рефераты конспекты курсовые дипломные лекции шпоры

Реферат Курсовая Конспект

Сабақ мақсаты:Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы

Сабақ мақсаты:Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы - раздел Экономика, Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі Қоршаған Ортаны қорғау Мәселелерін Шешуге Б ...

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган — Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП — БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.

ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:

  • Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
  • Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
  • Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.

ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде — қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.

Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП); Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз — жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.

Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:

  • Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә — ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.
  • Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.
  • Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
  • Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
  • Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.

Экологиялық құқық бұзушылық жасалған уақытта, әдетте, қоршаған ортаға, адамдардың өмірі мен денсаулығы на, экономика мүдделеріне көп аспектілі зиян келтіріледі. Экологиялық зиянның болуы экологиялық құқық бұзушылықтың болуына парапар келеді. Бұл зиян бірден байқалмай, ұзақ уақытқа созылуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар қоршаған ортаға келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін емес. Экологиялық зиян табиғаттың жай-күйінің өзіне әсер етеді. Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылық 16 жастан басталады. Кейбір кезде, мысалы, мемлекет қорғауындағы табиғи кешендер немесе объектілерді қасақана жойғаны немесе бұлдіргені үшін 14 жастан басталады. Экологиялық құқық бұзушылық әр түрлі болады. Олар келтірілген зиянның сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • қоршаған табиғи ортаны және жекелеген табиғи объектілерді (орман, су, жер қойнауы және т.б.) ластау;
  • табиғи объектілерді бұлдіру, бұзу, жою (жерді бұлдіру, Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды жою, орманды ағын сулармен құрту және т.б.);
  • табиғи қорлардың азып-тозуы;
  • табиғи ресурстарды тиімсіз (мақсатсыз) пайдалану (мысалы, суды ысырапсыз пайдалану және т.б.).

Экологиялық құқық бұзушылық жасағаны үшін оның артынан әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық жауаптылық басталуы шарт. Әкімшілік жауаптылықтың басталуына әкелетін экологиялық құқық бұзушылықтың тізімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте белгіленген. Оған мыналар жатады: табиғи ресурстардың, коршаған ортаның ластануы, азаюы; табиғи ресурстардың бұлінуі, жойылуы; кәсіпорын, құрылыс ғимараттарын және басқа да объектілерді жоспарлау, орналастыру, салу, қайта өңдеу және пайдалануға дайындау, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу. Мұндай істерді соттар, ішкі істер органдарында, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі органдары және т.б. қарастырады. Осыған байланысты жазалар (санкциялар) қолданылады: айыппұл төлейді, ескерту жасайды және мулкін тәркілейді Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян үшін жауаптылықтың ең қатаң түрі қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады. Экологиялық қылмыс жасағаны үшін қолданылады. Экологиялық қылмыстардың барлық түрі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген. Олар мыналар: атмосфераны ластау, теңіз айлағын ластау, жерді бұлдіру, заңсыз аң аулау, атом энергетика объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, экоцид және т.б. қылмыстар.

1. Қазақстан Республикасы Елбасының қаулысымен 1996 ж.30 тамызда келесі шешім қабылданды:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама.

 

2. Қазақстан Республикасы 1997 ж.15 шілдеде келесі шешім қабылдады:

A) ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы.

B) ҚР «Білім туралы» заңы.

C) ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясы.

D) Экологиялық білім беру концепциясы.

E) Орта-кәсіби және жалпы білім беру мектептеріндегі «Экология» пәні бойынша бағдарлама

 

2. БҰҰ табиғатты қорғау әрекетінің координаторын көрсетіндер:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) ВОЗ.

E) МАГАТЭ.

 

3. «Рим клубын» жаратудың инициаторын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

 

4. «Рим клубының» бірінші «Өсу шектері»баяндамасының авторын атаңыз:

A) Б. Миллер.

B) Д. Медоуз.

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

 

5. Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰ Халыкаралық Комиссияның төрағасын атаңыз:

A) Дж. Форрестер.

B) Х. Брунтланд

C) А. Печчеи.

D) М. Месарович.

E) Э. Пестель.

 

6.Қоршаған орта мен даму бойынша БҰҰКонвенциясының өту уақыты мен орнын көрсетіңіз:

A) Йоханнесбург, 2002 ж.

B) Рио-де-Жанейро, 1992 ж.

C) Вашингтон, 1973 ж.

D) Стокгольм, 1972 ж.

E) Севилья, 1995 ж.

 

7.Қоршаған ортаны қорғау облысында халыкаралық ынтымақтастықтың негізгі қағидалары жасалған:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

 

8. Қоршаған орта бойынша декларация қабылданған Декларация по окружающей среде была принята:

A) Рио-де-Жанейрода, 1992 ж.

B) Минскте, 1983 ж.

C) Йоханнесбургте, 2002 ж.

D) Стокгольмде, 1972 ж.

E) Севильяда, 1995 ж.

 

9. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікті көрсетіңіз:

A) ЮНЕП.

B) ЮНЕСКО.

C) ФАО.

D) БДСҰ.

E) МАГАТЭ.

 

10. Озон қабаты бойынша Веналық келісімге қол қойылды:

A) 1995 ж.

B) 2000 ж.

C) 1985 ж.

D) 1970 ж.

E) 1990 ж.

 

– Конец работы –

Эта тема принадлежит разделу:

Экономика, бизнес жәнеәлеуметтікғылымдаржоғарымектебі

аза станРеспубликасыны білімж не ылымминистрлігі... аза Гуманитарлы За Университеті... Экономика бизнес ж не леуметтік ылымдаржо арымектебі...

Если Вам нужно дополнительный материал на эту тему, или Вы не нашли то, что искали, рекомендуем воспользоваться поиском по нашей базе работ: Сабақ мақсаты:Халықаралық табиғи ортаны қорғау ұйымдардың жұмысы

Что будем делать с полученным материалом:

Если этот материал оказался полезным ля Вас, Вы можете сохранить его на свою страничку в социальных сетях:

Все темы данного раздела:

Гуманитарлықжәнежаратылыстанупәндерікафедрасыныңотырысындаталқыланды
  Хаттама № ____ «_____» _________­­­­­­­___________ _________ж.   Кафедра меңгерушісіт.ғ.к., доцент Ж.Д. Құсайынова  

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)   Модуль пәнініңатауы: «Шекарааралықэкологиялық мәселелер»     Барлығы -

Постреквизиттер
“Экология және тұрақты даму” пәні студенттердің келешекте «экологиялық құқұқ», «халықаралық экологиялы

Пәннің мақсаты
-халықаралық экологиялық ынтымақтастықтығын экологияның бас кешенді салаласы ретінде қарастыру - табиғатты игерушілік

Модульдің атауы:Денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау
Модуль пәнінің атауы: Экология және тұрақты даму. Шекарааралық экологиялық мәселелер № Дәрі

СОӨЖ және СӨЖтапсырмаларын орындаудың және тапсырудың тақырыптық жоспары
Модуль пәнінің атауы: : Шекарааралық экологиялық мәселелер Тақырып № СОӨЖ СӨЖ

Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
1. Прохоров Б.Б Экология человека: учебник. 6-е изд., перераб. и доп. Изд-Academia 2011 2. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: О&#

Экологиялық кітапханамен порталдар.
http://ecoportal.ru – ЭКО Портал http://www.unep-wcmc.org - Всемирный центр мониторинга охраны окружающей среды www.EarthPortal.org – портал Земли http://wdc.nbii.gov/ma/

Тұрақты технологиялар арналған сайттар.
http://www.eco-web.com – глобальная директория «Зеленые страницы» http://www.reenergy.by - информация о возобновляемых источниках энергии, энергоэфективности, пассивному отоплению и т. п.

Білімдібағалаудыңжалпышкаласы
Аттестациялықәріптікбаға Балдардыңсандықэквиваленті Оқупәнінмеңгерудәрежесінің %-дықм}

Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы
«Өте жақсы» бағасы (А; 4,0;95-100%; А-; 3,67;90-94%) егер студент бағдарлама материалын толық меңгергенін көрсетсе және қандай да қ

ГЛОССАРИЙ
Абиотикалық фактор – жансыз табиғат факторы.   Автотрофты - өздігіне қоректенуші деген түсінікті береді, я

Экология және тұрақты даму.
Студент саны: (КЭ-101, КУиА-101, КФС-101, КФССП-101, КТ-101, КПХ-101, КС-101-КСР-101, КПД-101, КМП-101, КСК,КТД-101, КСК-102, КЮ-101, КЮ-102, КЮССП-101,102, ЮСП-1

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Оршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар
Ресурстар мен обьектілер Заңдар: Жер «Жер туралы» Жер қойнауы «Жер қойнауы ж&

Биологиялық экология
Греч . Oikos - пәтер-үй + Logos - ғылым Экология - ғылым құрам туралы , құрылымға , қасиеттерде , функционал ерекшеліктерде ж

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Популяцияның жастық құрылымы
Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Т

Популяцияның кеңістік құрылымы
Особьтардың белгілі бір территорияда немесе акваторияда сандық және популяцияның құрамының сапалық таралуы оның кеңістіктік құ

Популяция динамикасы
Егер кез келген популяцияға сыртқы орта факторлары шектеулік жасамаса, теориялық сандық жағынан шексіз өсуге бейім. Бұндай гипотетикалық жағдай

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. Экологиялық факторлардың категориялары: A) Фитогенді және зоогенді. B) Климаттық және химиялық. C) Андропогенді және климатты

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Биоценоздың құрылымы
Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылым

Экожүйелер
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жа

Негізгі терминдер
Биоценоз – қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяциясының жиынтығы.

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Белгілі бір территорияны мекендейтін барлық тірі ағзалардың қауымдастығы: А) Биоценоз. B) Экологиялық қуыс. C) Биом.

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Тақырып бойынша тест сұрақтары.
1. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне өткен кезде жұмсалатын қуат мөлшері А) 20% B) 10% C) 5% D) 15% E) 1%

Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.
«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы і

Тақырып бойынша тест сұрақтары
1. «Биосфера» терминін ұсынған ғалымды атаңыз: А) Э. Зюсс. B) В.ВДокучаев. C) В.И.Вернадский. D) Э. Геккель. E) Ю. Одум.

Ала тұрғысында даму
Тұрақты даму принциптерін іске асырудың орталықтары ретіндегі қалалардың маңыздылығы 1994 жылы Алборгте өткен Ірі және кіші қалалар

Оршаған орта
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында, Осло қаласында (Норвегия), ол 2003 жылы

Леуметтік сала
Ұлыбританияда балалар орталығын құру бойынша пилотты жобалар сәтті енгзілді. Мұндай орталықтар балаларға күндізгі қарау бойынша қыз

Алалық жоспарлау және даму
Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар жә

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Тұрақты даму дегеніміз-бұл: А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қ

Атмосфераны қорғау.
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі р

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Олданатын әдебиеттер
Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004. Бродский А.К. Жалпы экологияның қыс&

Ерекше қорғалатын территориялар
Ғылыми – техникалық прогреспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн,

Негізгі терминдер
Биосфера – тіршілік иелерімен тіршілік көздерінің Жер бетіндегі белгілі бір қабаты.   Биологиялық айналым – организм

Тақырып бойынша тест сұрақтар
1. Қызыл кітапқа тіркелген организмдердің ерешеліктерін атаңыз: A) Анықталмаған, сирек, жойылып кеткен, жойылып бара жатқан. B) Саны азай

Экология және тұрақты даму» бірінші аралық бақылау сұрақтары
1. Экология ғылымы туралы түсінік. 2. Тұрақты даму ұғымының пайда болу тарихы. 3. Рим клубы, және Медоуз және Форестор еv

Р территориясындағы Семей ядролық сынақ алаңы және өзге де полигондар
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентра

Тұрақты даму стратегиясы және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ету механизмдері.
  Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым ба

Негізгі проблемаларды талдау
Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады: 1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың а

Орта Азияның шекарааралық табиғи ресурстары.
  Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.1992 ж

Азақстан Республикасының негізгі міндеттемелері
Биосаналуандықты сақтау бойынша жүзеге асыру жоспарын және ұлттық стратегиясын құру; Жоспар шараларын қаржымен қамтамасызд

Азақстан Республикасындағы БҰҰ биологиялық сан алуандығы туралы Конвенциясының орындалуы
Биосаналуандықты тиімді қолдану және сақтау мәселелеріне елдің негізгі стратегиялық құжаттары «Қазақстан 2030» Стратегиясы. Экологи

Жойылып кету қауі бар түрлер және қорғалатын түрлер
Бұл көрсеткіш жоғалып кету қауіпі бар биоәралуандылықты санының және түрлердің бағалық жағнайын бағалауға м

Шекарааралық Жайық өзені
Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақста

Алдықсыз, және аз қалдық технологиялар.
3.Қазақстандағы әрекететуші және жабылған полигондар.   Сабақтың мақсаты:Трансшекаралық с

Халықаралық келісімдер
Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қ

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде аны

Парниктік газдардың шығарындылары
Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерін анықтауға ғана емес, сонымен қ

Халықаралық келісімдер
БҰҰ АӨНК Жақтарды шығарындыларды қысқартуға, сәйкес ақпаратты жинауды қамтамасыз етуге және ауа-райының өзгеруін,

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар
Парниктік газдардың жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Б

Ж. су құстары, су - батпақ қоныстағы құстар туралы халықаралық маңызы бар, конвенция.
«Адам және Биосфера» атты ЮНЕСКО бағдарламасы (“Man and Biosphere”, MAB) жергілікті және ғаламдық деңгейде адамдар мен қоршаған орта арасындағы

Азақстанмен Қытайдың арасындағы шекарааралық өзендердiң реттеуiндегi Шостің рөлі.
Қазақстан республикасының экономикалық дамуы негiзiнен, территориялық - өнеркәсiптiк кешендерде, облыстар және жеке қалаларда болсын, көп

Ж. Теңіздерді радияциялық қалдықтардан қорғайтын конвенция
Сабақтың мақсаты;Дүниежүзілік мұхиттың ластанудан шекарааралық қорғау шараларын қарастыру. Каспий теңiзi бассейнi ме

Азақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы
Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. Елімі

Экология және тұрақты даму»екінші аралық бақылау сұрақтары
1. Биосфераның дамуы, биосфераның қасиеттері, биосфераны қорғау. 2. Биосфера құрамы және шегі. 3. Биосферада тірі организмдерді

Карточкалар
Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыра алатын автотрофты организмдер Міндеті особьтардың тірш

Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
  Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық саб

Білімді бақылауға арналған материалдар
  Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
  Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу. Дискуссия

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
  Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық ба

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және 

Экология және тұрақты даму пәні бойынша модулді сипаттауға арналған формуляр
Модульдің аталуы мен шифрі Модуль- Модуль- Қоршаған ортаны қорғау мен денсаулықты сақтау. Шекарааралық экологиялық

Хотите получать на электронную почту самые свежие новости?
Education Insider Sample
Подпишитесь на Нашу рассылку
Наша политика приватности обеспечивает 100% безопасность и анонимность Ваших E-Mail
Реклама
Соответствующий теме материал
  • Похожее
  • Популярное
  • Облако тегов
  • Здесь
  • Временно
  • Пусто
Теги