рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Глоссарии

Глоссарии - Лекция, раздел Образование, Аржы нарығы делдалдары   1. Айырбасталымды Еврооблигациялар – Бұл Бағалы &...

 

1. Айырбасталымды еврооблигациялар – бұл бағалы қағаздың екі типінің: айырбасталынатын облигацияның да, еврооблигацияның да сәйкестігін ұсынатын бағалы қағаздар.

2. Акционерлік сақтандыру – сақтандыру қызметінің ұйымдық нысаны акционерлік қоғамдар мен сақтандыру компаниясы болып табылатын сақтандырудың бір түрі.

3. Әлемдік қаржылық рынок – бұл әртүрлі рольде орындалатын: капитал экспортерлері рөлінде, оның реципиенттері рөлінде және бұл рөлдердің сәйкестігі, мысалы капитал транзит, қалай болса да барлық ел қатынасатын экономикалық қатынас.

4. Әмбебап коммерциялық банктер – бұл көбінесе қаржылық операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын кредиттік мекеме.

5. Бағалы қағаздардың халықаралық рыногы – халықаралық эмиссия мен шетелдік эмиссияның меншік жиынтығы, яғни басқа елдердің ұлттық рыногында бағалы қағаздарды шетелдік эмитентпен шығаруы.

6. «Биржа» - жаңа латынның "bursa" сөзінен шыққан, былғары амиян.

7. Валюта – халықаралық есеп айырысуларда пайдаланылатын және кез келген ұлттық ақша бірлігі болып табылатын, кез келген төлем құжаты немесе ақша міндеттемесі.

8. Валюталық айырбас – бұл бір елдің валютасының басқа елдің валютасына айырбасы.

9. Валюта клирингі – бұл халықаралық келісімдерге сәйкес өзара талаптар негізі есебінде елдер арасындағы есеп айырысулар.

10. Валюталық рынок – бұл валюта сатушы мен тұтынушының арасында құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнататын механизм.

11. Вексель – бұл қарызгерден көрсетілген мерзімінің аяқталуы бойынша ақшалай соманы талап ету құқығын беретін алғашқы қарыздық міндеттеме.

12. Депозиттік сертификат – ақшалай қаражат салым туралы эмитент-банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңи тұлғаның) белгіленген мерзім өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайыздарды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.

13. «Евробондз» - бұл шетел валюталарының бірінде ұлттық эмитентпен шығарылатын және бірмезетте бірнеше елде орналасатын еврооблигация.

14. Евронота (EMTNs) – бұл атаулы сипаттағы және неғұрлым “қысқа мерзімді” болып табылатын бағалы қағаздар.

15. Еврокоммерциялық қағаздар – олар 1 жылға дейін айналым мерзімінде болатын ақша рыногының құралы болып табылады.

16. Еврокоммерциялық қағаздар – бұл бір жылға дейінгі айналым мерзіміндегі ақша рыногының құралы, олармен мүлікпен қамсыздандырылмаған, алайда, оларды ірі және белгілі компаниялар жеткілікті жоғары несиелік рейтингімен айналысқа шығарады.

17. Ерікті сақтандыру – жақтардың еркін өтінішімен жүзеге асырылатын сақтандыру.

18. Жанама реттеу – мемлекеттің сыртқы саяси қызметі және сыртқы экономикалық саясаты; мемлекеттік меншіктер мен ресурстар; мемлекеттік капиталдар; ақша саясаты; мемлекеттік салық саясатына тиесілі оны өкімінде экономикалық рычактор орналасатын мемлекетпен жүзеге асырылады.

19. Жинақ ақша салымдары – олар азғантай жинақ ақшаны өтімді жұмсау үшін тағайындалған және олар талап етілмелі салымдардан тек төлем, ақша алу тәсілдері, пайыздарды есептеу кезеңділігімен ғана ерекшеленеді.

20. ЖЗҚ ашылуы – жұмыс орны мен мекен жайына қарамай-ақ салымшылардан зейнетақы жарнасын жинауды жүзеге асырады.

21. Инвестициялық қорлар – өз бағалы қағаздарын (акция, инвестициялық пайлар) сатып және алынған қаражаттарын тіке қаржы міндеттемелерін сатып алуға пайдаланады. Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері өз пайларын инвесторларға сататын және тапқан қаражатына артықшылықты акциялар мен облигацияларды сатып алатын пайлық қорлар болып табылады.

22. Инвестициялық және иннновациялық банктер – түрлі салаларды, кәсіпорындарды, фирмаларды қаржыландыруға және ұзақ мерзімді несиелендіруге мамандандырылған банктер. Банк инвестициялық капиталды негізінен облигациялар мен басқада бағалы қағаздар шығару жолымен тартады.

23. Инвестициялық компания – аталмыш қордың құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын, бір немесе бірнеше заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын тарта алатын жабық инвестициялық қор.

24. Ипотекалық банк - жылжымайтын мүлікті (жерді, құрылыстарды, т.б.) кепілге салу жолымен ұзақ мерзімді несие беретін, сондай-ақ кепілге салынған жылжымайтын мүлікпен қамсыздандырылған кепілхат парақтарын шығаратын несие мекемесі.

25. Коммерциялық банк – барлық салалардың кәсіпорындары үшін ең алдымен пайдаланармандардың салымдары түрінде тартылған ақшалай капитал мен жинақ ақша есебінен әмбебап банк операцияларын жүзеге асырушы кредит мекемелері; кредит жүйесінің негізгі буыны.

26. Корпорация- қайсыбір мақсатқа жету, бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін бірлескен және дербес құқық субъектісін - заңи тұлғаны құратын тұлғалардың жиынтығы. Көбінесе корпорациялар акционерлік қоғам нысанында құрылады.

27. Кредитор – бұл несие ұсынатын, борышқа бірдеңе беруші (ұйым, кәсіпорын немесе жеке адам).

28. Кредиттік серіктестік – белгілі бір шаруашылық субъектілер аясына несиелеу және қызмет көрсету мақсатында құрылған банк болып табылмайтын, заңи тұлға.

29. Қаржылық pынок – бұл сауданың ақшалай, депозиттік, несиелік, валюталық, қорлық, сақтандырулық, зейнетақылық рыноктары қаржылық құралдарының ұйымдастырылған жүйесі.

30. Қарызгер– бұл несие алушы кредиттік қатынастар субъектілерінің бірі, және алған сомасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті.

31. Қоғамдық реттеу – қоғамдық пікір арқылы реттеу.

32. Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін бейкоммерциялық ұйым.

33. Мамандандырылған банктер – бұл бір немесе бірнеше банк қызметтерін орындайтын, сонымен қатар өз қызметін белгілі бір экономика сферасында жүзеге асыратын кредит мекемесі.

34. Мемлекеттік сақтандыру – бұл сақтандырушы ретінде заңмен реттелінетін мемлекеттік ұйымдар болатын сақтандыру нысаны.

35. Мерзімді салымдар (мерзімді депозиттер) - бұл депозиттер белгілі бір сомада салынатын және уағдаласылған мерзім өткеннен кейін толық алынатын депозиттер. Ал алдына жабу айыппұл төлеуге әкеп соғады, сыйақы тағайындау оның көлемі мен мерзіміне байланысты болады.

36. Міндетті сақтандыру – бұл заң актлері талаптарының күшімен орындалынатын сақтандыру.

37. Несиелік рынок – бұл қаржы қаражаттарына мұқтаж болып отырған халық пен шаруашылық субъектілер және белгілі бір шарттармен оларды ұсынала алатын (қарызға беретін) халық пен шаруашылық субъектілер арасындағы өзара қарым-қатынас арқасында қалыптастырылатын механизм.

38. Өзара қор – барлық ниет білдіруші инвесторлар қаражатын тартушы және өз акционерлеріне олардың айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндеті бар ашық инвестициялық қор болып табылады.

39. Өзара сақтандыру – сақтандыру арқылы қорғаудың ұйымдық нысандарының бірі, мұнда әрбір сақтанушы сонымен бірге сақтандыру қоғамының мүшесі болып табылады.

40. Өзін-өзі реттеу – бұл рыноктың кәсіби қатысушы бірлестіктер жақтарынан қаржылық рынокты реттеу.

41. Сақтандыру – бір жағы келесісін сақтандыру келісетін тәуекелдік бөлімі туралы келісім.

42. Сыртқы реттеу - барлық рынок институттарының қалыпты жұмыс істеуін қамсыздандыратын, барлық заң актілері мен нормативтерінің орындалуын негіздейді.

43. Талап етілмелі депозиттер немесе чектік депозиттер – депозиттің бұл түрі міндетті өтеуге тиесілі салымшыға чек жазып беруге құқық береді.

44. Трансшекаралық сақтандыру - сақтандыру сыйақыларын ҚР немесе оның шегінде жүргізілетін төлем.

45. Тікелей реттеу – қаржы рыногы субъектілерінің қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару; эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу және міндеттер мен шарттардың эмитенттерін сақтауды бақылауды жүзеге асыру.

46. Чек – шот иесінің банкке жазылған өкімі, ол арнаулы бланкіге толтырылады, онда осы шоттан аталған соманы беру немесе аудару жөнінде жарлық беріледі.

 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

Негізгі оқу әдебиеттері

 

  1. Орешкин И.А. Субъекты налогового контроля и их взаймодействие – Финансовое право, 2005.
  2. Щербинин А.Т. Правовые основы налогового контроля. – Финансы, 2001.

 

Қосымша әдебиеттер

 

  1. Салық және салық құқығы – под.ред. А.В. Брызгалина М: Аналитика Пресс, 1997.
  2. Черник Д.Г. Основы налоговой системы. – М; ЮНИТИ, 1998*.
  3. А.И.Худяков. Налоговое право РК. – Алматы, БАСПА, 1998*.

 

Нормативтік – құқықтық база

 

6. «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңы. 12 маусым 2001 жыл (өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып)*.

7. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексі. 29 қараша, 2002 жыл (өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып)* .

8. ҚР Қылмыстық кодексі*.

 

Мерзімді басылымдар

 

  1. Налогоплательщик - ай сайын шығатын журнал*.
  2. Вестник НС РК - ай сайын шығатын журнал*.
  3. Бухгалтер бюллетені - ай сайын шығатын журнал*.
  4. Қаржы – қаражат, ғылыми – практикалық журнал*.
  5. ҚР ҚМ статистикалық бюллетені*.

 

Интернет мәліметтері

 

  1. www tax kz.kz.
  2. www budgetrf.ru.
  3. www esep.kz.
  4. www government.kz.
  5. www minfin.kz.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Аржы нарығы делдалдары

На сайте allrefs.net читайте: Аржы нарығы делдалдары. ЛЕКЦИЯЛЫ КЕШЕН...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Глоссарии

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Дәрiс. Қаржы нарығы ұғымы мен құрылымы
Қаржылық қатынастар кез келген елдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналысы мен қайта бөлу олардыv

Сынылатын әдебиеттер
Негізгі . 1[9-12]; 8 [15-19]; 14 [16-25]; қосымша 18[26-45]; 19[12-20]; 25[10-26]. Бақылау сұрақтары: 1. Қаржы рыногы дегеніміз не? 2. u

Дәріс. Депозиттік нарықтың құрылымы
Депозитік нарық – бұл қаржы нарығының құрамдас бөлігі ретінде депозит салымшылар мен оны сақтаушылардың арасындағы экономикалыu

Дәрiс. Валюта нарығының құрылымы
  Валюталық рынок қаржы рыногының әртүрлі құрамдас бөліктерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету бойынша u

Дәріс. Бағалы қағаздар нарығының қызметін ұйымдастыру
Бағалы қағаздар нарығы – нрақытың қатысушыларының арасындағы бағалы қағаздарды шығару, орналасаттыру және қ

Дәріс. Сақтандыру нарығының құрылымы
Қаржылық рыноктық маңызды сегменттердің бірі сақтандыру рыногы болып табылады. Сақтандыру - бұл тараптардың бірі екіншісін сақтандыру

Дәрiс. Зейнетақы қорының нарығы
Қазақстанның зейнетақы рыногы бүгінгі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде неғұрлым қарқынды дамып о

Дәрiс. Банктер және олардың қаржы делдалдық қызметі
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан рыногында қаржы делдалдығы қызметін атқаратын қаржы институттарының желісі де қалыптасады. Бұл

Дәрiс. Инвестициялық қор және оның қызметі.
Айтылып келгендей “инвестиция” ұғымы кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажет механизмді қамтамасыз етуді б

Дәріс. Қазақстандағы мемлекеттік реттеу органдары
Президенрт Жарлығына сәйкес ҚР қаржы рыногындағы қызметті реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган 2004ж. құрыл

Дәрiс. Дүниежүзілік қаржы нарықтары.
Дүниежүзілік қаржы нарықтарының құрылымына мыналар жатады: - Халықаралық қор нарығы - дүниежүзілік ва

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги