рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі. - Лекция, раздел Образование, Аржы нарығы делдалдары Айтылып Келгендей “Инвестиция” ұғымы Кең Мағынада Ел ...

Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Бұл проблемаларды шешу үшін олардың қатарында инвестициялық қорларды атауға болатын тиісті қаржы институттары құрылды.

Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқығын қорғау және ақша қаражаттарын тарту және артынша диверсификацияны есепке ала отырып бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен инвестиция тәуекелін төмендету мақсатында қаржы рыногында қызмет етеді. Олар инвестициялық процесте маңызды рөл ойнайды, өйткені ақыр соңында өндірісті дамытуға бағытталатын шағын салымшылардың едәуір қаражаттарын өз қолдарына шоғырландырды. Инвестициялық қорлар өз қаражаттарын тікелей акцияларға, облигацияларға, оларды банк депозиттеріне сала алатын және т.б. инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салу көзі болып табылады.

Инвестициялық қор- өз акцияларын шығару және ашық орналастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту және тартылған қаражаттар есебінен бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Қазақстанда инвестициялық қорлар кез келген заңды және жеке тұлға акционерлері бола алатын акционерлік қоғам нысанында құрылады. Бұл қорлардың барлық қызметі сәйкесінше кіріс алу мақсатымен әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдар жасауға және қалыптасқан портфельді басқаруға негізделеді. Инвестициялық қор негізінен шағын жеке инвесторлар есебінен акция шығару арқылы ақша қаражаттарын тартады. Түскен қаражаттарға қор кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатып алады және салымшыларын акция бойынша белгілі бір кірістермен қамтамасыз етеді.

өз қызметін жүзеге асыру барысында инвестициялық қор белгілі бір принциптерді басшылыққа алады:

· Инвестициялық салымдардың диверсификациясы;

· Бағалы қағаздармен тәуекелі жоғары операциялар жасауға тыйым салу;

· Бағалы қағаздарды сатып алуға деген кәсіби амал;

· Жеке инвесторға қарағанда қаржы қаражаттарының көп болуы.

Қызмет барысында инвестициялық қор өндірістік және сауда-саттық қызметін (бағалы қағаздармен қаржы құралдарынан басқа) жүзеге асыра алмайды, кез келген түрдегі кепілдіктер бере алмайды, басқа инвестициялық қорлардың сондай-ақ кастодианның регистратордың және аффилииирленген тұлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын акцияларын сатып ала алмайды, 6 айдан асатын мерзімге банктерде заем қаражаттарын тарта алмайды, бағалы қағаздармен кепіл мәмілелерін жасай алмайды, кез келген тәсілмен заем бере алмайды, сондай-ақ опциондармен жасалатын мәмілелермен, “қысқа сатумен” айналыса алмайды.

Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымын келесідей көрсетуге болады:

- Акционерлердің жалпы жиналысы

- Басқарма

- Инвестициялық қорды басқарушы

Кез келген Акционерлік қоғамның акционерлерінің жалпы жиналысының құзіретіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда ол сол сияқты инвестициялық қордың типі қайта ұйымдастыру; инвестициялық декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу; бағалы қағаздар портфелін басқарушымен сондай-ақ регистратор және кастадианмен жасалған шарттарды бекіту жөніндегі мәселелерді шешеді.

Инвестициялық қордың атқарушы органы басқарма болып табылады. Басқарманың заңмен белгіленгеннен басқа да жеке құзіреттері болады, мәселен басқарушының қызмет нәтижелері туралы және инвестициялық қордың қызметімен қаржылық жай күйіне қатысты есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялауды жүзеге асыру.

Басқарма мүшелері брокер, осы қор басшысының лауазымды тұлғаларының қызметтерін жүзеге асыра алмайды.

Инвестициялық қорды басқарушы- бағалы қағаздар портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыратын және оны басқару туралы инвестициялық қормен жасалған шарт негізінде қызмет ететін заңды тұлға.

Қордың бағалы қағаздар портфелін басқаруға тиісті лицензиясы болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады. Басқарушы бағалы қағаздар портфелін басқаруға шарттарын бір мезетте екі және одан да көп инвестициялық қорлармен жасаса алады, бірақ бұл ретте осы қорлардың мазмұны мүлдем әр түрлі декларациялары болуы тиіс.

Инвестициялық қордың қызметі ҚР-ның қолданыстағы заңдарын жүйелі түрде бұзған жағдайда; басқарушының лицензиясы тоқтатылғанда немесе кері шақыртылғанда, сондай-ақ өзара қор өз акцияларын қайта сатып алуға қабілетсіз болған жағдайда тоқтатылады.

Қазақстан заңдары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерінің құрылуы мен қызмет етуін анықтайды.

Инвестициялық қорлардың 2 негізгі типін көрсетеді: өзара қор және инвестициялық компания.

Өзара қор ниет білдірген барлық инвесторлардың қаражаттарын тартатын және өзі эмиссиялаған акцияларды өзінің акционерлерінен қайта сатып алу міндеттемесі бар ашық инвестициялық қор . Мұндай қор акциялардың шексіз көлемін шығаруы мүмкін және қажет болған жағдайда акционерлердің жалпы жиналысының шешімінсіз қосымша эмиссиялауды жүзеге асырады. Өзара қор артықшылықты акциялар шығара алмайды.

Инвестициялық компания- осы қордың құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарта алатын жабық инвестициялық қор. Бұл қор өзі шығарған акцияларды акционерлерінен қайта сатып алуға міндетті емес, ал оның жарғылық капиталы қосымша акция шығару арқылы арттырылуы немесе акция бөліктерін акционерлердің жалпы жиналысының рұқсатынсыз өтеу арқылы кемітуі мүмкін емес.

Сондай-ақ пайлық (келісім шарттың) және акционерлік (корпоративтік) инвестициялық қорлар болады.

Пайлық инвестициялық қор оның жарғылық қорының үлестер құру арқылы қалыптастырылатындығын білдірсе, акционерлік жарғылық қордың акция эмиссиялау арқылы қалыптастырылуын білдіреді. Инвестициялық қордың акционерлік нысанының артықшылығы мынада: пайлауға қарағанда акцияларды рынокта сату жеңілірек, сондай-ақ қор акционері әдеттегі АҚ-дай акцияны қайта сатып алуды талап ете алады. Пайлық және акционерлік инвестициялық қорлардың негізгі сипаттамалары суреттерде көрсетілген.

Әдебиет:12 негізгі [99-112]; 19 қосымша [23-45]

Бақылау сұрақтары:

1. Инвестициялық қор дегеніміз не?

2. Инвестициялық қордың ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

3. Инвестициялық қорлардың қандай түрлері бар?

4. Өзара инвестициялық қор дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде?

5. Пайлық инвестициялық қор дегеніміз не?

6. Инвестициялық қордың қызметі неде?

Қазақстанда қанша инвестициялық қор қызмет етеді?

 

 

13-дәрiс. Қор биржасының қызметі

Мәні бойынша қор биржасы рыноктағы онын алмастырылмайтын қаржы делдалы болып табылады. Қаржы құралдарының негізгі массасы қордағы айналымда болды. Ол ресурстардың қаржы рыногының бір субъектісінен екіншісіне қарай қозғалуына делдалдық етеді.

ҚР-ның ”Бағалы қағаздар рыногы туралы” Заңға сәйкес қор биржасы – бұл қызметі өзінің шығынын өзі өтеу принципіне негізделетін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларымен акционерлік қоғам нысанда құрылатын өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым.

Өз қызметінде қор биржасы ҚР-ның мемлекеттік органдарына тәуелді емес, ал оның қызметі ерекше және қызметтің басқа кез келген түрлерімен үйлеспейді. Ол басқа биржалардың қызметтерін орындамайды және өз қызмет лицензия негізінде жүзеге асырылады. Қор биржасы бағалы қағаздармен операцияларды жүргізуге қызмет көрсететін қосымша құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ филиалдар мен өкілдіктер құруға құқылы.

Ұйымдастырушылық тұрғыдан қор биржасы белгілі бір функцияларды орындайды:

· Бағалы қағаздар мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін өз клиенттеріне арнайы жабдықталған сауда-саттық алаңдарын беру;

· Бағалы қағаздардың сауда-саттығын ұйымдастыру;

· Бағалы қағаздар катеровкасын жүзеге асыру;

· Өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсету;

· Өздерінің аналитикалық зерттеулерін жүргізу;

· Құқықтық қатынас субъектілерінің арасында клиринг жүргізу;

Экономикалық тұрғыдан қор биржасы келесідей функцияларды орындайды:

· Баға қалыптастырушылық-биржа экономикалық негізделген бағаларды белгілеуге мүмкіндік береді.

· Баға болжаушылық және ақпараттық аналитикалық-биржа қандай да бір шекте сұраныс пен ұсыныстың дамуының мүмкін тенденцияларын анықтау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

· Тәуекелдерді сақтандыру - бұл тек мерзімді биржалық мәмілелерге тән қызметтер.

· Баға тұрақтандырушылық - биржада күн сайын шектен шығуы мүмкін емес ауытқуының белгілі бір амплитудасы бар бағаның жол берілген құбылуы белгіленеді.

Кез келген заңды тұлға секілді қор биржасы өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілік көтереді. Ол бағалы қағаздар рыногының субъектісінің келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті, және өз қызметтерін тиісінше орындамаған, биржалық сауда-саттықтың ережелері мен заңдарын бұзған немесе коммерциялық құпияны жариялағаны үшін жауап береді.

ҚР-да бүгінгі таңда тек бір ғана қор биржасы бар. Ол-Евроазиаттық қор биржасы федерациясының (FEAS) мүшесі және халықаралық қор биржасы федерациясының (FJBV) корреспонденттік мүшесі болып табылатын қазақстандық қор биржасы. Техникалық прогеске қор биржасының ұдайы жетілдірілуіне қарамастан қор биржасының, биржалық сауда-саттықтың жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалады.

1997 жылдың басына қарай Қазақстанда 3 қор биржасы болды: Орталық азиялық қор биржасы, Қазақстандық қор биржасы, Банкаралық Қазақстандық қор биржасы, 1996 жылдың желтоқсанында үлгілік қор биржасын таңдау бойынша жарияланған тендерде жеңімпаз деп Қазақстанның қор биржасы мен БҚҚБ-н біріктіріп, соңғысының қызметін тоқтату шешімі танылды.

1998 жылдың жазында Қазақстанның қор биржасы Қазақстандағы биржалық рыноктың баға белгілеу ұйымын құру проблемасын шешкен тікелей баға белгілеу әдісі бойынша листингілік емес бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға арналған сауда жүйесін қолданысқа жіберуді жүзеге асырды.

“Бағалы қағаздар рыногы туралы” ҚР Заңына сәйкес қор биржасында орны бар және осы қор биржасының листингісіне қосылған бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысатын кәсіби қатысушылар ғана қор биржасының мүшелері бола алады. Қор биржасының арасында ҚР-ң бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да бар оннан кем емес мүшесі болуы тиіс. Биржа мүшелігіне қабылдау туралы шешім биржалық кеңеспен қабылданады. Қазақстандық қор биржасының Ережесі (KASE) биржа мүшелерінің санаттарын, оларға қойылатын талаптар, биржа мүшелігіне қабылдау тәртібі, мүшелікті тоқтата тұру және тоқтату, сондай-ақ қор мүшелерінің құқықтары мен міндеттері анықталады.

“С” санаты бойынша биржа мүшелігіне кіретін мүшелерді қоспағанда қаржы рыноктарында кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығына ие, ҚР-ң шегінен тыс заңды тұлғалар ретінде тіркелген ұйымдар да қор биржасының мүшесі бола алады.

KASE мүшелері сауда-саттықтарын қор биржасының мүшесі қатыса алатын қаржы құралдарының түрлеріне байланысты келесідей санаттарға бөледі:

§ "Р" – ресми тізімге қосылған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

§ "Н" – қор биржасы сауда жүйесінің “листингілік бағалы қағаздар” секторында айналымына (сауда-саттығына) жол берілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздардың және жекешелендірілетін ұйымдардың мемлекеттік акция пакетінің сауда-саттығына қатысу құқығымен;

§ "К" – қор биржасының айналымындағы (сауда-саттықтағы) мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

§ "С" – қор биржасының айналымындағы (сауда-саттықтағы) мерзімді келісім-шарттардың сауда-саттығына қатысу құқығымен;

§ "В" – шетелдік валютаның сауда-саттығына қатысу қүқығымен. Бір ұйым қор биржасында бірнеше санат бойынша мүшелік болуы мүмкін.

Қор биржасының мүшесі өзіне берілген мүшелік санатына сәйкес қаржы құралдарының сауда-саттығына қатыса алады; қор биржасындағы қызметі үшін қажет және жеткілікті ақпарат алуға; Биржалық Кеңестің, валюталық рынок бойынша Биржалық Кеңес комитетінің биржа мүшелерінің жалпы жиналысы және оның секцияларына сауда, есеп айырысу, ақпараттық және өзге де қызметтер бойынша ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ өзіне берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналасының және оның секцияларының жұмысына қатысуға құқылы.

Сонымен қатар қор биржасы мүшесінің белгілі бір міндеттері бар:

· қолданыстағы заңнаманың, жарғының, басқа да ішкі құжаттардың талаптарын сақтау;

· биржада белгіленген құрамда, мөлшерде, мерзімдерде және тәртіпте, оған берілген мүшелік санатына сәйкес мүшелік жарналарды және биржалық жинақтарды төлеу;

· қор биржасында қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерден туындаған міндеттемелерді, сондай-ақ қор биржалары мүшелерінің және оның трейдерлерінің қызметін реттейтін қолданыстағы заңдардың, жарғының, өзге де ішкі құжаттардың талаптарына негізделген өзге міндеттемелерді дер кезінде, толық көлемде және неғұрлым оңтайлы тәсілмен орындау;

· қор мүшесінің биржадағы мүшелігіне қарай алған және биржаның ішкі құжаттарына сәйкес коммерциялық құпия немесе конфиденциалдық ақпарат снаатына жатқызылған ақпаратты ерекше рұқсатсыз жарияламау және үшінші тұлғаларға бермеу;

· биржа мүшесінің құрылтай құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілген жағдайда дереу өзгертулер мен толықтырулардың нотариалды куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ қолданыстағы заңдарға сәйкес мұндай тіркеу талап етілсе өзгертулер мен толықтырулардың мемлекеттік тіркелімін растайтын құжаттарды ұсыну;

· оған қатысты, оның қызметкерлеріне және аффиирленген тұлғаларына қатысты уәкілетті мемлекеттік орган қолданған кез келген тәртіптік әрекеттер туралы дереу хабардар ету;

· Өз трейдтері құрамында болатын кез келген өзгерістер туралы мағлұмат беру және мұндай мағлұматты бермеудің немесе дер кезінде бермеудің салдары үшін толық жауап береді және т.б..

Қор биржасныың мүшелеріне тиісті санаттық мүшесі болып табылмайтын тұлғаларға биржадағы өз орнын пайдалануға беруіне тыйым салынады.

Қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымына қатысты айтатын болсақ, оны келесідей етіп көрсетуге болады:

 

 
 

 


Қазақстандық қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымы

 

Әдебиет: нег. 14 [23-45]; 19 [40-56].

Бақылау сұрақтары:

1.Қор биржасы дегеніміз не?

2.Қор биржасын құрудың тәртібі қандай?

3.Қор биржасы қызметінің мәні неде?

4.Листинг және делистинг дегеніміз не?

5.ҚР қор биржасында қандай бағалы қағаздар сауда-саттыққа жіберіледі?

6.Қазақстандық қор биржасының қызметі қалай жүзеге асырылады?

7.Қазақстандық қор биржасының ұйымдастырушылық құрылымы қандай?

8.Қазақстандық қор биржасының құрамы қандай?

9.

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Аржы нарығы делдалдары

На сайте allrefs.net читайте: Аржы нарығы делдалдары. ЛЕКЦИЯЛЫ КЕШЕН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардыv

Сынылатын әдебиеттер
Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26]. Бақылау сұрақтары: 1. Қаржы рыногы дегеніміз не? 2. u

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы
Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалыu

Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша u

Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қ

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыру

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып о

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары
Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрыл

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.
Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады: - Халықаралық қор нарығы - дүниежүзілік ва

Глоссарии
  1. Айырбасталымды еврооблигациялар – бұл бағалы қағаздың екі типінің: айырбасталынатын облигацияның да, еврооблигацияның да сәй

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги