәріс мәтіні
1.Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығ

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады: - К

Халықаралық экономикалық интеграция
Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықт

Дістемелік нұсқаулар
Дүниежүзілік шаруашылық дамуына әсер ететін факторлар, олардың Қазақстан Республикасында бар-жоқтығын анықтау. Қазақстанны

Негізгі әдебиеттер
1. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет 2. Әубәкіров Ж. |

Осымша әдебиеттер.
1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр. 2. ҚР Президенті Н. Назарбаев &#

БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР НЕМЕСЕ ТАПСЫРМАЛАР
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері. Тестілік тапсырмалар

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Тестілік тапсырмалар: 1 «Экономикалық ресурс» категориясы деп ненi түсiнемiз: А) қалыпты ресурстар С) адамдармен жасал&#

Ндірістің негізгі факторлары
А) еңбек пен капитал В) жер мен еңбек С) капитал мен жер Д) еңбек, жер және капитал, кәсіпкерлік қабілет Е) айырбасталмайтын факторлар 6. Негiзг

Тесттілік тапсырмалар.
1.Төмендегi пiкiрлердiң қайсысы экономикалық емес байлыққа жатады: a) су асты қайығы; c) жел энергиясы; b) демалыс

Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Тест сұрақтарына жауап беріңіз: 1. Ақшаның толық анықтамасын таңдаңыз: А) адамдар ар

Тауардың қандай қасиеттері бар?
А) құны; В) бағасы; С) тұтыну құны мен айырбас құны; Д) бағасы мен тұтыну құны; Е) құны мен бағасы

Төмендегiлердiң қайсысы жетiлген бәсекеге тән емес?
А) фирма өнiмiне сұраныс қисығы горизанталь; Ә) өндiрушiлердiң көп мөлшерi; С) бағаға зор бақылау;

Негізгі капитал түсінігі нені қамтиды?
А) Машиналар мен құрал-жабдықтарды; В) Дайын өнімді; С) Жұмыс ақысын; Д) Жерді; Е) Шикізаттар мен материалдарды. 3. Ескірген қ

Аталған жауаптардың қайсысы «еңбек» санатын сипаттайды?
а) адамның табиғатпен өзара әрекеттестік процесі б) аралардың немесе аңдардың жұмысы в) еңбек заттары мен еңбек қ

Тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде
Есептер: 1-есеп.Төмендегі мәліметтерді (млрд .долларды) пайдаланып есептеңіз. 1) ЖҰӨ; 2) ТҰӨ; 3) &#

Тестілік тапсырмалар.
1.Жеке табыс бұл: a) бір жылда өндірілген барлық тауарлар мен қызметтер жиынтығы. b) үй шаруашылығының бір жылда тапқан табыс

Тесттерге жауап беру керек
1. Экономикалық өсуді төменгі тұжырымдардың қайсысы көрсетеді: А) Өндіріс мүмкіндігін көрсететін қисы

Тест сұрақтары.
1.Инфляция кезiнде, баска факторлар тұрақты болганда не өседi? a) Нақты таза ұлттык өнiм; b) Номиналды таза ұлттык өнiм; c

Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Тестілік тапсырмалар: 1.Ақша нарығында тепе-теңдiк процент ставкасы өседi, егер: a) ақша ұсынысы көбейсе.

Тақырып. мемлекеттің қаржы жүйесі. бюджет-салық саясаты
Тестілік тапсырмалар: 1.Егер үкімет нақты ТҰӨ деңгейін жоғарлатса, онда ол ...... а) салықты төмендетеді.

Бақылау сұрақтары
1. Валюталық курстың түсінігі. 2. Валюталық курстың халықаралық жүйесі. 3. Ғаламдық проблемалардың мағынасы

СЕМИНАРЛЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері. Сабақтың ма&#

Тақырып. Қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың экономикалық негіздері
Сабақтың мақсаты: экономиканың негізгі түсініктерін, ұғымдарын жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әрү

Тақырып: Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны
Сабақтың мақсаты : Қоғамда меншік формаларының көп түрлі болуының заңды қажеттілігін түсіну. М

Тақырып. Нарықтық шаруашылықтың қалыптасу алғы шарттары. Тауар-ақша қатынастары
Семинар жүргізу жоспары: Семинар сабағы «дөңгелек үстел» түрінде жүргізіледі. Студенттік топ санына байланысты 3-тен 6-

Айталауға арналған сұрақтар
1.Рынок дегеніміз не? 2. Сұраныс заңын анықтамасын беріңіз және түсіңдіріңіз. 3. Ұсыныс заңынын аны

Тақырып. Фирма теориясы. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Сабақтың мақсаты: Семинар сабағы «дөнгелек үстел» түрінде өткізіледі. Ол үшін 3-5 топқа студенттерді б

Тақырып. Фирманың өндіріс шығындары және табыстары
Сабақтың мақсаты: Фирманың өндіріс шығындарымен мен табысының мән-мағынасын, тү

Талдау сұрақтары
1. Экономикалық циклдың пайда болу себептері оның сипаттамасы. 2. Жұмыссыздықтың циклдық, құрылымдық фрикциондықформаларын

Тақырып. Ақша-несие саясаты. Банк жүйесі
Сабақтың мақсаты: - Ақшаның түрлерi мен функцияларымен танысу. - Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi

Тақырып. мемлекеттің қаржы жүйесі. бюджет-салық саясаты
Сабақтың мақсаты: Қаржының қажеттілігін, мәнін, қызметтерін жете түсіну. Фискалды саясаттың

Тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері
Сабақтың мақсаты: Әлемдік шаруашылықтың мазмұның, құрылымын, негізгі теорияларын қажет, алға

A) Ресурстарды тиімді бөлу.
B) өндірістік ресурстардың шектеулілігі. C) Қажеттілікті максималды қанағаттандыру. D) Байлықтың тапшылығы. E) Білімге 

A) Дедукциялық әдістер.
B) Индукциялық әдістер. C) Формалды ойлау. D) Экономиканы матиматикалық моделдеу әдісі. E) Талдау әдісі. 16. Экономикалық 

Орытынды бақылауға арналған сұрақтар
1. Экономикалық теория дегеніміз не? 2. Экономикалық теорияның зерттеу нысандары, әдістері? 3. Экономикалық заңдылықтар дегеніміз не? 

Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Пән бойынша СОӨЖ тапсырмасын студенттер жеке зерттеу жұмысы ретінде тақырыптарды өз бетінше ұсынуға мүмкіндіктер беріледі, студентер мұға

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги