рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бурабайдың гидрологиясы және климаты

Бурабайдың гидрологиясы және климаты - раздел Образование, Мазмұны Қазақстанның Солтүстігінде Орманды Дала Зонасы Орнала...

Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықтан да климаты біршама жұмсақ. Қар жамылғысының орташа жату мерзімі 173-күнді құрайды.

Температура мен ауа ылғалдығына тәуелді болуына байланысты бұлттылықтың жылдық және тәуліктік жүрісі байқалады. Бурабайда ең бұлтты күндер саны күз бен қыстың басында: қазанда бұлтты күндер – 7, қарашада – 10, желтоқсанда – 14 көрсеткен. Көп жылғы бақылаулар нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенсек шілде мен тамызда бұлтты күндер мүлдем дерлік жоқ болған. Сәуір, мамыр, маусым айларында сирек болсада байқалған. Сондықтанда демалысқа қолайлы жайма шуақ күндер мамыр-шілде айларында байқалады.

Жаз уақытында қарастырылып отырған територияда желдің орташа жылдамдығы 2,5-3,4 м/сек болса, қыс айларында 3,6 м/сек жеткен. Орман алқаптарында жел болмайды. Көл жағалаулары мен тау шыңдарындағы қатты желдің жылдамдығы 9м/сек құрайды. Бағыты бойынша оңтүстік-оңтүстік-батыс желдері соғады. Жазда солтүстік желі блмайды.

Күн радиациясының жоғарылығы таза ауамен жергілікті жердің биіктігіне байланысты болып отыр.

Күн шағылуының салыстырмалы түрде жоғары болуы ұсақ шоқылы аймаққа айтарлықтай күн энергиясы мен адам демалысына қолайлы жағыдай туғызады. Адам үшін гигиеналық мөлшерді анықтайды: ауа температурасы плюс15°, плюс 25°С дейін және ауа ылғалдылығы 30 %-60 % болуы шарт. Климттық жағдайы қолайлы. Көп жылдық мәліметтердің таладау көрсеткіші көрсеткендей гигиеналық норма шілде мен тамыз айында 92 күнді құрайды екен.

Жаз кезіндегі табиғи ландшафтардың (орман, тау, көл) әсемдігі мен климаттық жағдайының қолайлылығы осы ауданға демалыс қана емес, курорттарда ем алуға да қолайлы мүмкіндіктерге жол ашуда. А. П.Романов көп жылдық ауа температурасының жүрісінің талдауына сүйене отырып, Көкшетау ұсақ шоқыларының климттық қолайлы кезеңдерін орнатты. Олар: мамыр айында-түстен кейін, маусым мен шілде-ертеңгі және кешкі уақыттар. Осы уақыттарда ауа ваннасын қабылдаған адам ысынуды да тоңуды да сезбейді. Бұл адам жанының ерекшеліктерінің барлығына сәйкес келеді.

Тұтастай алғанда аудан рекреация үшін қолайлы. Жаз мезгіліндегі жиынтық радиациясының жоғарылығы, сонымен бірге ашық күндердің көптігі демалушыларға бос уақыттарда келуіне жағдай туғызып отыр. Күз айларында саңырауқұлақтардың көптігі мен жеміс-жидектер жинаушылар үшін таптырмас орын. Демалыс үшін маусым, шілде, тамыз айлары ыңғайлы.

Шуақты күндердің ұзақтығы жылына 2300-2400 сағат, оның ең жоғарғы мәні шілде айына келеді. Радиацияның жылдық жиынтық мәні 100 ккал/см-дей, ал шашыранды радиацияныкі 48 ккал/см-ге дейін. Аудан жеріне ауа массасының үш негізгі типі ( арктикалық, полярлық, тропиктік) емін-еркін әсер етеді. Жылдың суық мезгілінде ауа райының қалыптасуына азияантициклонының батыс тармағы күшті әсер етеді. Қыста барлық бөлігінде ашық ауа-райы қалыптасады. Әдетегідей ауа-райының көктемде сақталатын антициклондық режимі әсерінен күндіз ауа температурасы жоғары, құрғақ желді келеді де, түнге қарай күрт салқындайды. Көктемгі ауа-райы құбылмалы.

Ауданың неғұрлым жоғарғы салыстырмалы ылғалды қыс айларында байқалады. Қараша - наурыз аралығында жердің көпшілік бөлігінде оның орташа айлық мөлшері 72-32 пайызға тең. Аудан территориясы бойынша жылдың жылы мезгілінде ауаның салыстырмалы ылғалдығы солтүстіктен оңтүстік – батысқа қарай кемиді. Маусым-шілдеде ауаның ең төменгі салыстырмалы ылғалдығы байқалады ( 53-58 пайыз) жылдық жауын-шашын мөлшері 125-тен 512 мм дейінгі аралықта күрт өзгеріп отырады да , орташа 298 мм болып белгіленеді. Ең көп жауын маусымда (47 мм) және шілдеде (46 мм) түседі. Ең төменгі мөлшері қаңтарға (16мм) сай келеді. Жыл басына барлығы секундына 15 м астам күшті жел 24 күн, ал жазық жерлерде желдің орташа жылдық жылдамдығы 5,5 м/сек. жел жылдамдығының ең төменгі орташа айлық мәні тамызда (4,3 м/сек.) байқалады. Қарашадан наурызға дейін жел жылдамдығының орташа айлық мөлшерінің артуы байқалады. Жылдың суық мезгілінде жел режимі негізінен Сібір антициклонының батыс тармағының ықпалы әсерінен қалыптасады. Жылдың жылы бөлігіндегі жел режимі болар болмас бар депрессиясына байланысты келеді. Боран жиі болып тұрады, орташа есеппен 36-38 күн, кей өңірлерде 50 күн боран соғады. Жауын-шашынның көп мөлшері жылдың жылы кезінде яғни сәуір мен қазан айының арасында түседі.

Климтты түзуші факторлардың халық шаруашылығының, оның ішінде ауылшаруашылығын дамытуда маңызы зор.

Курорттық зонаның территориясы, қоршаған аудан мен салыстырғанда бірнеше ондаған әлсіз тұзданған сулы көлдер алып жатыр солардың ішінде ірілері: Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ көлдері. [3, б. 295].

Бурабай – Көкшетау қыратындағы тұйық көл. Ақмола облысының Бурабай ауданында, Көкше тауының шығыс баурайында, теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км². Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл,Жөкей,Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді т. б. ) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты –жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т. б. ), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай курорты, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркем сурет шығармаларына арқау болған. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу – сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай көлі – географиялық атау болса, мұндағы сауықтыру орны Бурабай курорты деп аталады. Мекеннің тұрған жері – Ақмола облысына қарасты Шортанды қаласынан 20 шақырымдай қашықтықтағы Бурабай көлінің жағасында. Абылай алаңы, Оқжетпес, Бурабай кенті, Бурабай қорымы деп аталатын тарихи-мәдени орындар бар.

 

 

 

Сурет 1– Бурабай көлі

 

Шортанды көлі – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағында. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м. Ауданы 18,6 кm², ұзындығы 7,2 км, ең енді жері 3,7 км, орташа тереңд. 14,1 м. Көл аласа төбелер арасындағы аңғар тәрізді қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы шығысында жатық, құмды. Төбенің бедері кедір-бұдыр, негізінен лайлы, оңтүстік-батыс бөлігі құмтасты. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде тастақты келген 3, солтүстік батысында бір арал бар. Алабы төбелі ұсақ шоқылардан тұрады, қарағай орманды. 1920 жылға дейін Қылшақты өзені ағып шығатын көл қазіргі күнде деңгейі төмендеуіне байланысты ағынсыз. Жауын-шашын, жер астынан шыққан көптеген бұлақтар суымен толығады. Суының минералдылығы 300 – 600 мг/л. Суын Щучинск қаласы пайдаланады. Балық ауланады.

 

 

 

Сурет 2– Шортанды көлі

 

Үлкен Шабақты – Көкшетау қыратының солтүстік етегіндегі, Бурабай ауданында орналасқан тектоникалық көл. Теңіз деңгейінен 301,6 м биіктікте. Ақмола облысының Щучье ауданында. Су айдыны 25,5 км2, ұзындығы 8,3 км, ені 5,1 км, орташа тереңдігі 10,8 м, ең терең жері 33,3 м. Аумағы 1900 га, орташа тереңд. 10 м, ең терең жері 24 м. Су жиналатын алабының (150 км²) оңтүстік бөлігі Көкшетау қыратында, қалған бөлігі ұсақ шоқылықта жатыр. Оңтүстік жағасы биік, жарқабақты (18-20 м дейін). Солтүстік және шығыс жағалары жайпақ. Түпкі бедері күрделі. Терең шұңғымалар мен су асты қырқалары кезектесіп келеді. Кей жерлерде су асты қырқалары шағын аралдар түрінде көл бетіне шығып жатады (ең үлкен аралы 120 - 200 м). Ірі аралдарда қайың, тал, бұта және қарағай өседі. Түбі орталық бөлігінде лай-балшықты, жағаға жақын маңда тастақты. Көлге Бурабай көліненен ағып шығатын Күркіреуік (Громотуха) өзеніне құяды. Көл беті таза, ашық. Су беті өсімдіктері (қоға, қамыс, елекшөп) тек таяз солтүстік-шығыс шығанақта ғана бар. Суы қарашаның ортасында қатады, мұздан 15-25 мамырда арылады. Көктемде еріген қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Суы тұщы, ауыз суға, т.б. шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады. Минералд. жазда 550-750 мг/л-ден қысқа қарай 1000 мг/л-ге дейін өзгереді. Балығының кәсіпшілік мәні бар. Негізінен қорта, алабұға, мөңке ауланады. Сондай-ақ айқайран, тұқы балық, таутан мекендейді. Қолдан табан балық өсіріледі. Тереңдігі (38 м) мен үлкендігіне байланысты көлді «Кіші Байкал» деп те атайды.

 

 

 

Сурет 3 – Үлкен Шабақты

 

Кіші Шабақты Ақмола облысының Бурабай ауданындағы ағынсыз тұзды көл. Бурабай ауылының жанында. Ауданы 21,4 км², ұзындығы 13,6 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 29,2 км, терең жері 6,6 м. Көлдің тасты, саздақты келген сол түстік және батыс жағалауы түйетайлы, оң түстік-шығысы ұсақ шоқылы төбеге тіреледі. Суы тұзды (2,7 г/л). Мал суаруға пайдаланылады.

 

 

 

Сурет 4 – Кіші Шабақты көлі

 

 

Кесте 1 – Бурабай көлдерінің негізгі физикалық географиялық көрсеткіштері

 

Көлдің аты Ұзын ды ғы, км Ені, км Жағалау сызығы ның ұз-ғы, км Ауда ны, км Терең дігі, м Көле мі млн. м Теңіз деңгейі нен биіктігі, м
Бурабай 4,5 2,9 11,5 10,2 4,5
Щучье 3,8 22,0 19,60 18,5
Үлкен Шабақты 8,7 4,2 24,53 15,8
Кіші Шабақты 10,6 3,2 21,71 15,5 8,9

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Мазмұны

Бурабай мемлекеттік лтты таби и паркі... Бурабай мемлекеттік лтты таби и...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бурабайдың гидрологиясы және климаты

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Мазмұны
    Кіріспе Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттамасы

Кіріспе
    Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында маусымның 3-нен 13-не дейін оқу кешенді зоналық тәжірибесі

Географиялық орны
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық

Геологиялық құрылымы және жер бедері
  Бурабай геологиясын зерттеу оның рельефін зерттеумен тығыз байланысты. Бурабай жерінің геологиялық құрылысын зерттеумен айналысқан ға

Сімдіктер мен жануарлар әлемі
Қазақстанның басқа да орманды аралдары секілді Бурабай да Оңтүстік Оралдың шығыс бөктерінен Оңтүстік Алтайдың тау бөкте

Бурабайдың рекреациялық ресурстары
Бурабайдың керемет ландшафтын демалушылар Қазақстандық Швейцария деп атап кеткен. Бұл жерге әсемдік беретін тау етегінде орналасқан қарағай орм

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қаза&#

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Соңғы жылдары курорттық белдемінің эко

Орытынды
Біз осы практикалық жұмыс барысында жыл бойы өткен семинар мен зертханалық жұмыс курстарынан алған білімді осында қолданып, білімімізді жетілдіріп, қ

Олданлыған әдебиеттер тізімі
  1 Чижова В. П. Методика организации учебных троп зонах отдыха. – М. : 1979. – 112 с. 2 Мусин С. М. Восстонавление рекреационных насаждений в зонах одыха. Кокшетауский ЦНТИ,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги