рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары. - Лекция, раздел Образование, Аржы нарығы делдалдары Дүниежүзілік қаржы Нарықтарының құр...

Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады:

- Халықаралық қор нарығы

- дүниежүзілік валюта нарығы;

- халықаралық несие нарығы;

Қазіргі халықаралық бағалы қағаздар рыногы әзірше алғашқы орналастыру ретінде орын алуда. Екінші рынок әзірше әлі дами қойған жоқ. Сондықтан халықаралық бағалы қағаздар рыногы қандайда бір эмиссияны ұлттық реттеу шеңберінен тыс эмитенттермен жүзеге асыратын еуровалюталық деп аталынатын соңғы шығарылыммен түсіндіріледі. Халықаралық бағалы қағаздар рыногы неғұрлым кеңірек жоспарда шетелдік эмиссия және халықаралық эмиссия меншік жиынтығы, яғни басқа елдердің ұлттық рыногында шетелдік эмитенттермен бағалы қағаздар шығару ретінде қарастырылады.

Қазіргі кездегі әлемдік рынокта борышқорлық бағалы қағаздар алуан түрлі қаржы құралдарының көп мөлшеріне, оның ішінде неғұрлым көлемдірек орын алатын шетелдік облигацияларға айналады.

Әлемдік тәжірибеде эмитентке байланысты еврооблигациялар былай жіктелінеді:

· Мемлекеттік немесе егемендік;

· Муниципальдық немесе аймақтық;

· Корпоративтік.

Корпоративтің эмитент рөлін елдің коммерциялық банктері атқарады. Алғашқы екі топқа қатысты алсақ, мысалы, Ресейде эмитенттің рөлін Мәскеу, Санкт-Петербург, Нижный Новгород әкімшіліктері атқарады.

Мұнда егеменді еврооблигациялар елдің рейтингісімен сәйкес келетін рейтинг алады. Ал муниципальдықтар – халықаралық деңгейдегі агенттермен мақұлдауымен берілген міндетті екі несиелік рейтинг алады.

Бағалы қағаздардың әлімдік рыногының кең дамуының соңғы онжылдығында евронота (EMTNs) алады. Еврооблигациядан айырмашылығы бұл бағалы қағаздар атаулы сипатқа ие және неғұрлым “қысқа мерзімді” болып табылады. Олар проценттің құбылмалы ставкасына ие және номиналды құннан төмен баға бойынша болжалданады.

Соңғы жылдары ең кең тараған қаржы құралдарының бірі еврокоммерциялық қағаздары болып отыр. Еврооблигациялардан айырмашылығы евронота, олар 1 жылға дейінгі айналым мерзіміндегі ақша рыногының құралы болып табылуында. Еврокоммерциялық бағалы қағаздар мүлікпен қамсыздандырылмаған, алайда оларды ірі және белгілі компаниялар жеткілікті жоғары несиелік рейтингімен айналысқа шығарады. Сонымен бірге бұл қағаздар бірінші сыныпты емес қарыз берушілермен айналысқа шығарылады, алайда, ақыр соңында 1 жылға дейінгі мерзіммен аккредитив ұсынатын сенімді банктермен кепілдендірілген болуы тиіс.

ХХғ. 60-жылдарында бағалы қағаздар әлемдік рыногында эмитенті алғашында американдық, сосын жапондық компания болған айырбасталымды еврооблигация пайда болады. Бұл бағалы қағаздар айырбасталымды облигация мен еврооблигация сияқты бағалы қағаздың екі типінің сәйкестігін ұсынады. Әдеттегі айырбасталымды облигация сияқты еврооблигация оны белгілі бір сәтте басқа борышқорлық қағаздар акциясының эмитентіне айырбастауға құқық береді. Бұл еврооблигациялар инвесторларға келесідей мүмкіндіктер береді:

· Қарапайым облигациядан процент ставкасы төмен айырбасталымға дейін тұрақты табыс ағынын қамсыздандыруға;

· Опциондық құқы жүзеге асқан жағдайда компания акционері болуға.

Өндірістің дамуы банктік несиелеуге өте тәуелді болуы жағдайды ұшықтыратыны, бұл бағалы қағаздар рыногының пайда болуын күрделендіретіні белгілі. Қаржы құралдары жеке капитал мен халықтың жинақ қорының елеулігін бөлігін жұмылдыра отырып, экономиканың нақты секторларын және ірі инвестициялық жобаларды инвестициялайды. Бұл жайында әлемдік тәжірибе куәландырып отыр.

Халықаралық қор нарықтарына:

- Амстредам қор биржасы;

- Токио қор биржасы;

- Лондон қор биржасы;

- Нью-Иорк қор биржасы;

- Париж қор биржасы

- Франкфурт-на Майне қор биржалары жаталды.

Дүниежүзілік қаржы нарығының қатысушыларына Халықаралық валта қоры, Дүнеижүзілік банк, Еуропа қайта құру және даму банк, Азия даму банкі, Халақаралық есептесу банкі, Ислам даму банкі, Халықаралық қор биржалары және т.с.с. жатады.

Дүниежүзілік банкке мүше елдер мәндетті түрде ХВҚ мүше болға тиіс.

Дүниежүзілік банк – мүше елдердің даму мәслелерімен айналысады.

Дүниежүзілік банк өз қызметін 1946 жылдан бастап жүргізді.

Дүние жүзілік банкке екім ірі ұйым креді:

1. Халықаралық қайта құру және даму банкі;

2. Халықаралық даму бірлесітігі.

Сонымен қатар оның құрамын мынадай ұйымдар кіреді:

- Халықаралық қаржы корпорациясы;

- Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі Халықаралық орталық;

- Инвестицияларға кепіл беретін жанжақты агенттік.

Халықаралық қайта құру және даму банкі мынадай жағдайларда ссудалар береді:

- елдің экономикалық дамуы үшін үкіметтің кеплідігімен жобаларды қаржыландыруға Орталық банкке не үкіметке несиелер береді;

- қарыз алушы басқа банктен қарыз ала алмаған жағдайларда оған несие беріледі;

- Қазақстан Дүниежүзілік банктің мүшесі ретінде оның несиелерін пайдалануда.

Еуропа қайта құру және даму банкі 1990 жылы 29 мамырда халықаралық қаржы ұйымы ретінде құрылды. Оның қатысушыларына барлық еуропа елдері, Албания, АҚШ, Канада, Марокко; Мексика, Египет; Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуропа экономикалық одағы және Еуропа инвестициялық банкі жатады. Сонымен қатар оның қатысушына бұрынғы кеңестер одағына кірген мемлекеттердің бірқатары енді. ЕҚДБ-нің штаб пәтері Лонданда орналасқан. Ол өз қызметін 1991 жылы бастады.

ЕҚДБ-нің –басты міндеті – пост социалистік елдерге жекешелендіру, құрылымдық қайта құру, қалпына келтіру, инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту, қоршаған ортаны қорғау мақсатында несие беру.

ЕҚДБ-нің несиелеу объектілерін мыналар жатады:

- жеке фирмалар;

- жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар;

- жекшелендірілетін объектілер;

- бірлескен кәсіпорындар.

Азия даму банкі 1965 жылы құрылды. Оның мүшесі тек қана Азияның дамушы мемлекеттері және Жапония мен Австралия болып табылады. Азия даму банкі де Еуропа банкі сияқты операцияларды жүзеге асырады.

Азия даму банкі басты міндеті – пост социалистік елдерге жекешелендіру, құрылымдық қайта құру, қалпына келтіру, инфрақұрылымды жаңғырту және кеңейту, қоршаған ортаны қорғау мақсатында несие беру.

АДБ-нің несиелеу объектілерін мыналар жатады:

- жеке фирмалар;

- жаңадан құрылған нарықтық құрылымдар;

- жекшелендірілетін объектілер;

- бірлескен кәсіпорындар.

Ислам даму банкі 1975 жылы өз қызметін бастады. Оның бас кеңсесі – Джидде қаласында (СаудАравия да) орналасқан. Үш аймақтық кеңсесі Работта (Марокка) Куала-Лумпирде (Малайзия) және Алматыда орналасқан. Банктік құрылтайшылары Ислам конференциясының Ұйымдары. Қазіргі кезде оларды саны 52. Жарғылық капиталы 6 млрд ислам динарымен құрылған.

Дүниежүзілік қаржы нарығының құралдарына:

- алтын;

- шетелдік валюта;

- арнайы қарыз алу құқығы

- ЕВРО .

- Жол чектері;

- Халықаралық төлем карточкалары

- Аккредитивтер;

- Инкассолар

- Гарантиялар

- Депозитарлық қолхаттар

-

Әдебиет: нег. 14 [46-55]; 27 [55-63].

Бақылау сұрақтары:

1. Дүниежүзілік қаржы нарықтарына нелер жатады?

2. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногы ұғымын түсіндіріңіз

3. Халықаралық валюта нарықтарына не жатады?

4. Халықаралық несие нарығының құралдарына не жатады?.

5. Халықаралық қаржы ұйымдарының қаржы нарығындағы ролі қандай?

6. Халықаралық қаржы нарығын қандай ұйымдар реттейді.

 

 

1. Эссе – белгілі бір тақырып бойынша еркін түрдегі пікір келтіру. Негізгі мақсаты - өзінің көзқарасын аргументтер келтіріп, дәлелдей білу. Эссенің құрылымы, әдетте, кіріспеден, негізгі бөліктен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, тақырыпқа байланысты пікірлердің айырмашылықтары қарастырылады. Негізгі бөлімде автор аргументтер келтіріп, өз пікірін (пайымдауын) білдіруге пайдаланылатын негізгі ұғымдарға анықтама береді; кейбір жағдайда қарама – қайшы келетін пайымдаулар да келтірілуі мүмкін (мұнда, басқалардың пікірі неге әлсіз, автордың пікірі неге өз күшінде қалатындығына дәлел болуы керек). Қорытындыда резюме (пікір) ретінде бір – екі сөйлем келтіріледі. 1-тақырыпты оқып – үйрену барысында «Салық әкімшілігінің мәні, мақсаты мен міндеті» тақырыбында эссе жазу қарастырылған. 1 не 2 беттен тұрады (А 4). Міндетті түрде әдебиет көзін келтіру керек

2. Аннотация – қандай да бір мақалаға (сынап –мінеу, түсіндіру) талдау жасау. Жұмыс мерзімді басылымдарға шолу жасаумен түсіндіріледі. «Қазақстан Республикасының салық әкімшілігінің қазіргі кездегі жағдайы» (тақырып 3) деген тақырып шегінде аталған тапсырманы орындау қарастырылған. Сізге аталған тақырыпқа қатысты мақала таңдап алу керек (көлемді болса, онда 1; егер көлемі аз болса 2 немесе 3 мақала) және оны талқылау керек. Түсіндіру немесе талдау (комментарий) аталған мақаланың таңдалуына негіздеме жасаудан және сіздің пікіріңізден (мақала авторының пікірімен келісесіз бе, жоқ па) тұрады. Мақаланы пайдалана отырып, автордың аты – жөнін, алыну көзі мен айы – күнін көрсетуді ұмытпаңыз. Алыну көзіне деген міндетті талап – басылым ресми түрде болуы шарт. Тапсырма көлемі: А 4 беті- бір жағында жапсырылған мақала, екінші жағында сіздің аннотацияңыз (ең аз дегенде 5 сөйлем) Міндетті түрде әдебиет көзін келтіру керек

3.Шағын топтардағы жұмыс. Шағын топтардағы жұмыстың ерекшелігі (4-6 адам) жалпыға ортақ максималды тиімділікке жету үшін топтардың мүшелерінің арасында міндеттемені нақты түрде олардың мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып бөліп беру маңызды мәселе болып табылады.

Презентация – бұл ауқымды да көлемді жұмысты қысқа да түсінікті түрде және қызықты етіп көрсету. Жақсы презентация жасау үшін нақты бір тақырыпты таңдап алу керек, оны өңдеп (немесе түрлі көздерден бір құрылымдағы компазиция жасау, яғни бір жүйеге келтіру) және ауызша нысанда көпшілік алдына шығару керек. Презентацияның сценариі ретінде барлық көздерден алынатын ақпараттарды пайдалану қажет; олардың негізінде жинақталған материалдар жазбаша түрде форматқа түсірілуі керек (түрлі кестелер ретінде, қабылдауға ыңғайлы сызба түрінде болуы мүмкін). Жұмыстың соңғы нәтижесі ауызша айтып берумен қорытындыланады.

Семестрдегі келесі тапсырма – «Ақпараттық жүйенің салық әкімшілігі» тақырыбындағы презентацияны жасау кезінде сіздерге шағын топ құру ұсынылады және топ мүшелерінің арасында міндеттемелерді бөліп беру керек: біреулер материал жинаумен, екіншісі – оларды өңдей отырып, сценарий жазады, үшіншісі – сызбаны құрастырады немесе презентацияға таратпалы материалдар дайындайды, тағы біреулері – ауызша айтуға, сұраққа жауап беруге дайындалады.

Тапсырма көлемі: жазбаша – сценарий А4 бетке, кем дегенде 3 беттен тұруы тиіс: ауызша 7 минуттан аспауы керек. Сценарийде ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет және шағын топтың мүшелері мен олардың арасында бөлінген міндеттерді қосып жазу керек.

Блок – сызба құрастыру – нақты бір салық түрі бойынша ақпараттық жүйенің қалай қызмет ететіндігін көрсетуге тырысасыз және ол графикалық сызба түрінде қысқаша ақпарат беруді білдіреді. Кейбір бағыттары: ҚҚС бойынша ақпараттық жүйе, ЖТС ақпараттық жүйе, салық есептілігі бойынша ақпараттық жүйе және т.б..

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі 2 беттен кем болмауы тиіс, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

5.Іскерлік ойын.Салық әкімшілігін жүргізу нысандары бойынша топ ішілік жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда салық тексеруінің түрлері бойынша топ екі топшаға бөлінеді: бір жағы түрлі меншік нысанындағы кәсіпорын мен ұйымдардың түрлері, екінші жағы салық комитетінің лауазымды тұлғалары ретінде жұмыс жасайды.

6.Экономикалық талдау жасау– сіздерге ұсынылатын сандық мәліметтер негізінде салықтық түсімдердің өсу қарқынын, үлес салмағын, өткен жылдармен салыстыра отырып талдау жасау керек. Тапсырманы орындау аналитикалық кесте тұрғызу, график, диаграммалар жасауға негізделеді. Және олар республикада болып жатқан басқа да экономикалық жағдайлармен байланыстырыла отырып талданады.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-4 беттен тұрады, сонымен бірге, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

7.Шолу және аннотация - соңғы екі тақырыпқа, ортақ тақырып «Салық әкімшілігін жүргізу: проблемалары мен жетілдіру жолдарына» арналады. Мұндағы мүмкін болатын бағыттар: салық әкімшілігін жүргізу нысандары мен әдістеріне тоқталып, ондағы кездесетін кейбір проблемалық мәселелді атап өту керек және оны болдырмау немес жетілдірудің қандай жолдары бар екендігіне тұжырымдар жасап, оны негіздеу қажет.

Тапсырма көлемі: жазбаша А4 бетке, көлемі шамамен 2-3 беттен тұрады, ауызша 3 минут, ақпарат көздерін жазуды ұмытпау қажет.

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Аржы нарығы делдалдары

На сайте allrefs.net читайте: Аржы нарығы делдалдары. ЛЕКЦИЯЛЫ КЕШЕН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардыv

Сынылатын әдебиеттер
Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26]. Бақылау сұрақтары: 1. Қаржы рыногы дегеніміз не? 2. u

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы
Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалыu

Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша u

Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қ

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыру

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып о

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.
Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді б

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары
Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрыл

Глоссарии
  1. Айырбасталымды еврооблигациялар – бұл бағалы қағаздың екі типінің: айырбасталынатын облигацияның да, еврооблигацияның да сәй

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги