рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бурабайдың рекреациялық ресурстары

Бурабайдың рекреациялық ресурстары - раздел Образование, Мазмұны Бурабайдың Керемет Ландшафтын Демалушылар Қазақстандық...

Бурабайдың керемет ландшафтын демалушылар Қазақстандық Швейцария деп атап кеткен. Бұл жерге әсемдік беретін тау етегінде орналасқан қарағай орманымен өрнектелген терең де, мөлдір көлдер. Ең әйгілі көлдер Бурабай, Щучье, Кіші және Үлкен Шабақты және басқалар. Ұзақ су шайып кетулер мен желдің мүжу процестері нәтижесінде экзотикалық жартастар мен төбелер пайда болған. Солардың ішіндегі ең әйгілісі Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, Құдыр. Ең ерекше көзге түсетіні – ол египеттік сфинкстің дәу басына ұқсас Бурабай жартасынан шығып тұрған Сфинкс. Бурабай таулы-орманды сілемде демалыс үйлер, санаторилер, турбаздар, туристік бағыттар көп. Бурабай курорты өте әйгілі. Ұлттық парктің ең басты мақсаты ерекше ландшафтты сақтау және де бұзылған табиғи кешендерді қалпына келтіру. Осыған орай парк аумағы бірнеше күзет тәртібі бар зоналарға бөлінген: қорықты, рекреционды-күзетті, рекрационды-шаруашылықты, буферлі. Ұлттық парктің басты байлығы қарағайды қорғау мен қалпына келтіру жолында ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізуде. Бурабай демалыс орны тұрғысында 1810 жылдан мәлім бола бастаған. 1910 жылы қымызбен емдеу – сауықтыру орны ашылған. 1920 жылдан мемлекеттік маңызы бар демалыс орнына айналған. Тәуелсіз ел болғалы, іргесіне Астана келгелі Бурабай көлінің, мұндағы демалыс орындарының маңызы бұрынғыдан да арта түскен. Жақсы жол салынып, демалыс үйлері жақсартылып, қызмет көрсету жағдайы жақсартылған. Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан. Бурабай – демалатын, қайықпен, катамаранмен жүретін сүйікті орын. Егер көлдің айналасынан өтсең (ол 12 км) Громовой көлінің бастауында иілген ағаштар атауын айтып тұрғандай «билеп тұрған» шоқ қайың табиғат ескерткішін көруге болады. Көлдің шығыс жағасы құмды жаға, шомылуға, демалуға арналған жайлы орын. Көкшетау қыратының орталық бөлігін Көкшетау тауы алып жатыр (теңіз деңгейінің ең жоғары биіктігі 947 метр). Күннің, судың және желдің әсерінен миллиондаған жылдар ішінде олар аңдармен, ертегі кейіпкерлерімен ұқсастығын анықтауға болатын нысандарға ие болды. Мысалы, Оқжетпес тауының шыңы өз нысанымен жатқан пілдің бейнесін бейнелейді. Оның етегінен Көгілдір шығанағынан 18 метр биіктікке Жұмбақтас тауы көтеріледі. Ол әр жағынан қараған кезде шашы жалбыраған қыздың, әйелдің және кемпірдің бетін көруге болатындығымен қызықты. Бурабай және Үлкен Шабақты көлдерінің арасынан керемет көріністі тамашалауға болады. Ол жерден Көкшетау тауы көрінеді, Бурабай, Жеке-Батыр, Оқжетпес таулары көзге шалынады. Бурабай жақын келешектің өзінде-ақ туристер Меккесіне айналады.Тек бір ғана жылдың өзінде мұнда жарты миллионға жуық меймандар болады.Ең басты парыз-Бурабайды әлемдік деңгейлерге көтеру үшін барынша жағдайлар туғызу. Шортанды-

Бурабай шипажайлары аймағында бүгіннің өзінде 20-ға тарта жайлы мейманханалар бар.Ал,жақын болашақтағы 10-12 жылда осы жерден туристік-ойын-сауықтық кешендер салынбақ.Жобаның бюджеті 3 миллиард долларға жуық жеке инвеститцияны құрайды.Бағдарлама кезең-кезеңмен жүзеге асырылмақшы.Ең алдымен жағалау жүйелері,сосын түбектер, келесі кезектерде Орман шипажайы,Дипломатиялық резиденция, гольф-клуб, ат спорты орталығы салынады. Қысқы демалысты қалайтындарға мұз айдындары жасалып,замануи көтерме жолдары бар тау шаңғысы даңғылдары орнатылады.Бір сөзбен айтқанда, осында туристтердің жоғары деңгейлі демалыстарына барша жағдайлар жасалады. Табиғаттың қайталанбас өз көркі бар.Инвесторлардың ендігі міндеті-қызмет көрсетуді жоғары деңгейге шығару. Неге десеңіз,бүгіндегі туризм индустриясы-ең жоғарғы табыстың қайнар көзі, әрі, қызмет көрсетудің халықаралық буынындағы ырғақты дамып келе жатқан сала. Ұлттық саябақтың ең басты парызы- экологияға қамқорлықпен қарап,экожүйені,қайталанбас табиғат кешендері мен нысандарын,тарихи және мәдени ескерткіштерді толықтай сақтау. Саябақтағы ХҮШ ғасырдағы Қазақ мемлекетінің билеушісі Абылай ордасын орнатып,өз туын тіккен алаң маңызды мәдени және туристік нысан саналады.2004 жылы Елбасымыздың қатысуымен ұлы сардарға ескерткіш стелла салтанатты түрде ашылды.Сегіз қырлы бұл ескерткіш Абылайдың жоңғар басқыншылығына қарсы ұлтын бастап,мемлекеттігін сақтап қалуға күш салған еңбегін паш етеді. 2009 жылдың қазан айында Абылай алаңының оңтүстік бетінде жорық алдындағы Абылайдың әскери кеңесі» экспозициялық залының салтанатты ашылуы болды.Экспозицияның орталық диорамасы-Абылайдың жауға аттанар алдындағы сардарлар құрылтайы.Дала демократиясының қағидаттарына сай құрылтайға тек рулар мен тайпалардың қолбасылары ғана жиналған.Экпозициялық залдың төр жағында Қазақ хандығының байрақтары.Биікте,хан тағында Абылай отыр. Сөз ретінде айта кетелік, Бурабайда Абылайханның табиғи гранит таһты сақталған. Оны Көкше тауының бөктерінен көруге болады.

Абылай алаңы – қайталанбас ауасы бар тірі табиғаттың ерекше жері.Бұл тұстағы күн шуағының молдығы мен ультракүлгін сәулелердің көптігі арқасында адам ағзасы ерекше қуатқа ,жастық күшке ие болады. Осы алаң маңында қымызхана да орналасқан.Бұндағы қымыздың хош иісі мен дәмі ерекше.Бурабай шипажайларының барлығында осынау дәру қымыз ұсынылады.
Қорықтағы тағы бір маңызды нысан – Табиғат Мұражайы. Ол 2009 жылы ашылды.Замануи талаптардың баршасына жауап беретін бұл ғимаратта келушілерге Бурабайдың флорасы мен фаунасы жайында, әсіресе, Қызыл Кітапқа енген жабайы жануарлары мен құстары, жәндіктер әлемі мен минеральдар дүниесі жайында әңгімелеп береді.Осылардың баршасы мұражайдың үш залына орналастырылған. Сондай-ақ,осында интернет-кафе, Ұлттық табиғат саябағы аумағының картасы да бар. Ғимараттың өзі мен Мұражай маңы түнгі уақыттарда самаладай жарыққа кенеледі.
Табиғат мұражайының аясында зообұрыш ұйымдастырылған.Бұндағы құстар мен жануарларға табиғи орталарына ұқсас жағдайлар туғызылған.2009 жылы кіші зообақтың қоршаулары жаңартылды. Аялары кең вольерлерде түйеқұстар,бұғылар мен құландар, патшақұстар өздерін еркін сезінеді. Мына аю қонжықтары жақында туған. Кішкене жылқы-пони болса, балалардың сүйіктісі. Ал, мынау қозы-селекция жемісі.Ол қой мен жабайы архарды будандастырудың нәтижесіне дүниеге келді. Айтары жоқ, жабайы жануарлар мен құстардың тамақсаулықтары керемет. Мысалға, бір ғана аюдың өзі күніне 6-7 килограмм ет жейді. Бұған қоса аңдар саябағының өзге де тұрғындарына тәулігіне сұлы, арпа, жарған жем, картоп, сәбіз секілді азықтар қажет. Сондығынан Ұлттық табиғат саябағында жер жыртып, тұқым себу, күзде астық дақылдарын жинап,көк өскіндер мен құрғақ бұталар,тұз түрлерін дайындап,оларды зообақ тұрғындарының мекендеріне жақын апару үшін коммунальдық және ауыл шаруашылығы техникаларының сапын жаңартып,толықтырып отыру қажет [5, 124 б.].

Табиғат Мұражайы – Ұлттық саябақтың бет бейнесі іспетті.Бұл маңнан табиғаттың ең құпия түкпірлеріне жаяу, велсипедпен және салт атпен саяхаттауды ұсынады.Туризм бөлімшесінің мамандары 25-ке жуық туристік бағыттар белгілеп,олармен соңғы жылдары ғана 100 мыңға жақын туристер жүріп өтті. Келушілерге қолайлы болуы және олардың қауіпсіздігі үшін көл жағалауынан Абылай алаңына дейін ұзындығы 9 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолы салынды.Жолдың өн бойы табиғи бұрылыстар мен өрлерге және еңестерге толы.Соқпақтың тақта тастар төселген беті түнде әдемі жарықпен әдіптеледі.Осы жердегі сәнді орындықтарға жайғасып, Бурабай көлінің айдынында шомылған түнгі жұлдыздар әлеміне,маңдағы сұлулыққа тамсана , рахаттана қарауға болады. Бұл жерлерде қоқыс тастайтын арнайы жәшіктер де орнатылған.Саябақ қызметкерлерінің пікірлерінше осының арқасында көл жағалауының тазалығы артқан.Бір сөзбен айтқанда, мұнда айналадағы ортаның экологиялық ахуалының жақсара беруіне бағытталған істер жалғасын табуда. Өрт дабылының үні ешкімді де бей-жәй қалдырмасы анық.Тілсіз жаудың шығуына негізгі себеп болатын автокөлік терезесінен тастай салған темекі тұқылы, кешкі алаудың жанында отырып,артынан оны сөндіруді ұмыту секілді адам факторлары.Жалын тілінен қорғану мақсатында Ұлттық саябақта арнай техникалармен жарақтанған өрт сөндіру-химиялық станса құрылған. Орман өрттерінің алдын алу мақсатында ағаштарды бойлай жер жыртылып,минералдырылған жолақтар жасалып тұрады. «Бурабай» саябағының ұлы суретшісі-табиғаттың өзі! Қыста ол қарағайлы орман мен жартастарды өзге бояулардан арылтқысы келгендей,бір ғана ақ түске бояиды.Көктем келісімен бұл маң жасарып, алуан түске еніп, ауа жұпарын шашады. Жаз маусымында қарағайлы ормандар таң арайымен маужырап, рахаттана қалғып тұрғандай әсер береді. Бурабайдағы күз болса, ол- жұмсақ бояулардың тыныштықтағы табысуы секілді. Қарағайдың дымқыл тамырының,саңырауқұлақтардың рабат самал мен тазалықтың лебіне астасқан ашқылтым дәру иістерін жұтасыз. Табиғат Бурабайда денсаулыққа мол шипаның өзіндік шеберханасын жасаған.Жартастар,қарағайлы ормандар мен айнакөлдер, бал бұлақтар!..Қызығы әсте таусылмайтын табиғаттың осынау Жерұйғына бір келсеңіз,қайта орала береріңіз анық!

 

 

 

Сурет 5 – Жұмбақтас

 

Жұмбақтас – Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) комитене секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.

 

 

 

Сурет 6 – Жеке батыр тауы

 

Жеке батыр – Бурабай тауының солтүстікнде орналасқан тау. Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым-қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі-жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан-кестең қиратып, жау әскері төрт-түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үсті- не шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқыға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.

 

 

 

Сурет 7 – Абылай хан алаңы

 

Абылай хан алаңы – Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші. Оның басты ерекшелігі – қайталанбас микроклиматы (күн сәулесінің ұзақтылығы, биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелердің мол түсуі). «Абылай хан алаңы» аталатын табиғи көрінісі тамаша жерде ашылған мұражайдың аумағы 288 шаршы метрді құрайды. Онда қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауы көрініс тапқан. Ұлы ханның қолбасшылығымен болған жорықта тарихта «Шаңды жорық» деген атаумен қалған оқиға барысы мұражайдың бір қабырғасына толығымен безендірілген. Ал дәл ортада Ұлы мемлекет қайраткерінің қолбасшылығымен сап түзеген сарбаздардың бейнесі негізінде «Әскери кеңес» атты мүсіндік композиция сомдалған. Осы мүсіндік композицияны айнала орнатылған бағаналарда хан Абылайға қатысты деректер топтамасы жазылған. Бұл шараның да Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Қазақ хандығы дәуірінің тарихи жәдігерлерін сақтап қалу, қазақ тарихын көпшілікке таныту және туризмді дамыту мақсатында атқарылғанын атап өту керек [6, б. 132].

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Мазмұны

Бурабай мемлекеттік лтты таби и паркі... Бурабай мемлекеттік лтты таби и...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бурабайдың рекреациялық ресурстары

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Мазмұны
    Кіріспе Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттамасы

Кіріспе
    Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында маусымның 3-нен 13-не дейін оқу кешенді зоналық тәжірибесі

Географиялық орны
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық

Геологиялық құрылымы және жер бедері
  Бурабай геологиясын зерттеу оның рельефін зерттеумен тығыз байланысты. Бурабай жерінің геологиялық құрылысын зерттеумен айналысқан ға

Бурабайдың гидрологиясы және климаты
Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықт

Сімдіктер мен жануарлар әлемі
Қазақстанның басқа да орманды аралдары секілді Бурабай да Оңтүстік Оралдың шығыс бөктерінен Оңтүстік Алтайдың тау бөкте

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қаза&#

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Соңғы жылдары курорттық белдемінің эко

Орытынды
Біз осы практикалық жұмыс барысында жыл бойы өткен семинар мен зертханалық жұмыс курстарынан алған білімді осында қолданып, білімімізді жетілдіріп, қ

Олданлыған әдебиеттер тізімі
  1 Чижова В. П. Методика организации учебных троп зонах отдыха. – М. : 1979. – 112 с. 2 Мусин С. М. Восстонавление рекреационных насаждений в зонах одыха. Кокшетауский ЦНТИ,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги