рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі - раздел Образование, Мазмұны «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық Табиғи Паркі – Ақмола Об...

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. 2000 жылы ұйымдастырылған. Саябаққа Қазақ ұсақ шоқылы аймағының Сарарқаның солтүстік-батыс бөлігіндегі Көкшетау қыратының шығыс бөлігінде орналасқан Бурабай таулы орман сілемі кіреді. Жер аумағы 83,5 мың га. Саябақ орналасқан аймақта ауа райы континенттік, қысы суық әрі ұзақ, ал жазы қысқа, ыстық. Қаңтардың орташа температурасы – 16,7 °С, шілдеде – 18,6 °С. Бурабай сілемдерінде Бурабай, Шортанды, Қатаркөл, Үлкен және Кіші Шабақты, т.б. табиғаты әсем көлдер көп. Мұндағы көлдердің суы негізінен тұщы. Саябақ аумағында шағын өзендер мен жылғалар да бар. Бурабай орман сілемінде қылқан жапырақты және аралас жапырақты қалдық ормандар плейстоцен дәуірінен бері сақталып келеді. Онда республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Саябақта өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т.б.). Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т.б. өседі. Реликті түрлерден – қырықжапырақ, қырықбуын, плаун,қияқөлен, мүкжидек, т.б. бар. Сондай-ақ саябақтың флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Саябақтың фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген. Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т.б. мекендейді. Саябақ аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т.б. бар. Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездеседі. Саябақ ландшафтысының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді. Мұнда үгілу мен желдің әсерінен ерекше тас мүсіндер қалыптасқан. Мысалы«Оқжетпес», «Ұйқыдағы батыр», «Бүркіт», «Түйе», «Сфинкс». Ұлттық парк Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Іс бас­қармасына қарасты респуб­ли­калық маңызы бар ерекше қорға­латын табиғат аймағына енетін табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бұл дәреже оған осыдан 7 жыл бұрын берілген. Ұлттық парктің негізгі мақса­ты: экожүйенің тұтастығын, эта­лонды және бірегей табиғат ке­шендері мен нысандарды, тарихи және мәдени ескерткіштерді, тарихи мұраларды сақтау және зерттеу. Бүлінген табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды қалпына келтіру. «Бурабай» МҰТП аумағы Ақмола облысының Щучье және Еңбек­шілдер аудандарында орналасқан. Қазіргі кезде ұлттық парк жерінің аумағы 83510 га, оның ішінде 47361 га орман алқабын құрайды. Жер беті сулары 8493,5 га жерді алып жатыр. «Бурабай» МҰТП мемлекеттік мекемесі 7 орманшылықтан құра­лады: (Ақылбай, Бурабай, Қа­таркөл, Золотобор, Бармашын, Мирный, Приозерный) және қо­сымша өндірістік салаға байла­нысты қызмет көрсететін орын­дар бар. 2007 жылы қызметкер­лердің штаттағы саны 264 адамды құраған. 1898 жылы қазіргі ұлттық парктің батыс бөлігінің аума­ғын­да құрылған Қазыналық орман­шы­лық үлкен мақсатқа бағыт­талған алғашқы қадам болды. Мекемеде ғасырға жуық кезеңде әртүрлі қайта құрулар жүрді. 1935 жылы Бурабай мем­лекеттік қорығы құрылып, 1952 жылы қорық таратылды, оның орнына Бурабай орман шаруашы­лығы қайта құрылды, 1957 жылы Бурабай аң шаруашылығы және Золотобор орман шаруашылығы таратылып, 1997 жылы Бурабай орман шаруашылығы Бурабай табиғи-сауықтыру орман кешені мемлекеттік мекемесі болып өзгер­тілді. 2000 жылы «Бурабай» мемле­кеттік ұлттық табиғи паркі пайда болды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ерекше» қорғалатын табиғи аймақтар туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бұй­рығымен 2006 жылдың 10 қаза­нынан «Бурабай» МҰТП-ны 2007-2011 жылдарға басқару жос­пары белгіленіп, мақсаты ай­қын­далды.

«Бурабай» МҰТП бас­қар­масының тиімді сызбасының пай­да болуы болашақта оның дамуы­ның анықтамалық перспектива­сын айқындады, табиғи жерлер және мемлекеттік табиғи қорық­тың қорын құру қазіргі заманға сай инфрақұрылымдық саясат болып табылады. Ұлттық паркте ғылыми ізде­ністер мынадай бағыттарда іске асады: мемлекеттік қорды зерттеу, инвентаризациялау, төлқұжат­тандыру; ғылыми негізделген шараларды қалпына келтіру мен сақтауды жетілдіру; түрлі қорғау тәртібінің экожүйеге, экология­лық ағартуға әсерін және табиғат үдерісінің табиғи ағымдарын зерттейді. Осы жұмыстардың бәрі табиғат қорғау қызметін белсенді және жедел түрде өткізуді қажет етеді. Барлық парк аумағы 15 ше­берлік бөліктерден және 56 қору аймағынан тұрады. Орман тазалығы қа­нағат­та­нар­лықтай, биотехникалық өртке қарсы күрес, орманды күзету, қор­ғау, қалпына келтіру жұмыс­тары үнемі іске асырылып оты­рады. Ұлттық парктің қызмет бары­сының жемісті орындалуына жергілікті тұрғындар мен келіп жатқан демалушылар әсері де аз емес. Осы тұрғыдан қарағанда жұ­мысты ұйымдастыруда, халықты тәртіпке шақыруда, таныстыруда жасалатын іс-шаралардың маңы­зы зор. Мысалға, экологиялық оқулар өткізу, табиғатты қорғауды насихаттау, табиғат мұражайының экспонаттарына түсініктеме жүр­гізу, бағдар қағаздар тарату, орман арасына әр түрлі табиғат қорғау жөніндегі ақпараттар орналастыру.

Бүгінгі күні әлеуметтік-эконо­микалық ерекше мәнді туризм индустриясын, табиғаттың табиғи тепе-теңдігін сақтай отырып дамыту аса маңызды.

Бурабай табиғатының туриз­мі: емдік-сауықтыру, экология­лық, танымдық, әлеуметтік, спорттық туризмге сәйкес келеді.

Қазіргі кезде ұлттық парктің аумағында 18 экологиялық туристік бағдарлар, 3 автобустық саяхат, 3 аттылы саяхат үдерісі жетілдіріліп, орнықтырылған. Оған қосымша жаяу, автобуспен, сумен, аттылы біркүндік және көпкүндік экотуристік бағдарлар саяхаты жетілдіріліп келеді.

Жаз мезгілінде ұлттық парктің аймағында шатырлы қалашықтар мен жағажай аймағында демалыс­тар ұйымдастырылады.

Қазір парк аумағында әр түрлі құрылыс нысандары жүргізіліп жатыр. Орталықта жылына мың­даған саяхатшыларды қабыл­дай­тын мұражай салынуда. Бурабай кентінің сыртында 8 га жерге МҰТП кеңсесі, 54,8 га аумақта марал шаруашылығы құрылысы т.б. құрылыс нысандары жүргі­зілуде. 2008 жылда Мәдениет үйіне іргелі жөндеу, 4 орман­шылық ғимаратында, Бурабай орманшылық кордонында құры­лыс жұмыстары жалғастырылуда. Ұлттық парктегі қорғау тәрті­біне байланысты және табиғат ресурсын пайдалану мақсатында функционалды аймақтандыру жолға қойылған. Ұлттық парктің қорықтық аймағында шаруашы­лық іс-әрекеттердің кез келген түріне, рекреакциялық пайдала­нуға тыйым салынған және қо­рықтық тәртіпке сәйкес жүзеге асырылуда. Табиғат кешендерін, жер телімдерін және су көзде­рінің негізгі элементі табиғатты пайдаланудың шектеулі тәртібі болып табылады.

«Бурабай» МҰТП-ның меңге­ру­шілік жоспарына сәйкес ке­лешекте табиғи кешеннің сақта­луына қамқорлық жасау, саяхат­тың дамуына, табиғаты сұлу Көк­шені елге танымал етуде қазіргі заманға сай туризмнің инфрақұ­рылымын жетілдіру, алға қойыл­ған мақсаттарды орындау жұмыс­тары жүргізілуде [6, б. 112].

 

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Мазмұны

Бурабай мемлекеттік лтты таби и паркі... Бурабай мемлекеттік лтты таби и...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Мазмұны
    Кіріспе Бурабайдың физикалық-географикалық сипаттамасы

Кіріспе
    Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында маусымның 3-нен 13-не дейін оқу кешенді зоналық тәжірибесі

Географиялық орны
Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық

Геологиялық құрылымы және жер бедері
  Бурабай геологиясын зерттеу оның рельефін зерттеумен тығыз байланысты. Бурабай жерінің геологиялық құрылысын зерттеумен айналысқан ға

Бурабайдың гидрологиясы және климаты
Қазақстанның солтүстігінде орманды дала зонасы орналасқан Батыс Сібір ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр, сондықт

Сімдіктер мен жануарлар әлемі
Қазақстанның басқа да орманды аралдары секілді Бурабай да Оңтүстік Оралдың шығыс бөктерінен Оңтүстік Алтайдың тау бөкте

Бурабайдың рекреациялық ресурстары
Бурабайдың керемет ландшафтын демалушылар Қазақстандық Швейцария деп атап кеткен. Бұл жерге әсемдік беретін тау етегінде орналасқан қарағай орм

Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық жағдайы
Табиғи обьектілерді сақтап қалу және сауықтыру туралы проблемалар жалпы мемлекеттік негізде өсуде. Соңғы жылдары курорттық белдемінің эко

Орытынды
Біз осы практикалық жұмыс барысында жыл бойы өткен семинар мен зертханалық жұмыс курстарынан алған білімді осында қолданып, білімімізді жетілдіріп, қ

Олданлыған әдебиеттер тізімі
  1 Чижова В. П. Методика организации учебных троп зонах отдыха. – М. : 1979. – 112 с. 2 Мусин С. М. Восстонавление рекреационных насаждений в зонах одыха. Кокшетауский ЦНТИ,

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги