рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Геологиялық құрылымы және жер бедері

Геологиялық құрылымы және жер бедері - раздел Образование, Мазмұны   Бурабай Геологиясын Зерттеу Оның Рельефін Зерттеумен Ты...

 

Бурабай геологиясын зерттеу оның рельефін зерттеумен тығыз байланысты. Бурабай жерінің геологиялық құрылысын зерттеумен айналысқан ғалымдар: Краснопольский А., Высоцкий Н. К.,Шлыгин Е. Д., Драверт В. Л., Шлыгиннің Көкшетау аумағының, соның ішінде Бурабайдың геологиясы жөніндегі монографиясы ерекше маңызға ие.

Бурабай аумағы өзінің қазіргі геоморфологиялық бейнесін ұзақ уақыт бойы қалыптасып дамыған рельефтен, геологиялық тарихынан алады. Герциндік тау түзілу дәуірінен кейін (шамамен 200 млн жыл бұрын) ұзақ мерзім аралығында әлсіз тектоникалық қозғалыстарымен болған континенталдық денудация үрдісі жүрді. Нәтижесінде болған тау негізне дейін толық үгіліп, рельеф пенепленге айналды. Неоген дәуірінде (шамамен 25 млн жыл бұрын) аудан тектоникалық көтерілімге ұшырады. Біраздан соң, төрттік дәуірде (шамамен 1 млн жыл бұрын) қайта тектоникалық көтерілім болып, бөлінімдер пайда болды. Олардан бөлек блоктар көтеріле бастады. Аңғарларды қалыптастырған Қылшақты, Сарыбұлақ және Қарабұлақ өзендері пайда болды. Нәтижесінде блоктар Көкшетау тауларына айналды. Таулардың көтерілуі бөлек жерлердің төмендеуімен қатар жүріп, төмендеген жердің орындарында Шортандыкөл, Айнакөл, Үлкен Шабақты, Әулиекөл (Бурабай) көлдері қалыптасты.

Бурабайдағы көптеген шоқылар жартастар шеттері жұмырланған үлкен литалардың бір – біріне жабысып, жастық, матрацтарға ұқсайды. Геологияда оларды гранитті массивтер деп атайды. Граниттердің желмен үгілуі, тәуліктік және жылдық температуралардың күрт ауытқуы, судың химиялық және физикалық әсері тауларда жарықтардың пайда болуына әкелді. Осының нәтижсінде таулар қызық, фантастикалық формаға ие болды. Бурабай граниттерінде алюминий, темір, мгний, хром, марганец, никель, ванадий, жез, вольфрам және радиоактивті элементтері кездесетін минералдар бар.

Келесі жыныстар тобы, территорияның көп бөлігін алып жатыр. Олар палеозой дәуіріне жатады (шамамен 1350 млн жыл бұрын). Бұл топқа кремнийлі жыныстар кешені, құмдақтар лорфириттер және әктастар кіреді. Ең жас кайназой дәуірінен кең таралған төрттік шөгінділер: тасты жыныстардың сынықтары, қиыршықтас, құм, көлдік және өзендік қалдықтар, саздар. Шоқыаралық төмендеулерде шұңқырларды жас борпылдақ қалдықтардың қаталдығы 20-40 м. Өзен мен көлдер жағалауларындағы қалдықтар құмадар болып келеді.

Бурабай – маңытаулы орманды өлкесі мен геоморфологиялық жағынан күшті көтерілген табиғи аймақ. Жер бедері негізгі үш түрмен сипатталады: аласа-таулы, ұсақ шоқылы және жазықтық. Аудандардың негізгі жер бедерін таулар құрайды. Олар қайыңды, қарағашты ормандар мен көмкерілген. Жан-жағын адыр төбелер мен көлдер қоршап тұр. Бұның кейбір заңдылықтары кейбір ғылыми басылымдарда көрсетілген. Биік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорым тас күйінде жер бетіне шығып жатады. Ұсақ шоқының палезойдың орта тұсынан бастап осы уақытқа дейін жалғанып келген континенттік даму процесінің, яғни докембрилік палезойлық және неғұрлым денудациялануы есебінен қалыптасты. Көкше тауы батысқа қарай отыз бес шақырымды алып жатқан таулы жүйені құрайды. Оң жағында Шортанды қаласы болса, солтүстігінде Үлкен Шабақты көлі мен Бөлектау тауымен шектеледі. Таулы жүйе оңтүстік және солтүстік жоталарымен Ақылбай асуына дейінгі аралықты алып жатыр. Тауды өзен аңғарларымен, шатқалдармен, тау арасындағы қазаншұңқырлармен, адыр тәрізді су айрықтармен айқын бөлінген тасты жоталар қоршаған. Жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын байқалады.

Көкшетау – Сарыарқаның солтүстігінде, Көкшетау қыратының солтүстік-шығыс бөлігінде оқшау орналасқан, жақпартасты, орманды көлді тау. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 20 км-ге доғаша иіле созылып жатыр, ені 5 км-дей. Ең биік жері – Көкше шоқысы (947 м). Ақылбай кезеңі Көкшетауды екіге бөледі: солтүстігінде Көкше, Бура, Жекебатыр, оңтүстігінде Айыртөбе (Седловатка), Шортан шоқылары бар. Тау девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімделген. Соның салдарынан гранит ашылымдары сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады. Тау беткейлерінің шымды күлгін топырағында қарағай, қайың, терек, әр түрлі бұта, тау етегіндегі аңғарлардың шалғындық топырағында бидайық, арпабас, бұтақты бидайық, айрауық аралас әр түрлі шөптер өседі.

Көкше шыңы – Көкшетаудың ең биік жері. Көкшетау қыратының солтүстігінде орналасқан. Батысында оны Кіші Шабақты, солтүстігінде Үлкен Шабақты, шығысында Бурабай көлдері қоршап жатыр. Абсолют биіктігі 947 м, төңірегіндегі жазықтан салыстырмалы биіктігі 600 – 700 м. Гранитті интрузивті жыныстардан түзілген. Жақпарлы беткейлері тектоникa және эрозиялық-денудациялық әрекеттерге көп ұшыраған. Солардың салдарынан ғажайып пішінді сан алуан тас мүсіндер, үңгірлер пайда болған. Беткейлерінде қарағай, қайың, түрлі бұталы орман, етегінде әр түрлі шалғынды шөп өседі. Туристерге тау басына шығып, төңірегіндегі көркем табиғатты тамашалауға өте қолайлы биіктігі Оңтүстіктен етегінде «Оқжетпес» санаторийі орналасқан.Тауларды ормандар алып жатқандықтан, ауданға қолайлы микроклимат жасап отыр, яғни атмосфералық жауын-шашыннан, далалық желдерден қорғайды. Сонымен қатар сипатталған ауданда көтеріңкі жер бөліктері және жазықтық ашық территориялар кездеседі.Жазықтар тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Бедердің ұсақ формалары, тау жұрнағы, төбелер, жыралар кездеседі. Берілген жер бедері шегінде Үлкен және Кіші Шабақты көлі, ал аралықтарында көптеген ұсақ көлдер мен ойпаңдар мен сорлар жатыр. Үгілу процесі бірдей жүрмегендіктен түрлі пішіндегі шоқылар, жартастарадамдар мен жануарларды сипаттайды.Аудан территориясы каледон және герцин құрылымдарын қамтиды. Бұл жерде жер бедерінің ұзаққа созылған геологиялық дамуының іздері айқын көрінеді. Ежелгі (палезой) эрада бұдан 250-300 милион жыл бұрын-таулардың орнында алып теңіз болған, оның түбіне кейін құмдаққа, әктасқа, кристалл тақтатасқа айналған қатты заттар жинақталды. Бірте-бірте су тартылды. Неоген-төрттік кезеңдері-небәрі бізден 1,5 млн жыл бұрын ежелгі палезой қалқанын гранит ығыстырып шығарды. Тау түзілген учаскелердің блокты көтерілуі, оның үстіне бір неше фаза герциндік тектономагматикалық цикл болып өтті. Алқап салыстыра алғанда жас: мұны шұғыл бұрылысты қал жартастар, жіңішке тау шатқалдары, айқын дамыған қазіргі морфологиялық эрозия және шөгінді процестері көрсетеді. Көптеген шыңдар, жартастар мен құздар алып плиталардан құрастырылған пирамида тәрізді. Желдің мүжілуімен, судың химиялық және механикалық әсерінен, ауа температурасының өзгеруінен тау баурайлары кереметтей түрге енген. Үңгірлер және тас аспалары терең емес қуыстар және тасты тесіп өткен саңыраулар, тісті мұнаралар дара тұрған тұрған баға тәріздес фигуралар кездеседі. Тастар түсі жағынанда айқын: граниттер және оларды тесіп өтетін легматиттік жер жарықтары-қына өскен қара жер және ұсақ тау жыныстары ашық сұрда қызғылт түсті. Жартастар тау жыныстары мейлінше біртекті болғанына қарамастан көрікті. Дала сипатында сары немесе қызыл фонында ақ кварциттың және жарқыраған синеданың ұнтақтары бей-берекет шашылған. кейбір гранит кесектерде дала сипаты, мүйізді күкіртті қоспа және кварц жарықтары бар қара слюда басым. Үлкен Шортанды көлі аймағында граниттер балшыққа ұқсас кварциттермен және тақтатастармен жабылған.

Көкшетау қыраты – Сарыарқаның солтүстігіндегі аласа таулы белесті жүйе. Ол солтүстігінде Солтүстік Қазақстан жазығымен, шығысында Сілеті жазығымен, оңтүстігінде Атбасар жазығымен және Есіл өзенінің ааңғарымен, батысында Торғай үстіртімен шектеседі. Батыстан шығысқа қарай 400-450 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200-250 шақырымға созылған. Қырат көптеген аласа таулар мен шоқылардан, төбелерден тұрады. Олардың бастылары: Көкше тауы, Жақсы Жалғызтау (729 м), Зеренді (653 м), Имантау (626 м), Сандықтау (626 м), Жақсытүкті (559 м), Айыртау (555 м).

Қырат архей мен протерезойдың көне жыныстарынан (гнейс, кварцит, филлит, кристалды тақтатастар)түзілген. Шығыс жағы төменгі полезойдың эффузифті шөгінді қатпарлы қабаттарымен көмкерілген. Көкшетау қыраты аумағында кварцтық-желілік алтын, темір, таскөмір және қоңыр көмір кен орындары бар. Бұл девон, силур кезеңі граниттерінен түзілген. Тектоникалық жарықтардан, граниттің үгіліп мүжілуінен, денудаттанудан беткейлері көп тілімденген. Соның салдарынан сан алуан қат-қабат тастардан, ғажайып мүсіндерден, қираған мұнара тәріздес тастардан тұратын аласа таулы жартасты бедер құрайды. Қылшықты өзені осы таудан бастау алады.

Жалпы Бурабай аймағы құрылыс материалдарына бай өлке болып табылады. [2, б. 150].

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Мазмұны

Бурабай мемлекеттік лтты таби и паркі... Бурабай мемлекеттік лтты таби и...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Геологиялық құрылымы және жер бедері

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Мазмұны
    Кіріспе Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттамасы

Кіріспе
    Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында маусымның 3-нен 13-не дейін оқу кешенді зоналық тәжірибесі

Географиялық орны
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық

Бурабайдың гидрологиясы және климаты
Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықт

Сімдіктер мен жануарлар әлемі
Қазақстанның басқа да орманды аралдары секілді Бурабай да Оңтүстік Оралдың шығыс бөктерінен Оңтүстік Алтайдың тау бөкте

Бурабайдың рекреациялық ресурстары
Бурабайдың керемет ландшафтын демалушылар Қазақстандық Швейцария деп атап кеткен. Бұл жерге әсемдік беретін тау етегінде орналасқан қарағай орм

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қаза&#

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Соңғы жылдары курорттық белдемінің эко

Орытынды
Біз осы практикалық жұмыс барысында жыл бойы өткен семинар мен зертханалық жұмыс курстарынан алған білімді осында қолданып, білімімізді жетілдіріп, қ

Олданлыған әдебиеттер тізімі
  1 Чижова В. П. Методика организации учебных троп зонах отдыха. – М. : 1979. – 112 с. 2 Мусин С. М. Восстонавление рекреационных насаждений в зонах одыха. Кокшетауский ЦНТИ,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги