рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары - Лекция, раздел Образование, Аржы нарығы делдалдары Президенрт Жарлығына Сәйкес Қр қаржы Рыногындағ...

Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрылған ҚР-ң қаржы ұйымдары мен қаржы рыногын реттеу және қадағалау Агенттігі болып табылады.

Осы уәкілетті органның міндетіне:

· қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу бойынша шараларды жүзеге асыру;

· адал бәсекелестік қағидаларының негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерін қаржыландыру үшін тең жағдайларды жасау;

· қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалаудың сатандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, олардың өзіне қабылданған міндеттемелері дер кезінде және толық көлемде орындауын қамтамасыз ету шараларын пайдалану кіреді.

ҚР-ң қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігінің негізгі қызметтері:

· қаржы ұйымдарын ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыру мен таратуға рұқсат беру және кері қайтарып алу, қаржы ұйымдарының бөлімшелерін ашуға келісім береді, сондай-ақ аталған рұқсаттарды беру тәртібін анықтайды;

· қаржы ұйымдарын басқару қызметкерлер лауазымына адамдарды сайлауға келісу немесе бас тарту, сондай-ақ аталған келісімді беруді немесе тартудың тәртібін анықтайды;

· қаржы рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, тоқтата тұру және кері қайтраып алудың ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарына аудит жүргізу тәртібін белгілейді, осы лицензияларды береді, тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

· қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерін тұтынушылардың, ҚР аумағындағы басқа да жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті нормативтік-құқықтық актілер шығару ;

· пруденциялық нормативтерді және консалидациялық негізде де қаржы ұйымдарының орындауы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бекіту;

· ҚР ҰБ-мен бірге халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық және өзге де есептіліктің формалары, сондай-ақ олардың қаржы тізімі мен ұйымдары және оның аффилиирленген тұлғаларының беру мерзімдерін белгілеу;

· Қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептемелік туралы ҚР заңдарымен және бухгалтерлік есеп стандарттарын сақтауына бақылау жасау;

· ҚР заңдарымен көзделген жағдайда, шектерде қаржы ұйымдарының және олардың аффилиирленген тұлғаларының қызметін тексеру;

· ҚР заңдарымен көзделген шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларын қолданылуының тәртібін анықтау;

· ҚР Үкіметімен келісе отырып ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарының акцияларын мәжбүрлеп қайта сатып алу туралы шешім қабылдау;

· ҚР заңдарымен көзделген жағдайда қаржы ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылау;

· Қаржы ұйымдары туралы мағлұматтарды жариялау.

ҚР Қаржы Министрлігі бір жағынан мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялайтын орган ретінде, екінші жағынан қаржы рыногын мемлекеттік реттейтін орган ретінде қаржы рыногына қатысады.

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қаржы рыногын реттеу саласындағы маңызды қызмет валюталық-қаржылық бақылау комитетімен жүзеге асырылатын қаржылық бақылау болып табылады. Ол салық жеңілдіктерінің ұсынылуын, мемлекеттік резервтерді, мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыздар ақуалын, валюталық және несиелік ресурстарды пайдалануды, ақша айналымының ұйымдастырылуын, бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардың орындалуын бақылап, ревизия және тексерісті өз бетінше ұйымдастырып, жүргізе береді.

ҚР Қаржы министрлігінің келесі бөлімшесі – мемлекеттік қаражатты мақсатты және үнемді пайдалануды жүзеге асыратын қазына мекемесі және оның аумақтық жергілікті органдары. Қаржылық тәртіпті нығайту мақсатында оған келесідей құқықтар берілген:

· министрлік, ведомства, кәсіпорын, мекеме және ұйымдарда ҚР республикалық бюджет қаражаттарын есептеу және пайдалануға байланысты ақша қаражаттары, бухгалтерлік есеп, тізбектер, жоспарлар, есептер, смета және басқа құжаттарды тексеру;

· ҚР-сы республикалық бюджет қаражаттарын пайдаланушы ұйым, мекеме, кәсіпорын шоттары бойынша операцияларды тоқтату;

· Кәсіпорын, мекеме және ұйымдармен алынған бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды мақсатсыз пайдаланған жағдайда айыппұл салумен өндіріп алуға;

· Қаржылық тәртіптерді бұзғаны туралы қазына мекеменің лауазымды тұлғаның жазбаша қаулысының негізінде куәландырылған құжаттарды алуға;

· Тексерген органдарының басшылары және басқа лауазымды тұлғалардан анықталған бұрмалаушылықтармен бюджетті орындау тәртібіндегі кемшіліктерді жоюды талап етуге;

ҚР Ұлттық банкі қаржы рыногындағы өзіндік рөлін атқаратын, сонымен қатар қаржы құралдарымен операцияларды белсенді жүргізетін оның мамандандырылған делдалы, ал келесі жағынан – қаржы рыногын реттеуші мемлекеттік органы болып табылатын еліміздің бас банкі.

ҚР Ұлттық Банкі мемлекеттік заемдарды орналастыратын, ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік заемдар айналымын реттеуге қатысатын, сонымен қатар ҚР Үкіметімен шығарылған бағалы қағаздарды сатып алатын және сататын мемлекет агенттігі. Ол сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздың жекелеген түрлерімен операция бойынша клиринглік және есеп айырысу орталығының депозитария қызметін атқарады. Одан басқа акционерлік банктердің бағалы қағаздар эмиссиясының анықтамалығына олардың қаржы ұйымдары мен қаржы рыноктарын реттеу және қадағалау бойынша Агенттікке тіркелгенге дейін міндетті сараптама жүргізеді.

ҚР Ұлттық банк реттеу саласында мыналарды жүзеге асырады:

· Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграция және оның экономикалық даму мақсатына жетуге септігін тигізетін банктік есеп айрысулар мен валюталық қатынастарды ұйымдастыру, кредит, ақша айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуді және өткізуді;

· Тұрақты ақша, несие және банк жүйесін қамсыздандыруға ықпал етуді.

ҚР Ұлттық Банктің қызметін іске асыру үшін басқарма, директорат, бас аумақтық және жергілікті жердегі облыстық басқармалары бар.

ҚР Ұлттық банктің жедел басқару органы – ҚР Ұлттық Банк қарамағындағы ҚРҰБ басқарма және төрағасының құзіретіне енетіндерді қоспағандағы барлық мәселелердің шешімін қабылдайтын директорлар кеңесі (директорат) болып табылады. Директорат құрамына: төраға, оның орынбасарлары және департамент директорлары: ақша-несие департаменті, банкілік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялы-кассалық операция, бухесеп және бюджет, төлем жүйелері және т.б. кіреді.

ҚР Ұлттық Банк өзінің барлық қызметін жергілікті жердегі аумақтық бөлімшелері арқылы атқарады.

Әдебиет: нег. 8 [33-45]; 21 [77-80].

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы рыногын реттеу саласындағы қаржы рыногы қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі қызметі қандай?

2. Қаржы рыногын реттеу саласындағы ҚР Қаржы Министрлігінің негізгі қызметі?

3. Қаржы рыногын реттеу саласындағы ҚР Ұлттық Банкінің негізг

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Аржы нарығы делдалдары

На сайте allrefs.net читайте: Аржы нарығы делдалдары. ЛЕКЦИЯЛЫ КЕШЕН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардыv

Сынылатын әдебиеттер
Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26]. Бақылау сұрақтары: 1. Қаржы рыногы дегеніміз не? 2. u

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы
Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалыu

Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша u

Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қ

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыру

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып о

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.
Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді б

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.
Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады: - Халықаралық қор нарығы - дүниежүзілік ва

Глоссарии
  1. Айырбасталымды еврооблигациялар – бұл бағалы қағаздың екі типінің: айырбасталынатын облигацияның да, еврооблигацияның да сәй

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги